1996 жылғы
18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң
арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4
Мемлекеттiк орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау
туралы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама жасасу
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 7 шілдедегі N 700 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi, ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Премьер-Министрі
Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасының
аумағына
орналасқан Ресей
Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық
полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын
жалдау
туралы 1996 жылғы 18 қазандағы
шартқа өзгерiстер мен
толықтырулар
енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң арасындағы Қазақстан
Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттiк орталық
полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау туралы 1996 жылғы 18
қазандағы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге
келiстi:
1. Шарттың атауындағы, кiрiспенiң
екiншi және үшіншi абзацтарындағы "4 Мемлекеттiк орталық полигонының" деген
сөздер "4 Мемлекеттiк орталық көру аралық полигонының" деген сөздермен
ауыстырылсын.
2. Шарттың мәтiнiндегi "МОП"
деген аббревиатура "МОКП" деген аббревиатурамен
ауыстырылсын.
3. 3-бап мынадай мазмұндағы
екiншi және үшіншi абзацтармен толықтырылсын:
"Полигон - жер учаскелерiн және онда орналасқан мүлiктi өзiне қамтитын бiрыңғай
кешен.
Полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгi
үшін ставка - Полигонның жер учаскелерiн, оның iшiнде олардағы жылжымалы және
жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскелерiн де жалға берiлген алаң
(гектар) бiрлiктерiн пайдаланғаны үшін жалдау ақысы - 2,33 АәШ доллары
мөлшерiнде белгiленедi.".
4. 4-бап мынадай
редакцияда жазылсын:
"Осы Шарттың 3-бабында
белгiленген полигонды жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне ставканы ескере отырып
есептелген Полигонды пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы 2005 жылғы 1
қаңтардан бастап 0,682 млн. АәШ долларына баламалы соманы құрайды. Бұл ретте,
жалдау ақысының көрсетiлген мөлшерi Шартқа қол қойылған күнiне пайда болған
немесе Қазақстан Республикасының аумағына сол күннен кейiн енгiзiлген және
Полигонды жалға алуға қатысты салықтардың барлық түрiн, комиссияларды, жиындарды
ескередi.
Полигонның жалға берiлетiн жер
учаскелерiнiң, сондай-ақ олардағы жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi
орналасқан жер учаскелерiнiң құрамы өзгерген жағдайда, жалдау ақысы Полигонды
жалдау объектiсiнiң бiрлiгiне белгіленген ставканы ескере отырып, жер
учаскелерiнiң жалға алынатын алаңының өзгеруiне Үйлесiмдi түрде
өзгередi.
Жалға беру ақысының өзгеруiн
Тараптар осы Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын жекелеген хаттамамен
ресiмдейтiн болады.".
5. 5-бап мынадай
редакцияда жазылсын:
"Шарттың 4-бабында
белгiленген жалға беру ақысы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап еркiн айырбасталатын
валютада (АәШ доллары) жүзеге асырылатын
болады.
Жалға алу төлемдерiн аудару жыл сайын
әрқайсысы екi тең Үлеспен жылдың екiншi және төртiншi тоқсанының соңғы айының 5
күнiне дейiн жүзеге асырылады.
Қазақстан
Тарапы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiне қаражатты аудару үшін төлем
алушыны және қаржы деректемелерiн көрсетiп хабарлама
жiбередi.
Төлем алушы және (немесе) оның қаржы
деректемелерi өзгерген жағдайда Қазақстан Тарапы кезектi төлем мерзiмi өткенге
дейiн бiр айдан кешiктiрмей Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiн бұл туралы
хабардар етуге мiндеттi.".
Осы Хаттаманың
ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен
келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы өзара консультациялар мен келiссөздер
жолымен шешiлетiн болады.
Тараптардың
бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап
екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күн бұрын жазбаша
хабарлайды.
Осы Хаттама Тараптар оның күшiне
енуi үшін қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша
хабарлама жасаған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Хаттама Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң
арасындағы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4
Мемлекеттiк орталық полигонының объектiлерi мен жауынгерлiк алаңдарын жалдау
туралы 1996 жылғы 18 қазанда Мәскеу қаласында жасалған шарттың ажырамас бөлiгi
болып табылады.
200 жылғы "__"_______
___________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды,
әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
ҮШІН
ҮШІН