Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы 2001
жылғы 28 қараша N 730
Қазақстан Республикасының
Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының
автожол саласын одан әрi дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан
Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының
Yкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын
әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Бағдарламаның орындалуын
қамтамасыз ету жөнiндегi бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасының Көлiк
және коммуникациялар министрлігіне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен
бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң
2001 жылғы 28 қарашадағы
N 730 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан
Республикасының автожол саласын дамытудың
2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы
1. Бағдарламаның
паспорты
Атауы
Қазақстан Республикасының автожол саласын
дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн "Қазақстан Республикасының автожол саласын
негiз дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған
тұжырымдамасы туралы" Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 мамырдағы N 726
қаулысы
Негізгі
Қазақстан Республикасының Көлiк және
әзiрлеушi
коммуникациялар министрлiгi
Мақсаты
Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдар
кезеңіне арналған мемлекеттiк саясаты
басымдықтарын айқындау
Мiндеттерi
Жалпы пайдаланыстағы халықаралық және
республикалық маңызы бар автомобиль
жолдарының (бұдан әрi - халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдар) негiзгi
бағыттарын және оларды модерлендiру
жөнiндегi жұмыстар көлемiн анықтау;
автомобиль жолдарын басқару мен қаржыландыру
жүйелерiн жетiлдiру және бөлiнетiн
ресурстарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;
озық технологияларды енгiзу, жол жұмыстарының
сапасын, қозғалыс қауiпсiздiгiн, жол
бойындағы автосервис деңгейiн арттыру,
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар
кешенiн орындау;
автожол саласы қызметiнiң нормативтiк
құқықтық базасын жетілдiру.
Бағдарламаны
Жүк тасымалы қауырт бағыттарда бұзылған
іске асырудың жол
учаскелерiн оңалту, апатты көпiрлердi
негiзгі бағыттары қайта жаңарту, транзиттік
бағыттарда
жекелеген жол учаскелерiн салу;
жолдарды алдын ала ағымдық жөндеу, сондай-ақ
жазғы-қысқы күтiп ұстау жөнiндегi
жұмыстардың көлемiн ұлғайту;
жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдары
желiсiн дамытуды жергiлiктi атқарушы
органдармен үйлестiру;
жолдардың жай-күйiн әзірлеу деңгейiн көтеру,
баға түзілiмiн жетiлдiру, жол жұмыстарына
тапсырыстарды конкурстық орналастыру
негiзiнде қаражатты неғұрлым тиiмдi жұмсау;
автомобиль жолдары құрылысы, жөндеу және
күтiп ұстау iсінде озық технологияларды,
материалдар мен тетiктердi енгiзу;
жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасын
бақылау жүйесiн жетiлдiру;
жол бойындағы автосервистi дамыту, қозғалыс
қауiпсiздiгiн арттыру, қоршаған ортаны
қорғау;
әлемдiк практикаға сәйкес республиканың
автожол саласы қызметiнiң нормативтік
құқықтық базасын жетiлдiру.
Қаржыландыру
Республикалық бюджет қаражаттары.
көздері мен көлемі Халықаралық және республикалық
маңызы бар
автожолдарға шығыстар сомасы
2001-2005 жылдары - 254 902,3 млн. теңге
немесе 1 580,1 млн. АҚШ долларын құрайды.
Күтiлетiн
Бағдарламаның орындалуы:
нәтижелер
1) халықаралық және республикалық маңызы бар
16 133 км автожолдарды салуға, оңалтуға және
жөндеуге мүмкiндiк бередi, мұның өзi
төсемдерi бүлiнген жол учаскелерiн қалпына
келтiруге және халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдардың
70%-ның техникалық - пайдаланылу
жай-күйiн жақсартуға;
2) жол жұмыстарында жұмыс орындарының санын
32-35 мың адамға дейiн өсiруге мүмкiндiк
бередi. Бұл ретте (құрылыс материалдары, жол
белгiлерi, автокөлiк қызметi, жобалық
жұмыстар және т.б.) жол жұмыстары үшiн өз
өнiмдерiн және қызметтерiн берiп отыратын
басқа салалардың кәсiпорындарында жұмыспен
қамту артады;
3) әлемдiк практикаға мейлiнше жуықтата
отырып, автожол саласының қазiргi заманғы
жағдайлардағы қызметiнiң негiзгi принциптерiн
айқындайтын нормативтiк құқықтық құжаттар
әзiрлеуге;
4) өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiк шығындарын
10-20%-ға төмендетуге мүмкiндiк бередi, бұл
отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық
әлеуетiн арттыруға ықпал етедi;
5) автожол кешенi қызметiнiң сапалық деңгейiн
көтеруге;
6) республика аумағы арқылы өтетiн
халықаралық бағыттардың транзиттiк әлеуетi
мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн ұлғайтуға;
7) экономикалық перспективалы аймақтарды
жедел игеруге жәрдемдесуге;
8) автомобиль көлiгiнiң жұмысымен байланысты
зиянды заттардың шығуын төмендетуге;
9) автомобиль жолдарының жұмылдыру даярлығын
көтеруге мүмкiндiк бередi.
2. Кiрiспе
Бағдарлама Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2001 жылғы 29 мамырдағы N 726 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының Автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған
тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылғы кезеңге
арналған Даму стратегиясында белгiленген автомобиль жолдары саласындағы
басымдықтар ескерiле отырып әзiрлендi.
Бағдарламада 2001-2005 жылдардағы кезеңде
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жүк тасымалы қауырт
учаскелерiнiң техникалық жай-күйiн қалпына келтiру, апатты көпiрлердi қайта
жаңарту жөнiнде түбегейлi шаралар көзделедi. Бюджеттiк қаржыландыру көлемiн
арттыру әрi автожол саласының нормативтiк, құқықтық және қаржылық базасын
күшейту тәрiздi алда тұрған мiндеттердiң деңгейi мемлекеттiң тiкелей қатысуын
талап етедi.
Тұтас алғанда проблеманың сан қырлылығы, салада
алда тұрған өзгерiстер санының көптiгi (ұдайы оң нәтижелi бола бермейтiн)
Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын дамытудың дәйектi мемлекеттiк
саясатының қажеттiгiн дәлелдейдi.
3. Мәселенiң бүгiнгi
таңдағы жай-күйiн талдау
Республика
экономикасындағы автомобиль жолдары
Автомобиль жолдары - Қазақстанның
көлiк-коммуникациялық кешенiнiң маңызды элементтерiнің бiрi, оның тиiмдi жұмыс
iстеуi және тұрақты дамуы бүгiнгi таңдағы жағдайда экономиканың өрлеуiне,
халықтың тұрмыс жағдайының деңгейiн көтеруге және жақсартуға көшудiң маңызды
факторына айналып отыр.
Темiр жолдар мен су жолдарының салыстырмалы
төмен тығыздығы жағдайында Қазақстанда автомобиль жолдары басым, ал көптеген
аймақтар үшiн тауарлар, құрылыс және агроөнеркәсiп жүктерi келiп түсетiн,
өнiмдер әкетiлетiн, жолаушы тасымалдары жүзеге асырылатын бiрден бiр қатынас
құралы болып табылады.
Нарықтық жағдайда жүк жеткiзудi жеделдету және
олардың басы бүтiндiгi аса маңызды факторларға айналады. Осы орайда жүк
жөнелтушiлер, әсiресе жекеше сектор, жақын қашықтық аймағында (300 километрге
дейiн) ғана емес, сонымен қатар ұзақ қашықтықта (1500-2000 километр) да автомобиль
көлiгiне қайта бағдарлана бастады.
Өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң,
шағын және орта бизнестiң дамуына орай облысаралық тасымалдар, сондай-ақ
iргелес мемлекеттермен байланыстар артуда.
Қазақстанның Еуразия құрлығының кiндiгiнде орныққан
географиялық жағдайы Азия-Еуропа қатынасындағы қалыптасып келе жатқан
трансқұрлықтық бағыттардың көлiк магистральдарын пайдалану үшiн қолайлы
алғышарттар туғызады, олардың көпшілігi өзiне қазақстандық автожол желiсiнiң
учаскелерiн қамтиды.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалауынша,
Оңтүстiк Шығыс және Шығыс Азия-Еуропа бағыттарындағы транзиттiк ағындар 330-400
миллиард АҚШ долларына бағаланады. Бұл ретте транзиттiк ағындардың 20%-ға жуығы
темiр жол және автожол бағыттарымен Ресей Федерациясы және Қазақстан аумағы
арқылы өтуi тиiс деп көзделедi. Транзиттiк тасымалдар үшiн алынатын алымдар -
тiкелей бюджет кiрiсi болып табылады.
Экономиканы дамыту мiндеттерi қуатты көлiк -
коммуникация желiсiн құрып, модерлендiрудi талап етедi. Осы тұрғыда:
халықаралық нарықтарға жаңа көлiк бағыттарын тарту; көлiк магистральдарын
модерлендiру; Батыс- Шығыс және Солтүстiк-Оңтүстiк бағытында транзиттік бағыт
схемаларын белсендiрек енгізу; Каспий инфрақұрылымын озық қарқынмен тарту;
Алматы-Астана автожолын қайта жаңарту алда тұр.
2000 жылдың соңына республикадағы автокөлiк
құралдарының паркi 1,3 миллион бiрлiктi құрады. Жеңiл автокөлiк саны 1000
тұрғын адамға шаққанда 68 автомобильге дейiн жеттi және ұлғая түсуде.
Сонымен бiрге автомобиль жолдарының техникалық
деңгейінің төмендiгiнен, жекелеген көпiрлердiң апатты жағдайынан, қалаларға
кiреберiс жолдардағы шамадан тыс нөпiрден автомобильдердiң жылдамдық
мүмкiндiктерi iске қосылмайды, жанармай 1,3 - 1,5 есе көп шығындалады,
жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету шығындары 2,5 - 3,4 есе өседi,
автомобильдердiң қызмет ету мерзiмi 20-30%-ға қысқарады.
Осының бәрi кәсiпорындар мен тұрғын халық үшiн
тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер құнындағы көлiк шығынын
көбейтедi.
Көлiктен тыс салада да, әсiресе агроөнеркәсiптiк
секторда өнiмдi тасымалдау кезiнде бүлiнуi мен жоғалуы (картоп, көкөнiс,
қызылша, сүт массасынан, малдың тiрiдей салмағынан 5-7%), сондай-ақ бұзылған
автомобиль жолдары бойымен жылжитын автомобильдердiң егiн алқаптарын құртуы мен
шаңға бөктiруi салдарынан өндірістік емес шығындар көп.
2000 жылдың басында Қазақстанда 75 мыңға жуық
нарыққа бейiмделген ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс iстедi, олардың 98%-ы
жеке меншiкке негiзделген және де олардың қызметiнiң тиiмділігi жолсыздық
салдарынан жапа шегуде.
Тұтас алғанда жолдардың қанағаттанғысыз
жай-күйiнiң салдарынан келген экономикалық залалды сарапшылар 1997 жылдың
бағасымен 83 миллиард теңгеге бағалап отыр ("Қазақстан автомобиль
жолдарының ақ кiтабы", 1997 жыл).
Экономикалық шығындардан басқа жолдардың
жай-күйi нашарлауының әлеуметтiк зардаптары бар. Жыл сайын жалпы пайдаланыстағы
жолдарда жол-көлiк оқиғаларынан 900-ден астам адам қаза табады және 3 600-i
жарақат алады. Қолайлы жолдары жоқ шалғай елдi мекендерден жастар ағылып кетуде
және осыған байланысты кенттену тұтас проблемалар кешенiн туғызып отыр.
Жолдардың нашар жай-күйі қоршаған ортаға терiс
әсер ететiн зиянды заттардың атмосфераға таралуын ұлғайтады.
Алдыңғы екi жылда өндiрiстiң жандануына
байланысты республиканың автомобиль жолдарында көлiк ағынының артуы байқалады.
Қазақстанның Экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтiк
жоспарына сәйкес экономиканың 45,6%-ға өсуi болжануда. Практика көрсетiп отырғандай,
өндiрiстiң 1% өсiмi тасымал көлемiнiң 1,5-1,7%-ға дейiнгi өсiмiне әсер етедi,
бұл өңдейтiн салаларда, құрылыс және агроөнеркәсiп кешендерiнде шикiзат пен
өнiм тасымалдарының қайталанбалылығына байланысты.
Республиканың өндіргiш күштерiнiң дамуы және
автокөлiк паркiнiң ұлғаюы автомобиль жолдары желiсiн барабар дамыту қажеттiгiн
айқындайды. Бұл үшiн объективтiк алғышарттар ретiнде:
1) өңдеушi өнеркәсiп көлемiнiң, құрылыс пен ауыл
шаруашылығының өсуiмен жалпы iшкi өнiмнiң өсуi;
2) жүк және жолаушы тасымалдары көлемiнiң артуы;
3) ұйымдардың және тұрғындардың автомобиль
паркiнің ұлғаюы;
4) транзиттiк тасымалдарды арттырудың ықтимал
мүмкiндiктерi қызмет етедi.
Жолдардың жай-күйiнiң
сипаттамасы
Қазақстанда автомобиль жолдарының
ұзақтығы 128 мың километрдi құрайды. Олардың 85,6 мың километрi - жалпы
пайдаланыстағы жолдар және 42,4 мың километрi - технологиялық жолдар қызметiн
атқаратын өнеркәсiп орындарына, кеніштерге, фермерлiк және орман шаруашылықтарына,
басқа да өндiрiстерге кiреберiс түрiндегi шаруашылық жолдар.
Жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдары
маңыздылығы жөнiнен ұзындығы 12301 километр халықаралық маңызы бар жолдар,
ұзындығы 10710 километр республикалық маңызы бар жолдар, ұзындығы 62636
километр жергiлiктi маңызы бар жолдар болып бөлiнедi.
Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар
жалпы пайдаланыстағы жолдардың 27%-ын ғана құрайтынына қарамастан, оларға
автокөлiк тасымалының 50%-ы тиесiлi.
Республикада өзiнiң сұлбасы мен ұзындығы бойынша
жалпы пайдаланыстағы жолдар желiсi негiзiнен қалыптасқан. Оны толықтыру үшiн
iргелес мемлекеттермен қосатын учаскелер (Бейнеу - Ақжiгiт - Нүкiс, Қызылорда -
Үшқұдық - Бұхара, Ақтау - Бекдаш - Түркменбашы, Ұзынағаш - Быстровка (Кемин),
сондай-ақ Ресейге шығатын бiрқатар жолдар) салу қажет.
Автомобиль жолдарының техникалық жағдайы
2-қосымшада (1-кесте) көрсетiлген. Жалпы пайдаланыстағы жолдардың үлкен бөлiгi
- 65% асфальтты-бетонды және қара қиыршық тасты, 29,3% - ұсақталған қиыршық
тасты жолдар, бүгiнде төсемсiз, яғни топырақты күйiнде барлық желiнiң 5,3
пайызы қалып отыр.
Халықаралық және республикалық маңызы бар
автомобиль жолдарының деңгейi орташадан бiршама жоғары - мұнда жол сiлемiнiң
91% қатты төсемдi, 7,7% қиыршық тас төсемдi және 1,3% топырақты жол үзiктерi.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың көп бөлiгi (86%) II-III
техникалық санатқа жатады әрi көлiк жүретiн бөлiгiнiң енi 7-8 метр болатын екi
қозғалыс жолағы бар. I техникалық санаттағы (4 қозғалыс жолағы) жолдар 685
километрдi құрайды (3,3%) - бұлар, негiзiнен, облыс орталықтары мен iрi елдi
мекендерге кiреберiстер.
Жалпы пайдаланыстағы жолдардың едәуiр үлкен
сiлемiнiң (25087 километр) төсемi өтпелi тұрпатты, оның iшiнде 1759 километрi
халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар. Жолдардың 4580 километрi
төсемсiз (топырақ күйiнде), оның iшiнде 310 километрi - халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдар желiсiнде (3, 8-қосымшалар). Аталған жол
учаскелерi қозғалыс жылдамдығы бойынша да, автомобиль бiлiгiне түсетiн салмақ
бойынша да талаптарға жауап бермейдi әрi жол қозғалысының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ете алмайды.
Аумақтық тұрғыда алғанда автомобиль жолдарының
республиканың аймақтары бойынша тең бөлiнбеуi орын алады. Мысалы, Батыс
Қазақстанның стратегиялық перспективалы аймағында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Атырау, Маңғыстау облыстары) жалпы пайдаланыстағы автожолдар ұзындығы елдегi
жолдардың 20%-ын құрайды. Бұл ретте аймақ жолдарының 13%-ы топырақ күйiнде, бұл
орташа көрсеткiштен 2,6 есе нашар.
Саланың басты техникалық проблемасы - жол
төсемдерiнiң салмаққа төзiмдiлiк қабiлетiн үдемелi түрде жоғалтуы. Қазақстанда
жолдардың едәуiр бөлiгi (86%) 60-80 жылдары, сол кезеңнiң нормативтiк талаптары
бойынша автомобиль бiлiгiне түсетiн салмақ 6 тоннадан аспайтын мөлшермен
жобаланып салынған. Бүгiнде жүрiп өтуi үшiн төлем алынбайтын бiлiкке түсер
салмақ 10 тоннаға дейiн жеткiзiлген, бiрақ республиканың транзиттiк бағыттары
бойынша осы салмақтан асатын көлiк жүредi, ал асқаны үшiн көзделген төлем
жолдарға келтiрiлетiн залалды өтемейдi.
Осы орайда бiрiншi кезектi мiндеттердiң
қатарында республикада таяудағы бес жылға автомобиль жолдары мен көпiрлердiң
техникалық мүмкiндiгiн ескере отырып, автокөлiк құралдарын өткiзу үшiн шектi
жол берiлетiн салмақ параметрлерiн белгiлеуге байыпты қағидат қажет. Бұл
жолдардың одан әрi бүлiнуiн тоқтатуға мүмкiндiк бередi.
2001 жылдың басына (2000 жылғы күзде жолдарды
техникалық тексеру) халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың
5348 километрi немесе 23%-ының төсемдерiнде қауiптi ақаулар бар және бұзылу
сатысында тұр. (5-қосымша).
1993 жылмен салыстырғанда қозғалыс үшiн қауiптi
учаскелер саны 6 еседен артық өстi, бұл да жолдардың жалпы пайдаланылу деңгейiнiң
нашарлауына дәлел болады. Жалпы халықаралық және республикалық маңызы бар жол
желiсiнде тексерiлген учаскелердiң тек 20%-ы ғана берiк және тегiс деуге болады
(7-қосымша). Мұның өзi Ресейдiң федералдық жолдарындағы тиiстi көрсеткiштерден
2,5-3 есе нашар.
Көпiр шаруашылығы
Жалпы пайдаланыстағы автомобиль
жолдарында 3099 көпiр және жалпы ұзындығы 117,6 мың текше метр жол өткелдерi
бар (2-қосымша 2-кесте), олардың 95% металдан және темір бетоннан, 5% ағаштан.
Көпiрлердiң неғұрлым көп саны Алматы (100 километр жолға 6 көпiрден), Шығыс
Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында.
Тексеруден өткен халықаралық және республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарындағы 947 көпiрдiң 224-i (22%) қанағаттанғысыз
күйде және олардың сенiмдiлiгi 80%-ға ғана қамтамасыз етiлген. 65 көпiр жұмыс
жүк көтерiмдiлiгi жобаланғаннан 50 және одан төмен пайыз апатты режимде
пайдаланылады және жол берiлетiн салмақ пен габариттен асатын ауыр салмақты
және iрi габариттi көлiк құралдарын өткiзудiң ерекше шарттарын сақтауды талап
етедi (4-қосымша). Көпiрлердiң жай-күйi 2-қосымша (3-кесте) бейнеленген.
әдетте, қанағаттанғысыз және апатты күйдегi көпiрлер 1957- 1965 жылдары сол
кезеңнiң нормативтiк талаптары бойынша салынған және өз ресурстарын түгескен.
Көпiрлердiң жалпы санының 30%-ынан астамы көлiк
жүретiн өтетiн бөлiктiң габаритi бойынша талаптарға сәйкес келмейдi, бұл жол
жүрiсi қауiпсiздiгi шарттарын нашарлатады.
Тұтас алғанда түсетiн салмақ әсерiнен және
уақтылы жөндеу болмағандықтан, жыл сайын халықаралық және республикалық маңызы
бар жолдарда 10-15 көпiрдiң қанағаттанғысыз қалыптан апатты күйге көшу үрдiсi
байқалады. Жалпы пайдаланыстағы жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарында
(бұдан әрi - жергiлiктi маңызы бар автожолдар) 79 көпiр апаттылар қатарына
жатқызылған және 510 көпiр габариттерге сәйкес келмейдi.
Халықаралық бағыттар
Алдыңғы кезеңде республикада тарихи
қалыптасқан бағыттар бойынша транзиттiк әлеует қалыптасты, оның негiзiн
мемлекетаралық жол қатынасында тасымалдарды қамтамасыз ететiн бiрқатар көлiк
бағыттары құрайды. Бұл ретте Қазақстан үшiн екi маңызды стратегиялық мәселе
шешiледi:
1) республиканың iшкiқұрлықтық мемлекет ретiнде
теңiз порттарына шығуы;
2) автокөлiктi үш негiзгi бағыт бойынша
транзиттiк өткiзу:
- Ресей, Еуропа, Балтық жағалауы елдерi;
- Қытай, Жапония, Оңтүстiк Шығыс Азия елдерi;
- Орта Азия, Кавказ сырты республикалары, Иран,
Түркия.
Осы бағыттардағы қазақстандық автожолдардың
тиiстi бөлiктерi АТМЭӘК (ЭСКАТО) аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымдары
елдерi түзетiн Азия тас жолдарына (АЛТИД жобасы); ТРАСЕКА жобасына (Еуропалық
Одақ), сондай-ақ тiзбесi үкiметаралық келiсiммен (1998 жылғы 11 қыркүйектегi
хаттама) бекiтiлген ТМД-ға қатысушы елдердiң халықаралық автомобиль жолдарының
желiсiне (2-қосымша 4-кесте) құрамдас бөлiм болып кiрдi.
Сонымен, Қазақстанның автожолдар желiсi көптеген
мемлекеттерге, iрi порттарға, көлiк тораптарына және терминалдарға шығатын
автомобиль жолдарының Еуропалық және Азиялық қосалқы аймақтық жүйесiне
шоғырланған.
Қазақстанда осы жолдардың жалпы ұзақтығы 12,3
мың километр (9-қосымша).
Қазақстанның транзиттiк бағыттары көбiнде
магистральды жолдарға қойылатын талаптарға жауап бермейдi (бөлу және
өтпежылдамдық жолақтарының болмауы, түрлi деңгейлердегi көлiк айрықтарының
аздығы, кедергi қоршаулармен, жол таңбаларымен, жарықпен, жол сервисi
объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнiң жеткiлiксiздiгi). Олардың техникалық
жай-күйi (2-қосымша 5-кесте) келтiрiлген.
Жолдар сiлемiнiң 5%-ы ғана бiрiншi техникалық
санатта, қалған бөлiгi (87%) - бұл ІІ және IІІ санаттағы жолдар, бұған қоса
жолдардың 402 километрдей учаскелерi топырақ күйiнде және 770 километрi
ұсақталған қиыршық тасты төсемдi.
Қазiргi кезде және орта мерзiмдi перспективада
халықаралық тасымалдар алты негiзгi бағытта жүзеге асырылады:
1) Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
2) Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
3) Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;
4) Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркменстан
шекарасы;
5) Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
6) Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
Транзиттiк тасымалдар негiзiнен Орта Азия
республикалары, Ресей, Қытай арасында жүредi.
Жоғарыда көрсетiлген негiзгi алты бағыттың
ұзақтығы 8,3 мың километрдi немесе транзиттi дәлiздердiң жалпы ұзындығының
67%-ын құрайды. Жол сiлемiнiң көпшілік бөлiгiнде (94%) асфальтбетонды және қара
қиыршық тасты төсем бар, топырақты жол үзiктерi бiр бағытта ғана (төртiншiде).
Алайда техникалық-пайдалану сипаттамалары (тегiстiк және мықтылық) бағыттардың
көпшілiк бөлiгiнде қанағаттанғысыз, бұл (2-қосымша 6-кесте) көрiнедi.
Алты бағыттағы 443 көпiрдiң 38 көпiрi (4906 қума
метр) ауыр салмақты және iрi ауқымды көлiк құралдарын өткiзудiң айрықша
режимiнде, соның iшiнде Талас, Ассы, Бадан, Елек, Ырғыз, Орал өзендерi арқылы
өтетiн көпiрлер де апатты және апат алдындағы күйде.
Жол бойындағы инфрақұрылым объектілерiнiң
(техникалық қызмет көрсету станциялары, автомобильге май құю, тамақтанатын және
демалатын орындар) деңгейi өте төмен, мұның өзi тасымалдаушылардың, жолаушылар
мен автосаяхатшылардың еңбек етуi мен демалуының қалыпты режимiн жасауға
септiгiн тигiзбейдi. Автокөлiктерге сапалы жанармай құйыларына да кепілдiк жоқ.
Нәтижесiнде қазақстандық бағыттың неғұрлым
қысқасының өзi шетел автотасымалдаушысы бағыттарын таңдауда шешушi фактор
болмайды.
Транзиттiк бағыттардың мәселелерiн шешудi бұдан
әрi кейiнге қалдыру республиканың транзиттiк әлеуетiн жоғалтуға жетелеуi
мүмкiн.
Қазiргi таңда күллi iргелес мемлекеттер
өздерiнiң транзиттiк бағыттарының дамуына зор көңiл бөлуде.
Ресейде Моңғолия арқылы Қытайға шығатын
"Қорған - Есiл - Омбы" автожолы қайта жаңартылуда. Бұл "Қорған -
Петропавл - Омбы" учаскесiне балама жол.
Өзбекстанда Қырғызстан арқылы Қытайға (Қашқар)
шығатын Ташкент - Әндiжан - Ош автожолының құрылысы басталды. Түркменстан
арқылы Каспий теңiзiне шығатын Ташкент - Бұхара бағытын қайта жаңарту қаралуда.
Түркменстанда Түркменабад (бұрынғы Чарджоу
қаласы) Ашғабат - Түркменбашы теңiз порты бағытында жол жобасы iске асырылуда.
Аталған жобаларды iске асыру халықаралық
тасымалдаушыларға өздерi үшiн тиiмдi шарттарда бағыттарды таңдауына мүмкiндік
бередi.
Жол жұмыстарын
қаржыландыру
2000 жылға дейiн республика
жолдарының техникалық жағдайы нашарлауының тұрақты үрдiсi жол саласының
дәйексiз қаржыландырылуымен байланысты. Егер 1992 жылы халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдарға жұмсалған шығындар 798,1 миллион АҚШ долларын
құраса, 1999 жылы олар 41 миллион долларға төмендеген (1-қосымша N 1-сурет).
Жыл сайын нормативтерге сәйкес жөндеуді қажет
ететін шамамен 10-25% жол ұзақтығы жөнделеді. 1994-2000 жылдары Қазақстанда жол
желiсiнiң 1 километрiне 1,6 мың АҚШ доллары жұмсалды. Ресейде, Белоруссияда,
Өзбекстанда бұл көрсеткiш 2-4 есе жоғары.
Дамыған батыс елдерінде автомобиль жолдарының 1
километрін жөндеуге және күтуге кететін шығындар: Францияда - 16 мың АҚШ
долларын, Германияда - 27,2 мың АҚШ долларын, АҚШ-та - 17,6 мың АҚШ долларын
құрайды.
Саланы қаржыландыруды және жөндеу жұмыстарының
көлемiн қысқарту нәтижесiнде төсемдерiнде ақаулары бар жол сілемi артты
(ой-шұңқырлар, ойдымдар, сызаттар, ойқы-шойқы жолтабаны) (1-қосымша N 2-сурет).
Республикада 1992-1998 жылдары жұмыс iстеген Жол
қоры соңғы жылдары (1996-1998 жылдары) 100-130 миллион АҚШ долларына тең
қаражатты тарта отырып, экономиканың құлдырау кезеңiнде саланың белгiлi бiр
дәрежеде өмiр сүруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Жол қорын реформалаудың
және оны нарықтық экономикада жұмыс iстеу талаптарына жақындатудың елеулi
қадамы 1998 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Жол қорына өндiрiлетiн және сырттан
әкелiнетiн жанармай мен дизельдi отыннан: бензиннiң 1 тоннасынан 4000 теңге
және дизельдi жағармайдың 1 тоннасынан 3490 теңге мөлшерiнде алым аударып отыру
туралы шешiмнiң қабылдануы болды (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы
1 шiлдедегi N 623 қаулысы). Осы қаржы көзiн енгiзу көптеген мемлекеттердiң
тәжiрибесiмен қуатталады, онда аталмыш қаржы көзi жол жұмыстарын
қаржыландырудың жалпы көлемiнiң 40-тан бастап 80 пайызына дерлiгiн құрайды.
1999 жылдан бастап Жол қоры таратылды және жол
жұмыстарын бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылады.
2000 жылы жол жұмыстарын қаржыландыру артты.
Республикалық бюджеттен 13,9 миллиард теңге бөлiндi. 2001 жылы автомобиль
жолдарына 24,5 миллиард теңге бағыттау жоспарланып отыр, бұл бұрынғы
жылдардағыдан әлдеқайда көп. Алайда қаржыландырудың осы деңгейi алдағы бес
жылда сақталғанның өзiнде ол халықаралық және республикалық автожолдар желiсiн
қалпына келтiру және оны күтiп ұстау жөнiндегi ағымдық шығыстарды қамтамасыз
ету үшiн жеткiлiксiз болады.
4. Бағдарламаның
мақсаты мен мiндеттерi
2001-2005 жылдардың орта мерзiмдi
перспективасына көзделiп отырған автожол саласын дамыту халықаралық көлiк
коммуникацияларына кiрiккен, жүк және жолаушы тасымалдарын мейлiнше аз шығынмен
және тиiстi сервистiк қызметтер кешенiмен қамтамасыз ететiн экономика мен
қоғамның барлық субъектiлерiне қол жетiмдi автомобиль жолдарының тиiмдi желiсiн
жасаудың құрамдас бөлiгi болып табылады.
2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаның
мақсаты автожолдар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған
мемлекеттiк саясаттың басымдықтарын айқындау болып табылады.
Осы кезеңнiң мiндеттерi:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар
автожолдар желiлерiнiң негізгі бағыттарын және желiлердi модерлендiру бойынша
жұмыс көлемiн айқындау;
2) автомобиль жолдарын басқару және қаржыландыру
жүйелерiн жетiлдiру және бөлiнген ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру;
3) озық технологияларды енгiзу, жол жұмыстарының
сапасын, қозғалыс қауiпсiздiгiн, жол бойындағы автосервис деңгейiн арттыру,
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн орындау;
4) автожол саласы қызметiнiң нормативтiк
құқықтық базасын жетiлдiру болып айқындалды.
5. Бағдарламаны iске
асырудың негiзгi бағыттары
және тетiгi
Халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдар
желiсiн модерлендiрудiң басым бағыттары және
желiлерiн жаңарту бойынша жұмыстар көлемi
Қолда бар ресурстарды шоғырландыру
қамтамасыз етiлетiн басым бағыттар болып мыналар айқындалады:
1) алдыңғы кезеңде басталған объектiлердi салу
мен оңалтуды аяқтау;
2) облысаралық және аймақаралық көлiк
байланыстарын қамтамасыз ететiн жүк тасымалы қауырт бағыттарда бұзылған
учаскелердi қайта жаңарту және күрделi жөндеу;
3) апатты көпірлердi қайта жаңарту;
4) перспективалы және транзиттiк бағыттарда
жекелеген жол учаскелерiн салу;
5) автомобиль жолдарын алдын ала профилактикалық
жөндеу, сондай-ақ қысқы күтiп ұстау жұмыстарының көлемiн ұлғайту.
Автомобиль жолдарын жыл сайынғы техникалық
тексеру және жол төсемдерiнiң берiктiгi көрсеткiштерiн құрал-аспаптар бойынша
бағалау материалдары және орындалған техникалық-экономикалық негiздемелер
бойынша қайта жаңарту мен жөндеудi талап ететiн жол желiлерiнiң бөлiктерi
айқындалды.
2001-2005 жылдарда алты негiзгi жүк тасымалы
қауырт магистральда 3 801 километр жолды оңалту, салу, қайта жаңарту көзделiп
отыр, оның iшiнде: оңалту - 1 255 километр, қайта жаңарту - 2050 километр;
қиыршық тас төсемдi қара қиыршық тас төсеммен ауыстыру - 396 километр; жаңа жол
учаскелерiн салу - 100 километр. Бұл жұмыстардың көлемi бағыттар тұрғысында 2-қосымша
7-кестеде көрсетiлген.
Басқа халықаралық және республикалық маңызы бар
автожолдарда: оңалту - 502 километр, 393 километр төсемдердi күрделi жөндеу,
7429 километрдi орташа жөндеу, Қызыләскер-Киров (54 километр), Лениногор-Ресей
шекарасы (62 километр), Бейнеу-Ақжiгiт-Өзбекстан (31 километр), Үшарал-Достық
жолын қайта жаңарту (184 километр) және Қызылорда-Жезқазған жолы учаскесiнiң
(187 километр) төсемiн қара қиыршық тас төсеммен ауыстыру жоспарланып отыр.
Аталған жұмыс көлемi 8-кестеде келтiрiлген.
65 көпiрдi қайта жаңарту, Орал қаласындағы Орал
өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысын аяқтау, Қызылорда қаласы ауданында Сырдария
өзенi арқылы өтетiн көпiр және Астрахань-Атырау автожолында өиғаш өзені арқылы
өтетiн көпiр салу көзделiп отыр.
Батыс Қазақстан автомобиль жолдарын дамытуға
басты мән беріледі. Атырау - Орал, Орал - Ақтөбе - Ақтөбе - Қарабұтақ -
Қостанай облысының шекарасы, Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы,
Атырау - Ақтау бағыттарындағы автожолдар учаскелерін, сонымен қатар Ресей
Федерациясының (Орал - Самар және Атырау - Астрахань), Өзбекстанның (Бейнеу -
Ақтау) және Түркменстанның (Ақтау - Түркменбашы) шектескен аймақтарына шығатын
автожолдар учаскелерін қайта салу көзделіп отыр. Батыс Қазақстанның халықаралық
және республикалық мәндегі жолдарындағы барлық апатты көпірлер қайта салынады.
Тұтас алғанда халықаралық және республикалық
маңызы бар автожолдар желiсiндегi жол жұмыстарына қажеттi шығындар 2001-2005
жылдарға - 254,9 миллиард теңгенi немесе 1580, миллион АҚШ долларын құрайды.
2001 жылдың жоспарында республикалық бюджеттiк
бағдарламалар бойынша 24,5 миллиард теңге (166,7 миллион доллар) көзделген.
Қалған кезеңге (2002-2005 жылдар) жол жұмыстарына жыл сайын орташа алғанда 57,6
миллиард теңге немесе 353,3 миллион АҚШ долларын бағыттау қажет.
Көзделген шаралардың нәтижесiнде мынадай жұмыс
көлемi орындалады: 1757 километрдi оңалту; 3064 километрдi қайта жаңарту; 11
312 километрдi күрделi және орташа жөндеу (9-кесте); 65 көпiр қайта жаңартылады;
583 километр қара қиыршық тас тұрпатты төсемге ауыстырылады; 259 километр жаңа
жол салынады.
Барлығы 16 133 километр халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдардың техникалық жай-күйi жақсартылатын
болады.
Жолдарды жөндеудiң аталған көлемдерi жол
төсемдерiнiң жөндеуаралық қажеттi қызмет ету мерзiмдерi бойынша 65-70% құрайды.
Бұлар халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар желiсiнiң негiзгi
жүк тасымалы қауырт және перспективалы бағыттарының техникалық-пайдалану
көрсеткiштерiн қалпына келтiру үшін бiрiншi кезектi болып табылады.
Автомобиль жолдарын
басқару мен қаржыландыру жүйесiн
жетiлдiру және бөлiнген ресурстарды пайдалану
тиiмділігiн арттыру
2001-2003 жылдары халықаралық және
республикалық маңызы бар автожолдар мен көпiрлердiң жағдайы туралы деректер
банкiнің негiзiнде қолда бар ресурстарды аймақтар мен бағыттар бойынша жолдарды
салуға, жөндеуге және күтiп ұстауға, жобалауға және тиiмдi бөлуге мүмкiндiк
беретiн жолдардың көлiк - пайдаланылу жай-күйiне диагностика жасау және болжау
жүйесiн пысықтап, қолданысқа енгiзу iсi алда тұр.
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жол
саясатын автомобиль жолдарын басқару жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдармен
үйлестiруi республикада ортақ пайдаланыстағы жолдардың қызмет етуi жөнiндегi
мiндеттердi неғұрлым тиiмдi шешуге мүмкiндiк бередi.
Бұл өзара iс-қимыл мынадай жолдармен жүзеге
асырылмақ:
1) автомобиль жолдарын дамытудың бағдарламаларын
бiрлесiп әзiрлеуге қатысу;
2) жол шаруашылығының нормативтiк және құқықтық
базасын дайындау;
3) жергілiктi маңызы бар автожолдар құрылысы
(қайта жаңарту) туралы шешiмдердi үйлестiру;
4) жолдарды жөндеумен және күтумен айналысатын
жол саласы мамандарының бiлiктілiгiн арттыру жөнiндегi бiрлескен шараларды
әзiрлеп iске асыру;
5) жергiлiктi маңызы бар жолдарды және
көпiрлердi тексеру, деректер банкiн түзу, жолдарды жөндеу мен күтiп ұстаудың
жаңа технологияларын енгiзу, экологиялық қауiпсiздiк, техникалық бақылауды
жүзеге асыру мәселелерiнде аймақтарға жәрдем көрсету.
Ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн арттыру
мақсатында мыналар көзделедi:
1) жол жұмыстарының бағасын төмендететін жаңа
техника мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгiзудi ескере отырып жол
құрылысында, жөндеуде және күтiп ұстауда нормаларды және бағалауды қайта өңдеу;
2) жолдарды жобалау, салу, күрделi және орташа
жөндеу тапсырыстарын орналастыруды конкурстық негiзде iске асыру, мұның өзi
кәсіпорындардың меншiк түрiне қарамастан жол жұмыстарының нарығына бiлiктiлiгi
жоғары орындаушыларды iрiктеп алу мүмкiндiгiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз
етедi;
3) автожол саласында қаражат пен мемлекеттiк
мүліктiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын тексеру тетiгiн қатаңдату.
Нарық талаптарына қатысты автожол саласын одан
әрi реформалау автомобиль жолдарын дамытудың қаржылық базасын жетiлдiрудi талап
етедi.
Бұл жоспарда 2002-2003 жылдары халықаралық
сарапшылардың қатысуымен әлемдiк практикаға сәйкес орталық атқарушы органдарда
және Республика Yкiметiнде қарау үшiн автомобиль жолдарын қаржыландыру жүйесiн
жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар әзiрленедi.
Бұл ретте автомобиль жолдарын салу, қайта
жаңарту, сондай-ақ бiрқатар ақылы жол объектiлерiн құру мақсатында банк,
сақтандыру, басқа да қаржы институттарының қаражатын тарту, бағалы қағаздар
шығару мүмкiндiгiн қарастыру көзделедi.
Ақылы объектiлер ретiнде қолданыстағы немесе
салынып бiтпеген автомобиль жолдары, көпiрлер және жолөтпелер, сондай-ақ
жаңадан салынатын осы iспеттес объектiлер қарастырылуы мүмкiн. Ақылы жолдар,
көпiрлер, жолөтпелер салу осы бағытта ақысыз балама жолсапар болған ретте
мүмкiн.
Жолсапар үшiн төлемақы мөлшерi сапардың
жайлылығын арттыру және жылдамдықты жоғарылату, тасымалдардың өзiндiк құнын
төмендету, жолда болу уақыты мен жанармай шығынын қысқарту, сондай-ақ жол-көлiк
оқиғаларының қатерiн азайту есебiнен жол пайдаланушылар алатын пайданы ескеруге
тиiс.
Ақылы жол объектiлерiн салу және пайдалану үшiн
тиiстi құқықтық және нормативтiк база даярлануы керек.
Озық технологиялар
Жолдар мен көпiрлердi салу және
жөндеу кезiнде құрылыстардың қызмет ету мерзiмiн ұлғайтатын және энергия
шығындылығы мен материал шығындылығын азайтуды қамтамасыз ететiн жаңа
конструкциялар мен технологияларды енгiзуге ден қойылады. Бұл сызатты-жарықшақты
жол жабынын қалпына келтiру, жол төсемдерiн салқын фрезерлеу және жол төсемдiк
материалдарды қайта пайдалану әдiсiмен тегiстеу жөнiндегi технологиялар мен
жабдықтар.
Жол-құрылыс материалдарының сапасын жоғарылату
маңызды бағыт болмақ. Бiрiншi кезекте бұл асфальтбетонның жоғары сапасын және
құрылыс мерзiмiн ұзартуды қамтамасыз ететiн катионактивтi эмульсиялар негiзiнде
эмульсиялы-минералды материалдарды пайдалану. ылыми зерттемелер негiзiнде
асфальтбетон мен мұнай-битумға қойылатын стандарттар талаптарын, оларды
Қазақстанның түрлi аймақтарындағы табиғи-климаттық талаптарға қатысты нақтылай
түсудi ескере отырып, жетiлдiру жоспарлануда.
Мұның қажеттілiгiн жолдардың жекелеген
учаскелерiндегi практика дәлелдедi, асфальтбетонды төсемдерде бiрiншi-екiншi
жылдары пайдаланғаннан кейiн сызат-жарықшақтар пайда болған.
Жол құрылысында, жөндеуде және күтiп ұстауда
жергiлiктi материалдар және өнеркәсiп өндiрiсiнiң үйiндi қалдықтары
пайдаланылады, бұл жол жұмыстарының құнын төмендетумен қатар қалдықтарды кәдеге
жарату және қоршаған ортаны сауықтыру проблемасының шешiлуiне жәрдемдеседi.
Ғылыми-техникалық прогрестiң осы және басқа да
маңызды бағыттарын ғылыми-техникалық жұмыстардың және прогресивтік
материалдарды, механизмдер және технологияларды енгізудің жылдық жоспарларына
сәйкес әзiрлеп, енгiзу белгiленiп отыр. Жол техникасы паркiн жаңалауды
мыналарды ескере отырып жүргiзу көзделедi:
1) автомобиль мен пневмодоңғалақты тартқыштар
базасында кешендi жол машиналарын қолдану есебiнен парктiң номенклатурасын
азайту және оны бiрiздендiру;
2) ауыспалы аспалы жабдықтарды кеңiнен қолдану,
сондай-ақ дәстүрлi машиналарға қосымша жұмыс органдарын орнату;
3) пневмодоңғалақпен жүретiн машиналарды
пайдалану есебiнен икемдiлiгiн арттыру.
Осының бәрi автомобиль жолдарын жөндеу және
қысқы-жазғы күтіп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жаңа сапалық деңгейде орындауға
мүмкiндiк бередi.
Жол жұмыстарының
сапасын көтеру
Құрылыс және жөндеу жұмыстарының
сапасын жоғарылату жол саласында жүргiзiлетiн техникалық саясаттың басым
бағыттарының бiрi болып табылады. Бұл бағытта техникалық нормативтер, үдемелі
нормалар мен негізделген жобалаудан бастап салу мен пайдалануға дейінгі барлық
сатыда құрылуының толық болуын қадағалауды ұйымдастыру ережелерін негізделген
жұмыс сапасын басқарудың жинақты жүйесін құру орталық буын болып табылады.
Бұл жүйенің негізгі бөлшектері болып мыналар
саналады:
1) құрылыстың инженерлік дайындығы, нормативтік
талаптарға қатаң сәйкестігі өндірістік үдерістердің оңтайлы реттемелерін
әзірлеу;
2) мердiгерлiк шарттарына орындалған жұмыстарды
кепiлдiк мiндеттемелермен және жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп
ұстау сапасы үшiн жауапкершiлiктiң басқа да нормаларымен қабылдау талаптарын енгiзу;
3) алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік
тәжірибелерді кеңінен қолдана отырып, жол құрылысын жоғарғы сапамен, пайдалану
сенімділігімен және төзімділікпен қамтамасыз ететін тиімді технологияларды
қолдану;
4) үдемелі материалдарды, соның ішінде беткі -
белсенді заттардың жаңа түрлерін, жол тұтқырлығын және белгілеу материалдарын,
асфальтті бетонның және жол сапасын көтеруге әсер ететін жол битумын, жол
мастикаларын түрлендірушілерді қолдану;
5) жол бетондарында және басқа да жол жамылғыларының
құрылыс қабаттарында қолданылатын минералды материалдардың сұрыптамасын
ұлғайту;
6) тапсырыс берушi (техникалық қадағалау),
жобалау ұйымы (авторлық қадағалау), тәуелсiз инжинирингтiк ұйымдардың (iрi
объектiлердiң жөнелтпесі) жұмыс сапасын жинақты көп сатылы жүйелi түрде
қадағалау;
7) орындалатын жұмыс (кiретін, операциялық,
қабылдайтын) сапасын белсендi және қатаң өндiрiстік қадағалау жүйесiн қалпына
келтiру;
8) тапсырыс берушінің жер төсемін, жол
"киімін", көпір құрылыстарын экспресс-бақылау құралдарымен қоса,
қажетті құралдармен және жабдықтармен жабдықталған арнайы лаборатория қызметі
құрамындағы әр облыста ұйымдастыруды және жинақтауды 2003 жылы аяқтау.
Жол қозғалысының
қауіпсiздігін арттыру
Автожол саласының ең басты
мiндеттерiнiң бiрi автомобиль жолдарындағы апаттылықты төмендету болып
табылады. Жолдарды жөндеуге және күтiп ұстауға бөлiнген жалпы қаражат шегiнде
мыналарды ескере отырып, нақты жұмыстар көлемiн жүзеге асыру көзделедi:
1) жолдарда инженерлiк жабдықтарды жақсарту,
соның iшiнде қапталдық кедергі қоршау және қарсы көлiк ағындарын бөлiп тұратын
қоршаулар орнату;
2) апат ошақтарын жою;
3) жол қозғалысына қатысушыларға арналған
ақпаратты жақсарту;
4) жолдың қауырт учаскелерiнде белгiлер орнату;
5) жол-пайдалану ұйымдарында жол қозғалысы
қызметi мамандарының біліктілік деңгейiн арттыру;
6) метеожағдайлармен хабардар ету жүйесiн
неғұрлым кеңiнен тарату;
7) жол қозғалысының қауiпсiздiгi тұрғысынан
жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу жобаларына сараптама жүргiзу;
8) жолдарды қысқы күтiп ұстаудың сапасын
арттыру.
Жолдарда алдыңғы жылғы апаттылық себептерiн
талдау негiзiнде жыл сайын облыстық автомобиль жолдары басқармалары мен негiзгi
автожол бағыттары тұрғысында жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң деңгейiн арттыру
жөнiндегi жұмыстардың жоспарын бекiту көзделедi.
Автосервистi дамыту
Автомобиль жолдарын қайта жаңарту
және жөндеу қауiпсiз жол қозғалысы, жол пайдаланушылардың жұмыс iстеу мен
демалу жағдайларын және автотуризмдi дамыту үшiн қажеттi шарттар туғыза отырып
сервистiк қызмет көрсету деңгейiн жоғарылатумен ұштастырылады.
Саланы қаржыландырудың қолданыстағы жүйесi мен
шағын және орта бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатқа
сәйкес жол сервисi объектiлерiнiң екi тобы бөлiндi, олардың құрылысы мен
қаржыландырылуы тиiстi ұйымдық-құқықтық әдiспен әр түрлi көздерден жүзеге
асырылады.
Объектiлердiң бiрiншi тобы - бұл автомобиль жолы
кешенiне кiретiн объектiлер. Оларға апаттық-шақыру байланысы, автомобильдердiң
қысқа мерзімдi аялдау алаңдары, су көздерi, автобус аялдамалары,
автопавильондар жатады. Бұл объектiлердi салу жол жұмыстарына көзделетiн жалпы
қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
Объектiлердiң екiншi тобы - бұл ақылы сервис
объектiлерi (қонақ үйлер, кемпингтер, жанармай құю станциялары, техникалық
қызмет көрсету станциялары, тамақтану орындары, терминалдар және т.б.).
Бұл кәсiпорындардың құрылуы мен кеңейтiлуi
мемлекет тарапынан қолайлы реттеу климатына қоса осы қызмет түрiне сұраныспен
және ұсыныспен айқындалады.
Қазiргi кезде бұл саланың дамуында жүйелiлiк
сипат жоқ. Бұл тұрғыда:
1) жұмыс iстеп тұрған жол бойындағы сервис
объектiлерiнiң жол қозғалысының қауiпсiздiгi мен эстетикалық безендiрiлу
талаптарына сәйкестiгi тұрғысында негiзгi автожол бағыттарын тексеру;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен
объектiлер ықтимал белсендi орналастырылатын жерлердi белгiлеу және олардың
игерiлу дәрежесiне қарай үлгi жобалық шешiмдердi даярлауда, жер бөлуде, жол
учаскелерiнiң және пункттерiнiң желiлiк ғимараттарын аумақпен және
коммуникацияларымен үйлестiру мүмкiндiгiнде, сондай-ақ сервис объектiлерiн
белсендi қалыптастырудың басқа да мәселелерiн шешуде жәрдемдесу қажет.
Экологиялық қауiпсiздiктi
арттыру
Автомобиль жолдары және оның
олардың бойымен қозғалатын көлiк қоршаған табиғи ортаға керi әсерiн тигiзедi.
Iрi елдi мекендерге кiреберiсте бiрқатар жолдарда қозғалыс аса жiтi.
Нәтижесiнде қозғалыс жылдамдығының төмендеуiнен және көлiк iркiлiп тұрған
жерлерде көмiртегi тотығының ауаға таралу көлемi оңтайлы жылдамдықпен
салыстырғанда бiрнеше есе өседi, мұндай жылдамдықты жолдардың қанағаттанғысыз
техникалық жағдайы салдарынан жолдардың көпшiлiгiнде қамтамасыз ету мүмкiн
емес.
Жолдарды қайта жаңарту және жөндеу, қозғалыс
қауiпсiздiгi жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыру жол жағдайын елеулi
жақсартады. Жөнделген учаскелерде төсемнiң тегiстiгi артады, жол табанының
ойқы-шойқылығы мен ой-шұңқырлар жойылады, көптеген жол қиылыстарында және
автобус аялдамаларында өтпежылдамдық қозғалыс жолақтары жасалған. Мұның өзi
көлiк ағынының орташа жылдамдығын жоғарылатуға мүмкiндiк бередi, ол шұғыл
тежеусiз және екпіндеусiз, неғұрлым бiрқалыпты болады, бұл жол алабындағы шу
мен ластану деңгейiн төмендетуге әкеледi.
Жол объектiлерiн салу, қайта жаңарту, күрделi
жөндеу процесiнде экологиялық мониторинг мыналарды қамтиды:
1) жұмыстың неғұрлым экологиялық таза
технологияларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жобада көзделген табиғатты қорғау
талаптарын орындауға қабiлеттi мердiгерлiк ұйымдарды таңдау;
2) тапсырыс берушінiң (қажет болғанда тәуелсiз
сарапшылардың) жобалық құжаттамаға енгiзiлген объектiнiң қоршаған ортаға әсерiн
болдырмау немесе жеңiлдету жөнiндегi шаралардың толық және нақты орындалуын
бақылауы;
3) табиғат қорғау және қорғаныштық құрылыстардың
салынуын қадағалау;
4) баптау жұмыстарының уақтылы және дұрыс
орындалуын бақылау;
5) құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде жобада
көзделген iс-шаралардың тиiмдiлігiн талдау және қажет болған жағдайда оларды
түзету.
Жолдарды пайдалану кезiнде:
1) шу әсерiнiң және iргелес аумақтардың ластану
деңгейiн төмендету үшін автомагистральдар бойында өсiмдiк тосқауылдарын
қолдануды кеңейту;
2) су эрозиясының алдын алу үшiн жолдың топырақ
табаны төсемiнiң тiк қапталдарын бекiту және жер үстi суларының ағысын бiр
арнаға бағыттау;
3) асфальтараластырғыш қондырғылардың
қалдықтарын тазарту жүйесiн жетiлдiру;
4) жолдарда үй және жабайы жануарлардың пайда
болуының алдын алатын, сондай-ақ олардың автомагистральдардан өту қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн құрылыстар орнату;
5) көктайғаққа қарсы тұзды материалдардың керi
әсерiн төмендетуге мүмкiндiк беретiн жолдарды қысқы күтiп ұстау технологияларын
пайдалану жөнiндегi қосымша шаралар қолданылады.
Қоршаған ортаға керi әсердi төмендету кешендi
көзқарасты және автокөлiктен басқаның да әсерiн бағалауды талап етедi. Бұл
құрылыс материалдары кәсiпорындарының жұмысына, жол жұмыстарында қолданылатын
материалдар мен жабдықтардың сапасына, қоршаған ортаға әсердi бақылау жүйесiнiң
жай-күйiне және тиiстi нормативтiк базаның болуына байланысты проблемаларды
қамтиды.
Автожол саласының
нормативтiк және құқықтық
базасын жетiлдiру
Автожол саласы елiмiздiң iрi көп
функциялы кешенi болып табылады. Оның қызметi көлiк, мүлiк және жер
қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, ресурсты пайдалану, қозғалыс қауiпсiздiгi
және басқа салалардағы әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.
Негiзгi нормативтiк құқықтық акт қызметін
Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы"
Заңы атқарады.
Қарастырылып отырған кезеңде автомобиль жолдарын
сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жол берiлетiн салмақ пен габариттен асатын
ауыр салмақты және iрi габариттi көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн айқындайтын
нормативтiк және құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу қажет. Бұл ретте салмақты
белгiленген нормадан жол берiлетiн асырудың шамасын азайту ескерiлмек. Нақ осы
кезеңде қажеттi нормативтiк және құқықтық актiлердi дайындаумен қатар ақылы жол
объектiлерiнің тiзбесiн айқындау қажет.
Отандық стандарттарды халықаралық талаптарға
жуықтата отырып әзiрлеу және нақтылау көзделедi.
Нормативтік құжаттардың көп бейiндiлiгiне,
сондай-ақ 1998 жылы ТМД-ға қатысушы елдердiң халықаралық автомобиль жолдары
жөнiндегi үкiметаралық келiсiмi шеңберiнде бiрiздендiру қажеттiгiне орай
стандарттардың бiр бөлiгi ТМД елдерінiң Мемлекетаралық Жолшылар Кеңесiнiң
аясында әзiрленуде.
Автомобиль жолдарының 2002-2004 жылдарда
әзiрленетiн негiзгi стандарттары 2-қосымша (10-кесте) келтiрiлген.
6. Қажеттi ресурстар
мен қаржыландыру көздерi
Өткен бөлiмде аталған халықаралық
және республикалық маңызы бар автожолдарды дамыту шаралары республикалық
бюджеттің тиiстi бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Қажеттi бюджет
қаражатының жалпы сомасы жылдар бойынша бөлiнiсiмен 2-қосымша (11-кесте)
көрсетiлген.
2002-2005 жылдары қосымша шараларды әзiрлеуге
қажеттi бюджет қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет
жобаларын әзiрлеп, түзу кезiнде нақтыланады.
Материалдық ресурстармен қамтамасыздандыру
мәселелеріне келгенде жол жұмыстарын қазіргі таңда негізінен Ресейден
әкелінетін мұнай-битуммен қамтамасыз ету мәселесі өзектi болып отыр.
Бағдарламада көзделген жол жұмыстарының көлемiне қажет мұнай-битумға деген
қажеттiлiк 2-қосымша (12-кесте) келтiрiлген.
7. Бағдарламаны іске
асырудан күтiлетiн нәтиже
Бес жыл iшiнде 16 133 км халықаралық
және республикалық маңызы бар автожолдарды салу, оңалту, күрделi және орташа
жөндеу жөнiндегi жұмыстар орындалады, бұл төсемдерi бүлiнген барлық жол
учаскелерiн қалпына келтiруге және жол желiсiнiң техникалық-пайдаланылу
жай-күйiн 70%-ға жақсартуға мүмкiндiк бередi.
Жол жұмыстарындағы жұмыс орындарының саны 32-35
мың адамға дейiн көбейедi. Бұл ретте жол жұмыстарына өз өнiмдерi (құрылыс
материалдары, жол белгiлерi, автокөлiк қызметi, жобалау жұмыстары және т.б.)
мен қызметiн ұсынатын басқа салалардағы кәсiпорындарда да жұмыспен қамту
артады.
2001-2004 жылдары әлемдiк практикаға мейлiнше
жуықтата отырып, автожол саласы қызметiнiң қазiргi заманғы жағдайдағы негiзгi
принциптерiн айқындайтын нормативтiк және құқықтық құжаттар әзiрленедi.
Бағдарламаның орындалуы:
1) өнiмнiң өзiндiк құнындағы көлiк шығындарын
10-20%-ға төмендетуге, бұл отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiнiң
артуына жәрдемдеседi;
2) жаңа жұмыс орындарын құруға;
3) автожол кешенi қызметтерiнiң сапалық деңгейiн
жақсартуға;
4) республика аумағы арқылы өтетiн халықаралық
бағыттардың транзиттiк әлеуетiн және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға;
5) экономикалық перспективалы аумақтарды жедел
игеруге жәрдемдесуге;
6) автомобиль көлiгiнiң қызметiмен байланысты
зиянды заттардың таралуын төмендетуге;
7) автомобиль жолдарының жұмылдыру даярлығын
арттыруға мүмкiндік бередi.
Жасалған есептерге сәйкес көлiк шығыстарын
төмендетуден, жол-көлiк оқиғаларынан, жүктер мен жолаушылардың жолда болу
уақытынан келетiн шығындарды қысқартудан күтiлетiн экономикалық тиiмдiлiк
шамамен 720 миллиард теңгенi құрайды. Іргелес салаларда өндiрiстiң кеңеюiмен,
халықтың жұмыспен қамтылуының артуымен, салық түсiмдерiнiң өсуiмен байланысты жанама
көздердi есепке алғанда, жалпы экономикалық тиiмдiлiк мөлшерi 1,5-2 есе жоғары
болмақ.
Бағдарламаны iске асыру күллi экономикаға оң
әсерiн тигiзедi әрi оның макро және микроэкономикалық көрсеткiштерiн
жақсартады.
2001-2005 жылдарға
арналған
автожолдар саласын дамыту
Мемлекеттік бағдарламасына
1-қосымша
1-сурет. Қазақстандағы автомобиль
жолдарына жасалатын
шығыстар динамикасы (қағаздағы нұсқадан қараңыз).
2-сурет. Төсемінде ақаулары бар
жолдардың ұзақтығының арту
динамикасы (қағаздағы нұсқадан қараңыз).
2001-2005 жылдарға
арналған
автожолдар саласын дамыту
Мемлекеттік бағдарламасына
2-қосымша
1-кесте
Жолдардың техникалық
жай-күйі
___________________________________________________________________
Жолдардың !Барлы. ! оның ішінде төсемі
маңызы !
ғы !__________________________________
! !асфальт.!
қара !ұсақтал. !топы.
! !бетонды
!қиыршық!ған қиыр. !рақты
!
! !
тасты !шық тасты!
___________________ !______
!________!_______ !_________ !_______
Жалпы пайдаланыстағы
85647 11724 44256 25087
4580
жолдар (километр)
Үлес салмағы
(%) 100 13,7 51,7
29,3
5,3
Оның ішінде
халықаралық және
республикалық маңызы бар
жолдар
(километр) 23011
5616
15326 1759 310
Үлес салмағы
(%) 100
24,4 66,6
7,7 1,3
___________________________________________________________________
2-кесте
Автомобиль
жолдарындағы көпірлер
___________________________________________________________________
!
Көпірлер
! Басқа да көпірлер
!
(100 қ.м. астам) !
Жолдардың
маңызы !____________________!____________________
!
Саны !Жалпы ұзынды.! Саны !Жалпы ұзынды.
! !
ғы
(қ.м) !