Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 қазандағы N 1037 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 тамыздағы N 808 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң Қазақстандық филиалында (Астана қаласы) жоғары бiлiмдi мамандар даярлау туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 қазандағы N 1037 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Бiрғаным Сарықызы Әйтiмоваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан" деген сөздермен толықтырылсын, "жасалсын" деген сөз "жасасуға өкiлеттiк берiлсiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы