"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 19 наурыз N 574 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 11, 117-құжат)

   Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

   1. Қоса беріліп отырған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

   2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

   3. Астана қаласының әкімі жыл сайын жартыжылдықтың және жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылуы барысы туралы жиынтық талдамалы баяндама ұсынсын.

   4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

   5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

  


Қазақстан Республикасының
Президенті


Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы
N 574 Жарлығымен Бекітілген

"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі"
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның паспорты

Атауы

"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы

әзірлеу үшін негіздеме Мақсат

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 9 қарашадағы N 4054 тапсырмасы. Астана қаласының Қазақстанның әкімшілік-іскерлік орталығы ретінде үйлесімді дамуы бойынша кешенді шаралар әзірлеу, астананың елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріндегі топтастырушылық ролін арттыру болып табылады.

Міндеттер

Қала экономикасы дамуының функционалдық-салалық (өндірістік) құрылымы мен басымдықтарын айқындау және негіздеу; қаланың әлеуметтік саласының құрылымы мен қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын айқындау және негіздеу; қаланың өндірістік инфрақұрылымы мен тіршілікті қамтамасыз етуші жүйелерін дамыту мен қалыптастырудың бағыттарын айқындау және негіздеу; Астана қаласының перспективалық аймақаралық байланыстарын дамыту мен қалыптастырудың бағыттарын айқындау және негіздеу; Астана қаласы дамуының мультипликативтік нәтиже пайда болуының есебінен елдің әлеуметтік- экономикалық дамуына әсерін негіздеу; Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі көрсеткіштерін болжау.

Негізгі қағидаттар

Қаланың қалыптасуы мен дамуының түпкілікті бағыттылығы және кезеңділігі; әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімділігі; ілгерілеушілігі; тауар өндірушілердің жоғары бәсекелестік қабілеті; даму үлгісінің белсенділігі; тауарлар мен қызметтерді өндірудің және тұтынудың экологиялық қауіпсіздігі; Астана қаласының елдің қалалары мен аймақтары жүйесіндегі жетекшілігі.

Қаржыландыру көздері

Республикалық, жергілікті бюджеттердің және халықтың қаражаты, шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық ұйымдардың гранттары Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ресурстық база болып табылады.

2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруға республикалық және
жергілікті бюджеттердің қаражатындағы есепті қажеттілік 255 млрд. теңге құрайды.*

2001-2005 жылдардағы негізгі капиталға тартылатын инвестициялардың жалпы
көлемі 452 млрд. теңге құрайды.*

Күтілетін нәтижелер

"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасының шараларын іске асырудың нәтижесінде әкімшілік және іскерлік функцияларын жүзеге асыруды ғана емес, сонымен қатар халықтың тұрмысы мен әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, Астананың егемен Қазақстанның астанасы ретінде жедел экономикалық дамуы үшін негіз қаланатын болады, сондай-ақ аймақаралық ықпалдастық байланыстарды нығайту жолымен елдің барлық аймақтарының дамуына және гүлденуіне ықпал ететін болады.

 

Кіріспе

   "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 9 қарашадағы N 4054 тапсырмасына сәйкес әзірленді. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 шілдедегі отырысында мақұлданған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған орташа мерзімді бағдарламасы тұжырымдамасының ережелері мен негізгі бағыттарына негізделеді. Осы Бағдарламаны әзірлеу Қазақстанның астанасын одан әрі дамыту стратегиясын айқындау қажеттігінен туындады. Бағдарламада тәуелсіз және егемен Қазақстанның астанасында экономикалық даму мен тұрмыс сапасының деңгейін арттыруға, іскерлік, ғылыми және мәдени орта құруға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, техникалық, әлеуметтік-мәдени шаралардың және оларды іске асыру тетіктерінің жиынтығы айқындалған. Бағдарлама астананың қалыптасуының және әлеуметтік-экономикалық дамуының бастапқы кезеңiнiң проблемаларын шешуге бағытталып қана қоймайды, Астана қаласының келешекте гүлденуiнiң жалпы сұлбасы мен қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн негіздерiн де қалайды.

1. Экономиканың және әлеуметтiк саланың қазiргi жай-күйi

1.1. Жалпы сипаттама

   Астана қаласы өзен маңындағы жазықта және iшiнара Есiл өзенiнiң аңғарында орналасқан. Климатына тән ерекшелiктер - тұрақты қар жауатын ұзақ та суық қыс, қоңыржай ыстық жаз, ауа температурасының үлкен жылдық және тәyлiктiк ауытқулары, бүкiл жыл бойы жел режимінің жоғары белсенділігі.

   Астананың көлемi 71014 га аумағы ластануға бейiм және антропогендік жүктемелерге төзiмдiлiгi нашарлығымен сипатталатын құрғақ дала аймағында орналасқан. Қаланың шегiнде ағаш өсiруге қолайсыз топырақтың - тастақ және балшықты жерлердiң, сорлардың, сортаңдардың, батпақтанған жерлердiң және жер асты сулары терең емес жерлердiң кеңiнен таралуы ағаштар мен бұталардың қалаған түрлерiн өсiрудi қиындатады.

   Аумақтың рельефi елеулi еңiстердiң жоқтығымен сипатталады. Шағын рельефке тән элементтер олардың түбi батпақтанған немесе шағын көлшiктер алып жатқан, басым бөлiгiнiң көлемi 50 метрден 250 метрге дейiнгi табақшалар түрiндегi көптеген ойпаңдар болып табылады. Есiл өзенi аңғарының аумағы су тасқыны кезiнде әртүрлi дәрежеде су басуға ұшырайды. Жер асты сулары қала аумағында 0-2 м тереңдiкте жатады. Судың жер бетiндегi ағынын және жер асты суларының дренажын ұйымдастыру бөлiгiнде аумақтың инженерлiк дайындығынсыз қала қалыпты жағдайда құрылыс жүргiзе және жұмыс істей алмайды.

   Жер қабатының көмiртектi болатқа қатысты тот басуы - орташадан өте жоғарыға дейiн, кабельдердiң алюминийлi қабықтарына - жоғары, қорғасынға - төменгiден орташаға дейiн болып келедi.

   Ауаның үлкен көлемдегi қозғалысы құрылыс аумағын үдемелi желдетуге мүмкiндiк туғызады, ауада зиянды заттардың тұрып қалу жағдайлары туындауының ықтималдығын азайтады.

   Энергетикалық кәсiпорындар және автокөлiк, сондай-ақ жайластырылмаған елдi мекендер мен кәсiпорындардың аумағынан ағатын жер бетiндегi сарқынды сулар қаланы ластандыру көздерi болып табылады. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 атмосфералық ауаны негiзгi ластаушылар болып табылады. Тұрақты жұмыс істейтiн көздерден зиянды заттардың тастандылары 1998 жылы 41,5 мың тонна, 1999 жылы 47,5 мың тонна құрады.

   Қаланың өнеркәсiптiк аудандары жер асты суларының негiзгi ластану көздерi болып табылады. Бұдан басқа, өарағанды облысында Нұра өзенi аңғарындағы жерасты суларының мұнай өнiмдерiмен, фенолдармен, стиролдармен ластануы жалғасуда. Нұра өзенiнiң аллювиальды шөгіндiлерiнде жер бетiндегi және жерасты суларының ластануынан, қазiргi уақытта олар Астана қаласының техникалық мұқтаждары үшiн ғана пайдаланылады.

   Қаланың аумағында тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтардың рұқсат етiлген бiр жинаушысы бар. Жобалық есептер бойынша оны пайдалану 2010 жылға дейiн ғана мүмкiн болады.

   Бас қаланың мәртебесiн алғалы Астана қаласында түбегейлi өзгерiстер болып өттi. Қазiргi заманғы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерi салынды. Сәбилер Yйiнiң, Темiржолшылар сарайының, Орталық әмбебап дүкеннiң ғимараттары жаңа келбетке ие болды. Ұлттық мұражайдың, Еуразия университетi оқу корпусының, Министрлiктер үйiнiң, "Мирас" мектебiнiң, "Синема-Сити" ойын-сауық кешенiнiң, "Самал", "Қараөткел", "Әл Фараби" тұрғын үй шағын аудандарының құрылысы аяқталды. Бес жұлдызды "Интерконтиненталь" қонақ үйi, мейманханалар, мейрамханалар, "Еуразия" сауда орталығы, Министрлiктер Үйiне қарсы жаңа алаң салынды.

   Қайта жаңартқаннан кейiн Парламенттiң, Yкiметтiң, Конгресс-холлдың, Қазақ және Орыс драма театрларының, республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Соты ғимараттарының келбетi өзгердi. Есiл өзенiнiң көркейген жағасы қалалықтардың серуендейтiн сүйiктi орнына айналды. Шағын парктер салынды, жаңа демалыс аймағы құрылды.

   Есiл өзенiнiң сол жағалауында "Комфорт" мейманханасы, "Президеншиал Плаз" бизнес орталығының зәулiм ғимараты, Қабылдаулар сарайы салынды.

1.2. Қала бюджеті

   Астана қаласы бюджетiнiң кiрiстерi 1999 жылы нақты көрсеткiштердiң жоспарланғанынан асып түсуiмен сипатталды. Кiрiстер жоспардағы 21031,7 млн. теңгенiң орнына 21276 млн. теңге немесе 101,2% құрады. 1999 жылмен салыстырғанда кірістер 6142,2 млн. теңгеге артты.

1.3. Инвестициялық қызмет

   1997 жылы бас қаланың Астанаға көшуiне байланысты қаланың дамуына бағытталған инвестициялардың жоғары өсiмi байқалады. Қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Арнаулы экономикалық аймақтың әкiмшiлiк Кеңесi бюджетiнiң, жеке меншiк және мемлекеттiк компаниялардың, халықаралық қаржы ұйымдарының және шетелдiк донор елдердiң есебiнен жүзеге асырылды.

   1999 жылдан бастап оның шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органның 150 млн. теңге сомаға қарыз алуы жүзеге асырылған "Тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендiрудiң қалалық бағдарламасы" Астана қаласының аймақтық инвестициялық бағдарламасы iске асырылуда.

   2000 жылы негiзгi капиталға тартылған инвестициялар 55,9 млрд. теңгеге жеттi, ол 1999 жылғы деңгейден 0,3%-ға жоғары. Күрделі құрылысқа мемлекеттік қаражаттың есебінен тартылатын инвестициялардың көлемі 52,9%-дан 43%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте жеке меншік инвестициялардың үлесі 20,5%-дан 37,6%-ға дейін өсті.

   2000 жылы 44,2 млрд. теңге сомаға негізгі қорлар іске қосылды, бұл 1999 жылдың деңгейінен 2,5 есе артық.

1.4. Сыртқы экономикалық қызмет

   Экспорттың көлемi 1995 жылы 405 мың АҚШ долларын, импорттiкi - 853,7 мың доллар құрады. 2000 жылы олар тиiсiнше 35,5 және 180,8 млн. АҚШ долларына дейiн өстi. 2000 жылдың 1 қарашасына алғанда олардың көлемі тиiсiнше 31,3 және 129,1 млн. АҚШ долларын құрады. Соңғы екi жылда сыртқы экономикалық қызмет импорттың экспорттан асып түсуiмен сипатталды.

   2000 жылы экспорттық жеткiзiлiмдер құрылымында азық-түлiк тауарлары мен оларды өндiруге арналған шикiзат (44,4%), металлургия өнеркәсiбiнiң өнiмдерi (14,8%) негiзгi орын алды. Импорттың көлемiнде ең жоғары үлес салмағы машиналарға, жабдықтар мен көлiк құралдарына (36,4%), химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдеріне (19,7%) тидi.

1.5. Өнеркәсiп

   Астана қаласының өнеркәсiптiк секторында 1995-2000 жылдардағы кезеңде елеулi өзгерiстер болды. Сұраныс жоқ және бәсекеге қабiлетсiз өнiм шығарумен айналысатын, жұмыс iстеуге қабiлетсiз өндiрiстердi қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру жүргiзiлдi. Соның ішiнде, ірi кәсiпорындарды жiктеу есебiнен орта және шағын кәсiпорындардың саны өстi.

   Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемiнде электр энергиясын, газ бен суды өндiру және тарату жөнiндегi кәсiпорындарға - 37%, ауыл шаруашылығы өнiмін қайта өңдеуге - 35%, металл емес минералдық өнiмдер өндірiсiне - 10%, өңдеуші өнеркәсiптiң өзге салаларына - 18% келедi.

   1999 жылдан бастап өнеркәсiпте өсудiң оң үрдiсi байқалды. 2000 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 1999 жылғы деңгеймен салыстырғанда 10,2%-ға өседi. 2000 жылы өнеркәсiп өндiрісiнiң өсуiн айқындаған негiзгi фактор электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату жөнiндегi кәсiпорындардың өнiм шығаруды 8,2%-ға, тігін өндірісінікі - 69,9%-ға, көлік жабдықтарын шығаруды - 7,5 есеге арттыруы болып табылады.

   "Агромаш" АҚ тұқым сепкiштердi қайта шығара бастады және өзiнiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бойынша шетелдiкiнен кем түспейтiн жаткалар өндiрiсiн игердi. Төрт iрi кәсiпорын "Ізденiс" ЖШС, "Ақмола вагон жөндеу зауыты" АҚ, "Целингидромаш" ӨК, "Астана-Технопарк" ААҚ импортты алмастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру шеңберiнде тапсырыстар алды.

   Өнеркәсiптi дамытудың қалалық бағдарламасы шеңберiнде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жаңа қуаттар іске қосылды: металл кесуге арналған лазерлік кешен, бiр мәрте пайдаланылатын ыдыстар шығару жөнiндегi желiлер, пластикалық бөтелкелерге арналған ПЭТ-преформ, "жылжымалы асхана" трейлерлерi. Еуропалық рецепт бойынша шарап құю жөнiндегi желi іске қосылды. Өнiмнiң 100-ге жуық жаңа түрi игерiлді. Олардың ішiнде құрылыс материалдары, тамақ өнімдері, халық тұтынатын тауарлар бар.

   Сонымен бiр мезгiлде, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеумен байланысты кәсiпорындарда шикiзаттың жеткiлiксiздігiнен өндiрiстiк қуаттардың толық күшiнде жұмыс істемеуi байқалады, шығарылатын өнiмнiң ассортиментi төмен.

1.6. Шағын және орташа бизнес

   Шағын бизнес қаланың әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнiң барлық саласын қамтиды. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 1997 жылы 13,5 мың адамды құрады, бүгiнгi күнге олардың саны 35 мың адамнан асады. Өнiм (жұмыс, қызмет көрсетулер) өндiрудiң көлемi 1997 жылғы 7,9 млрд. теңгеден 2000 жылы 25,8 млрд. теңгеге дейiн өстi. 1997 жылдан бастап бюджетке төленетiн төлемдер 2,1 есе артты (907 млн. теңгеден 2000 жылы 1943,7 млн. теңгеге дейiн) 2000 жылдың 1 қарашасына алғанда олар 1617,7 млн. теңге құрады, ол бүкiл 1999 жылғыдан 19,7%-ға артық.

   Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірудің салалық құрылымында негізгі бөлігін сауда алады - 57,6%. Өнеркәсіп өндірісіне - 16,2%, құрылысқа - 8,6% тиеді.

   Бас қаланың қызмет көрсетулер мен сауда саласы негiзiнен шағын бизнестiң күшiмен қалыптасуда. 3 жылда қалада шамамен 400-ге жуық дүкен, соның ішiнде 394-і - тұрғын үйлердiң бiрiншi қабаттарында, 72 қоғамдық тамақтандыру кәсiпорны, 125 қызмет көрсету саланың объектiсі, 63 дәрiхана ашылды.

1.7. Азық-түлiкпен қамтамасыз ету және тұтыну рыногы

   Қаланы азық-түлiкпен қамтамасыз ету Астана қаласы мен Ақмола облысының iшкi ресурстарының да, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикiзаты мен дайын өнiмдердi Қазақстанның басқа аймақтары мен шетелден әкелудiң де есебiнен жүзеге асырылады. 1999 жылдан бастап импорттың құрылымында азық-түлiк үлесiнiң төмендеу үрдiсi байқалды. Тұрғын халықтың жалпы шығыстарында азық-түлiк тауарларын сатып алуға жұмсалған қаражаттың үлесiнен 1999 жылдың қарашасындағы - 25,5%-ға қарағанда 2000 жылдың қарашасында 28,8%-ы ет және ет өнiмдерiн сатып алуға жұмсалды. Тұрғындардың мал майы мен май сатып алуға жұмсалған шығындары баға 28,5%-ға жоғарылағанда 12,6%-ға өстi. Тұрғындардың көкөнiс пен жемiстерге жұмсалатын шығындары олардың бағасы 13,7%-ға артуы кезiнде 1,6 есе артты. Сүт және сүт өнiмдерiн сату салыстырмалы бағалармен алғанда 1,8 есе ұлғайды.

   2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда қала рыноктарында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатудың көлемi 1,4 есе өстi.

   Азық-түлiктiң едәуiр бөлiгiнiң әлi де импорт арқылы түсуi жалғасуда. Мәселен, 2000 жылы тұтынылған еттiң жалпы көлемінiң 16%-ы, тиiсiнше сүт өнімдерінің 26%-ы, мал майының 12%-ы импорт бойынша жеткiзiлдi.

1.8. Өндiрiстiк инфрақұрылым

1.8.1. Көлiк және байланыс

   Ақмола темiр жол станциясы Көкшетау-Қарағанды және Тобыл-Есiл-Ерейментау-Барнаул магистральдарының қиылысында орналасқан. Тораптың жүк тасқынының 95%-дан астамын транзиттi жүк тасқыны құрайды. Астана қаласынан Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына асфальт төселген автомобиль жолдары шығады.

   Қаланың ұзындығы 536 км көше-жол желiсінен асфальтталған және көркейтiлген бөлiгi 216 км ғана құрайды. Қазiргi уақытта, қалада 17 км шамасында негiзiнен қаланың ескi бөлiгiнде орналасқан жабық үлгiдегi ақпа кәрiз жүйесi жұмыс істейдi.

   Жолаушылар тасымалының негiзгi көлемiн 6 автобус, 11 таксомотор кәсiпорыны мен "Ақмолақалаэлектркөлiгi" АҚ орындайды. 2000 жылы автомобиль көлiгi кәсiпорындары 68,1 млн. жолаушы тасымалдады. Автобустармен және маршруттік таксилермен тасымалдаудың үлесi 88%, троллейбустармен - 12% құрайды.

   2000 жылы көлiктiң барлық түрлерiмен 7,4 млн. тонна жүк тасылды, бұл 1999 жылғыдан 31,6%-ға артық. Өсуге темір жол көлігі арқылы жүк тасымалдауды 1,3 есе арттыру есебінен қол жеткізілді. Жүк тасымалдарын қалада 12 автокөлік кәсіпорны жүзеге асырды.

   Бас қаланың әуежайы II-В сыныбына жатады. Әуежайдың өткiзу қабілеті - сағатына 400 жолаушыға тең. Әуе көлiгiмен жүк тасымалдау бұрынғыдай шамалы ғана және 2000 жылы 0,1 мың тонна құрады. Қалада байланыс қызметiн "Астанателеком" ААҚ жүзеге асырады. Қалалық телефон станциясы желiсiнiң жалпы сыйымдылығы 74,9 мың нөмір құрайды, олардан 65,4 мың нөмiр iске қосылған. Халықтың телефон байланысы қызметiмен қамтамасыз етiлуi 100 тұрғынға алғанда 19,7 бірлiктi құрайды. Байланыстың ұялы, транкiлi және басқа да жаңа түрлерi дамытылуда. Қалада теледидар хабарларының жалпыға бiрдей қол жетерлiк жетi бағдарламасы жұмыс iстейдi.

1.8.2. Электр және жылу энергияларын, газ бен суды өндiру және тарату

   Астана қаласын электрмен жабдықтау көздерi ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ның белгiленген жиынтық қуаты 256 Мвт құрайды. Стансалар Қазақстанның энергетика жүйесiмен қосарлана жұмыс iстейдi. Жылу және электр жүктемелерiне сұранысты қанағаттандыру үшiн жұмыс істеп тұрған электр және жылу желiлерi қайта жаңартуды және кеңейтудi талап етедi. Қалада қажеттi инженерлiк коммуникациялардың болмауынан немесе дайын еместігінен, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау көздеріне қосыла алмайтын объектiлер жиi салынуда.

   Қаланы жылумен жабдықтауды екі ЖЭО қамтамасыз етеді. Жабдықтардың жай-күйi қанағаттанарлық, бiрақ жаз кезеңiнде градирлердiң жеткiлiксiздiгiнен электр энергиясын өндірудiң төмендеуiне жол берiледi. өолайсыз топырақ және жер асты суларының жоғары деңгейi жылу құбырларының көпшiлiк бөлiгiнiң жер үстiнде орналасуын талап етедi. Қаланың орталығында салынған жылу коммуникациялары ебедейсiз және астананың сыртқы келбетiн бұзып тұр.

   Бас қаланы сумен жабдықтаудың негiзгi көзi жобалық көлемі 410 млн. текше метр Вячеслав су қоймасы болып табылады. Су қалаға екi суағармен берiледi.

   Жалпы шаруашылық ауыз су мен техникалық суды тұтыну мынадай көздерден қамтамасыз етiледi: Вячеслав су қоймасының суы - 123,2 мың текше м/тәул. (75%); Есiл өзенiнiң суы - 39,6 мың текше м/тәул. (24%) және жер асты сулары - 1,2 мың текше м/тәул. (1%).

   Астанадағы су тапшылығы оны суландыруға жұмсауды қысқартудың есебiнен жабылуда. Нұра бассейніндегi жер бетiндегi және жерасты суларының үдемелi ластануына байланысты Нұра және Есiл өзендерiнiң бассейндерiнде қаланы сумен қамтамасыз етудiң тұрақты жүйесiн жасау қажеттiгi туындайды.

   Сарқынды сулар 100 мың текше м/тәул. дейiнгi мөлшерде механикалық және толық биологиялық тазарту кешенiн қамтитын тазарту ғимаратына жiберiледi және одан әрi сыйымдылығы 65,6 млн. текше метр сарқынды сулар жинаушы Талдыкөлге ағызылады. Ұзақ пайдаланылған тазарту ғимараттары қайта жаңартуды талап етедi.

   2000 жылы "Астана су арнасы" МК-ы су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға 47 млн. теңге жұмсады: магистральдық желiлердi, қайталама тұндырғыштарды, тұнба алаңдарын қайта жаңарту сүзгiлiк материалды ауыстыру жүргiзiлдi.

1.9. Әлеуметтiк даму

1.9.1. Халқы

   1995 жылдан бастап 2000 жылды қоса алғанда, Астана қаласының халқы 40,1 мың адамға, соның iшiнде 10 мың адамға қала шекарасының өзгеруіне байланысты өстi және 2000 жылдың 1 қаңтарына 323,9 мың адам құрады. Жалпы санының 64,4%-ы еңбекке қабiлеттi жастағы және 10,2%-ы еңбекке қабiлеттi жастан асқан тұрғындарды құрайды. әйелдердiң үлесi - 53,5%. Халықтың өсуi негiзiнен, соңғы екi жылда 18 мыңнан астам адамды құраған облысаралық қоныс аударудың есебiнен жүрдi.

   Экономиканың салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны 1999 жылға 148,9 мың адам құрады және 1995 жылға қарағанда 24,1%-ға өстi. Жұмыспен қамту өнеркәсiпте - 10,8%, әлеуметтiк инфрақұрылым мен қызмет көрсетулер саласында - 27,2%; құрылыста - 9,2%, көлiк пен байланыста - 9,6%, мемлекеттiк басқаруда - 10,0% болды. Еңбекке қабiлеттi халықтың қалған бөлiгi өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарға жатады. Соңғы бес жылда қызмет көрсету салаларына ауысу арқылы өндiрiстегi жұмыспен қамтылғандардың саны 32%-ға қысқарды.

                                                                                      1.9.2. Тұрмыс деңгейi

   Орташа есеппен жан басына шаққанда халықтың ақшалай кiрiстерi 1999 жылдың осы күнiне алғандағы 6050 теңгеге қарағанда, 2000 жылдың қарашасында 6729 теңге құрады. Орташа есеппен жан басына шаққанда ақшалай кiрiс ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң көлемiнен 1,7 есе асып түстi. Орташа айлық жалақының өсуi байқалады, ол 1995 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өстi және 2000 жылдың қарашасында 18791 теңге құрады. Ең жоғары орташа айлық жалақы қаржы қызметi саласы, көлiк пен байланыс және қызмет түрлері аясындағы қызметкерлерде сақталуда.

   Халықтың ақшалай шығыстары 1999 жылдың қарашасындағы 6025 теңгеге қарағанда, 2000 жылдың қарашасында 6725 теңге құрады. Азық-түлiктiк емес тауарларды сатып алуға арналған шығыстардың үлес салмағының жалпы төмендеуi жағдайында қызмет көрсетулерге ақы төлеу және тамақ өнiмдерін сатып алуға байланысты шығындар үлесiнiң 3,8%-ға артуы жүруде, ол тұтасымен алғанда Астана қаласында тұрмыс құнының жоғарылағанын сипаттайды.

   Кедейлiк шегiнен төмен тұратын адамдардың саны өстi. 1999 жылмен салыстырғанда, ол 1,3 мың адамға артты және 12,2 мың адамды құрады. Оларға орташа мөлшерi 1012 теңге құрайтын атаулы әлеуметтiк көмек және 1365 теңге сомасында тұрғын үй көмегi көрсетiледi.

   Қалада, қазiргi уақытта 32,0 мың адам жасына байланысты зейнетақы, 10,3 мың адам мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, 15,1 мың адам арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы және 10 мың адамнан астам балалар және тұрғын үй жәрдемақысын алады.

1.9.3. Бiлiм беру және ғылым

   Бiлiм беру жүйесiн қайта құрылымдаудың нәтижесiнде мектепке дейiнгi тұрақты мекемелердiң саны 1995 жылдан 1999 жылды қоса алғанда 69-дан 42-ге дейiн, ал олардағы балалар құрамы 9919-дан 7559-ға дейiн қысқарды. Қолда бар барлық бақшалар толық, алайда мектеп жасына дейiнгi балалардың қамтылуы 47% ғана құрайды.

   Орта мектептер 16 мың оқушыны сыйымдылық нормасынан артық қабылдаған және екi-үш ауысымда жұмыс істейдi. Жекелеген мектептерде сыныптардың толықтырылуы 35-38 балаға жетiп отыр.

   2000 жылы жетiм балалар үшiн "SOS Киндердорф" балалар ауылы пайдалануға берiлдi. Қалада орта және жалпы бiлiм беретiн 10 мемлекеттiк емес ұйым жұмыс iстейдi, оларда 790 бала оқиды.

   Мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық мектептердiң саны 5, ондағы оқушылар құрамы - 1870. Қалада 6 мемлекеттiк және 12 мемлекеттiк емес колледждер бар. 2000 жылы олардағы оқушылар құрамы 3,5 мыңнан астам оқушыны құрады.

1.9.4. Денсаулық сақтау

   Медициналық қызмет көрсету саласында соңғы екi жылда оңтайландырудың нәтижесiнде емдеу мекемелерi санының өзгеруiнсiз аурухана төсектерiнiң саны 4,5 мыңнан 4,0 мыңға дейiн қысқарды. Астана қаласы бойынша кепiлдендiрiлген медициналық көмектiң көлемi 1999 жылы республикалық және ведомстволық құрылымдарды қоса алғанда, 1331,7 млн. теңге құрады, 2000 жылы ол 1821,2 млн. теңге құрайды. Олардың көлемi тұтасымен алғанда, қала бойынша 200 млн. теңгеге жуық құрайтын халыққа ақылы қызметтер көрсету саласын кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

1.9.5. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй рыногы

   Соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысына тартылатын инвестициялардың көлемі едәуір өсті. Егер 1995 жылы тұрғын үй құрылысына 862,3 млн. теңге жұмсалса және бұл ретте 43,9 мың шаршы метр жалпы тұрғын үй көлемі іске қосылған болса, ал 1999 жылы тұрғын үй құрылысына 10311,3 млн. теңге жұмсалды және 139,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлді. Бұл ретте, тұрғын үй құрылысының қарқыны халықтың өсiмінен артта қалып отыр.

   Салынып жатқан тұрғын үйлердiң негiзгi көлемiн (75,6%) мемлекеттiк ұйымдар пайдалануға беруде. Халықтың тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялары төмен деңгейде қалуда және пайдалануға берiлген жалпы тұрғын үй көлемiнiң шамамен 14%-ын құрайды.

1.9.6. Мәдениет және спорт

   Қаланың мәдениет мекемелерiнiң желiсi 3 театрдан, 3 сарайдан - Конгресс-холл, "Жастар сарайы", Салт-дәстүрлер сарайы, 3 мұражайдан, 19 кiтапханадан, кинотеатр мен кино қондырғыларының желiсiнен тұрады.

   Спорт объектiлерi олардың санын одан әрi кеңейтудi және сапасын арттыруды қажет ететiн 2 стадионнан, 8 спорт кешенінен және спорт залдары мен алаңдарынан тұрады.

1.9.7. Туризм

   1997 жылдан бастап Астана қаласында қызмет көрсетiлген туристер санының екi есе артуынан және көрсетiлген туристiк қызметтер көлемiнiң он есе дерлік ұлғаюынан көрiнетiн келушi және iшкi туризмнiң едәуiр өсуi байқалды.

   Осы кезеңде Астанада 27 туристiк фирма жұмыс істейдi.

   Қала туризмнiң дамыған инфрақұрылымына ие: жайлылығы әртүрлi 16 мейманхана, мәдениет объектiлерi, ойын-сауық кешендерi қызмет көрсетедi. Тамақтандыру кәсiпорындарының, соның iшiнде 200-ге жуық дәмханалар мен мейрамханалар, қызмет көрсету салаларының - шаштараздар, сауналар, дәрiханалар және т.с.с. кең желiсi жұмыс iстейдi.

   Аймақ халқы үшiн негiзгi демалыс орны Щучинск-Бурабай курорттық аймағы болып табылады. Мұнда 1700 орындық 9 ірi санаторий мен демалыс үйi, 300 орындық 10 маусымдық демалыс базасы және 150 орындық коттедж үлгiсiндегi үйлер орналасқан. 500 орындық жазғы балалар сауықтыру лагерi бар.

1.10. Аймақаралық байланыстар

   Қазiргi уақытта, Астана қаласында iс жүзiнде Қазақстанның барлық аймағынан 95 ірi және орташа, сондай-ақ 300-ден астам шағын құрылыс ұйымы жұмыс істейдi. Жұмыс істейтiн құрылыс фирмалары мен компанияларының ең көбi Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарынан.

   Ауқымды құрылыс өз кезегiнде цемент, кiрпiш, металл конструкцияларын, ағаш шеберлiгi бұйымдарын, басқа құрылыс материалдары мен конструкцияларын, электротехникалық және кабельдiк өнiмдердi шығаратын республиканың құрылыс индустриясы кәсiпорындарының жандануына және толық қуатымен жұмыс iстеулерiне әкелген материалдық-техникалық ресурстар мен жинақтаушы материалдардың едәуiр көлемiн жеткізуді талап етті.

   Мәселен, Астана қаласы тапсырыстарының арқасында "Миллениум" галереясы, Шағын бизнестiң сервис орталығы, Эллинг, судан құтқару стансасы және жабық рынок сияқты объектiлерге негiзгi конструкцияларды жеткiзген Темiртау қаласындағы "Texoл" зауытында өндiрiс жанданды.

2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi

   Осы бағдарламаның негiзгi мақсаты Астана қаласының Қазақстанның әкiмшiлiк-іскерлiк орталығы ретінде үйлесiмдi дамуы жөнiнде шаралар әзiрлеу, бас қаланың елдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани өмiріндегi топтастырушылық ролiн арттыру болып табылады.

   Астана қаласының - Қазақстан Республикасы бас қаласының гүлденуі:

   инновация және бәсекелестiк қабiлеттi арттыру саласында жеке меншiк сектордың қызметiне қолайлы жағдай жасайтын іскерлік ахуал туғызуға;

   ең жаңа технологиялар жасауды көтермелеуге;

   мәдениеттің, білім берудің, денсаулық сақтаудың, ғылымның, қала құрылысының тек астанада ғана емес, сонымен бірге елде қолданысқа ие болатын жаңа стандарттарын қалыптастыруға;

   өнеркәсiптi қолдау үшiн қажеттi инфрақұрылымды дамытуға;

   бiлiмге және ақпаратқа негiзделген қазiргi заманғы жылдам өзгеретін экономикада табысты жұмыс істеуге қабiлеттi жұмыс күшiн қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясатты дәйектi және батыл жүргiзуді көздейді.

   Ұзақ мерзiмдi экономикалық өсудi қамтамасыз ету оған тек қаланың ғана емес, бүкiл елдiң де орасан зор қаржылық, материалдық және адами ресурстарын, экономикалық, ғылыми-техникалық және кадрлар әлеуетiн ұтымды пайдалану арқылы қаланың бiрыңғай басты жоспары мен әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi бағдарламасының негiзiнде бүкiл функционалдық және қаланы құрау құрылымын, тiршiліктi қамтамасыз ету жүйесiн түбегейлi қайта құрғанда ғана мүмкiн болады.

   Астана қаласының функционалдық және қаланы құрау құрылымдары, тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң деңгейi қазiргi заманғы астаналық қалалардың әлемдiк стандарттарына сай болуы және тiршiлiк ету мен өндiрiс үшiн жақсы жағдайларды қамтамасыз етуi тиiс. Қала тiршілiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң тозған материалдық-техникалық базасы толығымен ауыстыруға және қаланың басты жоспарына сәйкес мүлде өзгеше техникалық, экономикалық, экологиялық, сәулеттік, ұйымдық шешiмдердің негiзiнде жаңадан жоспарлануы тиiс. Мұндай iрi ауқымды және ресурсты қажетсiнетiн проблема кешендi ұзақ мерзiмдi бағдарламалық-мақсатты шешiмді қажетсiнедi, оның бастапқы кезеңдерi осы Бағдарламада негiзделген.

   Бесжылдық бағдарламада қаланың болашақ сыртқы келбетi мен бейнесiн, оның перспективалық функционалдық және қала құрау құрылымын ескере отырып әлеуметтiк-экономикалық даму бөлiгiнде бүкiл көпқырлы, күрделi және кең ауқымды жұмыстың негiзiн қалау көзделедi.

   Осы Бағдарлама Астана қаласы басты жоспарының әкiмшiлiк, iскерлік, ғылыми-бiлiмдiк, әлеуметтiк-мәдени және бизнес орталықтары сияқты қала құраушы құрылымдарды қамтитындығын ескередi. Мiндет Қазақстан астанасының қабылданған функционалдық-салалық құрылымына сәйкес оларды әлеуметтiк-экономикалық мазмұнмен толықтыруда болып отыр.

   Бағдарлама Астана қаласының сол бiр болашақтағы кеңінен әртараптандырылған, тиiмдi жұмыс iстейтiн және жылдам өзгеретін әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнiң іргетасын қалауды көздейді. Бұл ретте қаланың функционалдық-салалық құрылымымен өндiрістiк-әлеуметтiк инфрақұрылымы, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері сыртқы бейнесімен, барлық атрибуттарымен, қала құрау құрылымымен және сәулеттiк-техникалық шешiмдердiң деңгейiмен қатаң үйлеседi.

   Бұл оның іске асырылуы кемiнде 30-40 жылды талап ететiн, қазақстандық бас қаланың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн дамытудың және қалыптастырудың түпкiлiктi мақсатына жетудiң бірiнші кезеңi.

   Негiзгi мiндеттер Бағдарламаның ерекшелiгiнен және мақсатының мазмұнынан туындайды және осы мақсатқа жету үшiн қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, саяси, экологиялық, ұйымдық, ғылыми-бiлiмдiк және әлеуметтiк-мәдени шаралардың кешенiн әзiрлеудi және іске асыруды көздейдi.

   Осы Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

   қала экономикасының функционалдық-салалық (өндiрiстiк) құрылымы мен басымдықтарын айқындау және негiздеу;

   қаланың әлеуметтiк саласының құрылымы мен әлеуметтiк инфрақұрылымын айқындау және негiздеу;

   қаланың өндiрiстiк инфрақұрылымы мен тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту мен қалыптастырудың бағыттарын айқындау және негiздеу;

   Астана қаласының перспективалық аймақаралық байланыстарын дамыту мен қалыптастырудың бағыттарын айқындау және негiздеу;

   мультипликативтiк нәтиже пайда болуының есебiнен Астана қаласын дамытудың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына ықпалын негiздеу;

   Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған негiзгi көрсеткiштерiн болжау.

   Осы мiндеттердi шешу үшiн Бағдарламада ағымдағы мiндеттердi iске асыру үшiн де, сондай-ақ қаланың перспективасы үшiн де маңызы бар шаралар қарастырылған.

3. Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары

3.1. Қала құрылысы саясатының аспектілері

   Қала құру құрылымы. Орташа мерзiмді перспективада Астана қаласын жоспарлаудың және салудың Бас жоспарына сәйкес оның аумағында дамыған елдер астаналарының стандарттарына сай келетiн, астаналық орта құруға мүмкiндiк беретiн әкiмшiлiк, іскерлiк, әлеуметтiк-мәдени, ғылым-бiлiмдiк және бизнес орталықтары салынатын болады.

   әкiмшiлiк орталық аймағында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы, ел Парламентi мен Yкiметiнiң ғимараттары орналастырылатын болады.

   Iскерлiк орталықта компаниялардың, қаржы институттарының кеңселерi, сауда орталықтары, мейманханалар, қонақ үйлер, көрме, жәрмеңке залдары және басқалары орналастырылады.

   әлеуметтiк-мәдени орталық театрлар, мұражайлар, демалыс аймақтары, спорт және ойын-сауық ғимараттарының жүйесiн қамтитын болады.

   Ғылым-бiлiмдік орталығын университеттер, институттар, колледждер, мамандандырылған лицейлер мен кәсiптiк мектептер құрайды.

   Бизнес-орталықта өздерiнiң сауда, қызмет көрсету салаларының объектiлерiмен және көрме, жәрмеңке және өзге де залдарымен шағын және орташа кәсiпкерлiктiң субъектiлерi таныстырылатын болады.

   Өнеркәсiптiк белдеу қаланың шетiнде, сондай-ақ көбiнесе қала маңында орналасады.

   Азық-түлiк белдеуi қала маңындағы ауыл шаруашылығы аудандары мен қала шегiнде орналасатын тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарын қамтитын болады.

   Рекреациялық аймақ қала маңындағы аймақта және Щучинск-Бурабай аймағында тығыз орналасады.

   Астана қаласын бiрнеше миллион халқы бар көп профильдi үлкен қалаға айналдыруға тырысудың қажеттiгi жоқ. Астана қаласы үшiн бұл барлық тұрғыдан: жұмыспен қамту, тұрғын үймен, өмiрлiк маңызы бар ресурстармен қамтамасыз ету, экология және т.с.с. тиiмдi емес.

   Қазақстан астанасының халқы ұзақ мерзiмдi перспективада 500-700 мың адамнан аспауға тиiс, бұл республиканың болашақ халқының 3-4%-ын, орта мерзiмдi перспективада, яғни 2005 жылға дейiн - 380-390 мың адам құрайды.

   Өнеркәсiптi көбiнесе шағын және орташа кәсiпорындар, соның ішiнде ғылымды қажетсiнетiн салалар, жоғары технологияның салалары құрайтын болады. Қалада өндiрiстi нүктелiк шоғырландыруға жол берілмейдi, өндірiстi аумақтық шоғырландыру ынталандырылады. Өнеркәсiптi дамытудың осындай стратегиясы астананың әкiмшiлік-iскерлiк функцияларына қайшы келмейдi.

   Қалалық ортаны экологиялық сауықтыру. Қаланың қордаланған экологиялық проблемаларын шешудi жылу жүйесін, ыстық сумен жабдықтауды және тамақ дайындауды энергияның экологиялық таза көздерiн пайдалануға көшiрудiң есебiнен жүзеге асыру көзделедi.

   Көлiк құралдарының қоршаған ортаға зиянды ықпалын азайту жол қозғалысының жағдайларын жақсартуға, экологиялық қауiпсiз автокөлiктiң санын арттыруға, халықтың арасында экологиялық бiлiмдердi насихаттауға, көлiкке қызмет көрсету жөнiндегi қызметтер саласын дамытуға негізделетiн болады. Әуежаймен қатынасты қоса алғанда, қаланың негізгi магистралдық күре тамырлары бойынша шапшаңдатылған трамвай жолдарын салу, Астана қаласының айналасында айналма жол салуды аяқтау жобалануда.

   Жұмыс iстеп тұрған тазалаушы ғимараттарды кеңейту және қайта жаңарту суағарларды толық биологиялық тазартуды, оларды тереңiнен толық тазартуды, суағарларды пайдаланудың және бұрудың мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi. Оның қала аумағы құрылысының аймағына енгiзiлуiне байланысты Талдыкөл жинаушы-бөгеті жойылуға жатады. Қаланың аумағын кешендi экологиялық-геохимиялық зерттеу жөнiндегi айтарлықтай жұмыстарды жүзеге асыру қажет.

   Көлемдi орман паркi аймағын құру қатал қысқы желдер мен жазғы шаң борандары сияқты қолайсыз табиғи факторларды әлдеқайда жұмсартуға мүмкiндiк бередi. Шамамен 25 мың га аумаққа ағаш отырғызу көзделедi. Астананы көгалдандыру үшiн ағаштардың аудандастырылған жылдам өсетiн тұқымдары қолданылатын болады, қаланың көшелерi мен бос жатқан аумақтарында гүлзарлардың алаңдарын одан әрi кеңейту көзделуде.

   Есiл өзенi аймағындағы кеңiстiктердi көркейту мен көгалдандыру экологияны, жапсарлас аумақтың микроклиматын жақсартуға ықпал ететін болады және тұрғындардың демалысы үшiн көлемдi аймақ құрайды. Есiл өзенінің арнасын тазарту және түбін тереңдету жөніндегі жұмыстар жүргiзiлетiн, оның арнасы бойынша санитарлық аймақ құрылатын болады.

   Қаланың сол жағалауындағы құрылыстарды егжей-тегжейлі жоспарлаудың жобаларын әзiрлегенде және іске асырғанда аумақтарды су басудан қорғау жөнiндегi шаралар көзделетiн болады.

3.2. Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн қалыптастырудың және дамытудың негiзгi принциптерi

   Егемен Қазақстанның жаңа астанасының әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн қалыптастыру және дамыту мынадай негiзге алынатын принциптердiң негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс:

   қаланың қалыптасуы мен дамуының түпкiлiктi мақсатқа бағыттылығы және кезеңдiлiгi;

   әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң тиiмдiлiгi;

   прогресшiлдiк;

   тауар өндiрушiлердiң iшкi және сыртқы рыноктардағы жоғары бәсекелестiк қабiлетi;

   даму үлгiсiнің белсенділігі;

   өндірістердің және тауарларды тұтынудың экологиялық қауіпсіздігі, қоршаған ортаның ластанудан қорғалуы;

   елдiң қалалары мен аймақтары жүйесiндегi жетекшiлiгi. Бұл принциптердiң мәнi мынада:

   Түпкiлiктi мақсатқа бағыттылығы және қалыптасу мен дамудың кезеңдiлiгi. Астананың дамуы және түпкiлiктi қалыптасуы ұзақ мерзiмдiк процесс болып табылады және ол тек кезең-кезеңiмен жүзеге асырылады, өйткенi бұл мiндеттi бір актiлi іс-қимылмен шешу мүмкiн емес. Осыған байланысты астананың дамуы мен қалыптасуының әрбiр кезеңi Астана қаласының әлеyметтiк-экономикалық жүйесiнiң түпкiлiктi шегi мен құрылымдарына бағытталуы тиiс.

   Әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң тиiмдiлiгi. Бүкiл әлеуметтiк-экономикалық жүйе пайдамен жұмыс істеуі, ол қосылған құны жоғары салалар мен өндiрiстерден тұруы тиiс. Қала бюджетiнiң тапшылығы төмен болады, кiрiстер қаланың қазiргi заманғы үлгiдегi астана ретiндегi даму бағдарламасынан туындайтын қажеттiлiктерін жабатын болады.

   Прогресшiлдiк. 2005 жылға дейiнгi кезеңде төлеуге қабiлеттi сұраныстың әлсiздiгiне, елде әлi экономиканың тұрақты өсуiнiң болмауына байланысты негiзiнен республика iшiндегi рыноктың қажеттiлiктерiн ескере отырып, оларды қайта бейiмдеу арқылы қалада жұмыс iстейтiн өндiрiстiк қуаттарды тиiмді пайдалануға және сауықтыруға бағытталған шаралар белгiленуде.

   Сол бiр мезгiлде осы принципке сәйкес экономиканың құрылымы шағын және орташа кәсiпорындардың шеңберiнде түпкiлiктi ғылымды қажетсiнетiн, жоғары технологиялы өнiм шығаратын өндiрiстердiң үлесiн өсiредi, қалада iрi тоннажды және iрi габариттi өнiмдер, экологиялық жағынан "лас" өнiмдердi өндiруге рұқсат етілмейдi. Әлеуметтiк-өндiрiстiк инфрақұрылым, қаланың тiршiлікті қамтамасыз ету жүйесi озық техника мен прогресшiл технологияларға, алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық идеяларды тудыруға көбiрек негiзделуде.

   Әлеуметтiк жүйе барған сайын денсаулық сақтаудың қазiргi заманғы жүйесiмен республиканың қазiргi заманғы ғылыми-бiлiмдiк, мәдени орталығына айналатын болады.

   Тауар өндiрушiлердiң жоғары бәсекелестiк қабiлетi. Экономиканың ғаламдану және халықаралық экономикалық бәсекелестіктiң өсуi, ұлттық экономиканың ашықтығы және мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiнiң жоғары ырықтандырылуы жағдайында астаналық тауар өндiрушiлер iшкі рынокта да, сол сияқты сыртқы рынокта да жоғары бәсекелес болулары тиіс. Бұл үшiн олар жекелеген бәсекелес тауарлар шығарудың өсуіне емес, оларда бағдарламалық ақпараттық элементтердің жоғары үлес салмағымен бір технологиялардан басқаларына кірісу мүмкіндігін жасауға бағдарланады.

   Даму үлгiсiнiң белсенділiгi. Қаланың тауар өндiрушiлерi мен ғылыми- техникалық құрылымдар ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлеме мен олардың нәтижелерiн жедел пайдалану саласында белсендi саясат жүргiзуде. Олар тек озық идеялар мен ғылыми-техникалық зерттемелерге, яғни дамудың инновациялық үлгiсiнiң басымдығын сипаттайтын экономиканы жоғары технологиялық жаңғыртуға бағдарланады.

   Бұл үшiн қажеттi жағдайлар мен ресурстар ендi бүгiн туындауда, ал болашақта ұлғаяды. Бiрiншiден, ел экономикасы экономикалық өсу жолына түстi, ол отандық тауар өндiрушiлердiң өздерiнiң материалдары мен шикiзатын кеңiнен пайдалану үшiн үлкен қаржылық және материалдық мүмкіндіктер, қолайлы жағдайлар жасайды.

   Екiншiден, ендi дүниежүзiнiң ең дамыған елдерiнiң алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқыған жоғары бiлiмдi және жоғары бiлiктi жас кадрлар бар. Бұдан басқа, дүниежүзiнiң алдыңғы қатарлы университеттерiнiң үлгiсi бойынша ендi өз оқу орындарын ұйымдастыру үшiн де - ең алдымен Астана қаласында жағдайлар жасалған.

   Yшiншiден, астаналық қаланың мәртебесi және оның дамуында мемлекет қолданатын қолдампаздық жас, бiлiмдi, жоғары бiлiктi адамдарды атақ құмарлық мақсаттармен Астана қаласына үлкен мөлшерде сөзсіз тартады.

   Төртiншiден, құрлығы мен орналасқан жерiне қарамастан барлық компьютерлендiрiлген жұмыс орындарын бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн, жаңа компьютерлiк техникаға, технологиялар мен бағдарламалық құралдарға негiзделген ғаламдық ақпараттық жүйе (Интернет) шағын бизнестi қоса алғанда, кез келген бизнес үшiн кез келген идеялар мен ғылыми жетiстiктердi, инновациялық жобалар мен өнiмдерді кеңiнен қол жетерлiк етедi.

   Астана қаласын дүниежүзiнiң дамыған астаналарының қатарына тек экономиканы белсенді дамыту үлгiсi ғана шығарады.

   Өндiрiстiң және тауарлар мен қызметтердi тұтынудың экологиялық қауіпсіздігі. Бұл принцип қалада экологиялық жағынан жеткiлiктi таза өндiрiстердi дамыту, экологиялық жағынан жеткiлiктi таза өнiмдер шығару жолымен iске асырылады. Ұсынылып отырған жоғары технологиялы, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер, қалада iрi кәсiпорындарды және өнеркәсiп алыптарын орналастырудан бас тарту осы талапқа ең үлкен мөлшерде жауап бередi.

   Қазiр қалада қоршаған ортаның ластану көздерi болып табылатын салаларда шикiзаттың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерi пайдаланылады. Қала қоқысын жинаудың және шығарудың, қала көшелерiн тазалаудың жаңа тәсілдерi мен құралдары қолданылады.

   Қаланы көгалдандыру және оның айналасына ағаштар отырғызу жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.

   Астана қаласының елдiң қалалары мен аймақтары жүйесiнде жетекшiлiгi. Астана әлеуметтiк-экономикалық дамуда, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн салалар мен өндiрiстердi, жаңа "сілкініс" идеяларын игеруде және дамытуда көш басшылықты жеңiп алуда.

   Астана қаласы таяу болашақта жаңа индустриалдық (индустриалданудан кейінгi) режимде жұмыс iстейтiн және дамитын және өсу полюсi болады.

3.3. Бюджет саясаты

   Бюджет саясаты республика астанасының экономикалық және саяси дамуының негiзгi факторларының бiрi болады. Ол қала экономикасына мемлекеттiк ықпал етудiң аса маңызды құралы болып есептеледi.

   Қаланың салық бюджет саясаты саласында:

   салық салынатын базаны кеңейтудiң, сол сияқты салықтық әкімшілік етуді жақсарту мен көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетудің есебiнен қала бюджетiне түсiмдер сомасын тұрақты ұлғайту;

   қала бюджетiнiң кiрiс бөлiгiнiң 2005 жылға 2000 жылмен салыстырғанда 1,5 есе нақты ұлғаюын қамтамасыз ету;

   қалалық бюджеттен қалалық билiк органдары жүргiзетiн іс-әрекетке тиесiлi шығыстарды ғана қаржыландыру;

   өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым саласындағы басымдықты салалар мен өндiрiстерде тек инвестициялық жобалар үшiн муниципальдық облигациялар шығару;

   бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру үшін қарыз алудың мөлшерiн оларға қызмет көрсетуге арналған шығыстардың бюджет шығыстарының 15%-дан артық емес лимитiнде бюджеттiң жылдық кірiстерiнiң 20%-ынан аспайтын жиынтық борышпен шектеу;

   бюджеттiк қаражатты қалыптастырудың және пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету;

   қарыз алушылардың бюджеттiк қаражатты қайтаруын және олардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда.

   Қалалық бюджеттен бөлiнетiн инвестициялардың жалпы мөлшерi 2005 жылға 1,8 есе өсуi және барлық шығыстардың 44%-ын құрауы тиiс.

3.4. Инвестициялық қызмет

   Экономикалық өсудiң негiзгi факторы нақты экономикаға тартылатын инвестициялар болып табылады.

   Инвестициялық саясаттың негiзгi мiндеттерi:

   өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде қалада iскерлiк және инвестициялық климатты жақсарту жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу және қабылдау, отандық және шетелдiк инвесторлар үшiн тартымды жағдайлар жасау;

   жеке меншiк инвестицияларды, соның iшiнде қала экономикасының басым салаларына тiкелей шетелдiк инвестициялар тартуды ынталандыру;

   мемлекеттiң қаланың инфрақұрылымын қаржыландыруға қатысуы болып табылады.

   Қалада қолайлы iскерлiк және инвестициялық климат:

   қалада әлеуметтiк-саяси тұрақтылықты сақтау;

   қалада экономиканың жұмыс істеу режимдерiн ырықтандырудың ашықтығын және оны тереңдетудi қамтамасыз ету;

   заңдарды қатаң сақтау және мүлтіксіз орындау;

   қаланың өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамыту;

   сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестi күшейту;

   бәсекелестiктi қолдау және бәсекелестiк ортаны құру;

   қала аумағында инвестицияларды қорғау және кепілдендіру туралы халықаралық шарттарды мүлтiксіз сақтау;

   тапшылықсыз бюджет саясатын, берешектерге уақытылы қызмет көрсетудi жүзеге асыру;

   басымдықты салалар мен өндiрiстер құруға жер учаскелерiн жеңiлдiктi шарттармен беру;

   инвестициялық қатердi азайту және сақтандыру жолымен қалыптастырылатын болады.

   Осы шаралар капиталды шетелге шығарғаннан гөрi, оның қала экономикасына жұмсалымдарды тиiмдi етедi.

   Қала әкiмi дәстүрлi инвестициялар көздерiн кеңейту және жаңаларын тарту мақсатында:

   акционерлiк капиталды тартуға және бағалы қағаздар рыногын дамытуға;

   аймақтық инвестициялық жобаларды қаржыландыруға байланысты жергiлiктi атқарушы органның облигацияларын шығаруға;

   жылжымайтын мүлiк, әсiресе жер учаскелерiн сату рыногын қалыптастыруға және дамытуға;

   шағын кәсiпорындардың қызметiн инвестициялау үшiн жалпы қосылған құнның (Жөө) 3%-ы мөлшерiнде барлық қаржыландыру көздерінен қаражат бағыттауға;

   қалада шетелдiк капиталдың қатысуымен ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялар салаларында бiрлескен кәсiпорындар құруды және дамытуды ынталандыруға;

   қаланың өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамыту үшiн тiкелей шетелдiк инвестицияларды ынталандыруға, халықаралық қаржы институттары мен ұйымдарының, шетелдiк мемлекеттердiң заемдары мен несиелерiн тартуға мүмкiндiк туғызатын болады.

   Тұтасымен алғанда мемлекет капиталды қажетсiнетiн және жеке меншiк инвесторлар үшiн тартымды емес өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның объектiлерiн өзiне алады, "тiршiлiктi қамтамасыз ететiн" салалар мен өндiрiстердi инвестициялау мен қолдауда, мемлекеттiк кепiлдiктер беруде тiкелей үлестiк қатысуды пайдаланады. Бұл шаралар қатерлердi төмендетуге және капитал жұмсау тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.

   Бұл ретте республикалық және қалалық билiк органдарының арасында инвестициялық өкiлеттiктерге айқын шек қою: республикалық органдар жалпы мемлекеттiк, республикалық маңызы бар объектiлердi, ал қалалық органдар - қалалық маңызы бар объектiлердi инвестициялайды.

   2001-2005 жылдардағы кезеңге негiзгi капиталға тартылатын инвестициялар 2001 жылы 68 млрд. теңгеден 2005 жылы 113 млрд. теңгеге дейiн өседi. Бұл ретте, шетелдiк инвестициялардың мөлшері 2005 жылға 2 есе өседi және олардың жыл сайынғы көлемi 150 млн. АҚШ долларына дейiнгi мөлшердi құрайды. Олар негiзiнен қызмет көрсету саласына, мейманхана және мейрамхана бизнестерiне, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкпен жасалатын операцияларға бағытталатын болады.

3.5. Сыртқы экономикалық қызмет

   Сыртқы экономикалық қызмет меншiктi өнiмнiң экспортын 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 39,9%-ға арттыруға бағытталатын болады. Экспорттың негізгi өнiмi бұрынғыша астық дақылдары және оларды өңдеуден алынған өнiмдер болып қала береді. өара және түстi металдар (металл сынықтары) экспортын 1999 жылғы деңгейде сақтау жөнiнде шаралар қолданылатын болады.

   Астана қаласының экономикалық даму бағдарламасына сәйкес экспорттық тауарлардың номенклатурасы:

   машина жасаудың өнiмдерi (жартылай вагондар мен платформалар, ауыл шаруашылығы техникасы);

   ұлттық өнiмдердi қоса алғанда, тамақ өнеркәсiбiнiң өнiмдерi;

   тұрмыстық электр техникасы;

   тігін өнеркәсібінің өнімдері, соның ішінде ұлттық және спорттық киімдер;

   құрылыс индустриясының өнімдері;

   кәдесый бұйымдары есебінен кеңейтіледі.

   Неғұрлым ықтимал өткізу рыноктары Ресей және Орталық Азия елдері болады.

   Бизнес-орталықтың, ал кейіннен технопарктің жандануы нәтижесінде жаңа технологиялар мен тауарлар экспортының, соның ішінде алыс шетел елдеріне де, мүмкіндігі пайда болады.

   Импорттық жеткізілімдер негізінен мұнай өңдеу өнімдері, отандық өнеркәсіп өндірмейтін машиналар мен жабдықтар түрінде болады.

3.6. Өнеркәсіп

   Өнеркәсіптің 2005 жылға дейінгі кезеңде дамуы көбінесе астананың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге байланысты салаларға бағдарланған күйінде қалады. Оларға бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және құрылыс материалдары мен конструкциялары өнеркәсібі жатады.

   Алайда 2001 жылдан бастап, Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық жүйесін дамытудың және қалыптастырудың баяндалған негізгі принциптеріне сәйкес, оның тиімділігін арттыруға, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған, қаланың өнеркәсіп өндірісін құрылымдық қайта құрулар басталуы тиіс. Бұл ретте, өнеркәсіптің дамуы көбінесе неғұрлым ұтқыр және қайта бағдарлауға ыңғайлы шағын және орташа кәсіпорындарға бағдарлауды көздейді, ол үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді саралау және жаңа өндірістер құру талап етіледі.

   Тамақ өнеркәсібі

   Тамақ өнеркәсібінің негізгі міндеті Астана қаласы халқының тамақ өнімдеріне қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, қала ішінде тұтыну, аймақаралық айырбас және экспорт үшін бәсекеге қабілетті ақырғы өнім өндірудің ассортименті мен көлемін кеңейту болып табылады.

   Күнделікті сұраныстың немесе тұтынуға әзірлік дәрежесі жоғары өнімдер, сондай-ақ аймақаралық айырбас пен экспорт үшін сақталу мерзімі ұзартылған тасымалдауға ыңғайлы ақырғы өнімдер өндіру жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға басымдық беріледі. Ауыл шаруашылығы шикізатын алғашқы қайта өңдеу шикізат өндірілетін орындарға жақындату арқылы ұйымдастырылады.

   Бірінші кезекте, қала маңындағы аймақта және Ақмола облысының аумағында ет пен сүтті, басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру есебінен сенімді шикізат базасы құрылатын болады.

   Бәсекеге қабілетті тамақ өнімдері өндірісін ұлғайту, оның ассортиментін кеңейту және сапасын арттыру, аймақаралық айырбас және экспорт үшін:

   халықтың шоғырланған жерлеріне жақындатылған, өз өнімдерін өткізетін шағын наубайханалар мен кондитер өндірістерінің желісін дамыту;

   әзірлігі жоғары, жоғары сапалы ет, сүт және балық өнімдерін - тоңазытылған тартылған ет, тауық етінен жасалған филе, туралған шұжық және герметикалық ораудағы және ұсақ көлемде өлшенген басқа өнiмдердi, жартылай фабрикаттарды, кулинария өнiмдерiн өндiрудi кеңейту;

   оралған және таңбаланған өнiмдердiң - нан және ұннан пiсiрiлген тағамдар, кондитер өнiмдерi, сүт өнiмдерi, шұжық және еттен жасалған жартылай фабрикаттар және басқаларының үлес салмағын арттыру;

   консервiлеу мен ораудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы ұлттық жеңсiк тағамдарды (қазы, шұжық, құрт, iрiмшiк, кондитер өнiмдерi және басқалары), сондай-ақ сақталу мерзiмi ұзартылған, ұлттық және астаналық символикалармен қазiргi заманғы тоғанақта сусындар (қымыз) өндiрудi кеңейту;

   астықтың негiзiнде әзiрленуi жоғары өнiмдер - тез әзiрленетiн және порцияланған өнiмдер (порцияланған тез пiсiрiлетiн ботқалар, құрғақ таңертеңгiлiк ас, қауыздар, үй жағдайында өндiрiлетiн торттар, кекстер, тәтті күлшелер, құймақтар және т.с.с. жартылай фабрикаттар), соның ішiнде франчайзингтi пайдалану арқылы өндiрудi игеру;

   қала халқының қажеттiлiгiн және құрылымын негiзге ала отырып өз технологиялары мен рецептураларын әзiрлеу немесе франчайзинг негiзiнде диеталық тамақ өнiмдерi мен балалар тағамы үшiн өнiмдер кешенiн өндiруді игеру (қантты, тұзды алмастырғыштарды пайдалану арқылы құрамында көміртегі аз, уатылған дән қосылған, йод құрамы жоғары нан және ұннан пiсiрiлген өнiмдер, қантты алмастырғышты, алма пектинiн, крекерлердi қолдану арқылы кондитер өнiмдерiн, калориясы төмен астық қоспаларынан жасалған қытырлақ нан, пахта пайдаланылған сүт өнiмдерi, диеталық ірiмшiк және бiрқатар басқалары);

   қала халқын тамақ өнiмдерiмен, ең алдымен тез тоңазытылған өнiмдер өндiрудiң, вакуумдiк орамаларды пайдаланудың есебiнен көкөніс пен жемістермен қамтамасыз етуде маусымдық факторды төмендету;

   алкоголь ішімдіктерін шығаратын шағын бизнес субъектілерін алкоголі бәсең, алкоголсыз сусындар мен тазартылған асханалық су өндiрісіне көшiруге ықпал ету;

   өз брэндлерiн әзiрлеу (өз технологиясы бойынша шығарылған, патенттелген жаңа тауарлар) және оларды жылжыту;

   Астана қаласының символикасы бейнеленген тамақ өнiмдерiн өндiрудi кеңейту;

   мал шаруашылығының, құс шаруашылығының, тоғандық балық өсiру шаруашылығының қажеттіліктерiн ескере отырып құрама жем өндiрудiң номенклатурасы мен көлемiн кеңейту;

   қазiргi заманғы ыдыстар мен орамадағы өнiм өндiрудi кеңейту, сатып алушылардың оны қалталау жөнiндегi сұранымдарын ескеру;

   қалалық өндiрушiлер өнiмiнiң көрме-жәрмеңкесiн өткiзу, жарнамалауды жақсарту көзделедi.

   Жеңiл өнеркәсiп

   Астана қаласының жеңiл өнеркәсiбiн дамытудың негiзгi бағыты бәсекеге қабiлеттi өнiм өндіре алатын, шағын сериялы жедел қайта құрыла алатын шағын және орташа өндiрiстердi, тұрғындардың жеке тапсырыстарын орындау жөнiндегi кәсiпорындарды құру болып табылады.

   Осыған байланысты:

   бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiре алатын өндiрiстердi бөлiп көрсете отырып, жұмыс істеп тұрған ірi кәсiпорындарды саралау, қайта құрылымдау және қайта бейiмдеу;

   шағын кәсіпкерлікпен ынтымақтастықтың негізінде ірі кәсіпорындардың жанынан тоқыма және тігін бұйымдарының үлгілерін жасау жөніндегі бөлімшелер құру;

   импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру негізінде жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта құру мен жаңғырту және жаңаларын құру; ұлттық символика бейнеленген тігін, тоқыма бұйымдарының, киізден үйде киетін аяқ киім және басқаларының, қаланың, Щучинск-Бурабай және басқа курорттық аймақтардың қонақтары үшін кәдесый бұйымдарының өндірісін игеру;

   жетекші трансұлттық компанияларға, сондай-ақ белгілі шетелдік фирмаларға және қаланың жеңіл өнеркәсібінде экспортқа бағдарланған бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құруға бағдарлау арқылы франчайзингті пайдалану көзделеді.

   Аяқ киім және былғарыдан басқа да бұйымдар өндіру тұрғындардың тапсырыстары бойынша жеке адамдарға арнап тігетін (дайындайтын) шағын кәсіпорындарының желісін кеңейту есебінен дамытылатын болады.

   Химия өнеркәсібі

   Қала халқының, сауданың, өнеркәсіптің тамақ, басқа да салаларын дамытудың қажеттіліктерін ескере отырып, пластамассадан жасалған аралық және түпкілікті тұтыну бұйымдарын - полистирол, полипропилен, полиэтилен, поливинихлорид, соның ішінде ыдыс орағыш материалдар шығару жөніндегі жеңіл қайта құрыла алатын шағын өндірістер құру көзделеді.

   Ыдыс және үйде пайдаланылатын заттар, спорт құралдары, кеңсе бұйымдары, ойыншықтар, кәдесыйлар, жарық техникасы аппаратурасын, жеңіл өнеркәсіп үшін фурнитуралық бұйымдар, поливинихлоридтен және полиэтилен жасалған құбырлар, санитарлық-техникалық бөлшектер және пластмассадан жасалған бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін синтетикалық материалдардан жасалған бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдар шығару игеру үшін перспективалы бағыттар болып табылады.

   Құрылыс материалдарының өнеркәсібі

   Астана қаласында құрылыс жұмыстарының кеңеюін ескере отырып, құрылыс материалдары мен конструкцияларының өнеркәсібі өзінің жетекшілік рөлін, әсіресе темір бетон және бетон бұйымдары мен конструкцияларын, тауарлық бетонды өндіруде ж