Iс-шараларды
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiту
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 674 Қаулысы
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасы
1. Осы Іс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу
ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 7-бабына сәйкес
әзiрленген.
Премьер-Министрі
Үкіметінің
2005
жылғы 1 шілдедегі
N 674
қаулысымен
бекітілген
iс-шараларға
жатқызу ережесi
2. Ереже iс-шараларды қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегі іс-шараларға жатқызу бойынша жұмысты жүйелендiру және
тәртiпке келтiру мақсатында әзiрленген және iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ұғымын, өлшемдерiн
айқындайды.
3. Қоршаған ортаны қорғау
жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға
бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және
экономикалық шаралардың кешенi.
4. Іс-шара,
егер ол мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі
iс-шараларға жатқызуға болады:
1) экологиялық
қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және табиғат пен адамның үйлесiмдi өзара
iс-қимылына бағытталған болса;
2) қоршаған
ортаның (атмосфералық ауа, Жердiң озон қабатты, су және жер ресурстары, жер
қойнауы, жануарлар мен өсiмдiктер әлемi, сондай-ақ климат) сапалық сипаттарын
арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн
жақсартса;
3) экологиялық жүйенiң жай-күйiн
тұрақтандыруға және жақсартуға, биологиялық алуантүрлiлiктi сақтауға, табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалануға және молайтуға ықпалын
тигiзсе;
4) қоршаған ортаға және халықтың
денсаулығына зиян келтiрудi ескертсе және
болдырмаса;
5) қоршаған ортаны қорғауға және
табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған әдiстер мен технологияларды
жетiлдiрсе;
6) халыққа экологиялық білімдi
насихаттауға, экологиялық тәрбиелеуге ықпалын
тигiзсе.
Ереженiң негiзiнде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ic-шаралар
тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi.