Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 374 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 қазандағы N 1006 Қаулысы



      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жер бетi су көздерiнiң су ресурстарын пайдалану үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 374 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 90-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі