"Есіл"
қонақ үйінің трансформаторлық шағын станциясын республикалық меншіктен Астана
қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 1107
Қаулысы
"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру
ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22
қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің
"Есіл" қонақ үйінің 1174 трансформаторлық шағын станциясын республикалық
меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы
қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана
қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен трансформаторлық
шағын станцияны қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын
жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі