Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысына өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы N 1093
Қаулысы
"Ресми
газет" 2005 жылғы 12 қараша N 47
Қолданушылар назарына: Қолданысқа енгізілу
тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының
көрсетілген қаулымен
бекiтілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде:
", қатардағы iшкi қызметкер", ",
ішкi қызмет кiшi сержанты", ", ішкі қызмет сержанты", ", iшкi қызмет аға
сержанты", ", iшкi қызмет старшинасы", ", iшкi қызмет прапорщигі, iшкi қызмет
аға прапорщигі", ", iшкi қызмет кiші лейтенанты", ", iшкi қызмет лейтенанты", ",
iшкi қызмет аға лейтенанты", ", iшкi қызмет капитаны", ", iшкi қызмет майоры",
", iшкi қызмет подполковнигi",
", iшкi қызмет полковнигi" ", iшкi қызмет
генерал-майоры", ", iшкi қызмет генерал-лейтенанты, полиция генерал-полковнигi,
iшкi қызмет генерал-полковнигi, армия генералы" деген сөздер алынып
тасталсын;
екiншi
абзацта:
", осы Ереженiң 5-тармағының
тоғызыншы абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алынып
тасталсын;
"министрлiгiнiң" деген сөз алынып
тасталсын;
"әскери комиссариатқа" деген сөздер
"жергiлiктi әскери басқару органдарына" деген сөздермен
ауыстырылсын;
үшіншi
абзацта:
"мерзiмдi әскери қызметтен өткен
және" деген сөздер алынып тасталсын;
"аяқталмаған жоғары және жоғары білiмi бap" деген сөздер "жоғары білімi бар
немесе жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқитын" деген сөздермен
ауыстырылсын;
төртiншi абзацтағы "әскери
комиссариатқа" деген сөздер "жергіліктi әскери басқару органдарына" деген
сөздермен ауыстырылсын;
"11. Iшкi iстер
органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түскен
адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн арнайы алғашқы оқудан және тағылымдамадан
өтедi, олар үшін сынақ мерзiмi белгіленуi
мүмкiн.
Арнайы алғашқы оқудан, тағылымдамадан
және сынақ мерзiмiнен өту тәртiбi мен шарттарын Министр
белгілейдi.
Конкурстық iрiктеуден өткен және
арнайы алғашқы оқуға қабылданған адамдарды ұстау тиiстi қаржы жылына арналған
бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
12.
Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына оқуға түсетiн адамдар, сондай-ақ ішкі
iстер органдарының қаражаты есебiнен оқуға ақы төлей отырып, Iшкi iстер
министрлiгiнiң жолдамалары бойынша шет мемлекеттердiң iшкi iстер органдарының
жоғары оқу орындарына түсетiн адамдар оқу орнындағы оқу мерзiмiне және бiр
мезгілде оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер
органдарында әскери қызметшілер, орта және аға басшы құрам лауазымдарында
күнтiзбелiк есеп бойынша бес жылға қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт жасасады.
Келiсiм-шартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және уәкілеттi мемлекеттiк
органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелерi мен жауапкершілiктерi
белгiленедi. Келiсiм-шарт iшкi iстер органдарының оқу орнына қабылдау туралы
қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн жасалады. Келiсiм-шарттың нысанын, оны
жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi белгілейдi.
Iшкi iстер
органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлiгінiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн
iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты
мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол оны оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге,
тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге
мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi әрбiр
толық қызмет атқармаған айға пропорционалды түрде
есептеледi.
Шақырылу жасына жеткен және
сабаққа үлгермеушілiгi, тәртiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ өз еркiмен оқудан
шығарылған Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң
курсанттары (тыңдаушылары), егер оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери
қызметтiң белгіленген мерзiмiн өтемесе, әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi
бойынша әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар мемлекетке оларды оқыту
кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет
қаражатын өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома оқу орнында болған әрбiр толық
айға пропорционалды түрде есептеледi.
Бюджет
қаражатын мемлекет пайдасына өндiрiп алу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгiнiң оқу орындарына күндiзгi оқу бөлiмiне қабылданған адамдар әскери
есептен шығарылады және iшкi iстер органдарында арнайы есепке алынады. Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының кәсiби орта, кәсiби жоғары
бiлiм беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқудың толық курсын бiтiрушілер үшiн
оқу уақыты мерзiмдi әскери қызмет өткеруге
теңестiріледi.
Қазақстан Республикасы Iшкi
iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының, өзге де
мемлекеттердiң iшкi iстер органдары оқу орындарының түлектерi бөлуге сәйкес
қызмет өткеруге жiберіледi.
Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындары диплом алдындағы практикадан
өту үшiн iшкi iстер органдарына жiберген курсанттар (тыңдаушылар) практикадан
өту кезеңiнде лауазымға тағайындалады.
Күндiзгi адъюнктураға тiкелей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің
жоғары оқу орындарын бiтiрiсiмен қабылданған iшкi iстер органдарының
қызметкерлерiне тиiстi кафедраның оқытушысы жалақысының 70%-ы мөлшерiнде
лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшiн қосымша ақы
төленедi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына
(тыңдаушыларына) жазғы каникулдық демалысын өткiзу орнына автомобиль, темiр жол
және су көлiгiмен баруға және кейiн қайтуға жол жүру құны
төленедi.
Iшкi iстер органдарының кәсiби
жоғары білiмi бар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының заңнамада
белгіленген тәртiппен iшкi істер органдары жүйесiнiң оқу орындарында екiншi
кәсiби жоғары бiлiм алуына болады.";
мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде
үшiншi абзацтағы "лейтенанттары, iшкi қызмет кiшi" деген сөздер алынып
тасталсын, "iшкi қызмет подполковниктерiне" деген сөздер "полиция
подполковниктерiне" деген сөздермен
ауыстырылсын;
төртінші
абзацта:
"iшкі қызмет полковниктерi" деген
сөздер алынып тасталсын;
"50" деген сандар
"53" деген сандармен ауыстырылсын;
бесiнші
абзацта:
"ішкі қызмет генерал-майорлары",
"ішкі қызмет генерал-лейтенанттары" деген сөздер алынып
тасталсын;
"55" деген сандар "58" деген
сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы
"полиция генерал-полковниктерi, iшкі қызмет генерал-полковниктерi, армия
генералдары - 60 жас" деген сөздер алынып
тасталсын;
жетінші абзацтағы ", олардың
қызметке жарамдылығы жағдайында," деген сөздер алынып
тасталсын;
сегiзiншi абзацтағы "Ерекше
жағдайларда" деген сөздерден кейiн ", тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар
басшының шешiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi
абзацта:
"кию үшiн," деген сөздер алынып
тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Iшкi iстер органдары
қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киiм-кешектiң орнына
ақшалай өтемақы төленуi мүмкiн.";
бiрiншi абзацтағы "жасының келуi,
денсаулық жағдайы, штаттың қысқаруы, еңбек сiңiрген жылдары бойынша қызметтен",
"мен олардың отбасы мүшелерi" деген сөздер алынып
тасталсын;
үшiншi абзац "органдары" деген
сөзден кейiн ", заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздермен
толықтырылсын;
бiрiншi
абзацта:
"толық көлемде", "бiрақ үш айдан
аспайтын мерзiмге" деген сөздер алынып
тасталсын;
"материалдық шығыны" деген
сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен"
деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi
абзацтағы "және анықтау" деген сөздер алынып тасталсын;
бесiншi, алтыншы, жетiншi,
сегiзiншi абзацтардағы ", iшкi қызмет қатардағы қызметкерi", ", iшкi қызмет кiшi
сержанты",
", iшкi қызмет сержанты", ", iшкi қызмет аға сержанты" деген
сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац
алынып тасталсын;
оныншы абзац мынадай
редакцияда жазылсын:
"Полиция старшинасы
атағында еңбек сiңiрген мерзiмi белгiленбейдi.";
екiншi, үшiншi, төртiншi
абзацтардағы ", iшкi қызмет кiшi лейтенанты", ", iшкi қызмет лейтенанты", ",
iшкi қызмет аға лейтенанты" деген сөздер алынып
тасталсын;
бесiншi
абзацта:
", iшкi қызмет капитаны" деген сөздер
алынып тасталсын;
"3" деген сан "4" деген
санмен ауыстырылсын;
алтыншы
абзацта:
", iшкi қызмет майоры" деген сөздер
алынып тасталсын;
"4" деген сан "5" деген
санмен ауыстырылсын;
жетiншi, сегiзiншi,
тоғызыншы абзацтардағы ", iшкi қызмет подполковнигi", ", iшкi қызмет
лейтенанты", ", iшкi қызмет полковнигi" деген сөздер алынып
тасталсын;
бiрінші абзацтағы ", iшкi қызмет
кiшi лейтенанты" деген сөздер алынып
тасталсын;
екiншi абзацтағы "министрлiктер мен
ведомстволардың" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен
ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы ", сондай-ақ
аяқталмаған жоғары білімi (үшiншi курстан төмен емес) бар" деген сөздер алынып
тасталсын;
екiншi
абзацта:
", iшкi қызмет майорына" деген сөздер
алынып тасталсын;
"бac басқармаларының,
басқармаларының" деген сөздер "департаменттерiнiң" деген сөзбен
ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы ", iшкi қызмет
полковнигiне" деген сөздер алынып тасталсын;
бiрiншi
абзацта:
"өздерiне берiлген құқықтарға" деген
сөздерден кейiн "және Министр бекiтетiн лауазымдар санаттары бойынша үлгi
білiктiлiк талаптарына" деген сөздермен
толықтырылсын;
в)
тармақшасында:
"(резервiне)" деген сөз алынып
тасталсын;
үшiншi абзац "емделуi" деген сөзден
кейiн "бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi iшкi iстер органы орналасқан жерге
дейiн жол жүріп барған уақыты; кәсiби жоғары және орта оқу орындарының сырттай,
кешкi бөлiмдерiнiң оқу-емтихандық сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс
тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда тұтқындалған күнiнен
бастап босатылған күнiн қоса қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты
тұтқында болған уақыты" деген сөздермен
толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Кезектi демалысын
пайдаланбаған, атқарып отырған қызметтерiнен босатылған және оның қарамағындағы
қызметкерлерге оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу
кешiктiрілген жағдайларда, әдетте, пайдаланылмаған демалысы беріледi. Оларға
кезектi демалыс уақыты үшiн ақшалай үлес қарамағында болу мерзiмiне қарамастан,
қарамағына қабылданған күнiнен бастап негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде
төленедi.";
д)
тармақшасында:
екiншi абзацтағы "(штат
қысқарғанға) немесе iшкi iстер органын қайта құруға дейiнгi лауазымы бойынша
жалақысына тең (немесе жоғары) жалақысы бар лауазымға тағайындалғанға дейiнгi
мерзiмде бұрынғы лауазымы бойынша алған жалақысы сақтала отырып" деген сөздер
алынып тасталсын;
төртiншi абзацтағы
"министрдiң шешiмi бойынша жекелеген жоғары білiктi мамандардың лауазымдық
жалақысы кейiнгі өзгерiстердi ескере отырып, соңғы атқарған лауазымы бойынша
жалақысы сақтала отырып," деген сөздер алынып тасталсын;
"резервте" деген сөз "басшы
кадрлар резервiнде" деген сөздермен
ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Басшы кадрлар резервiне
қабылданған басшы құрамдағы адамдардың кәсiптiк даярлықты жетiлдiру жөнiндегi
жұмысы Министр белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.";
"үлес толық көлемде" деген сөздер
"үлес" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай
мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қылмыс
жасағаны үшiн сотталуына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылған, ал
кейiннен ақтап шығарылған және тиiсiнше лауазымы мен арнаулы атағы қайтарылған
қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыт үшiн ақшалай үлес қолданыстағы
заңнамада белгіленген тәртiппен өтеледi.";
"67. Қызметкерлердi
аттестациялау кемiнде үш жылда бiр рет, сондай-ақ жоғары лауазымдарға тағайындау
кезiнде, төменгi лауазымдарға тағайындау және тәртіптiк жазалау ретiнде
лауазымынан босату кезiнде, терiс қылықтары үшiн және аттестациялық тәртiппен
iшкi iстер органдарынан босатылған кездерде жүргізіледi.";
"e)
жүктілiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған
әйелдерге (ерлерге), үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған
әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша
демалыстар;";
екiншi
абзацта:
"бac басқармасының, басқармасының"
деген сөздер "департаментiнiң" деген сөзбен
ауыстырылсын;
", Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорнының" деген сөздер алынып тасталсын;
бiрiншi абзацтағы "Үкiметтiң
шешiмдерiмен белгіленген қосымша және әлеуметтік демалыстар" деген сөздер
"Қосымша демалыстар және жүктiлiгi мен босануына байланысты берілетiн
демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн демалыстар, үш жасқа
дейiнгі балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн
жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар" деген сөздермен
ауыстырылсын;
төртінші
абзацта:
"Әлеуметтiк демалыстарды" деген
сөздер "Жүктілiгi мен босануына байланысты берiлетін демалыстарды, бала асырап
алған әйелдерге (ерлерге) берілетін демалыстарды, үш жасқа дейiнгi балалары бар
аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын
қосымша демалыстарды" деген сөздермен
ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алынып
тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"Iшкi iстер органдарының
қызметкерлерiне демалыс өткiзу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын
қоса алғанда, кезектi, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар, сырқаттануына,
жүктілігі мен босануына байланысты демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың
атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алған мөлшерде
төленедi.";
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде
91-тармақтың а) және в) тармақшалары өзгерiссiз
қалдырылсын;
и) тармақшасындағы "ұдайы
бұзғандығы" деген сөздер "өрескел бұзғаны" деген сөздермен
ауыстырылсын;
а) тармақшасындағы "Жалпыға
бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" деген сөздер "Әскери
міндеттiлiк және әскери қызмет туралы" деген сөздермен
ауыстырылсын;
мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде б)
тармақшасы өзгерiссiз қалдырылсын;
"94. Қызметтiк
мiндеттерiн орындаумен байланысты емес, бiрақ азаматтардың алдында мемлекеттiк
қызметтiң абыройы мен беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттер, атап айтқанда:
iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық орындарда мас күйiнде
(айналасындағыларға айқын көрiнетiндей) болуы; тергеудегi, сотталған адамдармен
рұқсат етiлмеген байланыстар жасау; тергеуге зиян келтiретiн жедел сипаттағы
ақпаратты жария ету; заңсыз әрекеттер жасаған азаматтарға жәрдемдесу; қызмет
бабын жеке пайдакүнемдiк ниетпен пайдалану; қызметкерлердiң, оқу орындарының
тыңдаушылары мен курсанттарының арасында терiс қоғамдық резонанс тудырған
жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасау; кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiмен
айналысу, оның iшiнде коммерциялық делдалдық жасау, сондай-ақ қызмет бабын
пайдалана отырып жұмыс жасау және қызметтер көрсету және т.б. iс-әрекеттер
жасаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 91-тармағының и)
тармақшасына сәйкес iшкi iстер органдарының беделiне дақ түсiретiн қылықтар
жасағаны үшiн қызметтен босатылады.
Санамаланған негiздер бойынша босатылған адамдар iшкi iстер органдарындағы
қызметке қайта қабылданбайды.";
мемлекеттiк
тiлдегi мәтiнiнде 95-тармақтың бiрiншi абзацы өзгерiссiз
қалдырылсын;
а)
тармақшасында:
", iшкi қызмет подполковнигiн
қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн" деген сөздер "полиция
подполковнигiне дейiн қоса алғанда" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"бас басқармаларының,
басқармаларының" деген сөздер "департаменттерiнің" деген сөзбен
ауыстырылсын;
б) тармақшасындағы ", iшкi
қызмет полковнигiн қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн" деген сөздер
"полиция подполковнигiне дейiн қоса алғанда" деген сөздермен
ауыстырылсын;
"105. Iшкi
істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының тәртiбi олардың
заңдылық, дара басшылық қағидаттарын қатаң сақтауына, Қазақстан Республикасының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын, антты, командирлер мен бастықтардың
бұйрықтарын орындауына негiзделеді.
106.
Қызмет бабында бiр-бiрiне тiкелей бағынысты болмайтын қатардағы және басшы
құрамдағы адамдар нақты тапсырмаларды орындау кезiнде аға немесе кiшi
қызметкерлер болуы мүмкiн.
107. Қатардағы және
басшы құрамдағы адамдар бiр-бiрiмен, әскери қызметшiлермен кездескен кезде және
өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында
белгіленген тәртіппен және ережелер бойынша сәлем
бередi.
108. Бастықтың бұйрығы бұлжытпай,
нақты және мерзiмінде орындалады.
Iшкі iстер
органдарының қызметкерлерi, егер олардың iс-әрекеттерi заңнамаға сәйкес жүзеге
асырылған болса, арнайы құралдар мен әдiстердi, қару-жарақты қолдану кезiнде
келтiрілген зиян үшiн жауапкершілiкке
тартылмайды.
109. Қызметтiк борышын атқару
кезiнде көрсеткен ерлiгi мен батылдығы, қайсарлығы және мемлекет алдындағы басқа
да сiңiрген еңбегi үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынылуы
мүмкiн.
110. Көтермелеулер мен тәртiптiк
жазаларды бастықтар өздерiне берілген құқықтар шегiнде
қолданады.
111. Iшкі iстер органдарының
қызметкерлерiне терiс қылықтары анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс
қылықтарды жасаған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей тәртiптiк жаза
қолданылады.
Жаза қолдану алдында қатардағы
және басшы құрамдағы адамнан жазбаша түрде түсiнiктеме алынуға
тиiс.
Командир (бастық) тәртiптiк жаза қолдану
туралы шешім қабылдар алдында, әдетте, қызметтiк тергеу жүргiзіледi. Ол кiнәлi
адамдарды айқындау, терiс қылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен
жағдайларды анықтау мақсатында жүргiзіледi.
112. Қатардағы және басшы құрамдағы адамға бұйрықпен қолданылған тәртiптiк жаза
ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, егер осы кезеңде ол басқа
тәртiптiк жазаға тартылмаған болса, ол алып тасталған деп
саналады.
113. Қатардағы және басшы құрамдағы
адамдардың өздерiне қатысты қабылданып отырған шешiмдер мен iс-әрекеттер бойынша
қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары лауазымды адамдарға немесе сотқа
шағымдануға құқығы бар.".
1) полиция полковниктерi - елу
жасқа;
2) полиция генерал-майорлары мен
полиция генерал-лейтенанттары - елу бес жасқа толғанда қызметтен шығуға
құқылы.
Премьер-Министрі