1. Осы Ережеде мынадай
негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы
отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар)
мынадай түрдегi ақшалай төлемдер:
бала тууына
байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан
әрi - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);
бала
бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай
сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтiмi жөнiндегi
жәрдемақы);
он сегiз жасқа дейiнгi балаларға
тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi -
балаларға арналған жәрдемақы);
2) бала туғанда
берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық
бөлiмшелерi;
3) балаларға арналған жәрдемақыны
тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы
органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан,
балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы
қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар
тобы;
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының
ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы
сомасы;
6) отбасының орта есеппен жан басына
шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын
келетін үлесi;
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар
тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн
адам;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек
алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және
қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң
шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
9)
уәкiлеттi мемлекеттiк орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық
атқарушы орган;
10) уәкілеттi ұйым - Қазақстан
Республикасының Yкiметi "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға
уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
11)
жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе
банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
2. Жәрдемақылар алуға
өтiнiш беру тәртiбi
2. Бала туғанда
берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн
өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi ұйымға мынадай құжаттармен
өтiнiш жасайды:
1) бала туғанда берiлетiн
жәрдемақыны және (немесе) бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн
өтiнiш;
2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң
көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын
куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының
тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) отбасының құрамы туралы мәлiметтер (бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы үшiн осы
Ережеге 1-қосымшаға сәйкес).
3. Бала туғанда
берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөніндегi жәрдемақыны тағайындау үшiн
өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға
тиiс.
4. Балаларға арналған
жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға
арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай
құжаттармен өтiнiш жасайды:
1) балаларға
арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың
көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерiн
растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) осы Ережеге
1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы
мәлiметтер;
6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға
сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы
мәлiметтер.
Тұрғылықты жерi бойынша балаларға
арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болмаса,
өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң
әкiмiне тапсырады.
5. Бұл ретте балаларға
арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы
мәлiметтердi бере отырып расталады.
6. Салыстырып тексеру
үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың
түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
7. Ата-анасының бiреуi,
қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай
алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен
берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа
адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.
8. Асырап алушылар,
қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қамқорлыққа
алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
9. Балаларға арналған
жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң,
ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттардың көшiрмелерiн
куәландырады, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекiтiлген нысанына сәйкес
құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушіге
бередi.
10. Кенттің, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын
өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей
балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға
тапсырады.
3. Бала туғанда
берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау және
төлеу тәртiбі
11. Бала күтiмі
жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толғанға дейін
тағайындалады.
12. Бала туғанда
берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы отбасының табысына
қарамастан тағайындалады.
13. Уәкiлеттi ұйым
өтiніш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде iсті
қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес бала туғанда берiлуiн, бала
күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін және бала күтiмi
жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкілетті органға
жiбередi.
14. Бала туғанда
берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау
жөнiндегi уәкiлеттi орган iстердi қабылдап алған күннен бастап бес жұмыс күнi
iшiнде оларды қарайды, бала туғанда берiлетiн, бала күтiмi жөнiндегi
жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды және
уәкiлеттi ұйымдарға жiбередi.
Бас тартқан
жағдайда бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды
тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган уәкiлеттi ұйым арқылы бас тарту себебiн
көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
15. Жәрдемақыларды
төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру
жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге
асырады.
16. Бала туғанда
берiлетiн жәрдемақы құжаттарды уәкiлеттi ұйымға бергеннен кейiн бiр ай мерзiмде
төленедi.
17. Бала күтiмi
жөнiндегi жәрдемақы өткен ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа
есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта
төленедi.
Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге
асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт
үшiн мерзiмi шектелмей бір уақытта төленедi.
18. Бала күтiмi
жөнiндегi жәрдемақыларды алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi ұйымды көрсетiлген
жәрдемақыны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы хабардар
етуге мiндеттi.
19. Уәкiлеттi ұйым бала
туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi
уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге
қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бала туғанда
берiлетiн жәрдемақыны және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны төлеуге қаражат
қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
20. Уәкiлеттi
мемлекеттiк орган қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен
төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде
уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым
облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу
жөнiндегi кестенi жасайды және үш банктiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен
алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөнiндегi
уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат
бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын
салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сомалар
бойынша облыстық, аудандық және қалалық уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақылар төлеу
жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi
жасалады.
24. Жәрдемақылар беру
жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi
уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде
жүргiзiледi.
4. Балаларға арналған
жәрдемақыны тағайындаужәне төлеу
тәртiбi
25. Балаларға арналған
жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда,
республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген азық-түлiк себетiнiң
құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
26. Балаларға арналған
жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн
ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Құжаттарды
қоса бере отырып, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп
саналады.
Балаларға арналған жәрдемақы төлеу
өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
27. Отбасының жиынтық
табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген
тәртiппен есептеледi.
28. Балаларға арналған
жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң,
ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан
кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша
тапсырады.
Учаскелiк комиссия жүргiзiлген
тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және
отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны
тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың
(селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.
29. Балаларға арналған
жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушіден
немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiнен
құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн iшiнде iстi қалыптастырады және
балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
шешiмнiң жобасын дайындайды.
Бас тартқан
жағдайда, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi
уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша
хабардар етедi.
30. Әкесi немесе анасы
(асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың,
сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын
жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар)
жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн
және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға
арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
31. Жәрдемақы алушылар
15 күн мерзiмде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi
уәкiлеттi органды балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз
болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге
мiндетті.
Өтiнiш берушi балаларға арналған
жәрдемақының мөлшерiне немесе оны aлу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы
уақтылы хабардар етпеген жағдайларда, қайта есептеу келесi тоқсанда
жүргiзiледi.
Артық төленген сомалар ерiктi
тәртiппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылуға
тиiс.
32. Балаларға арналған
жәрдемақы төлеудi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi
уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi
уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге
асырады.
5. Балалы отбасыларға
берілетiн мемлекеттiк жәрдемақылардыңуақтылы тағайындалуы және төленуi үшiн
жауапкершілiк
33. Жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар, сондай-ақ уәкiлеттi
ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi ұйым тиiсiнше жәрдемақыларды
тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақтылығы үшiн заңнамада белгiленген
тәртiппен жауапты болады.
Балалы отбасыларға
берiлетiн
мемлекеттiк
жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу
ережесiне
1-қосымша
_________
|_________|
Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтiнiш берушi отбасының құрамы туралы мәлiметтер
__________________________
_________________________
(өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә.)
(үйiнiң мекен-жайы, тел.)
|
Р/с N |
Отбасы
мүшелерiнiң Т.А.Ә. |
Өтiнiш
берушiге туыстық қатынасы |
Туған
күнi мен жылы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтінiш берушiнiң қолы ________ Күні _______
Балалы отбасыларға
берiлетiн
мемлекеттiк
жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу
ережесiне
2-қосымша
_________
|_________|
Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтініш берушінің отбасы мүшелерiнiң 200_жылғы__ тоқсанда
алған табысы
туралы
МӘЛIМЕТТЕР
__________________________
_________________________
(Т.А.Ә.)
(үйiнiң мекен-жайы, тел.)
|
P/c N |
Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. |
Жұмыс,
оқу орны (жұмыссыздар тiркелу фактiсiн жұмыспен
қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның анықтамасымен растайды) |
Құжатта- малық расталған табыс сомалары |
Өзге
де мәлiмделген табыс |
|
Та- быс- тың түрi |
Сома- сы, теңге |
Та- быс- тың түрi |
Сома- сы, теңге |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтінiш берушiнiң қолы ________
Күні
_______
Балалы отбасыларға
берiлетiн
мемлекеттiк
жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесiне
3-қосымша
_________
|_________|
Отбасының тiркеу нөмiрi
Жеке қосалқы шаруашылығының
бар-жоғы туралы
мәлiметтер
(табысты есептеу үшiн)
__________________________
_________________________
(Т.А.Ә.)
(үйiнiң мекен-жайы, тел.)
|
|
Өлшем бiр- лiгі |
Саны |
Yй
малы, құс |
Жасы |
Саны (бас) |
|
Саяжай |
|
|
Iрi
қара мал: сиырлар бұқалар |
|
|
|
Бақша |
|
|
Жылқылар:
биелер айғырлар |
|
|
|
Жер
учаскесi, оның ішінде үй маңындағы |
|
|
Түйелер Iнгендер |
|
|
|
Шартты
жер үлесi |
|
|
Қойлар,
ешкiлер |
|
|
|
Мүліктік
пай (берiлген жылы) |
|
|
Тауықтар, үйректер,
қаздар |
|
|
|
|
|
|
Шошқалар |
|
|
Өтінiш берушiнiң қолы ________
Күні
_______
Кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ
әкiмiнiң немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың
мөлшерi туралы
мәлiметтердi растауға уәкiлетті
органның
өзге де лауазымды адамының
Т.А.Ә._________
___________________
(қолы)
(тегі)
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесiне
4-қосымша
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтiмi жөнiндегі
жәрдемақыны тағайындау
туралы
ШЕШIМ
N__ 200_ ж.
"__"_______________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің
______________________ облысы бойынша департаментi
Істің
N______
Азамат
_____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты )
Баланың туған күнi ____________________
Тууы
туралы куәлiгiнiң N ____________ берiлген күнi ________________
Баланың тууы
туралы куәлiктi берген органның
атауы
____________________________________________________________________
Есептелген
сома:
бала туғанда берiлетiн жәрдемақы
___________________________________
(жазумен)
бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы
____________________________________
(жазумен)
М.О.
Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
департаментiнiң директоры
__________
___________________________
(қолы)
(тегi)
Тағайындау жөнiндегi маман _________
___________________________
(қолы)
(тегі)
Шешiмнiң жобасы дайындалды:
М.О.
ЗТМО
бөлiмшесiнiң бастығы __________
___________________________
(қолы)
(тегi)
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы __________
___________________________
(қолы)
(тегi)
Қазақстан
Республикасы
Yкiметiнiң
2005
жылғы 2 қарашадағы
N 1092
қаулысымен
бекiтiлген
Балаларға арналған
жәрдемақы алуға үмiткер отбасыныңжиынтық табысын есептеу ережесi
Осы Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу
ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк
жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28
маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және он сегiз жасқа дейiнгi
балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан
әрi - балаларға арналған жәрдемақы) алуға үмiткер отбасылардың жиынтық табысын
есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жиынтық табысты
есептеу тәртiбi
1. Отбасының жиынтық
табысын балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi
уәкiлеттi орган есептейдi.
2. Жиынтық табысқа осы
Ереженiң 2-бөлiмiне сәйкес отбасы құрамында есепке алынған барлық адамдардың
балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы
тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) табысы
қосылады.
Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер
болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген отбасы мүшесiнiң табысы
келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен
кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне
келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып
есептеледi.
3. Отбасының орта
есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi жиынтық табысты
көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу
жолымен есептеледi.
4. Шетелдiк валютада
алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық
есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген
тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта
есептеледi.
5. Өтiнiш берушi
тексеру жүргiзуге уәкiлеттi органдар анықтаған табысы туралы толық емес немесе
дұрыс емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жиынтық табысты есептеу
жүргiзiлмейдi.
Өтiнiш берушi балаларға
арналған жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық
емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның
отбасына балаларға арналған жәрдемақы төлемi тоқтатылады.
2. Балаларға арналған
жәрдемақы алуға үмiткер отбасыныңжиынтық табысын есептеу кезiнде есепке
алынатынотбасының
құрамы
6. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының құрамында
мыналар есепке алынады:
1) ата-аналар (асырап
алушылар) мен олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған
балалары;
2) оқушылар мен күндiзгi оқу
бөлiмiнiң 18 жасқа толмаған студенттерi, оның iшiнде стипендия алатындар
(олардың ата-аналарымен (асырап алушылармен, қорғаншылармен (қамқоршылармен)
бiрге тұруына немесе басқа елдi мекендерде оқып жүргенiне
қарамастан);
3) отбасында тұратын өгей ұлдар
мен өгей қыздар, егер олар басқа ата-анасының отбасында есепке алынбаған
болса;
4) тұрақты медициналық және
санаторийлiк-курорттық ұйымдарда емделiп жатқан балалар, сондай-ақ
мектеп-интернаттарда ұстау үшiн ата-аналары (асырап алушылары, қорғаншылары
(қамқоршылары) iшiнара ақы төлейтiн балалар.
7. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасы құрамында
мыналар есепке алынбайды:
1) ата-аналарының
(асырап алушылардың) туыстары - еңбекке жарамды ата-аналары немесе зейнетақы
алатын ата-аналары, атасы, әжесi, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және басқа да
туыстары;
2) ата-анасы оларға қатысты
ата-аналық құқығынан айырылған балалар;
3) 14
жастағы және одан жоғары жұмыс iстейтiн
балалар;
4) толық мемлекет қарауындағы
балалар;
5) меншiк нысанына қарамастан, бiлiм
беру ұйымдарында толық қамсыздандыру жағдайында ақы төлемей
оқитындар;
6) қорғаншының (асырап алушының)
отбасында тәрбиеленушi балалар;
7) мерзiмдi
қызметтегi әскери қызметшiлер, оның iшiнде әскери-құрылыс жасақтарында қызмет
өткерiп жүргендер.
8. Балаларға арналған
жәрдемақы алуға үмiткер отбасының құрамы жәрдемақы алуға өтiнiш берген сәтте
есепке алынады.
9. Қорғаншылығындағы
балаларға жәрдемақы алуға жиынтық табысты есептеген кезде отбасының құрамында
қорғаншылығындағы балалар ғана есепке алынады.
10. Ата-аналары бөлек
тұрған жағдайда, балалар анасының немесе әкесiнiң отбасында өздерiнiң нақты
тұруына қарай есепке алынады.
3. Отбасының жиынтық
табысын есептеу кезiндеесепке
алынатын табыс түрлерi
11. Отбасының жиынтық
табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi
кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке
алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер
түрiнде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және
басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3)
балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi
табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен
құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан
түсетін табыс;
5) өзге де
табыс.
12. Отбасының жиынтық
табысында мыналар есепке алынбайды:
1)
мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) он
сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк
жәрдемақылар;
3) тұрғын үй
көмегi;
4) жерлеуге арналған бiр жолғы
жәрдемақы;
5) бала тууына байланысты берiлетiн
бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
6) есептi
кезеңде белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен жалпы сомада көрсетiлген,
ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық
көмек.
Есептi кезеңде көрсетiлген қайырымдылық
көмек ең төмен күнкөрiс деңгейiнен асып түскен жағдайда, көрсетiлген көмек
сомасы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада есептi кезеңде
қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейi арасындағы айырма жиынтық табыста есепке
алынады;
7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке
қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық
көмек.
Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке
қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай
пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып
есептеледi;
8) төтенше жағдайлар салдарынан
олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына
көрсетiлген көмек;
9) отбасы мүшелерінің
бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн
алимент;
10) қорғаншылардың (қамқоршылардың)
табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған
кезде);
11) азаматтардың тегiн немесе
жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
12) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
13)
азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол
жүру құны;
14) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес:
дәрілiк
препараттар;
санаторийлiк-курорттық
емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау
және жөндеу);
жүрiп-тұру құралдары
(кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру
құралдары;
бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды
тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi.
4. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде есепке алынатын, еңбекақы,әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған
табыс
13. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлгендерден
басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1)
жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап
айтқанда:
жалақының барлық түрлерi, оның
iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар,
қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне
қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын
жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай
өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе
жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе
штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн
өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық
жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық
сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн
жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым
қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем
түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери
қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде
келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген
азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай
үлесi;
жалдау бойынша төленетiн
еңбекақы;
жұмыс берушi төлеген кредит сомасы.
Көрсетiлген төлемдер кредиттi өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп
таратылады;
2) әлеуметтiк төлемдер, атап
айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында
және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен
тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы
төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк
жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен
жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда
iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы
жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк
сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк
төлемдер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның
күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық
қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан,
оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу
орындарының тыңдаушыларына төленетiн
стипендия;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен
берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi
жәрдемақылар;
1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа
адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына
қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк
басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы
төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты
есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық
(әлеуметтiк) көмек;
заңдарға және өзге де
нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 12-тармағының 14)
тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ
осы көмектiң орнына төленетiн сома;
осы
бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде
белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да
ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша
ақылар.
14. Жиынтық табыстың
құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi
мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi
төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
15. Есептi кезеңнен
асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр уақытта алынған кезде (оның iшiнде жалақы,
зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және т.б. бойынша берешектер), алынған табыс
сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың
санына көбейтiледi.
Азаматтық-құқықтық шарттар
бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт
қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн
шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы
жиынтық табыста есепке алынады.
16. Азаматтық-құқықтық
шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б.
жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт
есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын
теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi
қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
17. Авторлық сыйақылар
(шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен
рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол
алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi
кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
18. Еңбекақы,
әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен
расталады.
5. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен
алынған табыс
19. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет
түрлерiнен:
1) өнiмдi (жұмыстарды,
қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық
құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн
өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы
қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан
алынған.
Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық
табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда
көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып
жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi
айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа
қосылады;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен
табыс есепке алынады.
20. Жекелеген
азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға
алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде
растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар
жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде
расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға
бойынша ақшалай баламада қосылады.
