Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 5
қаңтар N 534
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы
етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң
2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар
жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаның орындалу
барысы туралы кемiнде жарты жылда бiр рет баяндап отыратын болсын.
3. Осы Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентiнiң әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы
N 534 Жарлығымен Бекітілген
|
Бағдарламаның атауы |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы |
|
Бағдарламаны әзiрлеу үшін негіздеме |
"1999-2005 жылдарға арналған Ұлттық қауiпсiздiк
стратегиясын іске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспары туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124 өқ
қаулысы |
|
Бағдарламаның үйлестiрушiлерi |
Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң әкiмшiлігі |
|
Бағдарламаның негізгі әзiрлеушілерi |
Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Экономикалық
қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегі бөлiмi, Бас Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетi, Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiк, Iшкi iстер
министрлігі, Әдiлет министрлiгi, Мемлекеттiк кiрiс министрлігі, Қорғаныс министрлігі,
Сыртқы iстер министрлігі, Бiлiм және ғылым министрлігі, Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ұлттық банк, Экономика және сауда
министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Стратегиялық
жоспарлау жөнiндегi агенттiк, Әдiлет министрлiгiнiң Нашақорлыққа және
есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттігі, Сыртқы iстер министрлігінiң
Инвестиция жөнiндегі комитетi, Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
сатып алу жөнiндегі комитетi, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi
қолдау және шағын бизнестi қорғау жөнiндегі агенттiк |
|
Бағдарламаны iске асырудың мерзiмдерi мен кезеңдерi |
- 2001-2005 жылдар: |
|
Бағдарламаны қаржыландыру көздерi |
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары,
халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң ресурстары |
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi
- Бағдарлама) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын ,
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын және Қазақстан Республикасының 2005 жылға дейiнгi ұлттық қауiпсiздiк
стратегиясын iске асыруға бағытталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттiк саясат
мәртебесi берiлген кезден бастап оны жүзеге асыру жөнiндегi ұйымдастырушылық
және құқықтық жұмыс жалпы жүйелi әрi кешендi сипатқа ие бола бастады. Осы
Бағдарлама бұрынғылардың қисынды жалғасы бола отырып, бiрiнші кезекте, сыбайлас
жемқорлықты туғызатын жағдайларды, ең алдымен экономикалық салада, анықтау мен
оларды жоюдың тиiмдiлiгін одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды көздейдi.
Бағдарламаны iске асыру:
пәрменділік пен нәтижелiлiк,
iске асырушылық (орындаушылық),
атаулы бағыттылық (жауапкершiлiк),
сабақтастық,
тұрақтылық,
кешендiлiк,
жүйелілік сияқты негiзгі принциптердi сақтай отырып, ұйымдастыру
iс-шараларының кең ауқымды кешенiн әзiрлеу мен орындауды көздейдi.
Бағдарламада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттiк
органдардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам институттарының да
жауапкершiлiгiн арттыруға мән берiлiп отыр.
Бұл жұмыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттiк
саясатты iске асырудың барысын кеңінен және объективтi көрсету, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңдарды белсенді насихаттау мен түсiндiру, қоғамда
қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк ахуалын қалыптастыру мiндетiн
атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарына айрықша рөл берiлiп отыр.
~Z990453 ~U990321 ~U973731 ~U984157 ~U000377 ~U920684
Аталған проблеманы шешуде билiктiң барлық тармақтары мен азаматтық
қоғам институттарының әлеуметтiк әріптестігі елдегi сыбайлас жемқорлықты күрт
төмендетуге, қоғамның моральдық ұстындарын сауықтыруға бағытталуға тиiс.
Мемлекет Қазақстанда өркениеттi қоғамды орнатуға жәрдемдесетiн
халықаралық ұйымдардың көмегіне сүйенеді.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2005 жылға дейiнгi ұлттық
қауіпсiздік стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарымен, қылмысқа
қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасымен қатар iске
асырылатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес саласындағы мақсатты мемлекеттiк саясат қоғамның мұндай
көрiнiстерге ымырасыздығымен қосылып, аталған проблемаға қозғау салды.
Құқық қорғау мен арнаулы органдардың функцияларын ажырату әрi
нақтылау, олардың құрылымдарын оңтайландыру олардың қызметiндегi тежеулер мен
қарсы әсерлер жүйесiн жетiлдiру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылған
қызметкерлердiң кәсiби өсуiне, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн
сақтауға көмектестi.
Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердiң сақтандыру және
алдын алу шараларын күшейтуi сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрi шабуылға
шығуға мүмкіндiк туғызды. Сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейдегi көрiнiстерiн
белгілі бiр дәрежеде төмендетуге қол жеттi.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын, мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың сыбайлас жемқорлыққа
қарсы нормаларын iске асыру мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiбiн нығайтуға
мүмкiндiк туғызды. ~U990321
Сыбайлас жемқорлықтың көрiнiс беруiне қоғамның төзбеушiлiгiнiң
өскенi байқалады. Азаматтық қоғам институттары мен жұртшылық сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметке барған сайын көптеп тартылуда.
Елеулi саяси, экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға әкеп
соғатын ең қауiптi құбылыстың бiрi бола отырып, сыбайлас жемқорлық серпiнi
Қазақстанда бәсеңдеуге айналды.
Сонымен бiр мезгілде, мемлекеттiк саясаттың бұл бағыттағы оң
үрдiстерiмен қатар шешiлмеген проблемалардың да бар екенi байқалады.
Бiрiншiден, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау сыбайлас жемқорлық арқылы құқық
бұзушылыққа қарсы күрестiң бастапқы кезеңінде оң серпiлiс бердi. Алайда соңғы
екi жылдағы құқық қолдану практикасы, әсiресе экономикалық процестерді,
шаруашылық субъектiлерінің қызметiн құқықтық реттеу саласында бiрқатар жаңа
заңдар қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң құқықтық базасын
жетiлдiруге бағытталған қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу қажеттігін көрсеттi.
Екiншiден, кең өрiстетiлген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
белгiлi бiр дәрежеде төменгi деңгейдегi сыбайлас жемқорлықтың туындауын
қысқартты. Алайда мемлекеттiк қызметшiлердiң неғұрлым биiк деңгейлерi - жоғары
және орта буындары мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданып жүрген
шараларымен қамтудан әлi де тыс қалып отыр.
Мемлекеттiк органдарды қайта құрудың өзiн ақтамаған практикасы,
белгiлi бiр басшының "командасын" жасақтау негiздерi бойынша кадрларды
бей-берекет ауыстыру "уақытша адам" таптаурынын туғызады, сөйтiп
сыбайлас жемқорлықтың белең алуына жағдай жасайды.
Осыған байланысты мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру мен мемлекеттiк
қызметшiлердi iскерлiк пен кәсiптiк қасиеттерiне қарай қабылдап, жылжыту
принциптерiн енгiзу жөнiнде қосымша шаралар кешенi талап етiледi.
Yшiншiден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң бастапқы кезеңінде
мемлекеттiк органдардың қызметi оның зардаптарына қарсы күреске бағытталған
болатын. Көп күш-жiгер сыбайлас жемқорлықтың себептерi мен жағдайларын жою
жөнiндегi жүйелi жұмысқа емес, оның жекелеген көріністерiнiң жолын кесуге
жұмсалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң аталған кезеңінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шаралардың орта мерзiмдiк бағдарламасында, ең алдымен
экономика саласында, сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды анықтау мен
оның шеңберiн тарылтуға бағытталған кең ауқымды әрi нақты iс-шаралар көзделуге
тиiс.
Төртiншiден, материалдық-техникалық жабдықтаудың нашарлығы, құқық
қорғау органдары мен сот қызметкерлерiнiң әлеуметтiк және құқықтық қорғалуының
жеткiлiксiздігі, олардың өз қатарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейiнiң
жеткiлiктi жоғары болуы, басқа факторлармен бiрге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
бағдарламаның iске асырылуын белгiлi бiр дәрежеде тежеп отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тiкелей қатысушы тәуелсiз сот
жүйесi мен құқық қорғау органдарын едәуiр нығайту қажет.
Бесiншiден, азаматтық қоғамның мемлекеттiк билiк органдарына
сенiмінiң аздығы, халықтың құқықтық бiлiм деңгейiнiң төмендiгiнен оның
әлеуметтiк белсендiлiктiң төмен болуы заңдар мен өзге де нормалардың нашар
орындалуын ғана туғызып қоймай, қоғамдағы құқықтық мәдениетпен қоса құқықтық
жауапкершілiктiң дамуын да тежейді, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын кеңінен
қолдану дәстүрiнiң тамырлануына жәрдемдеспейдi. Осының салдары ретiнде
төмендеген құқықтық иммунитет сыбайлас жемқорлық көріністерiнен халықтың жаппай
жерiнуiн қалыптастыра алмай отыр.
Елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы туралы халықты тұрақты
хабардар етiп отыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты
насихаттау, арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын енгiзу қоғамның сыбайлас
жемқорлықтың көрiнiс беруiне төзбеушілiк көзқарасын қалыптастыруға, билiк
институттарына сенiмiнiң артуына жәрдемдесуге тиiс.
Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiнде
шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл тетiктерiн
жетiлдiруге бағытталған қосымша күш-жiгер жұмсау қажет. Халықаралық
ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары: заңдардың негіздерiн жақындастыру, құқық
қорғау саласында өзара iс-қимыл, әрiптестiк көмек болуға тиiс.
Бағдарламаның басты
мақсаты:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиiмдi бiрыңғай мемлекеттiк
саясат жүргiзу;
сыбайлас жемқорлық деңгейiн, мемлекет пен жеке адам өмiрiнiң
барлық саласындағы оның көрiнiс беруiн төмендету;
қоғамның мемлекет пен оның институттарына деген сенiмiн нығайту;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша халықаралық
ынтымақтастықты тереңдету.
Мақсатты iске асыру үшiн мынадай басым мiндеттердi шешу көзделедi:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiмдi құқықтық базасын
қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды жою үшiн мемлекеттiк
қызметтi жетiлдiру;
мемлекеттiк органдардың экономикаға ең алдымен олардың рұқсат
берушiлiк функцияларына қатысты бөлігінде, тiкелей араласуын қысқарту;
мемлекеттiк экономикалық саясат тетiктерiнiң барынша ашық болуына қол жеткiзу;
сыбайлас жемқорлықтың көзi - "көлеңкелi экономикаға"
қарсы iс-қимыл әрекет жөнiнде батыл шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
құқық қорғау органдары мен сот жүйесiн нығайту;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттiк саясатты насихаттау мен
iске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң рөлін
арттыру;
мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына халықтың қалың
жiктерiнiң қатысуын қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық ұйымдармен
әлеуметтiк серiктестiктi күшейту.
Экономикалық
процестердi реттеудiң түрлi саласын қамтитын әрi сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестiң қажеттi құралдарын көздейтiн заң актiлерiн әзiрлеу және қабылдау.
Қолданыстағы заңдардың сыбайлас жемқорлыққа жататын құқық
бұзушылықтың тiзбесiн неғұрлым нақты айқындайтын жекелеген лицензиялық, рұқсат
беру, тiркеу рәсiмдерiн оңайлату, мемлекеттiк қызметшiлердiң әлеуметтiк және құқықтық
қорғалуын күшейту, мемлекеттiк қызметке неғұрлым жақсы даярланған кадрларды
iрiктеу тетiгiн жетiлдiру, қабылданатын басқару шешiмдерiнiң ашықтығы мен
жеделдiгiн қамтамасыз ету бөлiктерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңға
түсiнiктеме дайындау.
