Қазақстан Республикасы Конституциясының
44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының
көмiрсутегi ресурстарын ұтымды және қауiпсiз игеру жолымен елдiң тұрақты
экономикалық өрлеуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу және Қазақстан халқының өмiр
сүру сапасын арттыру, елiмiз индустриясының iлеспе салаларын дамыту мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Каспий
теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi -
Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан
Республикасының Үкiметi үш ай мерзiм iшiнде Бағдарламаның бiрiншi сатысын iске
асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеп,
бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жыл сайын жарты жылдың және
жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен
Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы
ақпарат берiп отыратын болсын.
4. Бағдарламаны
орындау мәселелерiн үйлестiру Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрлiгiне жүктелсiн.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау Қазақстан
Республикасы Президентінің Әкімшілігіне
жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен
бастап күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 16
мамырдағы
N 1095 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Каспий теңізінің
қазақстандық
секторын игерудің мемлекеттік
бағдарламасы
Астана қаласы, 2003 жыл
Мемлекеттік бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
Каспий теңiзiнiң қазақстандық
секторын
игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы
Бағдарламаны әзiрлеу үшiн "Қазақстан - 2030"
Стратегиясы;
негiздеме
Қазақстанның энергетикалық
ресурстарын
пайдалану стратегиясы;
Қазақстан Республикасының 2010
жылға
дейiнгi Стратегиялық даму жоспары;
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002-2004 жылдарға
арналған
бағдарламасы
Әзiрлеушiлер
Қазақстан Республикасының
Энергетика
және минералдық ресурстар
министрлiгi
және "ҚазМұнайГаз" Ұлттық
компаниясы"
ЖАҚ
Бағдарламаның мақсаты мен Каспий теңiзiнiң
қазақстандық
мiндеттерi
секторының көмiрсутектерi
ресурстарын
ұтымды әрi қауiпсiз игеру арқылы
елдiң
тұрақты экономикалық дамуын
және
Қазақстан халқының өмiр сүру
сапасын
жақсартуды қамтамасыз етуге
жәрдемдесу. Ел индустриясының
iлеспе
салаларын дамытуға қол жеткiзу.
Бағдарламаны iске асыру 2003-2015
жылдар
мерзiмi
1 кезең 2003-2005
жж.
2 кезең 2006-2010
жж.
3 кезең 2011-2015 жж.
Қаржыландыру көздерi
Республикалық және
жергiлiктi
бюджеттер, тiкелей шетелдiк
және
отандық инвестициялар,
халықаралық
қаржылық ұйымдардың немесе
донор
елдердiң гранттары
Бағдарламаны iске асырудан Көмiрсутектерi өндiрiсiнiң
көлемi
күтiлетiн
нәтижелер мен мемлекеттiк
бюджетке
ақша
қаражаттары түсiмiнiң өсуi,
әлемдiк
деңгейдегi қазiргi
заманғы
технологиялар енгiзу, жаңа
жұмыс
орындарын құру
Бағдарламаны iске асыруды Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
бақылау
Әкiмшiлiгi
KІPІCПЕ
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын
игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған
бағдарламасы ережелерiнiң негiзiнде Қазақстанның энергетикалық ресурстарын
пайдалану стратегиясына және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспарына сәйкес
әзiрлендi.
Бағдарламаның нысанасы Каспий
теңiзiнiң қазақстандық секторы (бұдан әрi - KTҚC) қойнауындағы көмiрсутегi
шикiзаты ресурстарын тиiмдi игеру жөнiндегi шараларды негiздеу және келiсу болып
табылады.
Бағдарлама 1993 жылы бекiтiлген
Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiн игерудiң мемлекеттiк бағдарламасының
(1-кезең) қисынды жалғасы болып табылады. Теңiз мұнай-газ операцияларын жүзеге
асырудың стратегиялық ережелерi мен әдiстерiн нақтылау қажеттiгi Қазақстан
Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қалыптасқан оң үрдiстерiмен,
көмірсутектерінің дүниежүзілік рыноктардағы және оларды тасымалдау бағыттарының
өзгерiстерiмен, мемлекет мүдделерiн қамтамасыз ететiн "ҚазМұнайГаз Ұлттық
компаниясы" ЖАҚ-ын (бұдан әрi - мұнай-газ компаниясы) құрумен
байланысты.
Қазақстан Республикасының
аумағындағы көмiрсутегi шикiзаты кен орындарының көпшiлiгi 2002 жылға қарай
жылдық өндiрудiң ең жоғары деңгейiне жеттi. Құрлықта өндiрудiң одан әрi өсiмi
бiрiншi кезекте Теңiз және Қарашығанақ сияқты кен орындарын игерудiң
қарқындылығына байланысты. Сонымен бiрге, жүргiзiлген зерттеулер көмiрсутегi
шикiзатының барланған қорлары мен өндiрудiң негiзгi өсiмiн Каспий теңiзi
акваториясынан күту қажеттiгiн көрсетедi.
Көмiрсутектерiн дүние жүзiнде өндiру
1-кесте.
------------------------------------------------------------------
Жылы
! Батыс ! Орталық !Орталық! Азия ! Таяу
!Африка!Солтүстік
! Еуропа!
және ! Азия ! Тынық ! Шығыс! !
Америка
!
! Шығыс ! ! Мұхит
! !
!
!
! Еуропа ! !
аймағы! !
!
------------------------------------------------------------------
Mұнай және газ конденсаты, күніне мың баррель
1985 4033 11359
902 5883 11311
5684 12677
1990 4254
10775 925 6663
17686 6881 11241
1995
6307 6578
855 7354 20165
7318 11016
2000
6713 6868 1314
7782 23082 7916
10847
2002
Мұнай және газ конденсаты, жылына млн. тонна
1985 201
567 45
294 565
284 633
1990
212 538
46 333
883 343
560
1995 315
328 43
367 1006 365
550
2000 336
344 66
389 1155 396
543
2002
Газ, млрд. текше метр
1985 203
557 136
111 64
51 559
1990
200 700
142 154
100 71
612
1995 246
646 91
212 142
85 689
2000
292 628
94 270
199 130
718
2002
------------------------------------------------------------------
таблицаның
жалғасы:
-----------------------------------------------------------
жылы ! Латын ! Барлығы ! Дамыған ! ОПЕК !
Қазақстан
!Америкасы! ! елдер
! !
Республикасы
-----------------------------------------------------------
Mұнай және газ конденсаты, күніне мың баррель
1985 6880
58729 17356
17534
457
1990
7457 65855
16241 24564
502
1995
9140 68733
17965 27645
423
2000 10435
74957 18415
30796
706
2002
953
Мұнай және газ конденсаты, жылына млн. тонна
1985
343 2931
866 875
23
1990
372 3287
806 1226
26
1995
456 3431
897 1380
21
2000
522 3751
922 1546
35
2002
47
Газ, млрд. текше метр
1985
74 1755
782 153
5
1990
86 2065
841 216
7
1995
100 2210
972 285
5
2000
134 2464
1049 375
12
2002
15
-----------------------------------------------------------
Бағдарламада КТҚС-ы теңіз беті мен түбінің
қойнауы ретінде қарастырылады. Каспий теңізіндегі теңіз шекаралары Қазақстан
Республикасының халықаралық келісімдерімен айқындалады. Осы уақытқа дейін
КТҚС-да орындалған геологиялық-геофизикалық жұмыстар, құрлықтың теңізге
жапсарлас жатқан учаскелеріндегі барлау жұмыстары материалдарын қоса алғанда,
көмірсутектерінің ірі қорлары бар аймақтарды жеткілікті түрде нақты бөліп
көрсетуге мүмкіндік береді.
Теңiз
қайраңдарындағы, жұмыстардың қалыптасқан дүниежүзілік практикасы барлау
жұмыстары басталғаннан бастап алғашқы коммерциялық мұнай алуға дейiн 8-10 жыл
өтетiнiн көрсетедi.
Бағдарлама 2015 жылға
дейiнгi дамуға бiр мезгiлде баға бере және болжай отырып, 2003-2005 жылдарға
тұспалдас игеру кезеңiн қамтиды. Пайдалы қазбалар, әсiресе - мұнай мен газ көзi
ретiнде теңiз қайраңдарының маңызын арттырудың ғаламдық үрдiстерi, сондай-ақ
табиғат пайдалануды қоршаған ортаны қорғау талаптарымен тиiмдi ұштастыру
қажеттiгi ескерiледi. Геологиялық барлау жұмыстарын артықшылықпен жүргiзуден
КТҚС-ның көмiрсутектepi қорларын пайдалануға көшудiң тәртiбiн ашып көрсете
отырып, Бағдарлама KTҚC-ын Қазақстан Республикасындағы көмiрсутектерiн өндiрудiң
негiзгi аймағына айналдыруды көздейдi.
КТҚС-дағы теңiз мұнай-газ кенiшiн дамыту мәселелерiнен басқа, Бағдарлама сонымен
бiрге өндiрiстiк, әлеуметтiк және экологиялық мақсаттағы iлеспе объектiлердi
жақсарту мүмкiндiгi мәселелерiн де қарастырады.
1. Каспий теңізінің қазақстандық секторы
мұнай-газ
кешенiнiң жай-күйiн
талдау
1.1. КТҚС-ның көмiрсутектерi қорларын игерудiң ғаламдық аспектiлерi
Ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстанның
мұнай-газ кешенiнiң дамуына ықпал ететiн анағұрлым маңызды сыртқы
факторлар:
ғаламдық экономикалық өсу
үрдiстерiнiң сақталуы;
дамушы елдер пайдасына
энергия көздерiне дүниежүзiлiк сұраныс құрылымының
өзгеруi;
жоғары сапалы энергия көздерi
рыногындағы бәсекенiң шиеленiсуi;
көмiрсутектерiнiң дүниежүзiлiк қорларының
шектелуi;
Каспий теңiзi мұнай ресурстарының
ғаламдық маңызы;
Қазақстан үшiн көлiк және
баға шарттарының қанағаттандырарлық болуы болып
табылады.
Соңғы 30 жыл iшiнде мынадай үрдiс
қалыптасты, дүниежүзiлiк ЖIӨ орта есеппен жылына 3,3 % өсiп, бұл кезде
көмiрсутектерiнiң негiзгi көзi ретiнде мұнайға дүниежүзiлiк сұраныс жылына орта
есеппен 1 % өсiп отыр. Көмiрсутектерiн тұтынудың ЖIӨ өсуiнен артта қалуы, ең
алдымен, дамыған елдердегi ресурсты үнемдеу процесiмен байланысты. Сонымен
бiрге, дамушы елдерде ЖIӨ өндiрiсi мен көмiрсутектерiн тұтынудағы үлестiк салмақ
ұдайы арта түсуде. Бағалаулар бойынша құрылымдық алға басулар салдарынан
дүниежүзiлiк сұраныстың орташа жылдық өсiмi таяудағы жылдары 2,2 % жетуi мүмкiн.
Осындай жағдайда көмiрсутектерiмен жабдықтау проблемаларының барған сайын
шиеленiсе түсуi болжанып отыр.
Eуропa мен Азияда мұнайға сұраныстың және оны жеткiзудiң болжамы, (млн. т.)
2000 жылға қатысты өсiм 2-кесте
-------------------------------------------------------------------
Сұраныс
болжамы !2005!2010!2015! !2005!2010!2015!
!2005!2010!2015
-------------------------------------------------------------------
! 1-нүсқа ! !
2-нұсқа ! !
3-нұсқа
-------------------------------------------------------------------
Еуропадағы
сұраныс 24 49 79
24 49 79 24
49 79
Жеке өндіруді ес-
керетін қажеттілік
54 129 209 54 129
209 54 129 209
Әзірбайжан
25 33 41 25
33 41 25 33
41
Қазақстан
26 59 90 26
66 98 26 73
118
Ресей
(Түмен-
Печора)
18 33 16 18
33 16 18 33
16
Ирак
(санкцияларды
алу)
0 20 40 0
20 40 0 20
40
Жеткізудің
барлық
өсімі 69 145
187 69 152 195
69 159 215
Қара теңіз аймағын-
дағы
сұраныс 16
16 16 16 16
16 16 16 16
Еуропа қажетті-
ліктерін
жабуға
ресурстар
53 129 171 53 136
179 53 143 199
Тапшылық
(-),
артылып қалу (+) -1
0 -38 -1 7
-30 -1 14 -10
Азиядағы сұраныс 204 382 595
204 382 595 204 382 595
Жеке
өндіруді
ескеретін
қажеттіліктер
214 407 625 214 407
625 214 407 625
Қазақстан
1 20 48 1
20 70 1 20
80
Ресей (Сахалин-1,
Сахалин -
2
жобалары)
31 11 3 31
11 3 31
11 3
Ирак
(санкцияларды
алу)
60 120 220 60 120
220 60 120 220
Жеткізудің
барлық
өсімі
92 151 271 92 151
293 92 151 303
Тапшылық (-),
артылып қалу (+) -122 -256
-354 -122 -256 -332 -122 -256 -322
Қазақстанның
таза
экспортының
өсімі
27 79 138 27 86
168 27 93
198
-------------------------------------------------------------------
Мұнайдың дүниежүзілік барланған барлық қорларының қазіргі заманғы сақталу үрдістері 40-50 жылға ғана жететінін халықаралық сарапшылардың бағалауы көрсетіп отыр. Осы кезеңнен тыс шектерде мұнай ресурстарын үнемдеу және энергия баланстарында мұнайды басқа энергия көздерімен ауыстыру стратегиясына көшу қажет етіледі.
1-сурет. Көмiрсутектерiнiң 1 қаңтарға қамтамасыз етілуі
(мұнай)
(қағаз мәтіннен қараңыз)
КТҚС-дағы мұнай ресурстарының дүниежүзiлiк
барланған қорларға қосылуы ғаламдық энергетикалық стратегиядағы айқындаушы
фактор болып табылады. Қазақстан Каспий акваториясындағы мұнай өндiруге жоспарлы
өлшеммен көшу және жекелеген перспективалы жобаларды еңсеру стратегиясын икемдi
ұштастыруға дайын болуға тиiс.
Ресей, Қытай
сияқты аса iрi және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң аумақтық жақындығы
Қазақстан көмiрсутектерiнiң экспорты үшiн ауқымды перспективаларды ашып бередi.
Олардың рыногына шығуды қамтамасыз ету үшiн магистральдық құбырлар жүйесiн
дамыту және жетiлдiру қажет.
Қазақстанда
мұнай-газ кешенi саласын еңбек ресурстарымен тиiстi сапада қамтамасыз ету үшiн
барлық қажеттi еңбек ресурстары бар, осыған қарамастан әлi де болса, жекелеген
мамандықтар бойынша бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгiн бастан кешiрiп,
кәсiпорындар шетел мамандарын тартуға мәжбүр болып
отыр.
Баға факторы да Қазақстанның мұнай-газ
кешенiне қолайлы әсерiн тигiзуде. Көмiрсутектерiнiң дүниежүзiлiк және ұлттық
қорларының шектелуi бағаға бақылаудың аймақтық және ғаламдық жүйелерiн жасауға
әкеп соқты. Қолайлы "бағалар дәлiзi" мұнайды экспорттаушы елдердiң бюджеттiк
сұраныстарымен, мұнай-газ өндiрiсiн кеңейту және техникалық жағынан жаңартумен,
тұтынушылардың балама (көмiрсутегi тектес емес) материалдар мен энергия көздерiн
тартпай-ақ көмiрсутектерiн пайдалану жөнiндегi технологиялық және экономикалық
мүмкiндiктерiмен байланысты.
Көмiрсутектерi
ресурстарының азаюы, сондай-ақ көмiрсутектерiн ауыстырғыштардың қолжетiмдi
көздерiн пайдаланудың қымбаттауы салдарынан "баға дәлiзiнiң" жоғарғы және
төменгi шектерiнiң өсу бағытының сақталуы күтiледi. Осы арқылы барған сайын
көмiрсутегi шикiзатының жаңа қорларын айналымға бiртiндеп тартуға жағдай
жасалады. Сонымен, КТҚС-ның көмiрсутек ресурстары дүниежүзiлiк рынокта мiндеттi
түрде пайдаланатын болады.
Каспий теңiзi
бассейнiнде Қазақстан өз қызметiн Әзiрбайжанмен, Иранмен, Ресеймен және
Түрiкменстанмен үйлестiредi. "Каспий бестiгi" елдерiнiң әрқайсысының мұнай-газ
операцияларында үлкен тәжiрибесi бар және Каспий теңiзi ресурстарына үлкен үмiт
артады.
"Каспий бестігі" елдерінің екіжақты
және көпжақты қатынастарының қарқынды әрі жемісті дамуы олардың КТҚС-ын игерудің
саяси, экономикалық, экологиялық және технологиялық мәселелерін шешуге қабілетті
екендіктерін көрсетеді.
2-сурет. Мұнай мен газ ресурстары
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Отандық және шетелдік мамандардың
сараптамалық
бағалаулары бойынша КТҚС ең ірі болжамдық
ресурстарға
ие болып отыр, онда республика көмірсутектері
жиынтық
болжамдық ресурстарының 60%-дан астамы бар
1.2. Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi
Кеңес Одағынан кейiнгi кеңiстiкте жаңа
тәуелсiз мемлекеттердiң пайда болуы өзiмен бiрге бұрынғы одақтас
республикалардың мемлекеттiк егемендiгiн алуына байланысты көптеген
проблемаларды шешу қажеттiгiн туғызды. Осындай проблемалардың бiрi - аумақтық
мәселелер. Каспий теңiзiне жапсарлас жатқан елдердiң алдында оны халықаралық
құқық пен дүниежүзiлiк практикада жалпыға бiрдей танылған негiзде әдiлеттi және
өркениеттi бөлу мiндетi туындады. Егер 1991 жылға дейiн Каспий екi елге тиесiлi
болса, ендi оның суларын бес мемлекеттiң - Ресейдiң, Иранның, Әзiрбайжанның,
Қазақстан мен Түрiкменстанның жағалаулары шайып
жатыр.
1921 жылғы РСФРО мен Персия арасындағы
бүгiнгi бар Шарт пен КСРО мен Иран арасындағы 1940 жылғы Шарт өзгерiп отырған
саяси ахуалға жауап бермейдi және жағалаудағы мемлекеттердiң қатынастарын толық
көлемiнде реттей алмайды. Аталған шарттар сауда мақсатында теңiзде жүзу мен
балық аулау мәселелерiн ғана реттейдi. Оларда теңiз түбi мен оның қойнауы
режимi, теңiз үстiндегi әуе кеңiстiгi режимi, табиғат қорғау режимi және
басқалары сияқты құқықтық режимнiң осындай құрамды бөлiктерiне ешқандай
нұсқаулар жоқ.
Осының өзi Каспий теңiзiнiң
жаңа құқықтық мәртебесiн бiрлескен күш-жiгермен әзiрлеу мақсатында Каспий өңiрi
мемлекеттерiнiң арасындағы келiссөз процесiн бастау үшiн негiз болып
отыр.
Каспий өңiрi мемлекеттерiнiң Каспийдiң
құқықтық мәртебесiн анықтаудағы көзқарастары мен әдiстерiнiң көпжақтылығы,
аймақтағы геосаяси ахуалды, келiссөз процесiнiң барысы мен перспективаларын
ескере отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында 1998
жылғы 6 шiлдеде жасалған Жер қойнауын пайдалануда егемендiк құқықтарды жүзеге
асыру мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы
келiсiм қорытындысы және оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттама сөзсiз табыс болып
табылады, мұны көптеген, оның iшiнде шетелдiк мамандар мен сарапшылар да
растайды. Каспий теңiзiнiң түбiн және жер қойнауын межелеу кезiнде орта сызық
бойынша бөлу әдiсiн қолдануды олар Каспий келiссөзiнiң процесiндегi
тұжырымдамалық алға басу ретiнде қарайды.
Келiсiмде тараптар Каспий түбiнiң шектес бөлiктерiнiң ара-жiгiн ажырату
принциптерiн айқындады. Келiсiмнiң 1-бабының ережелерiне сәйкес Каспий теңiзiнiң
солтүстiк бөлiгiнiң түбi мен оның қойнауы, кеме жүзуiнiң бостандықтарын, балық
аулау мен қоршаған ортаны қорғаудың келiсiлген нормаларын қамтамасыз етудi қоса
алғанда, су бетiн ортақ пайдалануды сақтай отырып тараптар арасында тараптардың
әдiлеттiлiгi мен уағдаластығы принципi негiзiнде модификацияланған орта сызық
бойынша ара-жiгi ажыратылады. Келiсiмге қосымша және оның ажырамас бөлiгi болып
табылатын Хаттамада Қазақстан мен Ресей арасындағы теңiз түбi секторларының
ара-жiгiн ажырату сызығының өтуiне географиялық сипаттама берiлген, сондай-ақ
көмiрсутектерi шикiзаты қорларын игеру саласында өзара тиiмдi бiрлескен
ынтымақтастық шарттары келiсiлген. Модификацияланған орта сызық жағалаудан
бiрдей алыстауды негiзге алады, ол өзiне жағалаудан бiрдей қашықтықтағы емес
учаскелердi қамтиды және аралдар, геологиялық құрылымдар ескерiле отырып,
сондай-ақ басқа да ерекше мән-жайлар мен келтiрiлген геологиялық шығындар
ескерiле отырып айқындалады.
2001 жылғы 29
қарашада Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының
арасындағы Каспий теңiзiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келiсiмге қол қойылды, 2003
жылғы 27 ақпанда Бакуде осы Келiсiмге Хаттамаға қол қойылды. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. P030194). 2002 жылғы 23 қыркүйекте Әзiрбайжан Республикасы
мен Ресей Федерациясы Каспий теңiзiнiң шектес учаскелерi түбiнiң ара-жiгiн
ажырату туралы осыған ұқсас келiсiм жасасты. Таяудағы уақытта Қазақстан
Республикасы, Әзiрбайжан Республикасы және Ресей Федерациясы үш мемлекеттiң
ұлттық теңiз түбi секторларын заңдық ресiмдеу процесiн аяқтайтын Каспий
теңiзiнiң түбi мен жер қойнауы шектес учаскелерiнiң ара-жiгiн ажырату сызығының
түйiсу нүктесi туралы келiсiмге қол қоюды жоспарлап отыр. Әзiрбайжан тарапы
Иранмен және Түрiкменстанмен келiссөздер жүргiзуде. Негiз ретiнде бiздiң
әрiптестерiмiз нақ Қазақстан-Ресей тәжiрибесiн пайдалануда. Каспий теңiзiне
байланысты мәселелер бойынша 1997 жылғы 27 ақпандағы Бiрлескен
Қазақстан-Түрiкменстан мәлiмдемесiнде тараптар "орта сызық бойынша
әкiмшiлiк-аумақтық шекараларды межелеудi ұстануды" келiстi. Қазақстан
Республикасы мен Түрiкменстан арасындағы Каспий теңiзiнiң түбiнiң ара-жiгiн
ажырату туралы Қазақстан тарапы әзiрлеген жоба Түрiкменстан мемлекеттiк
органдарының қарауында жатыр. Сонымен, Қазақстан мен шектес мемлекеттердiң
арасында Каспий теңiзiнiң түбi мен қойнауының ара-жiгiн ажырату табысты
аяқталған жағдайда қазақстандық теңiз түбi секторы ең көбi болып, шамамен 30 %
құрайды және бұл Әзiрбайжанда - 21 %, Түрiкменстанда - 20 %, Ресейде - 17 % және
Иранда - 12 % болады.
1.3. КТҚС-дағы мұнай операциялары
Қазақстан КТҚС-ын игеруде 2002 жылға қарай
мынадай нәтижелерге қол жеткiздi:
120-дан
астам перспективалық құрылымдар анықталды;
болжамдық ресурстарды бағалау орындалды;
мердiгер Қашаған кен орнындағы коммерциялық мұнай және теңiзде - Қаламқас
құрылымындағы кен орнының ашылуы туралы
хабарлады;
жер қойнауын пайдалануға арналған
келiсiм-шарттарға қол қоюға дайындық басталды;
теңізде операциялар жүргiзудiң ерекше экологиялық шарттары
әзiрлендi;
инфрақұрылымның бұрыннан бар
объектiлерiн бағалау жүргiзiлдi және басым жобалар
белгiлендi;
Түпқараған шығанағындағы бұрғылау
жұмыстарын қолдаудың жағалаулық базасы құрылды.
1.3.1. Геологиялық-геофизикалық зерделенуi
1993 жылға дейiн Каспий теңiзiнде геофизикалық
зерттеу мен ұңғымалар бұрғылау Ресей және Әзiрбайжан кәсiпорындарының күшiмен
жүргiзiлдi. Қазақстан ұйымдары теңiз мұнай операцияларымен айналысқан жоқ,
өйткенi оларды жоспарлау мен орындауда тәжiрибесi болмады, бұл үшiн қажеттi
қаржылық қаражат, техникалық және кадр әлеуетi
болмады.
1993 жылғы желтоқсанда КТҚС-дағы жер
қойнауы геологиялық құрылысын зерттеу және көмiрсутектерiн игеру жөнiндегi
кешендi бағдарламаны iске асыру үшiн "Қазақстанкаспийшельф" Қазақстан компаниясы
(Оператор) және алты мұнай компаниясы - "Аджип" (Италия), "Бритиш Газ"
(Ұлыбритания), "Би-Пи/Статойл" (Ұлыбритания/Норвегия), "Мобил" (АҚШ), "Шелл"
(Нидерланды) және "Тоталь" (Франция) құрамында Халықаралық консорциум құру
туралы келiсiмге қол қойылды.
1995-1998
жылдары Консорциум КТҚС-ның бүкiл акваториясы бойынша ОТНӘ-2Д сейсмикалық
жұмыстарын, 60. 000 шаршы км. алаңда гравиметриялық зерттеу, Каспий теңiзiнiң
солтүстiк бөлiгiнде магнитометриялық зерттеу
жүргiздi.
Бұл жұмыстар KTҚC-дағы мұнай-газ
кенiнiң жоғары перспективалары туралы болжамды растауға мүмкiндiк бердi.
1993-1997 жылдардағы аймақтық сейсмикалық барлау жұмыстары мен бiрқатар
орындалған тақырыптық жұмыстар нәтижесiнде КТҚС-дағы көмiрсутектерiнiң
геологиялық ресурстарын мынадай бағалау
алынды:
Барлығы - 12-17 млрд.т., оның
iшiнде:
КТҚС-ның Каспий өңiрi ойпатының
тұзасты шөгiндiлерiнде - 7-10 миллиард тонна;
KTҚC-ның Каспий өңiрi ойпатының тұзүстi шөгiндiлерiнде - 1 миллиард
тонна;
Бозашы аймағы мезозой кешенiнiң теңiз
бөлiгiнде - 3-5 миллиард тонна;
Маңғыстау
аймағы мезозой кешенiнiң теңiз бөлiгiнде - 1-2 миллиард
тонна.
Солтүстiк Каспий жобасы блоктарының
үлесiне тұзасты шөгiндiлерiндегi көмiрсутектер 5,9 миллиард тоннаға дейiн
болады.
3-сурет. КТҚС-ның ресурстық әлеуеті
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Бұрынғы алынған болжамдар барлаулық бұрғылау
нәтижелерi бойынша үнемi нақтылана түсуде. Қазiргi сатыдағы iздестiру мұнай-газ
барлау жұмысы D1 және D2 санаттары бойынша айқындалған болжамды
шығарылатын қор газ конденсаты бойынша - 61 млн. тонна, бос газ бойынша - 518
млрд. текше метр болып отыр. Көмiрсутегi шикiзатының анықталған қорларының
жартысынан астамы КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiнде орналасқан. 2002 жылға Қашаған
құрылымынан С1+С2 санаттары бойынша шығарылатын қорлар ҚP ҚМК
балансына былайша қабылданды: мұнай қоры бойынша - 1647,9 млн.т, газ конденсаты
бойынша - 884 мың т. және газ бойынша - 969 млрд. текше метр. Кен орындарының
игерiлу және жаңа деректердiң алыну шамасына қарай қорлар қайта қаралуы
мүмкiн.
Бағалаулар мыналарды растап отыр:
игеру процесiне тартылмаған көмiрсутектерi ресурстық базасының бiр бөлiгi көлемi
жағынан Қазақстанның құрлығында барланған барлық кен орындарының жиынтық
қорларымен шамалас.
Бұрыннан белгiлi
перспективалық аудандармен қатар жаңа палеозой және мезозой құрылымдары
анықталды, Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңiз, Ақтоты және басқа да iрi
перспективалы құрылымдар бұрғылауға әзiрлендi.
2000 жылы "Аджип KKO" компаниясы Қашаған құрылымында iздестiру бұрғылауын
бастады, 1573 шаршы км. көлемдегi үш өлшемдiк 3D сейсмика бойынша жұмыстар
орындалды.
2002 жылдың аяғында 7 барлау және
бағалау ұңғымалары бұрғыланды. 2002 жылғы 30 шiлдеде "Аджип KKO" Қашаған кен
орнынан коммерциялық мұнай кенiн тапқанын жариялады. Сонымен қатар
Қаламқас-теңiз құрылымында мұнайдың өнеркәсiптiк ағыны
алынды.
2003 жылы Ақтоты және Қайраң
құрылымдарында iздестiру-барлау бұрғылау (екi ұңғыма) жұмыстарын жүргiзу
жоспарланып отыр.
Сонымен, КТҚС-да, жекелеген
учаскелердi қоспағанда, айтарлықтай үлкен көлемде геологиялық-геофизикалық
зерттеулер жүргiзiлдi және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
көмiрсутектерiнiң теңiздегi кен орындарын кеңiнен игеру үшiн жеткiлiктi түрде
зерттелдi.
Блоктар картасы. Сурет-4.
(қағаз мәтіннен қараңыз)
1.3.2. Өндiрiстiк әлеуетiн бағалау
Қазақстан Республикасында теңiз мұнай
операциялары жүргiзiлгеннен бастап, геологиялық барлау деректерiн пысықтау мен
түсiндiрудi, теңiздегi көмiрсутектi кен орындарын әзiрлеу мен игерудi қоса
алғанда, жекелеген өндiрiстiк қуаттарын құру жөнiнде шаралар қабылданды. Сонымен
бiрге бұрыннан бар өндiрiстiк әлеуеттiң КТҚС-дағы көмiрсутек ресурстарын кең
ауқымда игеру үшiн жеткiлiксiз болып отырғанын мойындау
қажет.
Республикадан тысқары
жерлерде қымбатқа түсетiн зерттеулердi (мұнай сынамаларын, керн
үлгiлерiн талдау, геологиялық-геофизикалық деректер мен басқа да материалдарды
өңдеу) жүргiзудi шектеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шартқа
оларды Қазақстан Республикасындағы қазiргi заманғы ғылыми-зерттеу орталықтарында
құру және теңiзде жүргiзiлетiн мұнай операциялары бойынша зерттеулердiң толық
кешенiн жүргiзуге қабiлеттi қазiргi бар зертханаларды жаңғыртуға мiндеттейтiн
ережелердi енгiзу қажет.
"Қазақстанкаспийшельф" Халықаралық консорциумы 1995-1996 жылдары Солтүстiк
Каспий қайраңы мен ауыспалы аймақтағы аймақтық және iздестiру сейсмикалық
бейiндерi желiлерiн пысықтағаннан кейiн Қазақстан
тарапына:
теңiз геофизикалық жұмыстарын
жүргiзуге арналған мамандандырылған кемелерден тұратын
флотилия;
тiркейтiн
аппаратура;
геофизикалық материалдарды
пысықтау мен түсiндiруге арналған кешендер
берiлдi.
Флотилияның құрамында ауыспалы (судың
тереңдiгi 1 метрге дейiн) және қайраң (судың тереңдiгi 10 метрге дейiн)
аймақтарда:
геофизика және
инженерлiк-геологиялық зерттеулер мұқтаждары үшiн ұсақ ұңғымалар
бұрғылау;
сейсмикалық сигналдардың қозуы мен
оларды тiркеу;
сейсмикалық құмқайырлар төсеу
мен тасымалдау;
топогеодезиялық қамтамасыз
ету;
жүктер мен персоналды тасымалдау
жұмыстарын жүргізуге арналған қайраңдамайтын арнайы кемелер бар (аэроботтар,
катамарандар және т.б.).
Екi және үш өлшемдi
сейсмикалық деректердi өңдеудi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қуатты өңдеушi
кешен құрылды. Бiлiктi жергiлiктi персонал осы кешенді пайдалануды және қызмет
көрсетудi жүзеге асырады.
Қазiргi кезде
отандық және шетелдiк сервистiк компаниялардың қатысуымен КТҚС-ның қайраң және
ауыспалы аймақтарындағы перспективалы құрылымдарда 2D және 3D сейсмикалық
зерттеулер орындалуда. Қазақстан ұйымдарының даярланған персоналдарымен бiрге
теңiз сейсмикалық екi теңiз тобы бар және келiсiм-шарт аумақтарына бөлiнiп
қойылған геологиялық құрылымдарын сейсмикалық барлаумен қамтамасыз ететiн
шектеулi көлемдi 2D және 3D зерттеулерiн жүргiзуге әрi жаңа неғұрлым
перспективалы блоктарды аяғына дейiн зерттеуге мүмкiндiгi
бар.
Мұнай операцияларын қолдау үшiн
инфрақұрылымның объектiлерi бар, олар Ақтау, Атырау, Форт-Шевченко және Баутино
қалаларында орналасқан. Бұл орайда мұз жарғыш және көлiктiк жүзу құралдарының
саны жеткiлiксiз, сондай-ақ көмiрсутектерiн тасымалдауға арналған теңiз
құбырлары жоқ.
КТҚС-дағы мұнай операцияларын
жүзеге асыру кезiнде озық технологиялар пайдаланылады, қазiргi заманғы
техникалар:
"Сұңқар" бұрғылау
қондырғысы;
"Гуртулус" бұрғылау
тұғыры;
жасанды аралдардағы бұрғылау
қондырғылары тартылуда.
1.3.3. Салынған инвестициялар
Қазiргi кезге дейiн Каспий теңiзiнiң
көмiрсутегi әлеуетiн игеруге инвестициялар екi: Солтүстiк-Каспий және
"Қазақойл-ЖҰМК" жобалары шеңберiнде жүзеге асырылып келдi. Солтүстiк-Каспий
жобасы 1993 жылы Халықаралық консорциум шеңберiнде басталған жұмыстардың қисынды
жалғасы болып табылады және теңiз блоктары бойынша Қазақстан қол қойған алғашқы
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмнiң (ӨБК) негiзiнде жүзеге асырылуда. 1993-1997 жылдар
аралығында Халықаралық консорциумның инвестициялары, қол қойылған бонус ретiнде
төленген 75 миллион АҚШ долларынан басқа, 218 миллион АҚШ долларын
құрады.
Мұнай блоктарында теңіз операцияларын
жүргiзуге арналған әзiрлiк жұмыстары басталған 1997 жылдан бастап мұнай
операцияларына жұмсалған шығындар 1063 миллион АҚШ долларынан асып түстi.
Сонымен бiрге, мердiгер компаниялар 1998 жылы Қазақстан Республикасына ӨБК
бойынша 175 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде қол қойған бонус төледi. 2002 жылғы
31 желтоқсанда Солтүстiк-Каспий жобасы бойынша инвестициялар 1714,9 миллион АҚШ
долларын құрады.
ӨБК шарттарына сәйкес
мердiгер Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсiби оқытуға, аспаптар мен
ғылыми-техникалық ақпарат сатып алуға жыл сайын 1,5 миллион доллар мөлшерiндегi
қаражатты алғашқы төрт жыл iшiнде және 1 миллион долларды одан кейiнгi жылдары
жұмсауға тиiс.
"Қазақойл-ЖҰМК" жобасы бойынша
жұмыстар 1999 жылғы наурыздан басталды. Шығыстар 50 миллион долларға жуық,
олардың iшiнде Каспийдегi жұмыстар бойынша шығыстар 25 миллион долларға жуық
болды. "Қазақойл" ҰMK мен "ЖҰМК" арасындағы Негiзгi келiсiмге сәйкес
геологиялық-геофизикалық зерттеулер, оның iшiнде Каспий теңiзi ауыспалы
бөлiгiнiң жетуi қиын аймақтарында орналасқан Тереңөзек-Прорва және "Бозашы
беткейiнiң солтүстiк баурайы" алаңдарда геологиялық-геофизикалық зерттеулер
жүргiзiлдi. Осы алаңдарға лицензия берiлдi және 2005 жылғы ақпанға дейiнгі
мерзiмде барлауға келiсiм-шартқа қол қойылды.
1.4. Заңдық базасы және мемлекеттiк бақылау жүйесi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай
туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 және "Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлықтары,
сондай-ақ 1998 жылғы 6 шiлдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының
арасында жасалған Жер қойнауын пайдалануға егемендi құқықтарды жүзеге асыру
мақсатында Каспий теңiзi солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы
келiсiм және 2002 жылғы 13 мамырдағы аталған Келiсiмге Хаттама KTҚC-да қазiргi
кездегi мұнай операцияларын жүргiзуге құқықтық негiз болып
табылады.
КТҚС-дағы мұнай операцияларын
жүргiзудiң мiндеттi шарты мынадай халықаралық келiсiмдердi: 1979 жылғы 13
қарашадағы Ауаның үлкен қашықтықта трансшекаралық ластануы туралы конвенцияны,
1992 жылғы 17 наурыздағы Өнеркәсiптiк авариялардың трансшекаралық әсерi туралы
конвенцияны, 1992 жылғы 17 наурыздағы Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық
көлдердi қорғау және пайдалану туралы конвенцияны, сондай-ақ кеме жүрiсi мен
төтенше жағдайлар мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасы қол қойған басқа
да халықаралық шарттарды сақтау болып табылады. КТҚС-дағы мұнай операцияларын
жүргiзудiң мiндеттi шарты жер қойнауын пайдалану, табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлар, өнеркәсiптiк әрi өрт қауiпсiздiгi және қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегi операцияларды қауiпсiз жүргiзуге қатысты Қазақстан
Республикасының заңдарын сақтау болып
табылады.
Жер қойнауын пайдалану мәселелерi
жөнiндегi заңдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылар блогы мен ел
Президентiнiң жекелеген жарлықтарын да қамтиды. Теңiз мұнай-газ операцияларына,
сондай-ақ жер қойнауын пайдалану қызметiн мемлекеттiк бақылау тәртiбiн жетiлдiру
үшiн қолданылатын заңдардың дамуы жалғаса түсуде.
1.5. Күштi және әлсiз жақтары
КТҚС-ын одан әрi игеру үшiн мынадай оң
факторлар ықпал етедi:
саяси тұрақтылықты
қамтамасыз ететін және экономикалық дамудың жоғары қарқынын ұстануға
жәрдемдесетiн Қазақстан Республикасының серпiндi әрi сындарлы iшкi және сыртқы
саясаты;
көмiрсутектерi жаңа қорларының
өсiмiмен салыстырғанда энергия қуатына сұраныстың озыңқы үрдiсiн туғызатын,
әсiресе дамушы елдердегi экономикалық өсiм;
көмiрсутектерi ресурстарының дүниежүзiлiк қорларының
шектеулiлiгi;
көліктің, мұнай-химия
өндірісінің әр алуан түрлері үшін көмірсутектерінің pecуpc ретiнде басым
тұруы;
iрi әлемдiк мұнай өндiрушiлердiң
бағаның экономикалық тұрғыдан ақтаулы деңгейiн қамтамасыз етуге
ұмтылысы;
шетелдiк инвесторлардың КТҚС-на
келуге дайын болуы;
Каспий бассейнiнде теңiз
мұнай операцияларынан тәжiрибесi және/немесе коммуникациялық инфрақұрылымы бар
елдердiң болуы;
Каспий өңiрi аймағының халқы
мен ұйымдарының КТҚС-ын кешендi және жоспарлы игеруге
мүдделiлiгi.
Сонымен бiрге, ұзақ мерзiмдi
перспективада KTҚC-ын игеру қарқынына мынадай жекелеген тежеушi факторлардың
әсер етуi ескерiледi:
көмiрсутектерiнiң
бiршама қымбаттауы, оларды шикiзаттың басқа түрлерiмен, энергия қуаттарымен және
энергия көздерiмен ауыстыруға ынталандырады;
құрлықтағы жобалармен салыстырғанда теңiз мұнай жобаларын iске асырудың жоғары
құны және ұзақ мерзімі;
өндiрiлген шикiзатты
игеру және тасымалдау тұрғысынан алғанда басқа мұнай провинцияларынан
көмiрсутектерiнiң көптеген алуға жеңiл көздерiнiң уақытша
артықшылығы;
күрделi таулы-геологиялық,
гидрологиялық және климаттық жағдайлар;
КТҚС-ы
табиғат ортасының техногендi ықпалдарға
сезiмталдығы;
iлеспе мұнай газы мен өзге де
компоненттердi (күкiрттi) кәдеге жарату
проблемалары;
объектiлердiң трансшекаралық
аумақта және халықаралық көлде орналасуы;
өнеркәсiптiк және тасымал аварияларының болу
ықтималдығы;
көмiрсутегi шикiзатында күкiртi
сутегiнiң улы уытты (күкiрттi сутегi) заттарының
болуы;
теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу
кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға дайын болу мәселелерiнде
құқықтық қатынастарды реттейтiн нормативтік базаның
жетiмсiздiгi;
КТҚС-да су бассейнін бақылау мен
қадағалаудың тиісті жүйесінің болмауы;
теңізде
төтенше жағдайларды жою үшін теңіз авариялық-құтқару қызметінің
болмауы;
мұнай төгілуінің алдын алу және жою
саласында Каспий өңірі мемлекеттерінің халықаралық шарттарының болмауы.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
2.1. Бағдарламаның мақсаты
KTҚC-ын игерудi оған елеулi табиғи,
техникалық, еңбек және зияткерлiк ресурстар тартылатын ұзаққа созылатын әрi
күрделi жасампаз процесс ретiнде қарастыра отырып, осы Бағдарлама мемлекеттiк
ұйымдар, жер қойнауын пайдаланушылар, инвесторлар, жеке тұлғалар мен осы
процеске басқа да қатысушылар қызметiн келiсудi және тәртiпке келтiрудi
көздейдi.
Теңiз мұнай операцияларын дамытудың
саяси және экономикалық шарттарын ecкepe, Каспий өңiрi аймағындағы жұмыстардың
ауқымын және олардың елдiң экономикалық өсуiне оң ықпалын бағалай, сондай-ақ
табиғи факторлардың маңызы артып отырғанын сезiне отырып, Бағдарлама КТҚС-ын
игерудiң мақсаты мен принциптерiн белгiлейдi.
КТҚС-ын игерудiң мақсаты:
КТҚС-ның
көмiрсутектерi ресурстарын ұтымды және қауiпсiз игеру арқылы елдiң тұрақты,
экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының өмiр сүру сапасын
жақсартуға, ел индустриясының iлеспе салаларын дамытуға қол жеткiзуге
жәрдемдесу.
КТҚС-ын игерудiң
принциптерi:
Қазақстан Республикасының
мүдделерiн сақтау;
халықаралық
ынтымақтастық;
жер қойнауын пайдалануға
келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде республиканың тәуекелiн
азайту;
көмiрсутектер ресурстарын кешендi және
қалдықсыз пайдалану;
өнеркәсiп және өрт
қауiпсiздiгiнiң, өнеркәсiптiк санитариялық, еңбек және қоршаған ортаны қорғаудың
қазақстандық және халықаралық ережелерiн, стандарттарын
сақтау;
Каспий аймағының экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Каспий теңiзi табиғат ортасына теңiз мұнай-газ
операцияларының тұрақсыздандыратын ықпалын болдырмау үшiн озық және қауiпсiз
технологияларды қолдану;
қазақстандық тауар
жеткiзушiлер мен қызмет көрсетушiлердi теңiз мұнай-газ келiсiм-шарттарын iске
асыруға тарту.
2.2. Негiзгi мiндеттер
КТҚС-ын игеру теңiз мұнай-газ операцияларын
ұзақ мерзiмдi дамыту проблемаларының салааралық сипатын, игерудiң көптеген
параметрлерiнiң көмiрсутектерi ресурстарының құрамына және кен орындарының
геологиялық-техникалық жағдайына байланысты екенiн көрсететiн бiрқатар
мiндеттердi шешудi қажет етедi.
КТҚС-ын
игерудiң негiзгi мiндеттерi мыналарды қамтиды:
көмiрсутектерi барланған қорларының өсiмiн қамтамасыз ету және өндiру деңгейiн
тұрақты жоғары деңгейге жеткiзу;
теңiз
құрылыстарын тұрғызу үшiн құрылыс материалдары мен құрастырмалар өндiрiсiн
дамыту;
көмiрсутектерiн тасымалдаудың
мультимоделдiк жүйесiн дамыту;
тауарлар,
жабдықтар шығару және қызметтер көрсету жөнiнен отандық өндiрiс
құру;
отандық машина жасау бөлiгiн қайта
бейiндеу мен жаңғырту;
теңіз флоты мен теңiз
порттарын дамыту;
өз ғылыми-техникалық базасын
қалыптастыру, қазақстандық мамандарды даярлау және
оқыту;
теңiз мұнай операцияларын басқарудың
тиiмдiлiгiн арттыру;
адамдар денсаулығы мен
қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюға дайындықты
қамтамасыз ету;
мұнай-химия өндiрiстерiн
дамыту;
өндiрiлген газды кешендi кәдеге
жарату;
заңдарды жетiлдiру, игеру мiндеттерiн
шешуге жәрдемдесетiн нормативтiк құқықтық базаны
дамыту;
ел экономикасының басқа да салаларын
дамыту үшiн КТҚС-ын игеру ресурсын пайдалану.
Игерудi жүргiзу барысына отандық және шетелдiк инвестицияларды кеңiнен тарту мен
қаржыны тиiмдi салу үшiн негiзгi жағдайлар:
2005 жылы Қашаған кен орнында алғашқы мұнай
алу;
қорлар өсiмiн ұлғайтуға (өндiру көлемiн
кеңейту үшiн база жасауға) мүмкiндiк беретiн геологиялық-барлау және iздестiру
жұмыстарының көлемiн кеңейту;
теңiз жобалары
маркетингiн әзiрлеу мен оны ұйымдастыру жүйесiн
қалыптастыру;
теңiз мұнай операцияларын
кеңейту үшiн жағалаулық инфрақұрылымды озыңқы
дамыту;
теңiз операциялары үшiн импортты
алмастыратын өндiрiстер ұйымдастыру;
Каспий
өңiрi аймағын жер және әуе көлiгi мен телекоммуникациялар қызметiнiң жеткiлiктi
түрлерiмен қамтамасыз ету;
теңiз мұнай-газ
кешенiне арналған қазақстандық тауарлар мен қызметтердi халықаралық
стандарттарға сәйкес (ISO) стандарттау жағдайларын туғызатын оның бастапқы
кезеңiнiң үлкен маңызы болады.
KTҚC-ын
игерудiң мiндеттерi теңiз мұнай-газ операцияларын тұрақты жоғары деңгейге
шығаруды жеделдетуге бағытталған, ол:
ресурстық әлеуетiмен;
жол берiлетiн
экологиялық жүктемемен;
қолданылатын
технологиялар мен жабдықтардың сенiмдiлiгi және
қауiпсiздiгiмен;
көлiктiң жеткiзу
қабiлетiмен;
мамандарды даярлау
мүмкiндiгiмен;
көмiрсутектерiне нарықтық
қажеттiлiкпен және басқа да факторлармен айқындалады.
3. Бағдарламаның негізгі бағыттары
және
іске асыру тетігі
3.1. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен кезеңдерi
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
мыналарды қамтиды:
теңiз операцияларын
жүргiзудiң бiрiншi кезектегi ұйымдастыру жағдайларын
жасау;
теңiз жобалары маркетингiн
ұйымдастыру;
өндiрiстiк және әлеуметтiк
инфрақұрылымды дамыту;
көмiрсутектерi экспорты
мен көлiк бағыттарын жетiлдiру;
қоршаған
ортаны қорғауды қамтамасыз ету жүйесiн дамыту;
ғылыми-техникалық жүйенi жаңғырту және кадрлар
даярлау;
құқықтық базаны
жетiлдiру;
отандық тауарлар сапасын арттыру
және қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдардың теңiз мұнай-газ операцияларын iске
асыруға тиiмдi әрi жоспарлы өсiп отырған қатысуы үшiн жағдайлар
жасау;
көмiрсутектердi қайта өңдеудi дамыту
және тауарлық құрылымын жақсарту;
мұнай-химия
өнеркәсiбiн дамыту.
Игеру кезеңi iс-шаралардың
мазмұнымен және жұмыстармен ерекшеленетiн мынадай үш кезеңге
бөлiнедi:
бiрiншi кезең (2003-2005 жылдар) -
кешендi игеруге жағдай жасау;
екiншi кезең
(2006-2010 жылдар) - игерудi жеделдету;
үшiншi
кезең (2011-2015 жылдар) - өндiрудi
тұрақтандыру.
Бiрiншi кезеңде мынадай
iс-шаралар жүзеге асырылады:
КТҚС-ның
әлеуетiне кешендi бағалау жүргiзiледi;
мұнай-газ деректерiнiң бiрыңғай ұлттық банкiнiң негiздерi
қаланады;
ұлттық мұнай-газ компаниясының
қалыптасуы жүргiзiледi;
Солтүстiк-Каспий
жобасының (қазақстандық теңiз жобасының пилоты ретiнде) мониторингi қамтамасыз
етiледi;
теңiз мұнай операциялары мен
сервистік индустрияны қолдау үшiн инфрақұрылым құру жөнiндегi негiздер
қаланады;
блоктардың оңтайлы пакеттерi
қалыптастырылады және келiсiмдердiң өзектi параметрлерi
белгiленедi;
барлау және өндiруге арналған
учаскелер бойынша, сондай-ақ барлауға арналған учаскелер бойынша
келiсiм-шарттардың талаптары жөнiнде конкурстар мен келiссөздер
өткiзiледi;
теңiз мұнай-газ операцияларын
метрологиялық қамтамасыз етудiң ұлттық жүйесi
қалыптастырылады;
теңiз мұнай операцияларын
жүргiзу үшiн ғылыми және жобалау-технологиялық база қалыптастыру мен
қазақстандық персоналды даярлау басталады;
КТҚС-ның экологиялық мониторингi мен оны болжамдаудың автоматтандырылған
бiрыңғай жүйесi өрiстетiледi;
жаңа экспорттық
мұнай құбырының бағыты белгiленедi;
теңiз
жобаларын ескере отырып көмiрсутектерiн тасымалдауды әртараптандыру жөнiнде
жұмыстар жалғастырылады.
Екiншi кезеңде
KTҚC-ын игерудiң алғашқы мұнай-газ жобасы бойынша көмiрсутектерiн теңiзде өндiру
және экономикалық нәтижелердiң өсуi басталады.
Сонымен бiрге:
жаңа теңiз блоктарын
тендерлерге жоспарлы қою жүзеге асырылады;
ұлттық мұнай-газ компаниясының теңiз жобалары бойынша оператордың функцияларын
орындауы iске асырылады;
халықаралық
экологиялық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарды
жетiлдiру жалғастырылады;
барлық теңiз
жобаларының мониторингi қамтамасыз етiледi;
жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес келетiн қосымша табиғат қорғау
iс-шаралары әзiрленiп, жүзеге асырылады;
мұнай-газ кешенi үшiн және аралас салалар үшін қазақстандық мамандарды даярлау
және қайта даярлау жалғастырылады;
теңiз
операцияларын жағалаулық қолдау үшiн инфрақұрылым
құрылады;
қосымша құбыр қуаттарының құрылысы
(экспорттағы мақсатта емес) өрiстетiледi;
жаңа
экспорттық мұнай құбыры қатарға қосылады;
келесi экспорттық мұнай құбыры жүретiн маршрут
пысықталады;
теңiз мұнай-газ кешені үшiн
негізгi отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабiлеттiлiгiне қол
жеткiзiледi (теңiз операцияларын жүргiзу үшiн импорт
алмастыру).
Yшiншi кезеңде теңiзде өндiру
тұрақты жоғары деңгейге шығады және теңiз операцияларында пайдалану қызметi
басым бола бастайды.
Бұл
орайда:
теңiзде өндiру көлемiнiң тұрақты
жоғары деңгейiне қол жеткiзiледi;
жаңа
блоктарға конкурстар жалғастырылады;
көмiрсутектерiн экспорттық тасымалдау үшiн қосымша қуаттар
енгiзiледi;
iлеспе компоненттердi толық кәдеге
жаратуды қамтамасыз ететiн мұнай мен газды өндіру индустриясы
құрылды;
теңiз мұнай операцияларының
қажеттiлiгi көбiне қазақстандық тауарлармен және қызметтермен
жабылады;
мұнайды теңiз кен орындарынан
пайдалануды өңдеуге негізгі технологияларды ауыстыру
аяқталады;
көмiрсутегi шикiзатының негiзiнде
химия өндiрiсi өрiстетiледi;
жоғары басқару
және ғылыми-инженерлiк қызметтердегi шетел мамандарын қазақстандық ғалымдармен
және мамандармен ауыстыру жеделдетiледi;
Каспий жағалауы мен акваториясында табиғатты қалпына келтiру жұмыстары
өрiстетiледi;
қазақстандықтардың жоғары өмiр
сүру стандарттары қамтамасыз етiледi;
КТҚС-ын
игеру бойынша инвестициялардың өзiн-өзi өтеуiне қол
жеткiзiледi;
Каспий теңiзi акваториясы бойынша
мұнай-газ кешенi операторларының ұтқыр қозғалысы үшiн авиакөлiк коммуникациясы
дамытылады.
3.2. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
3.2.1. Құқықтық қамтамасыз ету
Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi бойынша
Әзiрбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрiкменстанның қатысуымен бес жақты негiзде
уағдаластыққа қол жеткiзу теңiз мұнай операцияларын жандандыруға жәрдемдесетiн
болады.
Барлық Каспий өңiрi мемлекеттерiнiң
теңiз түбiн межелеу мәселелерiн қамтитын Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi
жөнiндегi негiздемелi Конвенцияны әзiрлеудi жеделдетуi мен қабылдауы КТҚС-ын
игерудi халықаралық-құқықтық қамтамасыз етудегi маңызды саяси қадам болып
табылады.
Республикада теңiз мұнай
операцияларын жүргiзу жағдайларын және инвестициялық ахуалды жақсарту
мақсатында:
жер қойнауын пайдалану және теңiз
мұнай операцияларын жүргiзу;
салық салу және
кедендiк реттеу;
шетел инвестицияларын
тарту;
валюталық реттеу және бақылау тараулары
бойынша құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi.
КТҚС-ын игерудiң заңнамалық жағдайларын қамтамасыз ету үшiн ҚР
заңдарын:
Қазақстан Республикасы жағдайында
КТҚС-дағы теңiз мұнай операцияларын жүргiзуден бюджетке едәуiр және тұрақты
түсiмдердiң түсуiн қамтамасыз ететiн салық салудың тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету
мақсатында салық режимi;
теңiз мұнай
операцияларын жүргiзу;
отандық тауарлар,
жабдықтар өндiру мен қызметтер көрсетудi
дамыту;
санитариялық-эпидемиологиялық
қолайлылықты қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны
қорғау бөлiктерiнде жетiлдiру қажет.
3.2.2. Жер қойнауын пайдаланудың теңiз учаскелерiнiң маркетингi
КТҚС-дағы ресурстарды игеру тәртiбi оның
солтүстiк, орталық және оңтүстiк бөлiктерiндегi жер қойнауын пайдалануға
арналған учаскелер мен блоктарды бiрдей дәрежеде беруге негiзделедi. Мемлекеттiк
табиғи объектiлерге, рекреациялық аймақтарға, қорғаныс кешенiнiң объектiлерiне
және iрi елдi мекендерге жапсарлас жатқан блоктар оған
қосылмайды.
Жер қойнауын пайдалану теңiз
учаскелерiнiң маркетингi мыналарды қамтиды:
блоктардың ресурстық әлеуетiн бағалау және инвестициялық бағдарламалардың
конкурсына қойылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесi мен құрамын
қалыптастыру;
жер қойнауын пайдалану
учаскелерiне конкурс шарттарын белгiлеу;
жоба
шегінде жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі мердігердің ұсынысын
қарау;
конкурс жеңiмпазымен келiссөз
раундтарын жүргiзу;
барлау, игеру және өндiру
жоспарларын iске асыру.
Уәкiлеттi органдар
ұлттық компаниямен бiрлесе отырып теңiз блоктарын зерттеудi
жүргiзедi:
сейсмикалық барлау нәтижесiнде
алынған деректер өңдеуден өткiзiледi және талдап
түсiндiрiледi;
перспективалық ресурстарға баға
берiледi;
тәуекелдерге талдауды қоса
резервуарларды геологиялық моделдеу
жүргiзiледi;
түрлi коммерциялық және
келiсiм-шарттық шарттарды ескере отырып, жобалардың қаржылық моделi
құрылады;
Қазақстан Республикасының Үкiметi
тендерлiк блоктарды бекiтедi, оларды конкурсқа қоюдың тәртiбi мен шарттарын
белгiлейдi.
Зерттеу нәтижелерi теңiз
операциялары процесiнде алынған қосымша деректер негiзiнде жер қойнауы
учаскелерiн бөлiп көрсету және кейiннен ресурстық әлеуеттi нақтылау үшiн
пайдаланылады.
3.2.3. Блоктарды қою тәртiбi
КТҚС-да блоктарды қою тәртiбi жер қойнауы
учаскелерiн қалыптастыру және инвесторлармен конкурстар өткiзу мен келiссөздер
жүргiзудi қамтитын табиғи-өндiрiстiк әлеуеттi кезең-кезеңiмен және ұтымды
игеруге бағытталған рәсiмдер кешенi болып
табылады.
Жер қойнауын пайдалану учаскелерiн
қалыптастыру мынадай принциптерге негiзделедi:
геологиялық-геофизикалық зерттелуi, сейсмикалық көлденең кескiнiнiң тығыздығы
мен сапасы;
елеулi мөлшердегi және болжамды
ресурстарға ие базалық құрылымның болуы;
учаскенiң геологиялық ресурстарының 200-500 млн. т. шартты отындық
тығыздығы;
дәлелденген көмiрсутек қорларымен
белгiлi бiр аймаққа тектоникалық орайластығы;
бiрдей экологиялық талаптар;
учаскенiң базалық
және басқа да құрылымдарын бiрлесiп игеру
мүмкiндiгi;
теңiз мұнай операцияларын
қолдайтын инфрақұрылымның орналасуы.
Геологиялық зерттелуi жағынан блоктар жақсы зерттелген (ipi және орташа
перспективалық құрылымдар анықталды) және нашар зерттелген (қолданылған
әдiстермен перспективалық құрылымдар анықталған жоқ) болып бөлiнедi. Жер
қойнауын пайдалану учаскелерi блоктардан және зерттелуi жағынан әртүрлi
дәрежедегi блоктардың бөлiктерiнен тұрады:
жақсы зерттелген және дайын блоктар барлау мен өндiруге арналған инвестициялық
бағдарламалардың конкурсына қойылатын учаскелерге
кiредi;
жеткiлiксiз зерттелген блоктар
барлауға арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсына қойылу үшiн
учаскелерге топтастырылуы мүмкiн.
Инвестициялық бағдарламалардың конкурсын жүргiзу
алдында:
жер қойнауын пайдалану учаскелерiн
геологиялық-техникалық бағалау;
жер қойнауын
пайдалану келiсiм-шарттарының негiзiн құрайтын жер қойнауын пайдалану
учаскелерiне конкурстың негізгі шарттарын айқындау
жүргізiледi.
Жер қойнауын пайдалану
учаскелерiне конкурстың негiзгi шарттарында мыналарды ашып
көрсетедi:
нақты және ақшалай тұрғыда ең
төменгi жұмыс бағдарламасы;
қол қойылатын
бонустың мөлшерi;
салық салу
схемасы;
жобалардағы ұлттық компания үлесiнiң
мөлшерi (кемiнде 50%);
газ бен күкiрттi кәдеге
жарату жөнiндегi ұсыныстар;
жер қойнауын
пайдаланушының әлеуметтiк жобаларды орындау жөнiндегi
мiндеттемелерi;
теңiздегi жұмыстар кезiндегi
экологиялық стандарттар;
жергiлiктi
тауарларды, материалдар мен қызмет көрсетулердi пайдалану, қазақстандық
мамандарды жұмысқа жалдау және оқыту жөнiндегi
мiндеттемелер;
жер қойнауын пайдаланушының
Қазақстан Республикасы МӨЗ-на мұнай беруi бойынша
мiндеттемелерi;
ғылыми-iздестiру және жобалық
әзiрлемелер жүргiзу мен технологиялар беру
тәртiбi;
шешiмдер қабылдау
рәсiмi;
жер қойнауын пайдалану құқығын беру
үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
шарттар.
КТҚС-ның аумағында орналасқан
жекелеген перспективалы блоктарға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға тендерлiк
шарттармен жер қойнауын пайдаланушының әлеуметтiк мiндеттемелерi түрiнде
құрлықтағы перспективасы аз қашықтағы құрылымдарды барлауға және игеруге қосымша
инвестициялар салу көзделуi мүмкiн.
Инвестициялық бағдарламалардың конкурсы мынадай принциптердi орындауды
қамтамасыз етуге тиiс:
конкурс шарттарының
ашықтығы (транспаренттiгi);
мемлекеттi
геологиялық барлау жұмыстарының тәуекелiнен
босату;
КТҚС-ын игерудiң
кешендiлiгi;
негiздемелi инвестициялық
тәуекелдердi дәйектi қабылдау;
қол жеткен
уағдаластықтарды сақтау.
Конкурс шарттарының
ашықтығы жер қойнауын пайдаланушылардың неғұрлым технологиялы әрi
тәжiрибелiлерiн тартуды қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге шетел жер қойнауын
пайдаланушылардың қолында КТҚС-ы ресурстарының шектен тыс шоғырлануына жол
беруге болмайды, мұның өзi түрлi халықаралық тәуекелдердiң пайда болуына
байланысты елдiң сыртқы саясатын жүзеге асыру кезiнде терiс салдарларға әкеп
соғуы мүмкiн.
Мемлекет жер қойнауын
пайдаланушыларға геологиялық тәуекелдердi толық жүктеу арқылы геологиялық
тәуекелдерден босайды. Қазақстан Республикасының атынан түсетiн ұлттық мұнай
компаниясының КТҚС-ғы блоктарды әзiрлеу кезiндегi тәуекелдерiнiң деңгейi жобаны
қол қоюға дайындау барысында оның оған қатысу үлесiне, Мемлекеттiң қатысу
үлесiне және кен орындарының (блоктың, құрылымның) зерттелуiне қарай
айқындалатын болады.
Кешендiлiк бүкiл КТҚС
бойынша жұмыс жүргiзудi көздейдi, мұның өзi шектеулi учаскеде жұмысты шектен тыс
шоғырландырудан болатын қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердi барынша азайтумен,
жер қойнауын барынша жақсы зерттеуге қол жеткiзумен және көмiрсутегi шикiзатының
әр түрлi көздерiн пайдаланумен байланысты.
Қазiргi кезде iрi және орташа перспективалық құрылымдары бар шамамен 23
бөлiнбеген учаске бар, олардың кейбiреуiне барлау жүргiзудi республикалық
бюджеттен қаржыландыру көзделуде. Жер қойнауын пайдаланушыларды барлау-өндiру
шартымен анықтау үшiн (келiсiм-шарттар немесе тiкелей келiссөздер) конкурстарға
жыл сайын кемiнде үш учаске қойып отыру көзделедi. Мұнымен бiр мезгiлде қосымша
барлау үшiн учаскелер қойылатын болады. Сөйтiп, бастапқы кезең 7-8 жылды (2010
жылға дейiн) қамтиды, бұл жылдар iшiнде 2015 жылға дейiн тасымалдау және өткiзу
проблемасын реттеу үшiн игерудiң қарқынына түзету енгiзуге
болады.
Ұлттық компанияның ұйғаруы бойынша
мұнай-газ операцияларын жүргiзу үшiн ұлттық компания алған жер қойнауын
пайдалану учаскелерiн әзiрлеу үшiн басқа да мұнай-газ және сервистiк ұйымдарды
қосалқы мердiгер шартымен тарту жүргізіледі.
Барлау мен өндiруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы
геофизикалық зерттеулердi жүргiзу, бiр немесе бiрнеше барлау ұңғымаларын
бұрғылау (қажет болған жағдайда - бұрғылау қондырғысын орнату бойынша),
әлеуметтiк бағдарламаны орындау, қазақстандық мамандарды оқыту және
технологиялар беру, сондай-ақ осы келiсiм-шартқа қол қою кезiнде Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға
арналған келiсiм-шартта белгiленген басқа да мiндеттi шарттарды орындау жөнiнде
өзiне нақты мiндеттемелер алады.
Барлау
бойынша инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы, геофизикалық
зерттеулер жүргiзу, бiр немесе бiрнеше параметрлiк барлау ұңғымаларын бұрғылау,
әлеуметтiк бағдарламаларды орындау, қазақстандық мамандарды оқыту және
учаскедегi 1-2 блоктарды таңдау құқығына жауап ретiнде технологиялар беру және
осы кен орнында барлау мен өндiруге бұдан былайғы келiсiм-шарт жасасу жөнiнде
өзiне нақты мiндеттемелер алады. Бұл ретте теңiз блоктарында сейсмикалық
зерттеулер мен гравибарлау жұмыстарын жүргiзуге отандық компаниялардың мiндеттi
қатысуын қамтамсыз ету қажет. Сонымен қатар жеңiмпаз осы келiсiм-шартқа қол қою
кезiндегi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларын ескере
отырып, келiсiм-шарттың ережелерiнде белгiленген басқа да мiндеттi шарттарды
орындайды. Қалған зерттелген және маркетингке әзiрленген учаскенiң блоктары
барлау мен өндiруге арналған инвестициялық бағдарламалардың конкурсына
қойылады.
3.2.4. Көмiрсутектерiн өндiрудi дамыту
Республикада құрлықта мұнай өндiрудi бес
облыста орналасқан 100-ден астам кен орындарында 33 мұнай өндiретiн компаниялар
жүзеге асырады. Өндiрудiң негiзгi өсiмi Теңiз, Қарашығанақ, Өзен және басқа да
кен орындарында қамтамасыз етiледi.
Жүргiзiлген зерттеулер Қазақстанда көмiрсутегi шикiзатының алынатын қорлары мен
оны өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн KTҚC-ның ресурстары есебiнен күтуге
болатынын көрсетедi. Бұрын көрсетiлгендей, алдын ала бағалаулар бойынша,
КТҚС-нан алынатын көмiрсутектер ресурсының көлемi шамамен 8,0 млрд. т. КТҚС-ның
жоғары перспективалылығын бәрi бiрдей өнiмдi болған 6 ұңғыманы барлаулық
бұрғылаудың алғашқы нәтижелерi растайды. Мұның нәтижесi Қашаған және
Қаламқас-теңiз екi кен орнының ашылуы болды. "Лукойл" компаниясы жүргiзген
осыған ұқсас жұмыстар Каспий теңiзiнiң ресейлiк секторындағы құрылымдардың
жоғары перспективалылығын көрсеттi.
2005 жылға
дейiнгi бiрiншi кезеңде КТҚС-дағы негiзгi жұмыстар бiрiншi кезектегi блоктар
бойынша барлау ұңғымаларын бұрғылаумен байланысты болады. Барлаулық бұрғылау
жұмыстарын аяқтау және игеру мен өндiру сатысына көшуге орай бұрғылау
жұмыстарының көлемi едәуiр өседi.
КТҚС-дағы
көмiрсутектерiнiң анықталған болжамдық ресурстары болашақта КТҚС-ның кен
орындарынан мұнай өндiрудi жылына 100 миллион тоннаға дейiн жеткiзуге және оны
осы деңгейде 25-30 жыл бойы ұстап тұруға мүмкiндiк бередi. Мысалы, Солтүстiк
Каспийдегi Қашаған кен орнынан бастапқы алынатын мұнай қорлары 1,7 млрд. тонна
шамасында болады. Қашаған кен орнынан мұнай өндiрудiң жылдық көлемi: 2005 жылы -
0,5 млн. т, 2010 жылы - 22 млн. т. және 2015 жылы - 60 млн.т.-ны құрайтын
болады. Алғашқы кезеңнiң басқа блоктарында өндiру 2009-2010 жылдарда басталады
деп күтiлуде. Барлау жұмыстарын жүргiзу мен болжанған қорлардың расталуына
байланысты болатын белгiсiздiктi ескере отырып, бастапқы шарттар ретiнде
стандарттық әдiстемелер мен "QUESTOR OFFSHORE" компьютерлiк бағдарламасын
пайдалана отырып қорлар мен өндiрудi болжамдық бағалаулары алынды. Есептеулер
табу ықтималдығының түрлi деңгейлерi үшiн үш
нұсқада:
15% (ең төмен
нұсқа);
25% (орташа
нұсқа);
35% (ең жоғары
нұсқа)
орындалды.
Алдын ала бағалаулар
бойынша Бағдарламаны іске асыру теңіз кен орындарынан мұнай өндіру деңгейін 2005
жылы 0,5 млн. тоннаға, 2010 жылға қарай 40 млн. тоннаға дейін және 2015 жылы -
100 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
5-сурет. КТҚС-дағы мұнай өндіру
(қағаз мәтіннен қараңыз)
КТҚС-ның солтүстiк бөлiгiндегi тұзасты
кенiштерiнiң айырмашылық ерекшелiгi мұнайда жоғары дәрежеде 30% шамасында ерiген
газдың болуы. Қашаған кен орнының мұнайында ғана Қарашығанақ кен орнында
алынатын газдың мөлшерiндей болады деп күтiлуде. КТҚС-ның орталық бөлiгiнiң
құрылымдарында құрлықтағы Қаламқас кен орнындағы сияқты газ факторы онша көп
табылмайды деп күтiлуде. КТҚС-ның оңтүстiк бөлiгiнде мұнай ғана емес, газ кен
орындарын да ашу көзделiп отыр. Сөйтiп, тұтастай алғанда КТҚС-ы бойынша
көмiрсутек баламасында газ өндiру өндiрiлетiн мұнай көлемiнiң 60%-iн құрайды деп
күтуге болады.
Геологиялық құрылымдардың осы
ерекшелiктерiн ескере отырып және КТҚС-ның барлық үш аймағындағы мұнай өндiрудi
болжау негiзiнде KTҚC-да газ өндiру 2005 жылы - 0,3 млрд. текше метр, 2010 жылға
қарай - 24 млрд. текше метрге дейiн және 2015 жылға қарай - 63 млрд. текше
метрге дейiн күтiледi.
6-сурет. КТҚС-дағы газ өндіру
(қағаз мәтіннен қараңыз)
Coнымeн, КТҚС-ның pecурстapын игеру мiндеттерiнiң бipі газды кәдеге жарату мәселелерiн кешендi шешу болуға тиiс.
3.2.5. Газды кәдеге жарату
Қашаған кен орны мен басқа да перспективалық
тұзасты құрылымдарындағы iлеспе газдың айырмашылық ерекшелiгi шикi газдағы
күкiрттi сутегінiң жоғары (19%-ке жуық) құрамы болып табылады. КТҚС-дағы кен
орындарын игеру кезiнде осыны ескере отырып, жабық схема бойынша iлеспе газды
толық кәдеге жарату көзделеді, ол үшiн шикi газдың 75%-ке дейiнгiсi қайтадан жер
қабатына айдалатын болады. Шикi газды жер қабатына айдау көлемi 2005 жылы - 0,3
млрд. текше метрге дейiн, 2010 жылы - 16 млрд. текше метрге дейiн және 2015
жылға қарай - 40 млрд. текше метрге дейiн
күтiлуде.
Бұл орайда өңдеу мен iске асыру үшiн
қажеттi газдың артылып қалуы 2010 жылы шамамен 8 млрд. текше метр және 2015 жылы
23 млрд. текше метрге дейiн болады. Iлеспе газдың артылып қалғаны теңiз кен
орындарынан құбырмен құрылықта орналасатын газ өңдейтiн кешендерге (ГӨК)
берiледi. Тұтастай алғанда ГӨК-дегi газ дайындау жүйесi iлеспе газды тазартуды,
сұйытылған фракцияларды бөлiп алуды, күкiрттi бөлу мен сақтауды, сондай-ақ
тауарлық газды Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесiне айдау үшiн
сығымдауды қамтитын болады.
7-сурет. Газдың бағыты
(қағаз
мәтіннен қараңыз)
3.2.6. Көмірсутектерiнiң тауарлық құрылымын қайта өңдеу және жетiлдiру
Республиканың iшкi қажеттiлiктерiн мұнай
өнiмдерiмен қамтамасыз ету КТҚС-ның даму шеңберiнде ғана емес, тұтастай алғанда
ел экономикасын тұрақты дамыту тұрғысында да бiрiншi дәрежелi мiндет болып
табылады.
Негiзiнен, отандық мұнай өндiру
зауыттарындағы (МӨЗ) мұнай өңдеудiң нақты көлемi iшкi рыноктың мұнайға
қажеттiлiгiнiң 70%-iн ғана қамтамасыз етедi. Мұнай өнiмдерiнiң iшкi өндiру
жетiспеушiлiгi негiзiнен Ресейден келетiн импорт есебiнен
жабылады.
Iшкi рынокты мұнай өнiмдерiмен
қамтамасыз ету үшiн қазақстандық МӨЗ-ын шикiзатпен қажеттi және болжамды жүктеу
есебi жүргiзiлдi. Есеп негiзгi мұнай өнiмдерi - бензиндi, авиациялық керосиндi
және дизельдiк отынды 2000-2002 жылдар iшiнде iшкi тұтынуды талдау негiзiнде,
сондай-ақ экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгінiң республикадағы
ЖIӨ-нiң болжамды өсуi туралы деректер негiзiнде
орындалды.
Бұл болжам деректерi бойынша
республиканың мұнай өнiмдерiн iшкi тұтынуды қамтамасыз ету үшiн 2005 жылға қарай
- 9,5 млн.т. дейiн, 2010 жылға қарай - 14, 8, млн. т. дейiн, және 2015 жылға
қарай - 18,6 млн. тоннаға дейiнгi көлемде ұлғайта отырып (N 3 кестенi қараңыз)
мұнай өңдеу қаж