"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Генерал С.Қ Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебi" мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын әзiрлесiн және бекiтсiн.
2. "Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебi" мемлекеттік мекемесi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 647 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 220-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан
Pecпубликасы
Премьер-Mинистрінің
міндетін
атқарушы