21. Өзiн-өзi жұмыспен
қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
22. Кәсiпкерлiк
қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр
жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде
расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң
нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс
iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке
алынады.
6. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде есепке алынатын,балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент
түрiндегi табыс
23. Балаларға және
басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке
алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент
төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша
сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке
алынады.
24. Адамдардың
асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң
болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының
жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан
алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде
есептеледi.
Жиынтық табыс, егер
төлеушi:
1) жұмыс iстемейтiн және уәкiлеттi
органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтамасын ұсынған
кезде);
2) бас бостандығынан айыру орындарында
не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы
түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде);
3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен
емдеу профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған
кезде);
4) Қазақстан Республикасы тиiстi
келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға
кеткен;
5) құзыреттi органның анықтамасымен
немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi,
есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа
да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда, алименттi есепке алмай
есептеледi.
25. Егер ата-анасының
арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы
отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады.
Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке
алынады.
26. Балаларға және
басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы
анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен,
сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген
жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн
берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау
туралы қаулысы ұсынылады.
7. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде есепке алынатын, жекеқосалқы шаруашылықтан алынған
табыс
27. Жеке қосалқы
шаруашылықты жүргiзуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерiлген әрбiр
мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысында есепке алынады.
28. Жеке қосалқы
шаруашылықтан (үй малын, құс өсiруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн
өсiруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
29. Жиынтық табыста
есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн
өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң
кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган
растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң
негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
30. Жеке қосалқы
шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ережеге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,
8, 9-қосымшалардың негiзiнде есептейдi.
Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк
шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты
есептеу үшiн статистика органдары ұсынатын бағаларды жергiлiктi атқарушы
органдар өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзете
алады.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл
өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан,
үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң
негiзiнде қосылады.
31. Бiр сотка жерден
(бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке
қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң
орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 2, 3, 4, 5, 6,
7-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi
шегерiледi.
32. Табысты есептеу
үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы
өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi
органға ұсынатын орташа жылдық бағалары
пайдаланылады.
Малды (құсты) есептi кезеңде
сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша
тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс
қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы,
түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр)
түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал
бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде
есепке алынады.
33. Осы Ережеге
8-қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс
ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке
алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан,
облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша
қосылады.
34. Осы Ереженiң
33-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс
табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi
кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
35. Жеке қосалқы
шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ережеге
9-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу
жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде
толтырады.
8. Жиынтық табысты
есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс
36. Отбасының жиынтық
табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке
алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк
құралдарын жалға беруден;
2) бағалы
қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдiк
валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен қымбат
бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл
тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер
туындыларын және антиквариат сатудан;
5)
жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын
сатудан;
6) авторлық сыйақы
түрiндегi;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк
құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде
алынған;
8) кредиттi (шағын кредитті)
пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған
ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы
(мүдде);
11) ақшалай
аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда
(олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы
қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi
ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да
адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де
мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыс алынған
уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен
расталады.
37. Жылжымайтын мүлiктi
және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы
ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
38. Алынған
кредиттердiң (шағын кредиттердiң) сомасы жиынтық табыста есепке
алынбайды.
39. Жылжымайтын мүлiктi
және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс он екi айға бөлiнедi және оның
тиiстi бөлiгi есептi кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа
қосылады.
Жылжымайтын мүлiктi және көлiк
құралдарын сатудан алынған табыстың, отбасының құрамында ескерiлген әрбiр
мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысында есепке алынады.
Басқа тұрғын
үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын)
сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының
арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Балаларға арналған
жәрдемақы
алуға үмiткер
отбасының
жиынтық табысын есептеу
ережесiне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық
аудандардың
ТIЗБЕСI
|
Облысы |
Ауданы,
қаласы |
|
1 |
2 |
|
1.
Дала аймағы |
|
Солтүстiк
Қазақстан |
1.
Айыртау 2. Ақжар 3. Мағжан Жұмабаев 4. Есiл 5. Жамбыл 6.
Қызылжар 7. Мамлют 8. Шал ақын 9. Аққайың 10. Тайынша 11.
Тимирязев 12. Уәлиханов 13. Ғабит Мүсiрепов Петропавл
қаласы |
|
Ақмола |
1.
Еңбекшілдер 2. Зерендi 3. Щучье 4. Сандықтау 5. Бұланды 6.
Ақкөл 7. Ерейментау 8. Жақсы Көкшетау қаласы Степногор
қаласы |
|
Қостанай |
1.
Қарабалық 2. Федоров 3. Меңдiқара 4. Ұзынкөл 5. Денисов 6.
Әулиекөл 7. Қарасу 8. Алтынсарин 9. Сарыкөл 10.
Қостанай 11. Таранов Қостанай қаласы Рудный
қаласы |
|
Павлодар |
1.
Ертiс 2. Железин 3. Қашыр |
|
2.
Қуаң дала аймағы |
|
Батыс
Қазақстан |
1.
Ақжайық 2. Тасқала 3. Зеленов 4. Теректi 5. Бөрілі 6.
Шыңғырлау Орал қаласы |
|
Ақтөбе |
1.
Қобда 2. Мәртөк 3. Әйтеке би 4. Қарғалы 5. Алға Ақтөбе
қаласы |
|
Қостанай |
1.
Қамысты 2. Наурызым 3. Жiтiқара Лисаковск
қаласы |
|
Ақмола |
1.
Есiл 2. Атбасар 3. Қорғалжын 4. Шортанды 5. Целиноград 6.
Астрахан 7. Аршалы 8. Егiндiкөл 9.
Жарқайың |
|
Астана
қаласы |
|
Қарағанды |
1.
Нұра 2. Қарқаралы 3. Осакаров 4. Абай 5. Бұқар
жырау Қарағанды қаласы Сарань қаласы Шахтинск қаласы Темiртау
қаласы |
|
Павлодар |
1.
Ақтоғай 2. Баянауыл 3. Лебяжье 4. Май 5. Павлодар 6.
Успен 7. Шарбақты Павлодар қаласы Ақсу қаласы Екiбастұз
қаласы |
|
Шығыс
Қазақстан |
1.
Бесқарағай 2. Бородулиха 3. Зырян 4.
Көкпектi |
|
3.
Шөлейттi аймақ |
|
Алматы |
1.
Қапшағай |
|
Батыс
Қазақстан |
1.
Бөкөйордасы 2. Жаңақала 3. Жәнiбек 4. Қазталов 5.
Қаратөбе 6. Сырым |
|
Қостанай |
1.
Амангелдi 2. Жангелдi Арқалық қаласы |
|
Ақтөбе |
1.
Ойыл 2. Темiр 3. Ырғыз 4. Хромтау 5.
Мұғалжар |
|
Қарағанды |
1.
Жаңаарқа 2. Шет 3. Ақтоғай 4. Ұлытау Жезқазған
қаласы Балқаш қаласы Қаражал қаласы Приозерск қаласы Сәтбаев
қаласы |
|
Шығыс
Қазақстан |
1.
Абай 2. Аягөз 3. Жарма Семей қаласы Курчатов
қаласы |
|
4.
Шөлдi аймақ |
|
Атырау |
1.
Жылыой 2. Индер 3. Исатай 4. Құрманғазы 5. Қызылқоға 6.
Мақат 7. Махамбет Атырау қаласы |
|
Қызылорда |
1.
Арал 2. Жалағаш 3. Жаңақорған 4. Қазалы 5. Қармақшы 6.
Сырдария 7. Шиелi Қызылорда қаласы |
|
Ақтөбе |
1.
Байғанин 2. Шалқар |
|
Маңғыстау |
1.
Бейнеу 2. Қарақия 3. Маңғыстау 4. Түпқараған Ақтау
қаласы Жаңаөзен қаласы |
|
Оңтүстік
Қазақстан |
1.
Созақ 2. Отырар |
|
Жамбыл |
1.
Сарысу 2. Талас 3. Тұрар Рысқұлов |
|
Алматы |
1.
Балқаш |
|
5.
Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ |
|
Алматы |
1.
Ақсу 2. Алакөл 3. Еңбекшіқазақ 4. Жамбыл 5. Кербұлақ 6.
Көксу 7. Қаратал 8. Қарасай 9. Панфилов 10. Райымбек 11.
Сарқанд 12. Талғар 13. Ескелдi 14. Ұйғыр 15.
Iле Талдықорған қаласы Текелi қаласы |
|
Алматы
қаласы |
|
|
Жамбыл |
1.
Байзақ 2. Жамбыл 3. Жуалы 4. Қордай 5. Мерке 6.
Мойынқұм 7. Шу Тараз қаласы |
|
Оңтүстiк
Қазақстан |
1.
Арыс 2. Бәйдiбек 3. Қазығұрт 4. Мақтаарал 5. Ордабасы 6.
Сайрам 7. Сарыағаш 8. Төле би 9. Түлкiбас 10.
Шардара Кентау қаласы Түркiстан қаласы Шымкент
қаласы |
|
Шығыс
Қазақстан |
1.
Үржар 2. Зайсан |
|
6.
Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы |
|
Шығыс
Қазақстан |
1.
Глубокое 2. Катонқарағай 3. Шемонаиха 4. Тарбағатай 5.
Күршім 6. Ұлан Өскемен қаласы Риддер
қаласы |
Балаларға арналған
жәрдемақы
алуға үмiткер
отбасының
жиынтық табысын есептеу
ережесiне
2-қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетiн табысты
есептеудiң
нормативтiк карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
|
Өнiм |
Жердiң 1
сотка- сының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1
сотка- сына жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1
соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны,
теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1
сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ
- 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Бидай |
20 |
268 |
|
|
|
|
Арпа |
25 |
188 |
|
|
|
|
Қарамық |
5 |
143 |
|
|
|
|
Жүгерi
(жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|
|
|
|
Көп
жылдық шөптер |
20 |
114 |
|
|
|
|
Бiр
жылдық шөптер |
15 |
83 |
|
|
|
|
Картоп |
80 |
1256 |
|
|
|
|
Көкөнiстер |
65 |
1069 |
|
|
|
|
Бақшалар |
105 |
483 |
|
|
|
|
Шекілдеуiк
бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
35 |
634 |
|
|
|
|
Сүйектi
жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк
және басқалары) |
25 |
509 |
|
|
|
|
Жидек
дақылдары |
33 |
946 |
|
|
|
|
Жүзім |
25 |
636 |
|
|
|
|
Күнбағыс |
12 |
220 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімi
|
Өнiм |
1
бастан алынатын орташа өнiмдi- лiк,
кг (л) |
1
басқа жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiм- нiң, (1 л, 10
дана жұмырт- қаның) орташа бағасы, теңге |
1
бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.
x 4-бағ.) |
1
бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. -
3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Сүтті
iрi қара мал (сүт) |
2200 |
26549 |
|
|
|
|
Eтті
iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
15308 |
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа
еті) |
110 |
9425 |
|
|
|
|
Қойлар,
ешкілер ет/жүн |
22/2,5 |
5800 |
|
|
|
|
Жылқы
(жылқы еті) |
124 |
7446 |
|
|
|
|
Түйе
(түйе еті) |
126 |
2979 |
|
|
|
|
Жұмыртқалай- тын
құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|
|
|
|
Етті
құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
|
|
|
Балаларға арналған
жәрдемақы
алуға үмiткер
отбасының
жиынтық табысын есептеу
ережесiне
3-қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты
есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
|
Өнiм |
Жердiң 1
сотка- сының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1
сотка- сына жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1
соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны,
теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1
сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ
- 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Бидай |
20 |
268 |
|
|
|
|
Арпа |
25 |
188 |
|
|
|
|
Қарамық |
5 |
150 |
|
|
|
|
Жүгерi
(жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|
|
|
|
Көп
жылдық шөптер |
15 |
91 |
|
|
|
|
Бiр
жылдық шөптер |
10 |
83 |
|
|
|
|
Картоп |
70 |
1164 |
|
|
|
|
Көкөнiстер |
80 |
1245 |
|
|
|
|
Бақшалар |
115 |
518 |
|
|
|
|
Шекілдеуiк
бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
30 |
583 |
|
|
|
|
Сүйектi
жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк
және басқалары) |
22 |
514 |
|
|
|
|
Жидек
дақылдары |
23 |
819 |
|
|
|
|
Жүзім |
22 |
595 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімi
|
Өнiм |
1
бастан алынатын орташа өнiмдi- лiк,
кг (л) |
1
басқа жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiм- нiң, (1 л, 10
дана жұмырт- қаның) орташа құны, теңге |
1
бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.
x 4-бағ.) |
1
бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. -
3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Сүтті
iрi қара мал (сүт) |
1900 |
21034 |
|
|
|
|
Eтті
iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
16435 |
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа
еті) |
110 |
9107 |
|
|
|
|
Қойлар,
ешкілер ет/жүн |
22/2,5 |
3042 |
|
|
|
|
Жылқы
(жылқы еті) |
124 |
7446 |
|
|
|
|
Түйе
(түйе еті) |
126 |
2979 |
|
|
|
|
Жұмыртқалай- тын
құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|
|
|
|
Етті
құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
|
|
|
Балаларға арналған
жәрдемақы
алуға үмiткер
отбасының
жиынтық табысын есептеу
ережесiне
4-қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты
есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
|
Өнiм |
Жердiң 1
сотка- сының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1
сотка- сына жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1
соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны,
теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1
сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ
- 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Бидай |
10 |
226 |
|
|
|
|
Арпа |
15 |
174 |
|
|
|
|
Қарамық |
8 |
153 |
|
|
|
|
Жүгерi
(жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|
|
|
|
Көп
жылдық шөптер |
10 |
91 |
|
|
|
|
Бiр
жылдық шөптер |
10 |
84 |
|
|
|
|
Картоп |
70 |
1102 |
|
|
|
|
Көкөнiстер |
90 |
1249 |
|
|
|
|
Бақшалар |
85 |
458 |
|
|
|
|
Шекілдеуiк
бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
22 |
525 |
|
|
|
|
Сүйектi
жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк
және басқалары) |
20 |
498 |
|
|
|
|
Жидек
дақылдары |
10 |
589 |
|
|
|
|
Жүзім |
20 |
564 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімi
|
Өнiм |
1
бастан алынатын орташа өнiмдi- лiк,
кг (л) |
1
басқа жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiм- нiң, (1 л, 10
дана жұмырт- қаның) орташа құсы, теңге |
1
бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.
x 4-бағ.) |
1
бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. -
3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Сүтті
iрi қара мал (сүт) |
1100 |
19944 |
|
|
|
|
Eтті
iрi қара мал (сиыр еті) |
165 |
16016 |
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа
еті) |
110 |
8462 |
|
|
|
|
Қойлар,
ешкілер ет/жүн |
22/2,25 |
1200/105 |
|
|
|
|
Жылқы
(жылқы еті) |
138 |
6044 |
|
|
|
|
Түйе
(түйе еті) |
1140 |
2925 |
|
|
|
|
Жұмыртқалай- тын
құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|
|
|
|
Етті
құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
|
|
|
Балаларға арналған
жәрдемақы
алуға үмiткер
отбасының
жиынтық табысын есептеу
ережесiне
5-қосымша
Шөлді аймақтағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты
есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
|
Өнiм |
Жердiң 1
сотка- сының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1
сотка- сына жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1
соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны,
теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1
сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ
- 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Бидай |
20 |
278 |
|
|
|
|
Арпа |
25 |
215 |
|
|
|
|
Жүгерi
(жасыл салмағы) |
40 |
295 |
|
|
|
|
Көп
жылдық шөптер |
45 |
172 |
|
|
|
|
Бiр
жылдық шөптер |
25 |
101 |
|
|
|
|
Картоп |
100 |
1886 |
|
|
|
|
Көкөнiстер |
125 |
1366 |
|
|
|
|
Бақшалар |
120 |
556 |
|
|
|
|
Шекілдеуiк
бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
19 |
483 |
|
|
|
|
Сүйектi
жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк
және басқалары) |
20 |
492 |
|
|
|
|
Жидек
дақылдары |
10 |
589 |
|
|
|
|
Жүзім |
19 |
572 |
|
|
|
|
Күнбағыс |
8 |
208 |
|
|
|
Мал шаруашылығының өнімi
|
Өнiм |
1
бастан алынатын орташа өнiмдi- лiк,
кг (л) |
1
басқа жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiм- нiң, (1 л, 10
дана жұмырт- қаның) орташа құны, теңге |
1
бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.
x 4-бағ.) |
1
бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. -
3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Сүтті
iрi қара мал (сүт) |
880 |
17255 |
|
|
|
|
Eтті
iрi қара мал (сиыр еті) |
138 |
15924 |
|
|
|
|
Шошқалар (шошқа
еті) |
110 |
8973 |
|
|
|
|
Қойлар,
ешкілер ет/жүн |
18/1,0 |
1696 |
|
|
|
|
Жылқы
(жылқы еті) |
138 |
5979 |
|
|
|
|
Түйе
(түйе еті) |
154 |
2925 |
|
|
|
|
Жұмыртқалай- тын
құс (жұмыртқа) |
200 жұмыртқа |
728 |
|
|
|
|
Етті
құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
|
|
|
Балаларға арналған
жәрдемақы
алуға үмiткер
отбасының
жиынтық табысын есептеу
ережесiне
6-қосымша
Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы
жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін
табысты
есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
|
Өнiм |
Жердiң 1
сотка- сының орташа түсiмi, кг |
Жердiң 1
сотка- сына жұмсал- ған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1
кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1
соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны,
теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1
сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ
- 3-бағ.) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Бидай |
20 |
293 |
|
|