Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкiметтерiнiң арасында Төтенше
жағдайларды жоюға көмек көрсету кезiндегi өзара iс-қимыл туралы келiсiм жасасу
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 672 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Жоба
Осы Келiсiмнiң қатысушылары болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше
мемлекеттердiң үкiметтерi (бұдан әрi -
Тараптар),
Осы Келiсiмде қолданылатын ұғымдардың мынадай мағыналары
бар:
1. Тараптар төтенше жағдайларды жоюға дереу көмек беру мақсатында жалпы танылған
қағидаттар мен халықаралық құқық нормаларын, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң
заңнамасын сақтай отырып, осы Келiсiм ережелерiне сәйкес
ынтымақтасады.
1. Көмек көрсету туралы сауалдарды жiберетiн органдар Тараптар болып
табылады.
Көмек төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету жөнiндегi топтарды, қамтамасыз ету
материалдарын жiберу арқылы не болмаса өзге сұратылатын нысанда
көрсетiледi.
1. Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға байланысты
басшылық жасау, үйлестiру және жұмыстарды орындау үшiн құзыреттi органды
тағайындайды.
1. Көмек көрсету жөнiндегi топтарға жалпы басшылық жасауды осы топтардың
басшылары арқылы сұратушы Тараптың құзыреттi органы жүзеге
асырады.
1. Көмек көрсету жөнiндегi топтың мүшелерi сұратушы Тарап мемлекетiнiң немесе
транзиттiк мемлекеттің мемлекеттiк шекарасын халықаралық қатынасқа ашық
Тараптармен келiсiлген өткiзу пункттерi арқылы, сұратушы Тарап мемлекетi танитын
қолданыстағы құжаттар бойынша кесiп өтедi. Қажет болған жағдайда сұратушы Тарап
пен транзиттiк мемлекет Тарабы олар үшiн кiру визасын дер кезiнде ресiмдеудi
қамтамасыз етедi. Топтың басшысы көмек көрсету жөнiндегi топ мүшелерiнiң
тiзiмiне және ұсынушы Тараптың құзыреттi органы берген оның өкiлеттiгiн
растайтын құжатқа ие болуға тиiс.
1. Тараптар өз мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес сұратушы Тарап мемлекетiнiң
аумағындағы төтенше жағдайларды жою үшiн бара жатқан ұсынушы Тараптың көмек
көрсету жөнiндегi топтарын, жарақтары мен қамтамасыз ету материалдарын өз
мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы кiдiрiссiз транзитке
жәрдемдеседi.
1. Жарақтар мен қамтамасыз ету материалдары ұсынушы Тарап мемлекетiнiң аумағынан
ұсынушы Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сай
әкетiледi.
1. Ұсынушы Тараптың құзыреттi органы көмек көрсету үшiн әуе кемелерiн пайдалану
шешiмi туралы дипломатиялық арналар бойынша сұратушы Тарап пен транзиттiк
мемлекетке алдын ала хабарлай отырып, әрбiр әуе кемесi үшiн мемлекеттiк
тиесiлiгiн, ұсынушы Тараптың тасушысын, әуе кемелерiнiң түрiн, үлгiсiн және
нөмiрiн, айырым белгiлерiн, лақабын және ұшу үлгісiн, көмек көрсету жөнiндегi
топ мүшелерiнiң санын, оның жетекшiсінiң аты мен лауазымын, экипаж мүшелерiнiң
санын, аттары мен лауазымдарын, жүктiң сипатын, ұшу және қону әуежайларын, соңғы
ұшу пунктiн, маршрутын, қосалқы әуежайларын, әуе дәлiздерiн, ұшу биіктігiн,
көтерiлген және қонған уақытын, жердегi қызметтермен байланыс арналарының
жиiлiктерiн, осы рейстi жүзеге асыруға рұқсат берiлетiн ең нашар ауа райы
жағдайларын көрсете отырып өтiнiм жiбередi.
1. Ұсынушы Тараптың шешiмi бойынша көмек өтеусiз көрсетiлуi мүмкiн, олай
болмаған жағдайда сұратушы Тарап ұсынушы Тараптың көмек көрсетуге байланысты
шығыстарын өтейдi.
1. Сұратушы Тарап көмек көрсету жөнiндегi топ мүшелерiнiң жарақаттануына немесе
қаза болуына байланысты медициналық және көлiктiк шығыстарды өтеудi, егер бұл
осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегі төтенше жағдайларды жою кезiнде болса, өз
мойнына алады.
Осы Келiсiм Тараптардың мемлекеттерi қатысушысы болып табылатын басқа да
халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн
қозғамайды.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты келiспеушiлiктер
консультациялар немесе келiссөздер арқылы шешiледi.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша оның ажырамас бөлiгi болып
табылатын және осы Келiсiмнiң 16-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жеке
хаттамалар арқылы ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi
мүмкiн.
1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге
жасалады.
Осы Келiсiмге қол қойылғаннан кейiн 15 күннiң iшiнде барлық Тараптарға оның
расталған көшiрмелерiн жiберетiн Шанхай ынтымақтастығы ұйымы осы Келiсiмнiң
депозитарийi болып табылады.
Осы Келiсiм Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болған кез келген мемлекеттiң
қосылуы үшiн ашық.
1. Тараптардың әрқайсысы депозитарийге болжанып отырған шығу күнiне дейiн кем
дегенде 3 ай бұрын осы туралы хабарлама жібepe отырып, осы Келiсiмнен шыға
алады. Депозитарий осы ниет туралы басқа Тараптарды шығу туралы хабарламаны
алған күннен бастап 30 күннiң iшiнде хабардар
етедi.
200_ жылғы "__"_________ _________ орыс және қытай тілдерінде бір данада
жасалды, әрі екі мәтіннің де бірдей күші бар. Қазақстан
Республикасының
Қытай Халық Республикасының
Қырғыз Республикасының
Ресей Федерациясының
Тәжікстан Республикасының
Өзбекстан Республикасының
Премьер-Министрi
Үкiметтерiнiң арасындағы Төтенше жағдайларды
жоюға
көмек көрсету кезiндегi өзара
iс-қимыл туралы
КЕЛIСІМ
төтенше жағдайлар келтiретiн
қауiптi сезiне отырып,
төтенше жағдайлардың
алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық Шанхай ынтымақтастық ұйымына
мүше мемлекеттердiң әл-ауқаты мен қауiпсiздiгiне жәрдемдесетiнiн тани
отырып,
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше
мемлекеттердiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ
қоршаған табиғи ортаға мониторинг ұйымдастыру жөнiнде келiсiлген саясат
жүргiзудi талап ететiн экологиялық жүйелерiнiң өзара тәуелдiлiгiне сүйене
отырып,
Тараптардың бiрiнiң күштерiмен және
құралдарымен жоюға болмайтын төтенше жағдайлардың туындау мүмкiндiгiн, сондай-ақ
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында Тараптардың үйлескен
iс-қимылдарында осыдан туындайтын қажеттiлiктi назарға ала
отырып,
төтенше жағдай кезiнде көмекке өңiрлiк
ынтымақтастық қағидаттарын қолдануға ынта бiлдiре отырып және зардап шеккен
халыққа тиiмдi және үйлестiрiлген көмектi қамтамасыз ету үшiн бiрлесе күш сала
отырып,
төтенше жағдайларда халықаралық көмек
көрсету жөнiндегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың
күш салуын қолдай отырып,
iзгiлiк
қағидаттарына сүйене отырып,
мына төмендегiлер
туралы келiстi:
Айқындамалар
"сұратушы Тарап" - көмек көрсету
жөнiндегi топтарды, жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын жiберу туралы
өтiнiшпен басқа Тараптарға жүгiнетiн Тарап;
"ұсынушы Тарап" - көмек көрсету жөнiндегi топтарды, жарақтар мен қамтамасыз ету
материалдарын жiберу туралы сұратушы Тараптың өтiнiшiн қанағаттандырушы
Тарап;
"құзыреттi орган" - осы Келiсiмдi iске
асыруға байланысты жұмыстарға басшылық ету және үйлестiру үшiн Тараптардың
әрқайсысы тағайындайтын мемлекеттiк орган;
"көмек көрсету жөнiндегi топ" - төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсетуге
арналған және сұратушы Тарап келiскен жағдайда әскери персонал қосылуы мүмкiн
қажеттi жарақтармен қамтамасыз етiлген Тараптарды бiлдiретiн (қажет болған
жағдайда кинологиялық тобы бар) ұйымдасқан мамандар
тобы;
"төтенше жағдай" - аварияның, қауiптi
табиғи құбылыстың, апаттың, дҮлей зiлзаланың немесе өзге де зiлзаланың
салдарынан өзiнен кейiн адам құрбандығына, адамдарға немесе қоршаған табиғи
ортаға зиян, едәуiр материалдық шығындар мен адамдардың тыныс-тiршiлiгiн
қамтамасыз ету жағдайларын бұзуға әкелуi мүмкiн немесе әкелген белгiлi бiр
аумақтағы ахуал;
"төтенше жағдайды жою" -
төтенше жағдай туындаған кезде жүргiзiлетiн және адамдардың өмiрi мен
денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға зиянның және материалдық
шығындардың мөлшерiн төмендетуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағын
оқшаулауға, ол үшiн қауiптi сипаттағы факторлардың әрекетiн тоқтатуға
бағытталған авариялық-құтқару және басқа да шұғыл
жұмыстар;
"төтенше жағдайлардың алдын алу" -
алдын ала жүргiзiлетiн және төтенше жағдайлардың туындау қаупiн барынша
азайтуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға зиян
және материалдық шығындар туындаған жағдайда олардың мөлшерiн төмендетуге
бағытталған iс-шаралар кешенi;
"төтенше жағдай
аймағы" - төтенше жағдай қалыптасқан сұратушы Тарап мемлекетiнiң
аумағы;
"авариялық-құтқару жұмыстары" -
төтенше жағдай аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды
құтқару табиғи ортаны қорғау төтенше жағдайларды оқшаулау және ол үшiн қауiптi
сипаттағы факторлардың мүмкiн болатын әсерiн ең аз деңгейге жеткiзу жөнiндегi
iс-қимылдар;
"жарақтар" - материалдар,
техникалық және көлiк құралдары, қару мен оқ-дәрiнi қоспағанда, төтенше
жағдайларды жоюға арналған көмек көрсету жөнiндегi топтың жарақтары және топ
мүшелерiнiң жеке жарақтары;
"қамтамасыз ету
материалдары" - төтенше жағдайлар нәтижесiнде зардап шеккен халықтың арасында
бөлiп беруге арналған материалдық құралдар;
"транзит мемлекетi" - Үкiметi
осы Келiсiмге қатысушы болып табылатын, ұсынушы және сұратушы мемлекеттердi
қоспағанда, аумағы арқылы көмек көрсету жөнiндегi топтар, жарақтар мен
қамтамасыз ету материалдары алып өтiлетiн
мемлекет;
"Үшiншi мемлекеттер" - Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң барлығы ресми танитын, осы Келiсiмге
қатысушы болып табылмайтын мемлекеттер.
Ынтымақтастық қағидаттары мен
нысандары
2. Тараптардың бiреуiнiң
мемлекетi аумағында төтенше жағдай туындаған жағдайда немесе оның пайда болу
қаупi туындағанда бұл Тарап көмек беру туралы сауалымен басқа Тарапқа немесе
Тараптарға жүгіне алады.
3. Тараптар өздерiнiң
мүмкiндiктерiне сәйкес және ерiктi негiзде бiр-бiрiне көмек көрсетедi. Көмек
көрсету шарттары Тараптардың уағдаластығы бойынша
белгiленедi.
4. Сұратушы Тарап зардап шеккен
халық арасында қамтамасыз ету материалдарын нәсiлi, ұлты, дiнi, тiлi немесе өзге
де белгiлерi бойынша ешқандай бiр кемсiтушiлiксiз әдiл және ұтымды бөлiп берудi
қамтамасыз етедi. Сұратушы Тарап ұсынушы Тарапты көмек ретiнде алынған
қамтамасыз ету материалдарын мақсатты пайдаланғаны туралы хабардар
етедi.
5. Тараптар төтенше жағдайлардың
туындау жағдайына арналған бiрлескен iс-қимылдарды жоспарлау, қоршаған табиғи
ортаға мониторинг жасау, ақпараттар алмасу және мамандар даярлау арқылы төтенше
жағдайлардың алдын алу саласындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытатын
болады.
6. Осы Келiсiм шеңберiнде өткiзiлiп
жатқан қызметтiң нәтижесiнде алынған ақпаратты, егер Тараптар мемлекеттерiнiң
құзыреттi органдарымен жазбаша нысанда алдын ала өзгеше келiсілмесе, Тараптар
мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтындарын қоспағанда,
әдеттегi практика және нормативтiк ұйғарымдар негiзiнде әрбiр Тарап жариялайды
және пайдаланады.
Көмек беру
және ақпарат алмасу туралы сауалдар
2. Көмек сұратушы Тараптың төтенше
жағдайдың орны, уақыты, сипаты, ауқымы және ағымдағы сәттегi жай-күйi, сондай-ақ
сұратылатын көмектiң басымдылығы көрсетiлген жазбаша сауалдың негізiнде
берiледi.
3. Ұсынушы Тарап қысқа мерзiмде
сұратушы Тараптың сауалын қарайды және оны көрсетiлетiн көмектiң түрлерi мен
көлемi, сондай-ақ шарттары туралы хабардар етедi. Көмек көрсетуге мүмкiндiк
болмаған жағдайда бұл туралы ақпарат дереу сұратушы Тарапқа
жiберiледi.
4. Тараптардың әрқайсысы оның
мемлекетi аумағында туындаған төтенше жағдайдың басқа Тараптар мемлекеттерiнiң
аумағына таралып кетуiнiң алдын aлу үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады.
Осындай таралудың қаупi туындаған және оны өз күштерiмен алдын алуға мүмкiн
болмаған жағдайда, бұл Тарап басқа мүдделi Тараптарды бұл туралы дереу хабардар
етедi және қажет болған жағдайда осы Келiсiмге сәйкес көмек көрсету туралы
сауалын жiбере алады.
5. Осы баптың
2-тармағында аталған деректер апат аймағындағы жедел ахуалдың соңғы оқиғалары
мен өзгерiстерiн бейнелеу үшiн ұдайы жаңартылып
отырады.
Көмек
түрлерi
Құзыреттi
органдар және байланыс пункттерi
2. Тараптар осы Келiсiмнiң
депозитарийiн тағайындалған құзыреттi орган туралы дипломатиялық арналар арқылы
жазбаша нысандар хабардар етедi. Депозитарий бұл ақпаратты басқа Тараптарға
жолдайды.
3. Осы Келiсiмнiң ережелерiн
орындауға байланысты мәселелер бойынша өзара iс-қимылдарды ұйымдастыру үшiн
Тараптардың құзыретті органдары өзара тiкелей қарым-қатынас
орнатады.
4. Басқа құзыреттi органдар
тағайындалған жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы
депозитарийдi хабардар етедi, ол бұл ақпаратты басқа Тараптардың әрқайсысына
жеткiзедi.
5. Тараптардың құзыреттi органдары
осы Келiсiмнiң шеңберiнде ақпаратпен жедел алмасу үшiн байланыс пункттерiн
белгiлейдi және бұлар туралы бiр-бiрiн дипломатиялық арналар арқылы хабардар
етедi.
Төтенше
жағдай кезiнде көмек көрсету
жөнiндегi топтардың қызметiн
басқару
2. Сұратушы Тарап көмек көрсету
жөнiндегi топтардың басшыларын төтенше жағдайлар аймағында нақты жұмыс
учаскелерiнде қалыптасқан ахуал жөнiнде хабардар етедi, қажет болған жағдайда,
осы топтарды аудармашылармен, байланыс құралдарымен, көлiкпен, күзетпен және
медициналық қызмет көрсетумен өтеусiз негiзде қамтамасыз
етедi.
3. Көмек көрсету жөнiндегі топтарды
жарақтандыру төтенше жағдайлар аймағында автономдық iс-әрекеттер жүргiзуге кем
дегенде 72 сағат жеткiлiктi болуға тиiс. Егер Тараптармен өзгедей келiсiлмеген
болса, қорлар түгесiлген соң сұратушы Тарап аталған көмек көрсету жөнiндегi
топтарды олардың жұмысын жалғастыру үшiн қажеттi құралдармен қамтамасыз
етедi.
4. Жұмыстар аяқталған соң көмек көрсету
жөнiндегi топтың басшысы сұратушы Тараптың құзыреттi органына төтенше жағдайды
жоюға бағытталған өз тобының iс-қимылдары және оның жұмысының нәтижелерi туралы
есеп бередi.
Көмек
көрсету жөнiндегi топтардың мемлекеттiк
шекараны кесiп өту жағдайлары және олардың
транзиттiк
мемлекет пен сұратушы
Тараптың аумақтарында болу режимi
2.
Кинологиялық топтардың мемлекеттiк шекараны кесiп өту тәртiбi және транзиттiк
мемлекет пен сұратушы Тарап мемлекетiнiң аумақтарында болу тәртiбi сұратушы
Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданыстағы карантиндiк ережелерге сәйкес
белгiленедi.
