1996 жылғы
18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң
арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы хаттамаға қол қою туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 698 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi, ҚаЗАәСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСЕЙ
ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
1. Қоса берiлiп отырған 1996 жылғы
18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң
арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен
толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы
мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен
толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi
атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң
арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар
енгізу туралы хаттама жасасуға өкiлеттiк
берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен
бастап қолданысқа енгiзiледi.
Премьер-Министрі
Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкіметiнiң
арасындағы
Ембi сынақ полигонын
жалдау туралы шартқа
өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
1996 жылғы 18
қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң
арасындағы Ембi сынақ полигонын жалдау туралы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келісті:
1. Шарттың атауы, кiрiспесiнiң 2 және 3-абзацтары "сынақ полигонын" деген
сөздерден кейiн "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен
толықтырылсын.
2. 3-бап мынадай мазмұндағы
екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Полигон - жер учаскелерiн және оларда орналасқан мүлiктi қамтитын бiртұтас
кешен.
Полигонды жалдау объектiсiнiң бiр
бiрлiгi үшiн ставка - Полигонның жалға берiлген жер учаскелерiнiң, оның iшiнде
оларда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектілерiмен қоса жер
учаскелерiнiң аудан (гектар) бiрлігін пайдаланғаны үшiн жалдау ақысы 2,33 АҚШ
доллары мөлшерiнде белгіленедi.".
3. 4-бап
мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жыл сайынғы
жалдау ақысы 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 0,291 млн. АҚШ долларына баламалы
соманы құрайды, ол:
жалға алынатын мүлiкті
пайдаланғаны үшiн 0,176 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшердегi
қаражатты;
Полигонның жер учаскелерiн
пайдаланғаны үшін өтемақы бойынша 0,115 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшердегi
қаражатты қамтиды.
Бұл ретте жалдау ақысының
көрсетілген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған немесе Қазақстан
Республикасының аумағында осы күннен кейiн енгiзілген және Полигонды жалдауға
қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де төлемдердiң барлық
түрiн қамтиды.
2. Осы Шарттың 3-бабында
белгіленген полигонды жалдау объектiсiнiң бiр бiрлігіне ставканы негiзге ала
отырып есептелген Полигонды пайдаланғаны үшiн жыл сайынғы жалдау ақысы 2005
жылғы 1 қаңтардан бастап 0,718 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды.
Бұл ретте жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнi болған
немесе Қазақстан Республикасының аумағында осы күннен кейiн енгізілген және
Полигонды жалдауға қатысты салықтардың, комиссиялардың, алымдардың және өзге де
төлемдердiң барлық түрiн ескередi.
Полигонның
жалға берiлетiн жер учаскелерiнiң, сондай-ақ оларда орналасқан жылжымалы және
жылжымайтын мүлiк объектілерімен қоса жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген
жағдайда, жалдау ақысы Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне белгіленген
ставканы ескере отырып, жер учаскелерiнiң жалға берiлетiн бiр ауданының
өзгеруiне тепе-тең өзгередi.
Жалдау ақысының
өзгеруiн Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке Хаттамамен
ресiмдейтiн болады.".
4. 5-бап мынадай
редакцияда жазылсын:
"Шарттың 4-бабының
2-тармағында белгіленген жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап
еркiн айырбасталымды валютада (АҚШ доллары) жүзеге асырылатын
болады.
Жалдау төлемдерiн аудару жыл сайын
әрқайсысы екi тең бөлiкпен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының
5-күнiне дейiн жүзеге асырылады.
Қазақстан
Тарабы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiне төлем алушыны және қаражатты
аудару үшiн қаржы деректемелерiн көрсете отырып, хабарлама
жiбередi.
Төлем алушы және (немесе) оның қаржы
деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарабы кезектi төлем мерзiмi өткенге
дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгіне бұл
туралы хабарлауға мiндетті.".
Осы Хаттама
ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен
келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер
жолымен шешiлетiн болады.
Тараптардың
бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап
екiншi Тарапқа келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде
хабарлайды.
Осы Хаттама Тараптар оның күшiне
енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша
хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттама 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ
полигонын жалдау туралы шарттың ажырамас бөлiгі болып
табылады.
200__жылғы "__"_______ _______
қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi екi
мәтiннiң де күшi бiрдей.
ҮКIМЕТI
ҮШIН
ҮКIМЕТI
ҮШIН