Заң жүзiнде заң жобалары мен өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағытталған, соның iшiнде сiлтеме
нормаларды жою мақсатында, реттеу мен құқықтық сараптама енгiзу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша заңдар мен
практикалық қызметтi жетiлдiруге бағытталған негiзделген ұсыныстарды талдап
жасау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргiзу.
Мемлекеттiк
органдардың сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн шектеуге бағытталған
ведомствоішілiк ұйымдастыру жоспарлары мен практикалық шаралар әзiрлеуi.
Қолданылып жүрген заңдар мен заң жобаларында мемлекеттiк
органдардың лауазымды адамдарына мемлекеттiк активтердi бөлуге, мемлекет атынан
жеңілдiктер мен артықшылықтар беруге құқық беретiн нормаларды анықтау, оларды
оңайлату мен ашықтық жағына қарай өзгерту. Осы салаларда заңнама нормаларының
сақталуына бақылауды бiр мезгiлде күшейту.
Мемлекеттiк қызметтiң беделiн көтеру.
Мемлекеттiк қызметшiлер тәртiбiнiң этикалық нормаларын орнықтыру
саясатын жалғастыру, тапсырылған жұмыс учаскесінде жеке жауапкершiлiктi
арттыру.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң ақшалай табысын
кезең-кезеңмен елеулі түрде ұлғайту.
Мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесінде кадрлар резервiнiң тиiмдi
пайдаланылуын және ауысып отыруын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк қызметте өсiруде
тамыр-таныстық пен топтық байланыстардың терiс әсерiн жою. Құқық қорғау
органдары кадрларын жасақтау рәсiмiнiң ашықтығын қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзған адамдардың мемлекеттiк билiк
және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарында лауазым иеленуiне, неғұрлым
қатаң заңдық шектеулер қою.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң табыстар туралы декларацияларының
дұрыстығын тексеру тетiктерiн жетiлдiру.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң
мемлекеттiк тапсырыстар мен келiсiм-шарттар орындауға қатысу мүмкiндігін болдырмау
мақсатында олар туралы деректер банкін жасау.
Мемлекеттiк, әсiресе төменгі деңгейдегі органдар қызметтерiнің бiр
бөлігін кезең-кезеңмен аймақтарға және жеке секторға беру арқылы олардың
қызметтерiн бiрте-бiрте орталықтан алу. Билiктiң мемлекеттiк институттарында
сайланбалылықты кеңейту, азаматтық қоғам институттарын нығайту жолымен
демократиялық нормаларды енгізу.
"Көлеңкелi
экономиканы" төмендетуге ықпал етушi экономикалық және құқықтық жағдайлар
жасау, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау қызметтерiнiң
мейлiнше ашық және нақты реттелуiне қол жеткiзу.
Капиталдың сыртқа кету себептерiн жою және заңнаманы тұрақтандыру,
бақылау-қадағалау органдары қызметiнiң ашықтығын, әкiмшiлiк және экономикалық
ықпал ету шараларын үйлесiмдi сәйкестендiру арқылы бұл қаражаттың ұлттық
экономиканың нақты секторына қайтарылуы үшiн жағдай жасау.
Iшкi рынокта отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
Инвестициялардың, ең алдымен отандық капиталдың ел экономикасының өндiрiстiк
саласына келуiн ынталандыру.
Бюджет саласын нығайту. Бюджет тапшылығын азайту, бюджет тәртiбiн
нығайту және бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету. Барлық деңгейде нақты және
iске асырылатын бюджеттерге көшудi қамтамасыз ету.
Рынок тапшылығын кезең-кезеңмен жоюды жүзеге асыру және инфляцияны
реттелетiн мөлшерге дейін төмендету үшiн шаралар қолдану.
Салық заңнамасына ынталандырушы, әдiл және реттеушi сипат беру.
Қолдағы ақша айналымын азайтуға, соның iшiнде тауар-ақша
қатынасында есеп айырысудың электрондық технологиясын кеңiнен пайдалануды
ынталандыру жолымен жағдайлар жасау.
Заңсыз жинақталған капиталды "тазартуға" жәрдемдесетiн
тетiктер мен жағдайларды жою.
Ақшалай қаражатты заңсыз "қолма-қол ақшаға айналдыру"
тетiгiн анықтау және құқықтық шектеу қою.
Валюта және экспорт-импорт операцияларына бақылаудың пәрмендiлiгiн
арттыру. Осындай операцияларды кепілді қамтамасыз ету (сақтандыру) шараларын
қолдану. Осы мәселе бойынша мемлекетаралық келiсiм негiзiн кеңейту.
Концессиялық келiсiмдердiң, мемлекеттiк меншiк объектiлерiн
басқаруға беру туралы, мемлекет қаражатын пайдалану туралы келiсiмдердiң
дайындалуын және орындалуын тексеру және мәндi бақылау. Мемлекеттiк қаражат пен
мүлiктердiң тозуы мен есептен шығарылуын бақылауды қамтамасыз ету.
Қаржы-өнеркәсiп топтарының қаржы қызметiне кешендi банктiк бақылау
енгiзу.
Экономикалық қызметтiң барлық салаларында барлық меншiк
нысандарының тең экономикалық және құқықтық жұмыс істеуiн қамтамасыз ету.
Кеден рәсiмдерiн жүргiзуде экспорттық және импорттық
келiсiм-шарттардың тиеу алдындағы тәуелсiз инспекциясы жүйесiн енгiзу.
Шекара арқылы жүретiн, соның ішiнде транзиттiк жүктер туралы
шектес мемлекеттермен бiрыңғай ақпараттық жүйелер жасау.
Мемлекеттiк
органдардың шешiмдер қабылдау және оларды жұртшылыққа жеткiзу рәсiмдерiн нақты
құқықтық регламенттеу. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының осы
рәсiмдердiң сақталуына жеке жауапкершілiгін белгілеу.
Мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру және мемлекеттiк сатып алу
жөнiндегі конкурстарды, жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткiзу жүйелерiн
жетiлдіру.
Мемлекеттiк қаражатты, шетелдiк инвестицияларды, сондай-ақ
мемлекеттiң кепiлдiгімен алынған займдарды пайдалану тетiктерiнiң ашықтығын
қамтамасыз ету.
Биржа жұмысын және бағалы қағаздар рыногын жетiлдiру.
Мемлекеттiк қызмет көрсету саласында монополияны азайту және
бәсекелестiк тудыру.
Ұлттық компаниялар мен табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржы
қызметiнiң қорытындылары туралы жыл сайынғы есеп беруді бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялауды тәжiрибеге енгізу.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн келiсiмдер
мен келiсiм-шарттарды жария түрде бұзуды, рұқсаттар мен тiркеу актiлерiн жария
түрде алуды тәжiрибеге енгiзу.
Елiмiздiң несиеге қабiлетсiз және қаржы жағынан орнықсыз
кәсiпорындарының кадастрiн жасау.
Шетелдiк компаниялармен жасасатын келiсiм-шарттардың ашықтығын
және олардың орындалу барысы туралы материалдарды жариялап отыруды қамтамасыз
ету.
Тiкелей инвестицияларға жеңілдiк беру тетiгi туралы жариялау және
түсiндiру жұмыстарын жүргізу.
Мемлекеттiң тәуелсiз сыртқы және ішкi қаржы аудитi жүйесiн
жетiлдiру.
Азаматтардың көпшiлiгiнiң мемлекеттiк органдарының нормативтiк
құқықтық және әкiмшiлiк ақпаратқа, соның iшiнде ақпараттық технологиялардың
мүмкiндiктерiн пайдалану арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
Бағдарламаны iске
асыру үшiн аймақтық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң тиiстi
бағдарламалары әзiрленiп, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi
бекiтедi, оларда аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттiң негiзгi
бағыттары, қаржыландыру көздерi айқындалып, оны iске асырудың iс-шаралары
жасалады.