3. Көмек көрсету жөнiндегi топтың
мүшелерi транзиттік және сұратушы Тарап мемлекеттерiнiң аумағында болуы
уақытында осы мемлекеттердiң заңнамасын сақтауға мiндеттi. Сонымен бiрге, олар
ұсынушы Тарап мемлекетiнiң сақтандыру және еңбек заңнамасы, сондай-ақ соған
байланысты мәселелер саласындағы заңнамасы бөлiгiндегі заңи құқығына
қарайды.
4. Көмек көрсету жөнiндегi топтардың
орын ауыстыруы, олардың жарақтары мен қамтамасыз ету материалдарын тасымалдау
автомобиль, темiр жол, су және әуе көлiгiмен жүзеге
асырылады.
Көмек көрсету жөнiндегi топтардың,
олардың жарақтары мен қамтамасыз ету материалдарының орын ауыстыруы үшiн көлiктi
пайдалану тәртiбiн ұсынушы және сұратушы Тараптардың құзыреттi органдары
белгiлейдi.
Транзит
2. Осы баптың 1-тармағының
ережесi мүдделi Тараптар арасындағы келiсiм бойынша үшiншi мемлекеттердiң
аумағындағы төтенше жағдайларды жоюға баратын Тараптардың көмек көрсету
жөнiндегі топтарын, жарақтары мен қамтамасыз ету материалдарын өз
мемлекеттерiнiң аумақтары арқылы транзитiне қатысты әрбiр нақты жағдайда
қолданылады.
Төтенше
жағдайларды жою кезiнде көмек көрсетуге
арналған жарақтар мен қамтамасыз ету
материалдарын
әкелу, әкету және
олардың транзитi
Жарақтар мен қамтамасыз ету
материалдары сұратушы Тарап мемлекетiнiң аумағына сұратушы Тарап мемлекетiнiң
заңнамасына сай әкелiнедi. Оларды тек төтенше жағдайларда көмек көрсету
мақсатында және көмек көрсету жөнiндегi топтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету
үшiн пайдалануға ғана жол берiледi.
2.
Жарақтарды және қамтамасыз ету материалдарын кедендiк ресiмдеу Тараптардың
құзыреттi органдары берген хабарламалардың негiзiнде оңайлатылған түрде және
басымдықты тәртiппен жүргiзiледi, оларда көмек көрсету жөнiндегi топтардың
құрамы, әкелiнетiн немесе әкетiлетiн жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарының
тiзбесi көрсетiледi.
3. Көмек көрсету
жөнiндегі топтарға тек қана осы баптың 2-тармағында аталған тiзбелерде
көрсетiлген жарақтар мен қамтамасыз ету материалдарын сұратушы Тарап
мемлекетiнiң аумағына әкелуге және транзит мемлекеттердiң аумақтары арқылы тасып
өткiзуге рұқсат етiледi.
4. Зардап шеккендерге
жедел медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда, сұратушы Тарап
мемлекетiнiң аумағына онымен келiсе отырып және сұратушы Тарап мемлекетiнiң
заңнамасына сәйкес құрамында есiрткi заттар мен психотроптық заттары бар
медициналық дәрi-дәрмектердiң қажеттi саны әкелiнуi мүмкiн. Мұндай жағдайда
көмек көрсету жөнiндегi топтың жетекшiсi ұсынушы және сұратушы Тараптардың
кедендiк органдарына құрамында есiрткi заттар мен психотроптық заттары бар
медициналық дәрi-дәрмектердiң болуы туралы декларацияны, олардың номенклатурасы
мен санын көрсете отырып ұсынады.
5. Құрамында
есiрткi заттар мен психотроптық заттары бар медициналық дәрi-дәрмектердi тек
ұсынушы Тараптың бiлiкті медициналық персоналының пайдалануға құқығы бар.
Сұратушы Тараптың тиiстi лауазымды адамдары құрамында есiрткi заттар мен
психотроптық заттары бар аталған медициналық дәрi-дәрмектердiң пайдаланылуына
және сақталуына бақылауды жүзеге асыруға
құқылы.
6. Құрамында есiрткi заттар мен
психотроптық заттары бар пайдаланылмаған медициналық дәрi-дәрмектер сұратушы
Тарап мемлекетiнiң аумағынан осы дәрi-дәрмектердiң номенклатурасы мен санын
растайтын құжаттардың негiзiнде әкетiлуге тиiс. Құрамында есiрткi заттар мен
психотроптық заттары бар жұмсалған медициналық дәрi-дәрмектерге олардың
пайдаланылғандығы туралы сұратушы Тараптың кедендiк органдарына көмек көрсету
жөнiндегi топтың жетекшiсi мен дәрiгерi қол қойған және сұратушы Тараптың
құзыреттi органының өкiлi куәландырған актi
ұсынылады.
7. Көмек көрсету бойынша жұмыстар
аяқталғаннан кейiн сұратушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнген жарақтар
(толығымен жұмсалғанын немесе жойылғанын қоспағанда) Тараптардың құзыреттi
органдарымен келiсiлген мерзiмде ұсынушы Тарап мемлекетiнiң аумағына әкетiлуге
жатады.
Жарақтардың жойылғандығы немесе толық
жұмсалғандығы және қамтамасыз ету материалдарын зардап шеккен халықтың арасында
толық бөлiнiп берiлгендiгi туралы фактi құжатпен расталуы
тиiс.
әуе
кемелерiн пайдалану
2.
Сұратушы Тарап пен транзиттiк мемлекеттердiң рұқсаты арқылы көмек көрсету үшiн
пайдаланылатын әуе кемелерi бекiтiлген маршруттар бойынша сұратушы Тарап
мемлекетiнiң аумағына белгiлi пунктiне ұшып өтудi жүзеге асырады. Сұратушы Тарап
пен транзиттiк мемлекет көмек көрсету үшiн пайдаланылатын әуе кемесiнiң өз
мемлекетiнiң аумағы арқылы ұшып өтуiне, сондай-ақ оның қонуы мен ұшуына жағдайды
қамтамасыз етедi.
3. Көмек көрсету үшiн
пайдаланылатын әуе кемелерiнiң ұшуы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен
Тараптардың әрқайсысы белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге
асырылады.
Көмек
көрсету жөнiндегi шығыстар
2. Сұратушы Тарап кез
келген сәтте оған көмек көрсету туралы өз өтiнiшiн өзгертуi мүмкiн, бiрақ бұл
жағдайда ұсынушы Тарап, егер Тараптар бұл туралы келiспеген болса, көмек көрсету
бойынша оған келтiрiлген шығыстарды өтетуге
құқылы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында
аталған шығыстарды өтеу, егер Тараптар бұл туралы келiспеген болса, бұл туралы
сұратушы Тараптың талабын ұсынушы Тарап алғаннан кейiн он күн мерзiмде
Тараптардың құзыреттi органдары қол қойған көмек көрсету бойынша қаржылық
шығыстар туралы екiжақты актiнiң негiзiнде еркiн айналымдағы валютамен
жүргiзiледi.
4. Ұсынушы Тарап өз мемлекетiнiң
заңнамасына сәйкес көмек көрсету жөнiндегі топтың мүшелерiн
сақтандырады.
Залалды
өтеу
2. Егер көмек көрсету жөнiндегi
топ мүшесi сұратушы Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмдi iске асыруға
байланысты мiндеттердi орындау кезiнде заңды немесе жеке тұлғаға зиян келтiрсе,
онда залалды өз мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес сұратушы Тарап
өтейдi.
3. Топ мүшелерiнiң қасақана келтiрген
зиянды ұсынушы Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес ұсынушы Тарап
өтейдi.
Басқа
халықаралық шарттарға көзқарас
Келiспеушiлiктi реттеу
Өзгерiстер
мен толықтырулар
Келiсiмнiң
күшiне енуi және қолданылу мерзiмi
2. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшін
Тараптардың қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы төртiншi
хабарламаны депозитарийге сақтауға берген күннен бастап 30 күнi күшiне
енедi.
3. Осы Келiсiмге қол қойған және оның
күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы хабарламаны
осы баптың 2-тармағында көрсетiлген күннен кейiн тапсырған Тарап үшiн,
Келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы
хабарламаны депозитарийге сақтауға ол тапсырған күнi Келiсім күшiне
енедi.
Депозитарий
Қосылу
Қосылған мемлекет үшiн осы
Келiсiм депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап 30-шы күнi күшiне
енедi, бiрақ 16-баптың 2-тармағында көрсетiлген күннен ерте күшiне ене алмайды.
Депозитарий барлық Тараптарды қосылған мемлекеттер үшiн Келiсiмнің күшiне енгенi
туралы хабардар етедi.
Келiсiмнен
шығу
2. Осы келiсiм қолданысының тоқтатылуы,
егер Тараптар өзгедей туралы келiспеген болса басталған, бiрақ оның күшi
тоқтатылғанға дейiн аяқталмаған, оған сәйкес жүзеге асырылатын қызметтi
қозғамайды.
Үкіметі
үшін
Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Үкіметі
үшін