Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы туралы
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына
сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы
етемін:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк
органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар
қабылдасын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет,
есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы
Президентiнiң әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны
iске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан
Республикасы
Президентінің
2004
жылғы 11 қазандағы
N 1459
Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi
дамытудың
2005-2010 жылдарға
арналған
Мемлекеттiк
бағдарламасы
Астана,
2004 жыл
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның
атауы Қазақстан Республикасында бiлiм
берудi
дамытудың
2005-2010 жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасы
Әзiрлеу
үшiн негiз Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2004
жылғы 19 наурыздағы
"Бәсекеге
қабiлетті Қазақстан үшiн,
бәсекеге
қабiлетті экономика үшiн,
бәсекеге
қабiлеттi
халық үшiн" атты
Қазақстан
халқына Жолдауы,
Қазақстан
Республикасы
Президентiнiң 2001 жылғы 4
желтоқсандағы
N 735 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан
Республикасының 2010 жылға
дейiнгi
Стратегиялық
даму жоспары
Әзiрлеушi
Қазақстан
Республикасы Бiлiм және
ғылым
министрлігi
Мақсаты
Адам ресурстарын даярлау сапасын
арттыру,
жеке тұлға мен қоғамның
қажеттіктерiн
қанағаттандыру үшiн
Қазақстан
Республикасының
2010 жылға
дейiнгi
Стратегиялық
даму жоспарының басымдықтары
негізiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң
ұлттық
жүйесiн
жаңғырту
Мiндеттерi
Халықтың барлық жiктерiнiң сапалы
бiлiмге
қол жеткiзуiн қамтамасыз
ету;
бiлiм берудi басқаруды одан
әрi
демократияландыру негiзiнде бiлiм
берудiң
ұлттық жүйесiнiң жұмыс
iстеуiнiң
нормативтiк құқықтық базасын
жетiлдiру;
қазақстандық патриотизмге,
төзушiлiкке,
биiк мәдениетке, адамның құқықтары
мен
бостандықтарын құрметтеуге
тәрбиелеу;
мемлекеттiк тiлдi басым
дамыту;
отандық дәстүрлер, әлемдiк тәжiрибе
және
тұрақты даму қағидаттары негізiнде
бiлiм
берудiң мазмұны мен құрылымын
жаңарту;
12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге
көшу;
Бiлiм берудi халықаралық стандартты
жiктеу
(БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсiптiк
бiлiм
беру және кадрларды даярлау жүйесiн
қайта
құрылымдау;
оқытудың жинақтаушы кредиттік
жүйесiне
негізделген кадрларды даярлаудың
бiртұтас
үш сатылы моделiн жасау (бакалавриат
-
магистратура -
докторантура);
экономиканың барлық салалары үшiн
жоғары
бiлiктi және бәсекеге қабiлеттi
кадрларды
даярлаудың сапасын
арттыру;
әлемдiк бiлiм кеңiстігіне
ықпалдасу;
бiлiм беру сапасын бағалаудың
ұлттық
жүйесiн
құру;
бiрыңғай бiлiм беру ақпараттық
ортасын
қалыптастыру;
бiлiм беру процесiн оқу-әдiстемелiк
және
ғылыми қамтамасыз етудi
жетiлдiру;
бiлім беру жүйесiнiң
материалдық-техникалық
базасын
нығайту;
бiлiм берудi, ғылым мен
өндiрiсте
ықпалдастыру;
бiлiм берудiң сапасын арттыру
үшiн
экономика секторлары ресурстарын
тартудың
тетiктерiн
жасау;
педагог қызметкерлердiң
әлеуметтiк
мәртебесiн арттыру, бiлiм беру
жүйесiн
қаржымен, кадрмен қамтамасыз
етудi
жетiлдiру, бiлiм беру менеджерлерiн
даярлау;
көп деңгейлi үздiксiз бiлiм беру
жүйесiнде
мемлекеттiң, қоғамның және жеке
тұлғаның
мүдделерiнiң теңдестiгiн қамтамасыз ету
Қажеттi
ресурстар Бағдарламаны iске асыруға қажеттi
және
оларды мемлекеттік бюджет шығыстарының
көлемi
қаржыландыру көздерi 330812,0 млн. теңгенi құрайды,
оның
iшiнде
республикалық
бюджет қаражатынан
-
175
769,8 млн. теңге, жергілiктi
бюджеттер
қаражатынан
- 155 042,2 млн. теңге.
Жылдар Барлығы
Республика.
Жергілiк.
бойынша
лық
бюджет ті
бюджет
2005
жыл 41
402,2 23
379,8 18
022,4
2006
жыл 53
514,2 34
036,9 19
477,3
2007
жыл 53
855,9 32
150,8 21
705,1
2008
жыл 57
769,3 26
216,8 31
552,5
2009
жыл 61
600,0 29
484,4 32
115,6
2010
жыл 62
670,4 30
501,1 32 169,3
Бағдарламаны
2006-2010
жылдарда
қаржыландыру
көлемi тиiстi қаржы
жылына
арналған республикалық және
жергілiктi
бюджеттердi жоспарлау кезiнде
нақтыланатын
болады.
Күтiлетiн
нәтижелер Бағдарламаны iске асырудың
нәтижесiнде:
кәсiби
мiндеттерiн дербес әрi
шығармашылық
тұрғыдан шешуге, кәсiби
қызметтің
тұлғалық
және қоғамдық маңызын
түсiнуге,
оның
нәтижелерi үшiн жауап беруге
қабілетті
кәсiби
құзыреттi жеке тұлғаны,
бәсекеге
қабілетті
маманды қалыптастыруды
қамтамасыз
ететiн бiлiм берудi
басқарудың
тиiмдi
жүйесi
құрылатын
болады;
"баршаның ғұмыр бойы бiлiм
алуы"
қағидатын
iске асыру қамтамасыз
етiлетiн
болады;
нәтижеге бағдарланған
сапалы,
бәсекеге
қабілетті бiлiм алу үшiн
жағдай
жасалатын
болады;
12 жылдық жалпы орта бiлiм
беруге
көшу
жүзеге
асырылады;
бiлiм
берудiң барлық деңгейiне
қол
жетiмдiлiк
пен сабақтастық
қамтамасыз
етiледi;
бiлiм берудi басқа да
әлеуметтік
салалармен
және экономика салаларымен
салыстырғанда
озыңқы
дамыту қамтамасыз
етiледi;
мамандарды
даярлаудың үш
сатылы:
бакалавриат-магистратура-докторантура
моделiне
көшу жүзеге асырылатын
болады;
бiлiм
берудiң барлық деңгейiн ғылыми
және
оқу-әдiстемелiк
қамтамасыз етудiң
тиiмдi
жүйесi
жасалады;
бiлiм
беру жүйесiнiң бiрыңғай білім
беру
ақпараттық
ортасы
құрылады;
халықаралық
статистикалық
стандарттарға
барабар
бiлiм берудiң
статистикалық
көрсеткiштер
жүйесi
құрылады;
бiлiм
беру жүйесiн дамытудың
мониторингі
және
оны болжау жүйесi, бiлiм беру
сапасын
бағалаудың
ұлттық жүйесi
құрылады;
педагог
қызметкерлердi мемлекеттік
қолдау
күшейтiледi
және олардың еңбегін
ынталандыру
тетiктерi
жетiлдiрiледi;
бiлiм берудi қаржыландырудың
жаңа
тетiктерi
әзiрленедi;
кадрларды
кәсiби даярлаудағы
әлеуметтiк
серіктестік
үшiн жағдай
жасалады;
бiлiм беру саласындағы
ғылыми
және
инновациялық
қызмет жандандырылатын болады.
Iске
асыру мерзiмдерi 2005-2010
жылдар
Бағдарлама екi кезеңде iске
асырылатын
болады:
бiрiншi кезең - 2005-2007
жылдар;
екiншi
кезең - 2008-2010 жылдар.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан
халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4
желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының
2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама
бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын,
басымдықтарын, мiндеттерiн және оны iске асыру тетiктерiн айқындайды әрi
Қазақстан Республикасының заңнамасына, бiлiм беру жүйесiн басқару мен
қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтiк саясатқа
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып
табылады.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу жаңа
экономикалық және әлеуметтiк-мәдени жағдайларда қазақстандық бiлiм беру
жүйесiнiң алдында тұрған бiлiм беру сапасын арттыруға, стратегиялық мiндеттердi
шешуге бағытталған түбегейлi қайта өзгертулердiң қажеттiгінен
туындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi N 448 Жарлығымен бекiтiлген
"Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - "Бiлiм" бағдарламасы) iске
асырудың нәтижелерiн талдау негiзiнде әзiрлендi.
3. Бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйін
талдау
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет
ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк
қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол
жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму
деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi
ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi.
Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа
тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму
қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн
тигiзедi.
Жедел өзгерiп тұратын әлем және
ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi, бiрақ ол бiлiм
берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық бiлiм беру
жүйесi бағыт алған бiлiмнiң, дағды-бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi) меңгерiп
қана қоймауға тиiс. Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне
пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу, талдау,
құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да
күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде
лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы, құрылымы
мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Бiлiм беру мазмұны фактологиялық
күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті, жауапты әрi
шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңiрлiк
деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы, бiлiм беру
бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың
тиiмдiлігіне керi әсер етедi.
Мектепке
дейiнгі тәрбие мен оқыту
Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі бiлiм беруге тең қол жеткiзу үшін
мүмкiндiктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейiнде ғана емес (Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы елдерiнiң бiлiм берудiң жалпы бюджетiнен 9,5 %,
1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуiне
негізделген мектепке дейiнгi тәрбиенiң әр түрлi модельдерiн жасаудан да айқын
көрiнедi: мiндетті аналар мектептерi, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5
жасқа дейiнгi балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және
күту топтары.
Қазақстанда 2000 жылмен
салыстырғанда мектепке дейiнгi ұйымдардың саны 12 бiрлiкке (1%), ал олардағы
балалардың контингентi 25 421 балаға (18,7 %) өстi, бұл мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуi мен осы сұраныстарды қанағаттандыру
мүмкiндiктерi арасындағы теңсiздiктi айғақтайды (1-кесте). Нәтижесiнде мектепке
дейiнгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейiн баладан келдi. Тұтастай
алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға
орналасу үшiн кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды
бағдарламаларымен қамтылуға тиiс.
1-кесте
____________________________________
Жылдар | Желi |
Контингент
____________________________________
2000 1144
135287
2001 1167
146375
2002 1162
153965
2003
1156
160708
____________________________________
Мектепке дейiнгi тәрбие жүйесiнде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде,
олардың 38,7%-ының жоғары бiлiмi, 52,8%-ының арнаулы орта педагогикалық бiлiмi,
6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық бiлiмi және 2,1%-ының орта бiлiмi
бар. Мектепке дейiнгi ұйымдар педагогтерiнiң 40 %-ының ғана жоғары және бiрiншi
санаттары бар, ал 31,2 %-ының санаты жоқ.
Мектепке дейiнгi тәрбиенiң нормативтік құқықтық және оқу-әдiстемелiк базасы
құрылуда. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі 82 атаудан тұратын 19
оқу-әдiстемелiк кешен әзiрлендi, сынақтан өткiзiлдi және 2003/2004 оқу жылында
алғаш рет енгiзiлдi.
1999 жылы Қазақстанда
балалардың мiндеттi мектепалды дайындығы енгізілдi, бұл балаларды мектепалды
дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер еттi (1-диаграмма).
