Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган туралы үлгі ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 3 қазандағы N 988 Қаулысы
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18
наурыздағы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
Үкiметiнiң
2005 жылғы 3 қазандағы
N 988 қаулысымен
бекiтiлген
етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң
қызметiне
жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын
өтеген
адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi
ұйымдастыру
жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi орган
туралы үлгі ереже
қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал
етудiң өзге де шараларын атқаратын қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен
бөлiмшелерiнiң қызметiне жәрдем көрсету;
заңнамаға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi
кәсiпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға тапсырыстар
орналастыру;
сотталғандардың еңбегін, оның iшiнде бас
бостандығынан айыру түрiнде қылмыстық жазасын өтеушi адамдарды жұмыспен
қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсiпорындардың мұқтаждары
үшiн түзеу мекемелерi жанындағы өндiрiстi дамытуды ұйымдастыру;
заңнамаға сәйкес сотталғандарды еңбекте
пайдалану жолымен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен кәсiпорындарын өңiрлiк
және жергілiктi маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие
жұмысын ұйымдастыру;
қайырымдылық концерттер, кездесулер, лекциялар,
сотталғандарға заңгерлiк консультациялар мен өзге де құқықтық көмек, спорттық,
ағарту және мәдени iс-шараларды ұйымдастыруға, мекемелердiң кiтапхана қорларын
толықтыруға жәрдем көрсету;
заңнамаға сәйкес өзге де мәселелер.
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң аумағына
іргелес жатқан шекараларды анықтау;
босатылатын сотталғандардың еңбекке және
тұрмыстық орналасуына жәрдемдесу бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiмен өзара iс-қимыл жасауын үйлестiру;
қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк
және өзге де көмектi, оның iшiнде мүгедектер мен зейнеткерлердi мүгедектер және
қарттар үйлерiне орналастыруды ұйымдастыру;
түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң сотталғандардың
шағымдары мен өтiнiштерiн уақтылы және дұрыс шешуiне жәрдем көрсету;
жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң түзеу
мекемелерi комиссиясының қызметiне қатысуы;
сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық
және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
түзеу мекемелерiнде жалпы бiлiм беретiн және
кәсiптiк мектептердi ұйымдастыру.
қылмыстық жазаны қолдану тәртiбiмен қоғамдық
жұмыстарға тартылған адамдар үшiн қоғамдық жұмыс объектiлерiн белгiлеу бойынша
жергiліктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
түзеу мекемелерiнен босатылған, сондай-ақ
қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны өтеп жүрген адамдарға еңбекке және
тұрмыстық орналасуға және әлеуметтiк және өзге де көмектiң басқа түрлерiн
ұйымдастыруға жәрдем көрсету.
1) мемлекеттiк органдарға өз құзыретiне кiретiн
мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге;
2) мемлекеттiк органдардан
консультативтiк-кеңесшi органның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты,
материалдарды сұратуға және алуға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен түзеу
мекемелерiне, түзеу жұмыстарына сотталғандардың жұмыс орындарына, шартты түрде
мерзiмiнен бұрын, шартты түрде босатылғандарға және бас бостандығынан айыруға
байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдарға баруға;
4) сотталғандарды қабылдауды жүргiзуге, олардың
жеке iстерiмен танысуға, олардан өз құзыретiне жататын шағымдар мен арыздарды
қабылдауға және қарауға;
5) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен
аумақтық органдарының басшыларын, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың
басшыларын консультативтiк-кеңесшi органның құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша, бiрақ бiр жылда екi реттен көп емес тыңдауға.