Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 688 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N
1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын Үй
құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N
289 қаулысымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік
қоғамының кредит саясаты меморандумының 3-тармағына сәйкес құрылыс материалдары
өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының
кредит саясаты туралы меморандумда:
4-тармақ
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен
толықтырылсын:
"шикізатты өндіру мен өңдеу
орнына дейін тасымалдауды қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің шикізатынан
жасалған құрылыс материалдарын өндіру (уату, ұсату, айыру, байыту және
басқалары), - 13-бөлімнен, 14.13-сыныптан, 14.3, 14.4-топтардан 14.50.5,
14.50.6-кіші сыныптардан басқа, СВ кіші секциясы;".
Премьер-Министрі