1-диаграмма
Балаларды
мектепалды дайындықпен және мектепке
дейінгі оқытумен қамту
көрсеткіштерi (%)
(1-диаграммадағы
көрсеткіштерді қағаз мәтінінен қараңыз)
Сонымен қатар мектепке дейінгі бiлiм беруде де бiрқатар проблемалар бар. Қазiргі
таңда мектепалды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілiктi бюджет
есебiнен оқулықтармен қамтамасыз етiлген. Жұмыс iстеп тұрған балабақшалардағы
жиhаздар, спорттық мүкәммал, кiтапхана қоры, ойыншықтар, оқытудың көрнекi
құралдары моральдық тұрғыдан ескiрген және табиғи тозған. Аудандық және қалалық
бiлiм беру бөлiмдерiнiң 58%-ы ғана мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен
жасақталған.
МКәК (мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорындар) мәртебесiне ие мектепке дейiнгi ұйымдарды қалдық
қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуiне әкелiп
соқты және мектепке дейінгі ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және
әлеуметтiк жағынан шетiн жiктерiне ауыр тидi.
Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бiр жастан алты жасқа дейінгі
балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендiгін көрсетедi (19,1%). Мектепалды
дайындықтағы мiндетті бағдарламаны бес жастағы балалардың 40%-ы және алты
жастағы 60% бала ғана алады.
Жалпы
орта білім беру
Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың
мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы
жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi
көздейдi.
Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы
бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон
процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне
ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады
(2-кесте).
2-кесте
__________________________________________________
Оқу жылы
|
Мектептер саны | Оқитындар
контингенті
__________________________________________________
2000/2001
8109 3043,3
2001/2002
8171 3019,5
2002/2003
8164 3095,6
2003/2004
8260 3026,2
__________________________________________________
Республикада 4272 жалпы бiлiм беретiн шағын жинақталған мектеп (бұдан әрi - ШЖМ)
жұмыс iстейдi (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы
оқитындар контингентiнiң 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нiң бiр оқушысын оқытуға жұмсалған
шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңiрлерге байланысты) 30-100%-ға жоғары.
Мектептердiң тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау
ұйымдастырылған.
Қазiргі таңда 3687 (44,6%)
қазақ тiлiнде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ және орыс тiлдерiнде оқытатын жалпы
бiлiм беретін мектептер жұмыс iстейдi. Мемлекеттік тiлде оқытатын мектептердегі
оқушылардың контингентi ұлғайып келедi. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы
мемлекеттік тiлде оқыған болса, ал бҮгінгi таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр,
немiс, тәжiк, украин және басқа да ана тiлдерiнде оқытатын мектептер жұмыс
iстейдi.
Республиканың жалпы бiлiм беретін
мектептерiнде 270 мыңнан астам педагог жұмыс iстейдi, оның iшiнде 195,8 мыңының
жоғары бiлiмi, 60 мыңнан астамының кәсiптiк орта бiлiмi бар. 36,5 мың педагог
жоғары санатты, 67 мыңы бiрiншi санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64 мыңнан
астам мұғалім жұмыс iстейдi.
Жалпы бiлiм
беретін мектептердiң оқу процесiне оқушы-жетім балалар, тұрмысы төмен және көп
балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз етiлетiн 1-8 сыныптарға арналған
жаңа буын оқулықтары енгізiлген. Кәсiптiк мектептерде (лицейлерде), колледждерде
арнайы пәндер бойынша отандық оқулықтар
енгiзiлуде.
"Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасын
iске асыру нәтижесiнде психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялардың саны 27 бiрлiкке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды
анықтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Республикада 614 интернат мекемелерi жұмыс iстейдi, оларда мемлекет есебiнен 75
мыңға жуық жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы
төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мiнез-құлықты
балалар тұрады, 18 балалар интернат-Үйлерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде бiреуi
дене бiтiмiнде кемшiлiгі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік
қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.
5 отбасы үлгiсiндегі балалар ауылы және 17 жасөспiрiмдер үйлерi ашылды, онда
өмiр сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудiң патронаттық нысаны даму
үстiнде.
2000 жылдан бастап мектептен тыс
ұйымдардың саны 25 бiрлiкке, оқушыларды қамту 1,6%-ға артты
(3-кесте).
3-кесте
__________________________________________
Оқу жылы |
Мектептен тыс |
Контингент
|ұйымдардың
саны|
__________________________________________
2000/2001
568
219126
2001/2002
598
251684
2002/2003
617
266547
2003/2004
629
291545
__________________________________________
Сонымен қатар жалпы орта бiлiм беруде өз шешiмiн күткен проблемалар да
анықталуда. Оқулықтар шығару тәжiрибесiнiң, авторлар мектептерiнiң, толыққанды
сараптаманы қамтамасыз етудiң қаржылық тетiгін және институционалдық қолдаудың
жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай
отыр.
Ескiргендердi пайдалану және қазiргi
заманғы оқу жиhаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсiресе, ауылдық
мектептерде) жоқтығы мемлекеттік жалпыға бiрдей бiлiм беру стандарттары
талаптарын толық көлемде орындауға мүмкiндiк бермей отыр және балалар мен
жасөспiрiмдер денсаулығына керi әсерiн тигiзедi. Республиканың әрбiр үшiншi
мектебiнде пән кабинеттерi: химия, физика, биология, математика және т.б.,
мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары
жоқ.
256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2
мыңнан астам мектеп күрделi жөндеуге мұқтаж. Елiмiз бойынша оқушы орнына
тапшылық 500 мыңға жуық орынды құрайды.
Пәндiк
көзқарасқа негiзделген мемлекеттік жалпыға мiндетті бiлiм беру стандарттары
оқушылардың өмiр жолын таңдауына, мүдделерi мен перспективаларын нақты
белгiлеуiне оң негiз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана
өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiптік қызметті саналы түрде таңдайды.
Болашақ мектеп түлектерiнiң 70%-ының өзiн-өзi бағалау деңгейi өте төмен және өз
бетiнше өмiр сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейiндi оқытудың жетiспеушiлігінен
еңбек нарығында мектеп бiтiрушiлерге деген сұраныс
жоқ.
Кешендi тестілеудің нәтижелерi
талапкерлердiң бiлiм деңгейлерiнiң жоғары еместігін көрсетедi. Қанағаттанарлық
емес баға алғандар үлесi 5 жыл бойы өзгерiссiз қалып отыр және олар 28-30%-ды
құрайды. 2004 жылғы ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (ҰБТ) қорытындылары мектеп
бiтiрушiлердiң 24,2%-ы жинауға болатын 120 баллдың 40 баллдық өту деңгейiн жинай
алмағанын, оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздiк бағаларын
дәлелдегенiн көрсетедi.
120 мыңнан астам
мүмкiндiгі шектеулi балалардың үштен бiр бөлiгі ғана түзеу ұйымдарында арнайы
бiлiм берумен қамтылған. Арнайы бiлiм берудiң нормативтiк құқықтық және
бағдарламалық-әдiстемелiк базасы, түзеу мекемелерi үшiн педагог
кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесi жетілдiрудi және жаңартуды
қажет етедi. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды орталықтандырылған есепке алу
жүйесi жоқ. Инклюзивтiк бiлiм беру нашар дамуда.
Бастауыш
және орта кәсіптік білім беру
Дамыған елдердегі кәсiптiк бiлiм беру жағдайына жасалған талдау кадрларды
даярлау процесiне қатысу үшiн жұмыс берушiлердi көтермелеу тетiктерiнiң,
сондай-ақ кәсiптiк бiлiм берудiң сапасын (бiлiктiлiктi беру мен қуаттау ұлттық
орталықтары) реттеудiң институционалдық негізiнiң бар екенiн және кәсiптiк
бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кiрiгуiн
айғақтайды.
Қазақстан Республикасының бастауыш
және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi 722 оқу орнынан, оның iшiнде жалпы оқушылар
контингентi 341,3 мың адам 307 кәсiптiк мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден
тұрады.
Кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу
орындарында оқитындардың контингентi 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 10,3
мың адамға ұлғайды. (4-кесте).
4-кесте
__________________________________________________________________
Оқу
жылы | КМ (КЛ) саны |Оқитындардың|Мембюджет қаражаты
есе.
|
| контингенті |бiнен
оқитындардың
саны
__________________________________________________________________
2000/2001
306
88,3 75,4
2001/2002
312
88,1 72,1
2002/2003
312
89,6
82,3
2003/2004
307 98,7
91,3
__________________________________________________________________
2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебiнен 101
бiрлiкке өстi. Колледждерде оқитындардың контингентi 86,5 мың адамға артты
(5-кесте).
5-кесте
__________________________________________________________________
Оқу
жылы |Колледждер саны|Оқитындардың|Мембюджет қаражаты
есе.
|
| контингенті |бiнен
оқитындардың
саны
__________________________________________________________________
2000/2001
314
156,1 43,8
2001/2002
349 189,8 45,7
2002/2003
382
207,9 54,8
2003/2004
415 242,6 63,3
__________________________________________________________________
Бастауыш және орта кәсіптік бiлiм беретiн оқу орындарында 28,1 мың педагог жұмыс
iстейдi. Оның iшiнде 2231 адамның жоғары бiлiмi бар, 5647 адамның кәсiптік орта,
қалғандарының техникалық орта бiлiмi бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам
бiрiншi санатқа ие. Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс
iстейдi.
Сонымен қатар, тез өзгерiп отырған
экономикалық жағдайда бiлiм беру қызметтерiнiң реттелмеген нарығының дамуы,
жұмыс берушi мен бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi арасында
әлеуметтік серiктестiктiң болмауы бiлiм беру деңгейi және экономика секторлары
бойынша кадрлар даярлаудағы тепе-теңдiктiң болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10
мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны
жоғары бiлiм беру саласына қарағанда едәуiр төмен және ол колледждерде - 162
оқушыны, кәсiптiк мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439
студентті құрайды. әызмет көрсету саласы және өндiрiстiк емес сектор үшiн
кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл
шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр
(2-диаграмма).
2-диаграмма
(қағаз мәтінінен қараңыз)
Жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестер техникалық және қызмет
көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған. Кәсiптiк
бiлiм берудi және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше
секторының қаражаттарын тарту тетiгі жоқ. Кәсiптiк мектептердiң 122 ғимараты
(45%) күрделi жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеудi талап етедi,
кәсіптік циклдегi 153 кабинет, жалпы бiлiм беру циклiндегі 146 кабинет, 108 оқу
зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72 медициналық пункт
жетiспейдi.
Өндiрiстiк оқытуды ұйымдастыруға,
оқу материалдарын, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта
даярлауға және олардың бiлiктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлiнбей
отыр.
Бөлiнген қаржы қаражаты, негiзiнен,
жалақы мен әлеуметтiк салық төлеуге (54%), тамақтануға, киiм-кешекке және
стипендияға (23%), коммуналдық қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды
күтiп-ұстауға және қызметтер көрсетуге (3%)
жұмсалады.
Кәсiптiк мектептер мен
колледждердегi кадр тапшылығы арнайы пәндердiң 934 оқытушысын және өндiрiстiк
оқыту шеберiн құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегi кадр құрамының
қартаю, неғұрлым бiлiктi оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдiсi
сақталып отыр. Жас мамандардың еңбекақының және педагогтің әлеуметтік
мәртебесiнiң төмендеуiнен кәсiптiк мектептер мен колледждердегi жұмыс icтеугe
деген ынтасы жоқ.
Облыстық деңгейде кәсiптiк
бiлiм беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының басқару мен оқу-әдiстемелiк
қамтамасыз ету құрылымы осы оқу орындарының басқару және қаржыландыру
функциялары жергiлiктi өкiлдi орындарға және атқарушы билiк органдарына берiлген
сәттен бастап (1996 жыл) нығайтылмаған.
Кәсіптік бiлiм беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегi кадрларын
даярлаудың құрылымы мен бiлiм беру бағдарламалары бiлiктілiк деңгейлерi бойынша
Техникалық және кәсіптік бiлiм беру туралы ұсынымдарына (ЮНЕСКО, 2001 жыл),
Бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеу бағдарламасының өлшемдерiне (БХСЖ,
1997 жыл) сәйкес келмейдi, бұл кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң ұтқырлығын,
икемдiлігін азайтады және әлемдiк бiлiм кеңiстігінде танылу ықтималдығын
төмендетедi.
Жоғары
бiлiм беру
әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм
беру жүйесiнiң дамуын талдау онда кредиттік бiлiм беру жүйесiне негізделген,
кадрлар даярлаудың үш сатылы моделiнiң кең тарағанын көрсетедi:
бакалавриат-магистратура - Ph.D докторантурасы. Бұл модель АҚШ
университеттерiнде және Еуропаның көптеген елдерiнде қолданылады. Ол неғұрлым
икемдi де тиiмдi болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез
өзгерiп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз
етедi.
Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм
беру жүйесiнде 180 жоғары оқу орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекшi
университеттің ерекше мәртебесi бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың
бiлiктiлiгін арттыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік
педагогикалық ЖОО-ы ашылды.
Жоғары оқу
орындарының саны, студенттер контингентi және мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы
өсiп отыр (6-кесте).
6-кесте
__________________________________________________________________
Оқу
жылы | Жоғары оқу |Оқитындардың|
Мемлекеттік тапсырыс
(оқуын
|орындары саны| контингенті |
жалғастырушылардан
басқасы)
__________________________________________________________________
2000/2001
181
440715
21970
2001/2002
182
514738
25265
2002/2003
173
590982
25465
2003/2004
180
656561
26465
__________________________________________________________________
Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының
2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы
студенттердiң саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439
адамға артқан.
2000 жылы қабылданған "Бiлiм"
мемлекеттік бағдарламасын iске асыру барысында жоғары бiлiм беру
мамандықтарының жiктеуiшi жетiлдiрiлген. Оқу процесiнiң технологиялы болуын
қамтамасыз еткен бастауыш курстардың бiрiздендiрiлген бiлiм беру
бағдарламаларымен қоса жоғары бiлiм берудiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi
стандарттары әзiрлендi. Жоғары бiлiмге даярлық мамандықтары мен бағыттарының
пәндерi 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз
етiлдi.
Кәсiптiк жоғары бiлiм алуға тең қол
жеткізудi қамтамасыз ету және неғұрлым дайындалған жастарды iрiктеу мақсатында
кешендi тестiлеу немесе ұлттық бiрыңғай тестiлеу жүргiзу және конкурстық негізде
мемлекеттiк білім беру гранттары мен кредиттерiн беру арқылы студенттер
контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi
енгізiлдi.
Кадрларды даярлау жүйесiн әлемде
жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделiне көшiрудiң негіздерi қаланды. Жоғары
оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркiндiк берiлдi. Оқытуда пайдаланылатын
ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түстi. Қазақстан
Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнiң 35 елiнде оқиды, оның iшiнде 16,4
мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерi болды. Республиканың
жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы
оқиды.
Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу
орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлiк, кадрлық,
материалдық-техникалық әлеуетiнiң жетiспеуiнен талапкерлердiң және студенттердiң
даярлық деңгейiне қоятын талаптарының төмендеуi мамандарды даярлау сапасының
төмендеуiне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге
және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту
бағытындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру қажеттiгін
туындатады.
Жоғары оқу орындарындағы бiр
бейiндi мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және
тұтынушыларға ғана бағдарланған. әлеуметтік серiктестiк және кадрларды атаулы
даярлау, әсiресе, өңiрлiк деңгейде одан әрi дамытуды қажет етедi. Техникалық,
аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттiк тiлдегi
оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы
оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк және ғылыми әдебиеттердiң 50 %-ы жаңартуды талап
етедi.
Қазақстандық және шетелдiк бiлiм беру
бағдарламаларын, бiлiм туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану
тетiктерiн әзiрлеу процесi баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың
академиялық ұтқырлығын тежейдi.
Жоғары
оқу орнынан кейiнгi бiлiм
Бюджеттiк негiздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік
емес жоғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттiк
жоғары оқу орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс
iстейдi.
Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми
дәреже алып бiтiрушiлер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазiргi
жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң төмендiгiн көрсетедi.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог
кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкiндiк бермейдi. Ғылыми
жетекшiлердiң (консультанттардың), бiлiм және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен
докторанттарды оқыту нәтижелерi үшiн жауапкершiлiгi
төмендеген.
Бiрқатар бағыттар, оның iшiнде
медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия,
гематология, емдiк дене шынықтыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми
кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиiстi ғылыми мектептердiң
болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу
орындарында кадрлардың "қартаюы" орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым
докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазiргі уақытта 62 жасты құрайды,
ғылым кандидаттарының жасы тиiсiнше - 44 және 47
жас.
Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу
орындарының бiлiм беру процесiне қатысуы болмашы. Бiлiм берудiң мазмұны мен
ғылымның қазiргi жағдайының арасындағы алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми
идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы
және қазiргі заманғы технологиялық процестердi басқара алатын зерттеушi маман
даярлауға толыққанды көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк
бермейдi.
Педагогика ғылымдары бойынша
жүргізiлген көптеген зерттеулердiң практикалық мәнi төмен. Соңғы жылдары
педагогика ғылымдары бойынша 140-қа жуық докторлық және 600 кандидаттық
диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы бiлiм берудiң барлық
деңгейлерiнде оқытудың әдiстерi мен нысандары өзгерiссiз қалып отыр, дайын
бiлiмнiң көзi ретіндегі педагогтiң мiндетi туралы ескiрген түсiнiк
сақталған.
Педагог
кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн
арттыру
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингентi 167 мың
адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалiм шығаратын 34 жоғары оқу орны
19 педагогикалық мамандық бойынша жүргiзедi.
Педагогтердi даярлауға арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы: 2001 жылғы
5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейiн
өстi.
Қайта даярлау және бiлiктiлiгін
арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны өсiп келедi: 2001 жылы - 42784 мұғалiм, 2003
жылы - 48157. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру курстарынан кемiнде
бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, оған сәйкес жыл сайын 54000
мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.
Бейiндiк сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерiн, информатиканы
оқытуды көздеу, кәсiптiк мектептердiң желiсiн кеңейту 28 мың педагогикалық
ставканы қосымша енгізудi талап етедi.
Жоғары
оқу орындарының түлектерiн ауылдық жерлерде жұмыс iстеуге тарту және орнықтыру
тетiгiн әзiрлеу қажет.
Жоғары оқу орындарының
мүмкiндiктерi педагог кадрлардың бiлiктілігін арттыруда жан-жақты
пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау
мәселелерiн шешу жөнiнде шет елдермен тәжiрибе алмасу нашар дамыған. Бiлiм беру
ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа бiлім-бiлiктi игеруiн
материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу тетiктерi тиiмдi түрде жеткiлiктi
пайдаланылмайды, практикалық қызметке бағдарланған оқытудың белсендi тренингтік
технологияларының енгізiлуi нашар.
Білім
берудi ақпараттандыру
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк
бағдарламасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептердi 100 пайызға
компьютерлендiру аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Бiлiм
және ғылым министрлiгiнiң орталық аппаратының торабы және облыстық бiлiм
департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта бiлiм
беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары мектеп пәндерiнiң
25%-ын қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканың алты
облысының 717 мектебi қосылған (8,7%).
Сонымен
қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан әрi - АКТ) дамыту
және оларды бiлiм беру саласында қолдану қажеттіктен әлдеқайда артта
қалуда.
Қазақстанда бiр компьютерге жалпы
бiлiм беретiн мектептердегі 54 оқушыдан келедi, бұл ЮНЕСКО-ның деректерi бойынша
ТМД елдерiнiң арасындағы ең жоғары көрсеткiштердiң бiрi (Ресейде - 59). Сонымен
қатар 2002 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерi бойынша бұл
көрсеткiш 13-ке теңелдi, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл
тиiсiнше 5, 9 және 15-тi құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта
мектептерiнде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та -
4.
Қазiргi таңда Интернет желiсiне қосылуға
Қазақстан мектептерiнiң 44%-ы ғана қол жеткiзген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан
астам мектеп, 2000 жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада,
Исландия мектептерiнiң 80%-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және
даму ұйымы елдерi бойынша мектептердiң орташа есеппен 52%-ы Интернет желiсiне
шығу мүмкiндiгiне қол жеткiзген.
Кәсiптік
мектептер (лицейлер) мен колледждерде бiр компьютерге тиiсiнше 31 және 25
оқушыдан келедi. Интернет желiсiне кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) 39%-ы
және колледждердiң 51%-ы қосылған.
4-диаграмма
Интернет
жүйесіне қол жеткізген мектептер
саны % облыстар
бөлінісінде
(қағаз
мәтініне қараңыз)
Жоғары бiлiм беру деңгейiнде ақпараттық жүйемен келiсiлген интерфейсi жоқ оқу
процесiн басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс
iстейдi.
Жекелеген жоғары оқу орындары ғана
қашықтан оқытудың технологиясын енгізген, кейбiрiнде аталған технология
эксперименттiк режимде iске асырылуда.
Білім
берудi қаржыландыру
Елiмiздегi экономикалық жағдайдың тұрақтылығы бiлiм беруге арналған мемлекеттік
бюджет шығыстарын едәуiр арттыруға мүмкiндiк бердi
(7-кесте).
7-кесте (млн.
теңге)
___________________________________________________________________
| 2000 |
2001 |
2002
| 2003 |
2004
___________________________________________________________________
Мектепке
дейiнгi тәрбие
мен
оқыту 2975 3322 3880 4553
5742
Жалпы
орта бiлiм беру 60007
67224 81744
98906
124979
Кәсiптiк бастауыш
бiлiм
беру
2693 3018 3910
5299
6540
Кәсiптiк
орта бiлiм беру 2662 2528
2989
3495
5001
Жоғары
және жоғары оқу
орнынан кейiнгi бiлiм беру
8120
9344 11783 12763
15506
Басқа да бағдарламалар
4959 17640 14671
24505
33547
Жиынтығы 81416 103076
118977
149521 191315
IЖӨ-ге
%
3,1 3,1 3,2 3,4
3,8
___________________________________________________________________
Бiлiм беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолюттi артып қана қоймай, оның
өсуiнiң едәуiр қарқынына қарамастан IЖӨ-ге пайыздық қатынасы да
өстi.
Білім
беру сапасын бағалау
Оқу жетiстіктерiн тәуелсiз сыртқы бағалау жүйесi: ұлттық бiрыңғай тестiлеу
(бұдан әрi - ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрi - МАБ)
енгізiлуде.
Дегенмен бiлiм берудiң барлық
деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетiгі бiлiм
берудiң қазiргi нақты жай-күйiн толыққанды көрсете алмайды және басқару үшiн
керi байланыстың объективтi құралы бола
алмайды.
Бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң
сапасын бағалау көрсеткiштерi мен өлшемдерi жетiлмеген, объективтi мониторинг
жоқ. Бiлiм беру сапасын басқару компоненттерi бытыраңқы жұмыс iстейдi.
Оқитындардың жетістіктерiн сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты мен мiндеттерi
қазiргi заманғы бiлiм сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың бiлiм
деңгейiн салыстырмалы зерттеулер жөнiндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан
қатыспайды.
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
қолданыстағы статистика жүйесi қазiргi заман талабына мағыналық та,
технологиялық аспектiлерi жағынан да сәйкес келмейдi. Мазмұнды әрi оралымды
емес, халықаралық стандарттарға сай келетiн, кешендiлігi мен толықтығы жағынан
қажеттi бiрiздi статистикалық ақпараттық ағын әзiрленбеген. Бiлiм беру
көрсеткiштерінің жүйесi әр түрлi негіздемелерден жиналған деректер жиынымен
алмастырылады, олар пысықталғаннан кейiн әкiмшiлiк есептiлiк терминдерiнде
түсiндiрiледi.
Бiлiм беру жүйесiнде
қалыптасқан ахуалдың негізгi себептерi:
бiлiм
беру сапасын бағалауда объективтілiктi қамтамасыз етпейтiн рәсiмдердiң
басымдығы;
бiлiм беру жүйесiнiң жаңадан енiп
жатқан жайларға ден қоймауы, бiлiм беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының
ескiрген қағидаттарына бейiлдiлігі;
педагог
кадрларды даярлау деңгейiнiң төмендiгi, таңдаулы кадрлардың тұрақтамауы, ұстаз
еңбегiнiң материалдық жағынан нашар
ынталандырылуы;
бiлiм беру ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайтудың жеткiлiксiз
қаржыландырылуы;
оқу-зертханалық, дене
шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және әдiстемелiк әдебиеттердiң қазiргі
заманғы талаптарға сәйкес келмеуi;
бiлiм беру
қызметтерiнiң нарығында сұраныс пен ұсыныстың ғылыми негізделген ұзақ мерзiмдi
болжамының болмауы;
сабақтас мемлекеттік
жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарын және бiлiм берудiң барлық деңгейлерi
мен сатыларына арналған бағдарламаларды, олардың мониторингінiң тетiгiн жасау
және iске асыру кезiнде әдiснамалық қағидаттардың
үйлесiмсiздiгi;
кәсiптiк оқытуды және мамандар
даярлауды ұйымдастыру процесiне жұмыс берушiлер мен әлеуметтiк серiктестердi
тарту тетiктерiнiң болмауы;
бiлiм беру
саласындағы құралдардың, әдiстердiң және бағалау қызметi технологияларының
жеткiлiксiз әзiрленуi;
педагог, ғылыми-педагог
кадрлардың және өндiрiстiк оқыту шеберлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгін
арттыру жүйесiнiң нашар дамуы;
бiлiм берудi
басқару жүйесiн қамтитын бiрыңғай ақпараттық бiлiм беру инфрақұрылымының
болмауы.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі
экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ "Бiлiм" бағдарламасын iске
асыру жөнiнде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, бiлiм беру жүйесiне оң әсерiн
тигiздi. Алайда мұның өзi бiлiм беру жүйесiнiң нарықтық экономиканың және ашық
азаматтық қоғамның қажеттіктерiне сәйкессiздiгiн жою үшiн
жеткiлiксiз.
Келеңсiз құбылыстарды болдырмау,
түбегейлi ұйымдық, құрылымдық өзгерiстер, бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту және
балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетiлдiру, республиканы дамытудың қазiргі
заманғы әлеуметтiк-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердiң
озық тәжiрибесiне сәйкес мамандарды даярлау жөнiнде шаралар қолдануды қажет
етедi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен
мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға
мен қоғамның қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негiзiнде көп
деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту болып
табылады.
Бағдарламаның негізгі
мiндеттерi:
халықтың барлық жiктерi үшiн
сапалы бiлiмге қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
бiлiм берудi басқаруды одан әрi демократияландыру негiзiнде бiлiм берудiң ұлттық
жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын
жетiлдiру;
қазақстандық патриотизмге,
төзушiлiкке, биiк мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметтеуге
тәрбиелеу;
мемлекеттік тiлдi басым
дамыту;
отандық дәстүрлер, әлемдiк тәжiрибе
және тұрақты даму қағидаттары негiзiнде бiлiм берудiң мазмұны мен құрылымын
жаңарту;
12 жылдық жалпы орта бiлiм беруге
көшу;
БХСЖ өлшемдерiне сай кәсiптiк бiлiм беру
және кадрларды даярлау жүйесiн қайта
құрылымдау;
оқытудың жинақтаушы кредиттiк
жүйесiне негізделген кадрларды даярлаудың бiртұтас үш сатылы моделiн жасау
(бакалавриат - магистратура - докторантура);
экономиканың барлық салалары үшiн жоғары бiлiктi және бәсекеге қабілетті
кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;
әлемдiк
бiлiм беру кеңiстігіне ықпалдасу;
бiлiм беру
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру;
бiлiм
берудiң бiрыңғай ақпараттық ортасын
қалыптастыру;
бiлiм беру процесiн
оқу-әдiстемелiк және ғылыми қамтамасыз етудi
жетiлдiру;
бiлiм беру жүйесiнiң
материалдық-техникалық базасын нығайту;
бiлiм
берудi, ғылым мен өндiрiстi ықпалдастыру;
білім берудiң сапасын арттыру үшiн экономика секторларының ресурстарын тартудың
тетiктерiн жасау;
педагог қызметкерлердiң
әлеуметтік мәртебесiн арттыру, бiлiм беру жүйесiн қаржымен, кадрмен қамтамасыз
етудi жетiлдiру, бiлiм беру менеджерлерiн
даярлау;
көп деңгейлi үздiксiз бiлiм беру
жүйесiнде мемлекеттiң, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерiнiң теңдестігін
қамтамасыз ету болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгi
бағыттары мен тетiгi
Алға қойған мiндеттердi iске асыру үшiн:
бiлiм
берудiң мазмұнын бiлiм үстемдiгi деңгейiнен нәтижеге бағдарланған "құзыретті"
бiлiмге өзгерту;
бiлiм беру ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын, пәндiк-кеңiстіктегi ортасын және оқу-әдiстемелiк
қамтамасыз етiлуiн қазiргi заманғы әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға және
оқу-тәрбие процесiнiң талаптарына сәйкес
келтiру;
оқитындардың тiлдiк, ақпараттық,
экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын
күшейту;
бiлiм берудiң барлық деңгейлерiндегі
кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кәсiптік бiлiм
беру бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын
жетілдiру;
бiлiм беру деңгейлерiнiң мазмұны
мен оқудың ұзақтығы жағынан сабақтастығын қамтамасыз ету
қажет.
Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудың негізгi бағыты
балалардың жеке бас мәдениетiнiң негіздерiн, мектепте оқытуға қажеттi
дағдыларды, мемлекеттік тiлдi үйренуiне, зияткерлiк және эмоциялық дамуына,
олардың табиғи және психикалық денсаулығын сақтауға және бекемдеуге жағдай жасау
болып табылады.
Халықтың мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту қызметтерiне деген артып келе жатқан қажеттiктерiн
қанағаттандыру мақсатында:
түрлi бейiндi (дене
тәрбиесi-сауықтыру, гуманитарлық, спорттық, эстетикалық, лингвистикалық,
экологиялық, ата-аналарды оқыту жөнiндегi, мектепке дейінгі жастағы дарынды
балалар үшiн, мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн т.б.) мектепке дейінгі
орталықтарды;
отбасылық
балабақшаларды;
түзеу және инклюзивтi бiлiм
беру кабинеттерiн;
қысқа мерзiмде болу топтары
бар жалпы бiлiм беретiн мектептер базасындағы мектепке дейінгі шағын
орталықтарды;
балалар бөбекжайын,
балабақшаларды, бөбекжай бақшаларды;
"мектеп-балабақша" кешендерiн;
бiлiм беру
ұйымдарының базасында мектепалды топтары мен сыныптарын ашу және олардың
материалдық-техникалық базаларын жаңарту үшiн нормативтiк құқықтық және қаржылық
жағдайларды жасау қажет.
Жергілiктi жерлерде
мектепке дейiнгi тәрбие берудi басқару және әдiстемелiк қамтамасыз етудi тиiстi
мамандар бiлiм берудi басқару органдарының құрамында жүзеге асыруға
тиiс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
сапасын қоғамның өзектi және перспективалы қажеттіктерiне сәйкес
ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн "Мектепке дейінгі балалық шақ"
республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылады. Орталық мектепке дейінгі
бiлiм берудi дамыту стратегиясын әзiрлейдi және iске асырады, мектепке дейiнгi
тәрбие мен оқыту жүйесiнiң қызметiн зерделейдi және талдайды, мемлекеттік
стандарттарды, инновациялық жобаларды әзiрлейдi, оқу-әдiстемелiк құралдарына,
ойыншықтарға, ойын құралдарына және т.б. сараптау
жүргізедi.
Жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк емес
мектепке дейiнгi ұйымдар желiсiн дамытуға, сондай-ақ iрi кәсiпорындардың жанынан
балабақшалар ашуға үлестiк қатысуын ынталандыру тетiктерiн жасау
қажет.
Мектепте оқу үшiн тең бастапқы
жағдайлар жасау үшiн бес жастағы балалар жалпы бiлiм беретін мектептер мен
мектепке дейiнгi ұйымдар базасында мектепалды даярлық бағдарламаларымен
қамтылады.
Орта
бiлiм беру
Орта бiлiм берудiң мазмұны мынадай бiлiм беру өрiсiн қамтиды: тіл және әдебиет,
адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология,
дене тәрбиесi.
Жалпы орта бiлiм беруде үш
сатыны көздейтiн 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын
болады.
I саты - жалпы бастауыш бiлiм беру,
оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқыту 6 жастан басталады. Бастауыш
мектептiң бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабiлетiн
ашуға және дамытуға бағытталған.
Бiлiм беру
мазмұны шетел тiлiн және информатика негiздерiн ертерек (2-сыныптан бастап)
оқытумен толықтырылатын болады.
I сатыдағы
оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметiнде негізгі мектептiң бiлiм беру бағдарламаларын
кейiннен игеру үшiн мыналарды: оқу, жазу, есептеудiң тиянақты дағдыларын,
қарапайым тiлдiк қарым-қатынас тәжiрибесiн, шығармашылықпен өзiн-өзi көрсетудi,
мiнез-құлық мәдениетiн, жеке гигиена және салауатты өмiр салтының негіздерiн
қалыптастыруға бағдарланған. I сатыдағы оқыту оқушылардың бiлiмiн аралық
бақылаумен және оқу жетiстіктерiн iшiнара мониторингтік бағалаумен
аяқталады.
II саты - негізгі жалпы бiлiм беру,
оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10 сыныптар. Оқушылардың ғылым жүйесiнiң базистік
негіздерiн игеруi, олардың бойында адамдар арасындағы және этносаралық
қарым-қатынастағы биiк мәдениетті, өзiн-өзi тануды және кәсiби бағдарды
қалыптастыру негізгі мектептiң функционалдық қызметiнiң басым бағыттары болып
табылады. Осы сатыда әрбiр пәннiң мазмұны негізгі базалық бiлiм беру көлемiне
қисынды түрде енедi. Оқу пәндерiн таңдау бойынша зерделеу үшiн оқу жоспарының
вариативтiк (өзгермелi) бөлiгі кеңейтiледi, бейiналды даярлық
енгізiледi.
II саты аяқтанғаннан кейiн орта
бiлiм берудiң III сатысында оқудың одан арғы бейiнін таңдау үшiн оқушылардың
қабiлетi және дайындық деңгейi анықталады. II сатыдағы оқыту оқушылардың
қабiлеттерiн, бейiмдiліктерiн және өткен материалдарды игеру деңгейiн анықтау
үшiн олардың бiлiмiн орталықтандырылған тестілеу түрiндегi аралық бақылаумен
аяқталады.
III саты - жалпы орта бiлiм беру,
бейiндi оқыту, оқыту ұзақтығы - 2 жыл,
11-12-сыныптар.
Жалпы орта бiлiм берудiң III
сатысының бағдарламалары бiлiм берудiң мазмұнын саралау, ықпалдастыру және
кәсiбилендiру негізiнде әзiрленетін болады. Оқушыларды кәсiпке дейінгі
тереңдетiлген даярлауды жүзеге асыру үшiн әлеуметтік-гуманитарлық,
жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейiндi оқытуды
енгізу III сатының қағидатты жаңалығы болып
табылады.
III сатының оқушыларына шығармашылық
қызметке және жеке қабiлетiн дамытуға ерекше орын бөлiнетiн жеке бiлiм беру
бағдарламаларын таңдау мүмкiндiгі берiледi. Бiлiм алу деген нұсқаудан гөрi әлем,
қоғам және адам туралы жүйеленген түсiнікті игеруге, оларды өз бетінше және
шығармашылық тұрғыдан пайдалана, кеңейте әрi тереңдете бiлу мен оған ұмтылуға
көшу қамтамасыз етiледi.
Жалпы орта бiлiм
берудiң бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру ұлттық бiрыңғай тестілеумен
аяқталады.
12 жылдық бiлiм беруге көшу
кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бiрiншi сынып
оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5 және
11 сыныптарды 12 жылдық бiлiм беруге көшiру
басталады.
Орта бiлiм
беруде:
12 жылдық оқытуға көшудiң нормативтiк
құқықтық базасын жасау;
бiлiм беру
бағдарламаларының базалық және бейiндiк мазмұнын жетiлдiру, эксперименттік оқу
жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрлеу және
сараптау;
оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
әдебиетті әзiрлеудi және басып шығаруды әдiстемелiк қамтамасыз ету, 12 жылдық
мектепке арналған оқу әдебиетін сараптауды ұйымдастыру мiндетi болатын "Оқулық"
ғылыми-әдістемелiк орталығын құру;
оқытудың
жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын
енгізу;
оқитындардың оқу жетiстiктерiн сыртқы
ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесiн құру;
оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының бiлiм-бiлiктi, дағдыны енжар
"алушы" рөлiн танымдық процестiң белсендi субъектісiне
өзгерту;
облыстық және аудандық (қалалық)
бiлiм басқармалары туралы ереженi әзiрлеу арқылы басқару буындары мен олардың
бағыныстылық функцияларының ара жігін нақты
ажырату;
мектепте оқытудың күтiлетiн
нәтижелерiн және оларға жету жолдарын мониторинг деректерiнiң негізiнде талқылау
процесiне күллi жұртшылықты тарту жүйесiн
құру;
жалпы бiлiм беретiн мектептердi салу
қажет.
Оқу
процесi:
өз бетінше бiлiм алу және оны
практикада қолдану қажеттiгі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми
тәсiлдерiне мақсатты және жүйелi түрде
баулуға;
оқушыны жеке тұлға және қызмет
субъектiсi ретiнде дамытуға, өмiрлiк құнды бағдарларын
қалыптастыруға;
ұлттық мәдениеттi құрмет
тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында
қалыптастыруға;
нарықтық экономика мен сапаның
негізгі түсiнiктерiн және оларды практикада қолдана бiлудi
қалыптастыруға;
жалпы негізгі бiлiм беру
сатысында бейiналды даярлықты және жалпы орта бiлiм беру сатысында бейiндi
оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Жалпы орта бiлiм берудiң жаңа мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты түлектердiң
базалық құзыретi түрiндегі нәтижеге бағытталған бiлiм берудiң ұлттық мақсаттары
жүйесiн орнықтыратын болады.
Қазақстан
Республикасының зияткерлiк әлеуетiн қалыптастыруға бағытталған, дарынды
балалармен жұмыс нысандары мен әдiстерi жетiлдiрiлетін, бiлiм беру жүйесiнде
халықаралық байланыстар дамытылатын болады.
Ауылдық мектептердi дамытуға ерекше көңiл аударылатын болады. Шағын жинақталған
мектептерде оқу процесiн толыққанды және сапалы өткiзу үшiн негiзгi және аға
буындағы бiрiктiрiлген сыныптар бiрте-бiрте қысқарады. Ауылдық жерлерде шағын
жинақталған мектептердiң балалары үшiн бейiндi мектеп-интернаттар салу және ашу
көзделiп отыр. Ашық білім беру ортасын құру үшiн оқу процесiн ұйымдастырудың
қашықтан оқыту әрi басқа инновациялық нысандары кеңiнен енгізілетiн
болады.
Арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының
желiсi сақталып, кеңейтілетiн болады, мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке
дейiнгi және кәсiптiк даярлыққа қол жеткiзуi кеңейтiледi, мүмкiндiктерi шектеулi
адамдарды ықпалдастыра оқытуды мемлекеттiк қолдау, бұрын оқыту мүмкiн емес деп
саналған балаларды оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар әзiрленедi, арнаулы
бiлiм берудi кадрмен қамтамасыз ету
жетілдiріледi.
Мүмкiндiктерi шектеулi
балаларды ерте жастан түзей-дамыта оқытатын бағдарламаларды iске асыру осы
санадағы балалардың елеулi бөлiгiн қалыпты жалпы білім беретiн мектептерде оқыту
үшiн жағдай жасайды.
Қосымша білім берудi
дамыту үшін сол ұйымдардың желiсiн нығайту мен дамыту нормативтiк құқықтық
базаны жетілдiру, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiнiң балалары мен
девиантты мінез-құлыққа бейiм балаларды сабақтан тыс жұмыспен мейлiнше қамту,
мүмкiндiктерi шектеулi балалардың қосымша білім беру ұйымдарына баруы үшiн
жағдай жасау көзделедi.
Арнаулы және қосымша
бiлiм берудi дамытуға қатысуға халықаралық, үкiметтiк емес ұйымдар, жекеше
сектор тартылатын болады.
Техникалық
және кәсiптiк бiлiм беру
Кәсiптiк бастауыш білім беру мен техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары
бойынша кәсіптік орта бiлiмнiң бөлiгi орта бiлiм беру жүйесiнiң құрамдас бөлігi
болып табылатын және адамды жаңа технологиялар мен еңбек нарығы талаптарының
деңгейiндегi тиiмдi кәсiптiк қызметке даярлауды қамтамасыз ететiн техникалық
және кәсiптiк білім беруге өзгертiлетiн
болады.
Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру
кадрларды даярлау және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң базалық деңгейi болады әрi
бiлiктi жұмысшы кадрларды және қоғамдық пайдалы кәсiптiк қызметтің барлық
негiзгi түрлерi бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінiң мамандарын
даярлауға бағытталады.
Техникалық және
кәсiптiк бiлiм беру iске асырылатын кәсіптік білім беру бағдарламаларының
күрделiлiгiне қарай мыналарға бөлiнедi:
1)
терең теориялық және кәсiптiк даярлықты талап етпейтін техникалық және қызмет
көрсететiн еңбектiң күрделi емес көпшiлiк кәсiптерi бойынша жұмыстарды
орындаудың білiк-дағдыларын игерудi көздейтiн техникалық және кәсiптiк бiлiм
берудiң бiрiншi сатысы.
Бiрiншi сатының бiлiм
беру бағдарламаларының мазмұны жалпы кәсiптiк және арнайы пәндердi ойдағыдай
игеру және кәсiптiк дағдыларды алу үшiн бейiндi болып табылатын жалпы бiлiм
беретiн, әлеуметтiк-экономикалық пәндер бойынша бiрiктiрiлген курстарды
зерделеудi көздейдi. Оқу аяқталғаннан кейiн нақты кәсiп бойынша кәсiптiк
бiлiктiлiктiң қол жеткiзген деңгейi (разряд, дәреже, санат) берiледi. Оқытудың
ұзақтығы негiзгі жалпы бiлiм беру базасында кемiнде 2 жылды
құрайды;
2) неғұрлым күрделi (аралас)
мамандықтарды және жоғары технологиялармен әрi кәсiптiк қызметпен байланысты
экономиканың барлық салаларындағы техникалық және қызмет көрсету еңбегі
жұмыстарын орындаудың практикалық дағдыларын игерудi көздейтiн техникалық және
кәсiптiк бiлiм берудiң екiншi сатысы.
Бұл
сатының бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, экономикалық,
жалпы кәсiптiк, арнайы пәндердi зерделеудi және кәсiптік дағдыларды игеру мен
бекіту жөнiнде практикалық жұмыстарды орындауды көздейдi. Оқыту аяқталғаннан
кейiн нақты мамандық бойынша кәсiптiк бiлiктiлiктiң көтерiңкi деңгейi берiледi
(техник-механик, техник-құрылысшы және т.б.). Оқытудың ұзақтығы негізгi жалпы
бiлiм беру базасында кемiнде 3 жылды құрайды.
Осы сатының бағдарламаларының мазмұны бiлiм берудiң келесi сатыларының
бағдарламаларымен үйлестiрiледi.
Мәдениет және
өнер мамандықтарының бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру кәсiпке ертерек баулу
қағидатын және кәсiптік бағдарламалар мазмұнының ерекшелiктерiн ескере отырып
жүзеге асырылады.
Жалпы орта бiлiмi бар
адамдар үшiн бағдарламалар таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсiптiк қызметтi
айқындайтын жалпы кәсiптiк, экономикалық және арнайы пәндердi зерделеудi
көздейдi. Оқытудың ұзақтығы бағдарламалардың күрделiлiгіне және берiлетiн
бiлiктiлiк деңгейiне байланысты.
Орта
бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру
Кәсiптiк орта бiлiм берудiң жекелеген бағдарламаларын iске асыру жаңа деңгейге -
орта бiлiмнен кейінгі бiлiм беруге көтерiледi. Орта бiлiмнен кейінгі кәсiптік
бiлiм беру экономика, құқық, экология, медицина, ақпараттық технологиялар және
инновациялық менеджмент салаларында қызмет көрсету мен басқару еңбегі орта буын
мамандарын басымдықпен даярлаудың кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру
үшiн кәсiптік бiлiм беру мен кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесiнiң бөлiгі
ретiнде көзделеді және жалпы орта бiлiм беру базасында ғана қамтамасыз етiледi.
Орта бiлiмнен кейінгі кәсiптік бiлiм беру бағдарламаларының тiзбесiн бiлiм беру
саласындағы орталық атқарушы орган еңбек нарығындағы қажеттіктерге сәйкес
айқындайтын болады. Оқытудың ұзақтығы кемiнде 2 жыл, техникалық және кәсiптiк
бiлiм беру базасында - кемiнде 1 жыл.
Осы
сатының бiлiм беру бағдарламаларының мазмұны (кәсiптiкпен қатар) жоғары оқу
орындары бакалавриатының 1-2 курстарының бiлiм беру бағдарламаларымен
үйлестiрудi қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы
пәндерiн қамтитын бiрiктiрiлген бiлiм беру бағдарламаларын зерделеудi
көздейдi.
Оқу аяқталғаннан кейiн экономика,
құқық, әлеуметтану, психология, медицина және ақпараттық технологиялар
саласындағы қызмет көрсету және басқару еңбегінің кiшi маманы деңгейiнде
бiлiктiлiк берiледi.
Техникалық кәсiптiк және
орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi дамыту
үшiн:
кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының желiсiн
құрылыс салу арқылы дамыту және кеңейту, жергілiкті бюджеттер және жекеше сектор
қаражаты есебiнен материалдық-техникалық базасын
нығайту;
өңiрлiк деңгейде кәсiптік бiлiм беру
мен техникалық және қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiкті мамандарын даярлауды және
аса тапшы, стратегиялық мәнi бар кәсiптер мен мамандықтар бойынша республикалық
бюджеттен қаржыландыруды арттыру;
жеңiлдiкпен
салық салу жүйесi есебiнен техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
кәсiптік бiлiм беру саласында жекеше сектордың инвестицияларын ынталандыру
тетігін жасау;
нормативтік құқықтық базаны
жетілдiру;
арнайы пәндердiң оқулықтары мен
оқу-әдiстемелік кешендерiн әзiрлеу және
енгiзу;
техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейінгі кәсiптiк бiлім беру ұйымдарын
ақпараттандыру;
мемлекеттік жалпыға бiрдей
мiндетті кәсiптiк бiлiм беру стандарттарын Бiлiм берудi халықаралық стандартты
жiктеумен БХСЖ, 1997 жыл/ үйлестiру;
оқытудың
кредиттiк жүйесiн енгізу, жоғары білім беру бағдарламаларын техникалық және орта
бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудiң бағдарламаларымен
үйлестіру;
Республикалық және өңiрлiк
бiліктілікті беру және қуаттау орталықтарын құру арқылы кәсiптiк даярлықтың
сапасын, бiлiктілікті беру мен қуаттауды тәуелсiз бағалау жүйесiн енгізу
көзделедi.
Жоғары сапалы техникалық және
қызмет көрсету еңбегiнiң бiлiктi мамандарын даярлау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын табысты iске асыру үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi
және тұтас алғанда, өнеркәсiптi, құрылысты, шағын және орта бизнесті, қызмет
көрсету мен экономиканы дамытуға серпін
болады.
Орта бiлiмнен кейінгі кәсiптiк бiлiм
беру бағдарламаларын iске асыратын бiлім беру ұйымдары тиiстi оқу және
материалдық базасы мен лицензиясы болған жағдайда бейiндiк оқыту және техникалық
кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыра алады.
Жоғары
бiлiм беру
Жоғары бiлiм берудi дамыту үшiн:
кадрларды
даярлауда бөлшектеудi, бiр бейiндiлiктi, теңдестiк бұзылуын және артық
қосарлануды жою үшiн жоғары бiлiм беру мамандықтары жiктемесiн одан әрi
жетiлдiру;
оқытудың iлгерiшiл жүйелерi мен
технологияларын, оның iшінде кредиттiк және қашықтан оқытуды әзiрлеу мен
енгізу;
магистратураны жоғары оқу орнынан
кейінгі деңгейге ауыстыру;
жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі кәсiптiк бiлiм берудi үш сатылы модельге өзгерту:
бакалавриат-магистратура-докторантура;
құрылымы және мазмұны жағынан халықаралық бағдарламалармен үйлестірiлген
бакалавриаттың бiлiм беру бағдарламаларын
әзiрлеу;
бiлiм беру гранттарының санын
ұлғайту, студенттерге кредит берудiң жаңа үлгiсiн жасау арқылы жоғары бiлiмге
қол жетімдiлiктi арттыру;
кәсiби кадрларды
даярлауға мемлекеттiк тапсырысты елдiң таңдаулы жоғары оқу орындары арасында
бөлу тетiгін енгізу;
әлеуметтік серiктестiктi
дамыту, жұмыс берушiлердi студенттердiң кәсіптік практикаларын, тағылымдамаларын
ұйымдастыруға, түлектердi жұмысқа орналастыруға
тарту;
жоғары бiлiмдi мамандар даярлау үшiн
ғылыми ұйымдардың әлеуетiн тартудың нормативтiк құқықтық актiлерiн және
ұйымдық-экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;
жоғары оқу орындарының қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз
ету;
жоғары оқу орындарының
материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасын нығайту мен
жаңарту;
жоғары оқу орындары мен филиалдарға
кадрмен қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасы бөлігінде қойылатын
талаптарды күшейту;
стратегиялық жоспарлауға,
сапа менеджментi жүйесiне және дербестiктi арттыруға негiзделген жоғары оқу
орындарын басқарудың жаңа қағидаттарын
қалыптастыру;
жоғары оқу орындарының
профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуiнiң
өсуi;
шетелдiк жетекшi аккредиттеу
агенттіктерiнiң талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарының кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын аккредиттеуге дайындау үшiн жағдайлар
жасау;
Қазақстан Республикасының 2003-2015
жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске
асыруды қамтамасыз ететін техникалық мамандықтар бойынша жоғары бiлiктi
кадрларды басымдықпен даярлау үшiн жағдайлар
жасау;
сырттай және қосымша кәсiптік бiлiм
берудiң мазмұны мен құрылымын ретке келтiру
көзделедi.
Оқу процесiн ұйымдастырудың
дәстүрлi жүйесiнiң орнына оқытудың кредиттiк жүйесi енгiзiледi, ол оқитындардың
өз бетiнше белсендi жұмыс iстеуiн ынталандырады, жеке бiлiм бағытын таңдаудың
болуын, ұтқырлығын, бакалаврлардың, магистранттардың және докторанттардың
академиялық еркіндiгінiң үлкен дәрежесiн қамтамасыз етедi, бiлiм туралы
құжаттардың әлемдiк бiлім беру кеңiстігінде танылуына әсер
етедi.
Бакалавриаттың алғашқы екi курсында
жалпы бiлiм беру құрамдас бөлігінiң мазмұны мейлiнше бiрiздендiрiледi, ал
бакалавриаттың келесi курстарында даярлық базалық пәндер бойынша жүзеге
асырылатын болады. Жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі шеңберiнде бейiндi даярлық
iске асырылатын болады.
Бакалавриатта оқытудың
нормативтік мерзiмi, медицина және зооветеринар мамандықтарынан басқа, барлық
мамандықтар бойынша 4 жылды құрайды. Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын
игеру белгiлi бiр саладағы бакалаврдың тиiстi академиялық дәрежесi берiлетiн
қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен
аяқталады.
Одан кейiн бакалаврдың 1-2 жылдық
магистратурада бiлiмiн жалғастыруға мүмкiндiгi болады.
Жоғары
оқу орнынан кейінгі бiлiм беру
Магистратурада дайындық екi бағытта
жүргiзiледi:
бейiндiк тереңдетілген
даярлық;
ғылыми-педагогикалық
даярлық.
Магистратураның бiлiм беру
бағдарламалары iргелi бiлiм беру, әдiснамалық және зерттеу даярлығы мен ғылымның
бiр бағыты бойынша пәндердi тереңдетiлген зерделеудi
көздейдi.
Магистратурада мамандар даярлауға
бөлiнетiн қаражаттың көлемiн едәуiр ұлғайту, сондай-ақ олардың тиiмдi
пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.
Магистратураны бітірушiлерге "магистр" академиялық дәрежесi берiледi.
Магистрлердiң докторантурада оқуын жалғастыруға немесе ғылыми-педагогикалық және
өзге де еңбек қызметімен айналысуға құқығы
бар.
Докторантура жоғары бiлiктi ғылыми және
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы бiлiм беру деңгейi
болады.
Докторлық бағдарламалар бойынша оқу
мерзiмi кемiнде 3 жыл.
Докторантура
бағдарламасын игерген және докторлық диссертация қорғаған адамдарға философия
докторы (Рh.D) академиялық; бейiндiк докторантураны игерген кезде - бейiнi
бойынша доктор (медицина, музыка, бiлiм беру, құқық және т.б.) дәрежесi
берiледi.
Ph.D докторантурасына аспирантура,
адъюнктура, iзденушiлiк, шығармашылық демалыстар беру, дәстүрлі докторантура
және ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлаудың барлық басқа да нысандары
қамтылады.
Докторлық бағдарламалар оқу мен
зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңдестіктi, кең ауқымды ғылыми, бiлiм беру
және әдiснамалық даярлық алуды, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердiң
академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етедi.
Бiлiм
мен ғылымның ықпалдасуы мынадай бағыттарда
жалғастырылады:
ресурстарды басым ғылыми
бағыттарға шоғырландыру;
жоғары оқу
орындарында оқу-ғылыми ұйымдарын, ғылыми зертханаларды және ғылыми ұйымдарда
жоғары оқу орындары кафедраларының филиалдарын, технопарктердi
құру;
ғылыми бағдарламалардың әкiмшiлерi болып
табылатын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулердi бiрлесiп
жүргізуi.
Педагог
кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктілiгiн
арттыру
Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау
саласында:
жетекшi университеттер базасында
жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру
және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi
дамыту;
педагог мамандықтарының бiлiм беру
бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн
жасау;
педагог кадрларды даярлау
бағдарламаларына оқытудың бҮкiл жылдары бойы үздiксiз педагогикалық және
психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;
екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде
мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән
мұғалiмдерiн қайта даярлау;
болашақ мұғалiмдер
үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға
дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;
12
жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк
бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар
даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың,
мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн
әзiрлеу;
педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың
және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн
жетiлдiру;
бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту
технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып,
мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың
бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;
білім
беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша
даярлауды жүзеге асыру;
жоғары оқу орындары
арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік
жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау
көзделедi.
Мектепке дейінгі ұйымдар үшiн
педагог кадрларды даярлау кезiнде қосымша мамандандыру мүмкiндігі көзделетiн
болады: мектепке дейiнгi жастағы балалармен жұмыс жөнiндегi
педагогика-психология, мектепке дейiнгi бiлiм беру менеджментi, мектепке дейінгі
жастағы балалар үшiн шетел тiлi, қосымша бiлiм беру
педагогикасы.
Бiлiм беру бағдарламалары
инновациялық педагогикалық технологияларды, iзденушiлiк, зерттеушiлiк және
шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту
технологияларын меңгерген көп тiлдi мұғалiмдi даярлауға бағдарланатын
болады.
Білім
берудi ақпараттандыру
Ақпараттандыру блогын iске асырудың негізгі
бағыттары:
АКТ-ны оқу процесiне енгізу
жөнiндегі нормативтiк құқықтық базаны
жетiлдiру;
компьютер техникасымен қамтамасыз
етiлудiң әлемдiк көрсеткiштерiне (1 компьютерге келетiн оқушылардың саны -
10-15) қол жеткiзу үшiн орта бiлiм беру ұйымдарын одан әрi
компьютерлендiру;
орта бiлiм беру ұйымдарын
Интернет желiсiне қосу;
бiлiм берудiң барлық
деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын әзiрлеу және
енгiзу;
өңiрлерде бiлiм беру ақпараттық
ресурстар орталықтарын және министрлiктiң бiлiм беру порталын
құру;
орта бiлiм беру ұйымдарын бiлiм беру
бағдарламаларына сәйкес электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз
ету;
мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк
ортасы негiзiнде порталды және өңiрлердiң ресурстар орталықтарын
бiрiктiру;
бiлiм беру ұйымдарының мониторинг,
талдау және басқару ақпараттық жүйесiн енгізу.
Аталған бағыттарды iске асыру оқу процесiне ақпараттық коммуникациялық
технологияларды енгізу және бiлiм беру жай-күйiнiң мониторингі мен оны талдаудың
дәйектi деректерi негізiнде басқарушылық шешiмдер қабылдау есебiнен бiлiм беру
сапасының деңгейiн арттыруды қамтамасыз етедi.
Бiлiм
беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiнiң мiндеттерiн (бұдан әрi - БСБҰЖ)
iске асыру үшiн:
бiлiм беру сапасын
институционалдық бағалау оның барлық деңгейлерi бойынша жүзеге
асырылады;
бiлiм беру сапасын, оқитындардың
оқудағы жетiстіктерiн iшкi және сыртқы бағалау рәсiмдерi
енгізiледi;
бiлiм беру индикаторларының жүйесi
әзiрленедi;
оқитындардың оқудағы
жетiстіктерiнiң деңгейiн анықтайтын стандартталған бағалау құралдары мен
аспаптары жетiлдiрiледi;
бiлiм беру сапасын
бағалауды жүзеге асыратын инфрақұрылым
құрылады;
бiлiм беру ұйымдарының басшы
лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары
көтерiледi.
Бiлiм беру ұйымдарын сыртқы
бағалау үшiн лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, дәрежелеу,
орталықтандырылған тестілеу және тiкелей мониторингтік зерттеулер рәсiмдерi
көзделедi.
Iшкi бағалау өзiн-өзi бағалау
(өзiн-өзi аттестаттау), үлгерiмдi ағымдағы бақылау, бiлiм беру ұйымдарында
жүзеге асырылатын, оқитындардың оқудағы жетістiктерiн бағалау нысанында
көзделедi.
Оқитындарды орталықтандырылған
тестiлеу бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң мемлекеттік жалпыға мiндеттi
стандарттарына сәйкес әзiрленетiн стандартталған тапсырмалардың базасында
өткiзiлетiн болады.
Оқитындардың оқудағы
жетiстіктерiн орталықтандырылған тестiлеу нысанында мемлекеттiк бақылау жалпы
орта бiлiм берудiң әрбiр сатысын (4 сынып, 9 (10) сынып, 11 (12) сыныптар)
аяқтағанда, колледждер мен жоғары оқу орындарының бiтірушi курстарында
өткiзiлетiн болады.
БСБҰЖ-ның жұмыс iстеуiне
тиiстi инфрақұрылым қолдау көрсететiн болады.
Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттары ұлттық орталығы (БТМСҰО)
оқитындардың оқудағы жетiстіктерiн барлық бiлiм беру деңгейлерi мен сатыларында
орталықтандырылған тестілеу нысанында сыртқы бағалауды жүргiзедi, әдiснамалық,
технологиялық, техникалық сүйемелдеудi қамтамасыз етедi, мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi бiлiм бұру стандарттарын және бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады,
бiлiм беру стандарттарының мазмұнын әзiрлеу үшiн ғылыми, әдiснамалық және
әдiстемелiк база құрады.
Бiлiм беру сапасын
бағалаудың ұлттық орталығы (БСБҰО) бiлiм беру жүйесi жай-күйiнiң мониторингін
жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында бiлiм беру саласын дамыту стратегиясын
әзiрлеуге қатысады, сапаны талдауды және бағалауды жүзеге асыру үшiн
статистикалық дерекқор жасайды, ақпараттық ресурстарды бiлiм беру саласының
бiрыңғай мониторингі жүйесiне бiрiктiредi және Қазақстан Республикасында бiлiм
берудiң жай-күйi туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы
дайындайды.
Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО)
жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеудi және кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын аккредиттеудi жүргізедi, сапаны бағалауды Болон процесiнiң
шарттарымен үйлестіру үшін аккредиттеудiң келiсiлген өлшемдерi мен рәсiмдерiн
әзiрлейдi, шетелдiк бiлiм беру ұйымдары берген бiлiм туралы құжаттарды тану және
нострификаттау рәсiмдерiн жүзеге асырады, сапаны қамтамасыз ету жөнiндегі
халықаралық бағдарламаларға қатысады.
Сертификаттау, сапа менеджментi және консалтинг орталығы (ССМКО) 9000 және 14000
сериялы ISO стандарттарының негізiнде сапа менеджментi жүйелерiн жоғары оқу
орындарына енгізудi және сертификаттауды, сапа менеджментi саласында
оқу-әдiстемелiк және нормативтiк құжаттаманы әзiрлеудi жүзеге
асырады.
Республикалық бiлiктiлiктi беру және
қуаттау орталығы (РББҚо) жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызметтер көрсету
еңбегi мамандарының кәсiби даярлығын, олардың бiлiктілiгiн берумен қуаттауды
бағалауды тәуелсiз жүргізедi.
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру
көздерi
Қазақстандық бiлiм берудiң жаңа моделiне көшуге жағдай жасау үшiн экономикалық
негіздi нығайту қажет. Бағдарламаны iске асыруға қажеттi қосымша шығыстардың
жалпы сомасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 812,0 млн. теңгенi құрайды
(8-кесте).
8-кесте
(млн.теңге)
___________________________________________________________________
|
2005 |
2006 | 2007 | 2008 |
2009
| 2010 |Барлығы
___________________________________________________________________
Респу.
бликалық
бюджет
23379,8 34036,9
32150,8
26216,8
29484,4
30501,1
175769,8
Жергі.
лікті
бюджет
18022,4 19477,3
21705,1
31552,5
32115,6
32169,3
155042,2
Мемле.
кеттік
бюджет
41402,2 53514,2
53855,9
57769,3
61600,0
62670,4
330812,0
___________________________________________________________________
Бағдарламаны 2006-2010 жылдары қаржыландыру көлемi тиiсті қаржы жылына арналған
республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлаған кезде нақтыланатын
болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан
күтiлетін
нәтижелер және оның
индикаторлары
Бағдарлама кезең-кезеңiмен iске асырылатын
болады.
Бiрiнші кезең (2005-2007
жылдар)
Өңiрлiк деңгейде білім берудi
басқарудың бiрiзділік жүйесi құрылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесiнде әйелдерге жұмыс iстеуге мүмкiндiк
беретiн және әлеуметтік жағынан қорғалмаған әрi тұрмысы төмен отбасыларға қолдау
көрсететiн әлеуметтiк институт ретiнде мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдарын
дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық база және ғылыми-әдiстемелік негіздер
әзiрленетiн болады.
Кәсiпорындарға жеңiлдiкпен
салық салу, ауылдық мектептерде көп функционалды бiлiм беру ұйымы ретiнде
"мектеп - балабақша" кешендерiн құру мақсатында оларды қайта құрылымдау жөнiнде
нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленетiн, сондай-ақ "Мектепке дейiнгi балалық
шақ" республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылатын
болады.
Балабақшалар салу және бiлiм беру
ұйымдарының базасында мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебiнен мектепке
дейiнгi ұйымдар желiсi кеңейедi.
Арнаулы бiлiм
беру жүйесiнде:
мүмкiндiктерi шектеулi
балаларды қамту кеңейтiледi;
арнаулы түзеу
бiлiм беру ұйымдарының желiсi сақталады және
кеңейтiледi;
мүмкiндiктерi шектеулi балаларды
есепке алудың бiрыңғай нысаны жасалатын
болады;
мүмкiндiктерi шектеулi балалардың
кәсiпке дейінгі және кәсіптiк даярлыққа қол жеткiзуi
кеңейедi.
Қосымша бiлiм беру
жүйесiнде:
кәмелеттік жасқа толмағандардың
сабақтан бос уақытта iспен шұғылдануы артады;
оқушылардың қызығушылықтарына қарай бiрлестiктерге қатысуы
артады;
жат мiнез-құлықты балалардың саны
азаяды.
Орта бiлiм
беруде:
12 жылдық оқытуға көшудiң нормативтiк
құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлары
жасалады;
"Оқулық" ғылыми-әдiстемелiк орталығы
құрылады;
сыртқы ағымдағы және қорытынды
бағалау жүйесi құрылады;
оқытуды ұйымдастыру
қағидаттары мен оқушының бiлiм-бiлiктi және дағдыны енжар "алушы" рөлi бiлiм
беру процесiнiң белсендi субъектiсiне
өзгередi;
мектептегі оқытудың күтiлетiн
нәтижелерiн және мониторинг деректерiнiң негізiнде оларға қол жеткiзу жолдарын
талқылау процесiне күллi жұртшылықты тарту жүйесi
құрылады;
аудандық бiлiм бөлiмдерi жанындағы
әдiстемелiк кабинеттердi қалпына келтiру арқылы әдiстемелiк қызмет
жетiлдiрiледi;
оқытудың жаңа педагогикалық,
ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологиялары енгiзiлетін
болады.
Жыл сайын 54 мың педагог, оның iшiнде
31 мыңы мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен бiлiктiлігін арттырудан өтетiн
болады.
Ауылдық аумақтарды дамыту
мемлекеттік бағдарламасының шеңберiнде ауыл мектептерiн салу жүзеге
асырылатын болады. Бұдан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалалық
жерлерде қосымша 2005 жылы 7 мектеп, 2006 жылы 8 мектеп және 2007 жылы 11 мектеп
салу жүзеге асырылатын болады.
Көру
қабiлетiнде ақауы бар балаларға арналып 2005-2007 жылдары екi мектеп-интернат
салынады, бұл 500 мұқтаж баланы оқытумен қамтуға мүмкiндiк
бередi.
2005 жылы - 780, 2006 жылы - 880, 2007
жылы - 970 бiлiм беру объектісiн жөндеу
көзделедi.
2005 жылы - 2746, 2006 жылы - 1628,
2007 жылы - 1864 бiлiм беру ұйымдары лингафон және мультимедиа кабинеттерiмен
қамтамасыз етiледi, бұл оқушылардың тiлдiк дайындығын жақсартуға әсерiн
тигізедi.
Түзеу бiлiм беру ұйымдары мүгедек
балаларды оқыту үшiн арнайы техникалық және компенсаторлық құралдармен
қамтамасыз етiледi.
Мектептен тыс ұйымдардың
желiсiн ұлғайту балаларды қосымша бағдарламалармен қамтуды 20-25%-ға дейiн
жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Мұндай шара кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс
бос уақытында iспен шұғылдану проблемасын шешуге және жат мінез-құлықты балалар
мен жасөспiрiмдердiң санын азайтуға
көмектеседi.
Кәсiптiк бiлiм
беруде:
кәсiби кадрларды даярлауды
ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың нормативтік құқықтық негізi
жасалады;
еңбек нарығы мен қоғамның
қажеттіктерiн қанағаттандыру үшін кәсіптік бiлiм берудiң қол жетiмдiлігі мен
беделi өседi (техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқуын
жалғастыратын мектеп бiтірушiлердiң үлесi кемiнде 30%-ды
құрайды);
техникалық және кәсiптiк бiлiм беру
жүйесiнiң жұмыс берушілермен әрi шағын және орта бизнес субъектiлерiмен
байланысы нығаяды, әлеуметтiк серiктестік субъектілерiнiң ынтымақтастығының
тиiмдiлігі артады;
жұмыс берушiлер мен
МЖБС-ның қазiргі талаптарына сәйкес келетін жаңа оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиет,
оқыту құралдары жасалады;
кредиттік оқыту
жүйесi енгiзiледi, техникалық және орта бiлiмнен кейінгі кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын жоғары бiлiм бағдарламаларымен үйлестіру қамтамасыз
етіледi;
бiлiм беру процесiнде АКТ-ны қолдану
кеңейедi;
техникалық және кәсiптiк бiлiм
беретiн оқу орындарында компьютерлер саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу
арақатынасына дейiн жеткiзiледi;
жас
мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оларды қайта даярлау (мақсатты
келiсiмшартпен даярлауды дамытуды қоса алғанда), кәсiптiк жолын өзі таңдауына,
оның iшiнде жеке iсiн ашуға дайындықты қалыптастыру жүйесi
жасалады;
техникалық және кәсiптік бiлiм
беретiн мемлекеттік оқу орындарының материалдық-техникалық базасы
нығайтылады;
жұмысшы кадрлар мен техникалық
және қызмет көрсету еңбегі мамандарының кәсiптiк даярлығын бағалауды, оларға
бiлiктiлiктi беру және қуаттаудың тәуелсiз жүйесi
құрылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі бiлiм беру жүйесiнде Қазақстанның Болон процесіне қосылуына жағдай
жасалатын болады.
Жоғары оқу орындарының
кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуiне қойылатын бiлiктiлiк
талаптарын көтеру нәтижесiнде азаматтық жоғары оқу орындарының және олардың
филиалдарының желiсi ретке келтiрiледi.
Жыл
сайын жоғары оқу орындары үшiн саны 100-гe жететiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
құралдар және оқу-әдiстемелiк кешендер әзiрленетiн болады (әрi оның 30 %-ға
жуығы мемлекеттік тiлде), 300-ден астам шетелдiк оқу әдебиеттерi, оның iшiнде
магистратураның жаңа бiлiм беру бағдарламаларының пәндерi және Ph.D докторлық
бағдарламалары бойынша сатып алынады. Оқу әдебиетi неғұрлым басыңқы, ең алдымен
техникалық, технологиялық, аграрлық, ветеринарлық және педагогикалық
мамандықтарға бөлiнетiн болады.
Аспирантураны,
дәстүрлi докторантураны Ph.D докторантурасына кезең-кезеңiмен өзгерту және
кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесiне (бакалавриат - магистратура -
докторантура) толығымен көшу жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламалар бойынша
магистратураға жыл сайын мемлекеттiк тапсырыспен қабылдау 2500-ден астам адамды
құрайтын болады, Ph.D докторантурасына - 100 адам. Аккредиттелген докторлық
бағдарламалары бар жетекшi шетелдiк жоғары оқу орындарымен серiктестiк
қарым-қатынаста Ph.D докторларын даярлау жөнiнде 5 жоғары оқу орнының базасында
орталықтар құрылатын болады. Шығыс Еуропаның, Ресейдiң таңдаулы жоғары оқу
орындарына кәсiптiк жоғары бiлiм беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның 3 мың
азаматы жыл сайын жiберiлетiн болады.
Мыналар:
жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білiм беру бағдарламалары жаңартылады, пәндiк бiлiмнiң iргелiлiгi, кең
бейiндiлігі, оларды меңгеру мен қолданудың шығармашылық деңгейi қамтамасыз
етiледi;
студенттердiң белсендi өзiндiк
жұмысы, оқыту бағытын жеке таңдауы, оқитындардың, оқытушылардың академиялық
ұтқырлығы үшін жағдай қамтамасыз етіледi;
сапа
менеджментi жүйесi енгiзiледi, жоғары оқу орындарының кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын аккредиттеу үшiн жағдай
жасалады;
жұмыс берушiлердiң және басқа да
әлеуметтік серiктестердiң жоғары бiлiм беру проблемаларын шешуге, оның iшiнде
қазiргі заманғы бiлiктiлiк талаптарымен сәйкес келетін бiлiм стандарттарын
әзiрлеуге, мамандар даярлауға тапсырысты түзуге, студенттердiң өндiрiстiк
практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыруға қатысуы қамтамасыз
етiледi;
неғұрлым дайындалған жастарды iрiктеу
мақсатында студенттер контингентiн қалыптастыру тетiгi
жетiлдiрiледi;
білім беру гранттарының санын
ұлғайту және студенттердi оқытуды кредиттеудiң жаңа моделiн жасау арқылы жоғары
бiлiмге қол жеткiзу деңгейi арттырылады;
сабақтастықты күшейту, үздiксiздiкті қамтамасыз ету, сондай-ақ бiлiм беру және
ғылыми компоненттерiн, магистратураның және Ph.D докторантураның бiлiм беру
бағдарламаларын оңтайлы ұштастыру арқылы жоғары бiлiктi ғылыми-педагог кадрларды
даярлаудың тиiмдiлiгi артады, сапасы жақсарады, мерзiмi қысқаратын болады, олар
жастардың ғылымға келуiне жағдай жасайды;
жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға қойылатын лицензиялау, аттестаттау,
аккредиттеу талаптарына, оның iшiнде Ph.D дәрежесiне ие кадрлардың болуы
мiндеттi саналатын бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгізiледi;
Ғылыми ұйымдардың басшылары,
мамандары және басқа қызметшiлерi лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына,
қызметкерлерi лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiледi;
ғылым кандидаттары
мен докторларының дәстүрлi дипломдарының және Ph.D дипломдарының қатар танылуына
кепiлдiк беретiн тетiк жасалады;
таңдаулы
(элита) жоғары оқу орындарын дамыту үшін жағдай
жасалады.
Жетекшi университеттердiң базасында
жоғары оқу орнының оқытушыларын қайта даярлау және бiлiктiлігін арттыру
орталықтары жұмыс жасайтын болады. Осы орталықтарда бiліктiліктi арттыру
бағдарламаларымен 10,3 мыңнан астам педагог
қамтылады.
Бағдарламаның орындалуы нәтижесiнде
бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық ортасының негiздерi қаланатын болады,
ол:
білім берудi дамытуды ақпараттық және
ғылыми-әдiстемелік қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесінің негіздерiн
қалыптастыруға;
бiрыңғай көлiк ортасы
негiзiнде бiлiм беру объектілерi мен процестерiн тиiмдi басқару үшiн салалық
ақпараттық жүйе құруға;
ауыл мектептерiн қоса
алғанда, бiлiм беру ұйымдарында аталған мекемелердiң жалпы бiлiм беру
ресурстарына қол жеткiзуiн ұйымдастыру, жоғары бiлiктi педагог кадрларды ұтымды
пайдалану, әрбiр бiлiм беру ұйымы үшiн жаңа АКТ саласында мамандарды даярлау
арқылы бiлiм беру ұйымдарында оқыту сапасын
арттыруға;
2005 жылдың соңына дейiн республика
мектептерінің 75%-ын Интернетке қосуға;
2007
жылы мектептердегі компьютерлер санын 35 оқушыға 1 компьютер арақатынасына дейiн
жеткiзуге;
қазiргi заманғы электрондық оқулық
басылымдарын әзiрлеуге және оқу процесiне енгізуге, жалпы бiлiм беретiн
мектептiң негізгі пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын
ұйымдастыруға және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кiрiктірудi жүзеге
асыруға;
республиканың жоғары оқу орындары мен
өңiрлерiнде бiлiм берудiң ақпараттық pecурстap орталықтарын
құруға;
барлық деңгейдегі бiлiм беру
мекемелерiнiң оқытушыларын әдiстемелiк қолдау жүйесiн құруға, жаңа АКТ саласында
педагог, әкiмшiлiк және инженер-техник кадрларды даярлауды және қайта даярлауды
жүргiзуге;
қашықтан оқыту технологиялары мен
АКТ-ны қоса алғанда, ашық бiлiм беру саласында стандарттау жөнiнде нормативтiк
құжаттар базасын құруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм беру статистикасын жетiлдiру статистикалық деректерге, бiлiм беру сапасы
туралы ақпаратқа негізделген Қазақстан Республикасында бiлiм беру мониторингінiң
жаңа жүйесiн құруға ықпал етедi.
Бiлiм беру
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi бiлiм сапасын кешендi емтихандар арқылы
бағалауға, бiлiм беру сапасы мониторингінiң ұлттық жүйесiн әзiрлеуге мүмкiндiк
бередi. Бiлiм беру сапасын сыртқы және iшкi бағалаудың объективтi құралдары
жасалып, бiлiм беру ұйымдарын кезең-кезеңiмен дәрежелеу енгізiлетiн болады.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi бiлiм беру жүйесiнiң тиiмділiгі
туралы нақтылы ақпарат алуға, бiлiм берудi дамыту стратегиясын жоспарлауға,
жергілiкті атқарушы органдардың, бiлiмдi басқару жергілiктi органдарының оқыту
нәтижелерi үшiн жауапкершiлiгін арттыруға, бiлiм беру процесiне қатысушыларды
үздiксiз оқытуға негізделуiн қамтамасыз етуге, жағымсыз нәтижелердi болдырмау
жөнiнде шаралар қолдануға мүмкiндiк бередi. әрбiр оқу жылының нәтижелерi бойынша
бiлiм берудiң жай-күйi туралы ұлттық баяндама жарияланатын
болады.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық
орталығы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Сертификаттау, сапа менеджментi және
консалтинг орталығы, Республикалық бiлiктiлiктi беру және қуаттау орталығы өз
қызметтерiн бастайды.
2005-2006 жылдары
Қазақстан PISA зерттеулердiң халықаралық бағдарламасы шеңберiнде оқитындардың
нақты жетiстiктерiн салыстырмалы талдауға қатысатын
болады.
Екінші кезең (2008-2010
жылдар)
Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру,
жинақталған тәжiрибенi, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету
басталады.
Балаларға үш жастан бастап мiндетті
бiлiм беруге бiртiндеп көшу есебiнен мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың барлық
нысандарына ортақ қол жеткiзу үшiн жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейінгі
тәрбие жүйесiнiң әлеуетi мен ресурстары:
1) 23
мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымдардың
құрылысы;
2) бiлiм беру ұйымдарының базасында
20 мың орындық 800 мектепке дейiнгi шағын орталықтар
құру;
3) мүмкiндiктерi шектеулi балаларды
мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiне тарту үшiн 380 түзеу және инклюзивті бiлiм
беру кабинеттерiн ашу есебiнен артады.
Бес
жастағы балалардың 75 %-ы жақсартылған оқу-әдiстемелiк, кадрлық және
материалдық-техникалық базасы бар "мектепалды" институтымен қамтылатын
болады.
Атаулы әлеуметтiк көмек алатын тұрмысы
төмен отбасыларын бiлiм беруде қолдау жүйесi балалардың 30 %-ын мектепке дейінгі
бағдарламалармен қамту есебiнен құрылатын
болады.
Орта бiлiм беру
жүйесiнде:
12 жылдық орта бiлiм беруге көшу
жүзеге асырылады;
нәтижеге бағдарланған
мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті бiлiм беру стандарттары
әзiрленедi;
кәсiби кадрларды даярлауды
ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын тартудың заңнамалық базасы
жасалады;
кәсiптік бiлiм беру
бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны
өзгередi;
техникалық әрi кәсiптiк бiлiм беру
ұйымдарының жеткiлiктi желiсi құрылады және модельдерi жетiлдiрiлетiн
болады.
Дамуында ауытқулар бар балалардың
бiлiм алуына, оларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеуге қолдау
көрсетуге және олардың қоғам өмiрiне етене араласуына басқалармен тең жағдайлар
жасалады, кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта iспен шұғылдану
проблемалары шешiледi, балалардың шығармашылық мүмкiндiктерiн iске асыруға
жағдайлар жасалады.
Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде бакалаврлық, магистрлiк, докторлық
бағдарламалар және оқытудың кредиттік жүйесi бойынша жоғары бiлiкті кадрларды
даярлауға толығымен көшу жүзеге асырылатын болады. Басымдықты мамандықтар
бойынша кадрларды даярлауға арналған бiлiм беру гранттарының саны артатын
болады. Профессор-оқытушы құрамының дәреже иеленуiнiң орташа көрсеткiшi 40%-ға
жетедi. Тұтас алғанда, бұл кезеңде жоғары бiлiм берудiң желiсi кеңейiп,
көрсеткiштерi тұрақталады.
Жоғары оқу
орындарында сапа менеджментi жүйесiн, институционалдық бағаны және шетелдiк
жетекшi аккредиттеу агенттіктерiнiң талаптары деңгейiнде кәсiптiк бiлiм беру
бағдарламаларын аккредиттеудi енгiзумен Болон декларациясының негізгi
қағидаттарын iске асыруға және ДҮниежүзiлiк сауда ұйымының шарттарына
сәйкестiкке қол жеткiзiледi.
Қазақстан TIMSS,
CIVIC, SITES, LES халықаралық зерттеулер шеңберiнде оқитындардың нақты
жетiстіктерiн салыстырмалы талдауға, жоғары бiлiм беруде сапаны қамтамасыз ету
жөнiндегі ENQA, INQAAHE және басқа да агенттiктердiң халықаралық желiлерiне
қатысатын болады.
Мониторинг деректерiнiң,
бiлiм берудiң жай-күйi туралы ұлттық баяндаманың, бiлiм беру ұйымдарын дәрежелеу
нәтижелерiнiң негізiнде түрлi кәсiптерге сұраныс, әр түрлi бiлiм беру
ұйымдарында, өңiрлерде бiлiм беру қызметтерiнiң болуы және оның сапасы туралы
қоғамды хабардар ету жүйесi құрылатын болады, бiлiм берудi дамыту стратегиясы
әзiрленедi.
Бiлiктiлiктi арттыру институттары
бiлiм берудi дамыту орталықтарының мәртебесiне
өтедi.
2010 жылдың соңына қарай мектептердегi
компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетiн арақатынасқа жеткiзiлетiн
болады.
Бiлiм беруді қаржыладырудың жаңа
тетіктерi әзiрленетiн болады.
Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2010 жылға дейiнгi мемлекеттік
бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн
қазақстандық жүйесi қалыптасып, қазiргi әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына
мүмкiндiк беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалы биiк деңгейiне қол
жеткiзiлетін болады.