Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар
жасау және 2005 жылғы қазанда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күні 2005 жылғы 22 қазандағы
сенбіден 2005 жылғы 24 қазандағы дүйсенбіге ауыстырылсын.
2. Қажетті өнімді шығару, қаржылықты қоса
алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек,
материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ
ұйымдарымен келісім бойынша 2005 жылғы 24 қазанда жұмыс жүргізуге құқық
берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі