Астана
қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 111
Жарлығы
"Егемен
Қазақстан" 2006 жылғы 11 мамыр N 103
"Президент
пен Үкімет актілерінің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына
сәйкес, халықтың өмiр сүру сапасын арттыру, Астана қаласының әлемдiк
стандарттарға сай келетiн және экономиканың өсуiне барабар тыныс-тiршiлiк
инфрақұрылымын қалыптастыру, елорданың мемлекет экономикасындағы ықпалдастық
рөлiн арттыру, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету
мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Қазақстан
Республикасының Қазақстан
Республикасы
Астана,
2006 жыл Мазмұны Бағдарламаның
паспорты
Атауы
Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының Әзiрлеу
үшін Қазақстан Республикасының
Президентi Әзiрлеуші
Астана қаласының
әкiмдiгi Мiндеттерi I
кезең (2006 - 2008
жылдар): II
кезең (2009 - 2010
жылдар): Iске
асыру 2006 - 2010
жылдар Қажеттi
Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының Республи- Жергілік- Кәсiпорын- ЖИЫНЫ 2006 62,5* 6,9 - 69,4 2007 79,3* 7,7 - 87,0 2008 100,9 4,1 0,01 105,01 2009 119,3 4,3 0,02 123,62 2010 133,5 4,6 0,04 138,14 Жиыны 495,5 27,6 0,07 523,17 *
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың
Жылдар
бойынша қаржыландыру көлемi кезектi
қаржы Күтiлетiн
Бағдарламаны iске асыру үйлесiмдi дамыған
елорда
Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылға 21 желтоқсандағы N 01-7.11 хаттамалық
тапсырмасына сәйкес әзiрлендi.
Астана қаласы елiмiздiң орталық бөлiгiнде, ежелгi Сарыарқаның солтүстiгiнде
орналасқан.
Жаңа астананың дамуы, оның әлеуметтiк-экономикалық жағдайының және
инфрақұрылымының жақсаруы қала халқының жалпы санының өсуiне әкелдi. Астана
қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейiп, 2006
жылдың басында 550,2 мың адам болды.
Әлеуметтік қорғау саласында жүргiзiлген жұмыс кедейлiк шегiнен төмен өмiр сүріп
жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң өмiр сүру
деңгейiн жақсартуға бағытталды.
Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-i жеке меншiк), 22 колледж жұмыс iстейдi.
Оқудың барлық түрлерi бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерiнiң
жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрi 5
мемлекеттiк кәсiптiк мектеп бастауыш және орта кәсiптiк даярлықты жүзеге
асырады.
2005 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрiгер және
4,2 мың орта медицина қызметкерлерi еңбек ететiн, жергiлiктi басқару
органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттiк медицина ұйымы және 100-ден астам
мемлекеттiк емес медицина ұйымдары қызмет
көрсеттi.
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелерi желiсi едәуiр көбейдi. 3 театр, 23
кiтапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесi, 2 кинотеатр, Мемлекеттiк филармония, 2
сарай, 3 балалар музыка мектебi, өнер мектебi, көркемөнер мектебi жұмыс
iстейдi.
Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001 -
2005 жылдар кезеңiнде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға
дейiн (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттiк) өстi.
Олардың iшiнде 25 БАҚ ағылшын, немiс, украин, татар тiлдерiнде
шығады.
2000 - 2005 жылдар аралығындағы кезеңде қала өнеркәсiбiнiң өсуi байқалды.
Қаралып отырған кезеңде өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 3,1 есе - 2000 жылғы 18,4
млрд. теңгеден (ағымдағы бағалармен) 2005 жылы 58,0 млрд. теңгеге дейiн
өстi. 1-кесте Өнеркәсiптi
дамытудың негiзгі көрсеткiштерi 2000 2001 2002 2003 2004 2005 Өнімдер
(тауарлар, 18,4 24,7 28,3 33,9 51,3 58,0 Өнімнің
нақты көлемінің 112,3 118,5 113,7 110,8 124,7 109,7 Жалпы
республикадағы 1,0 1,2 1,2 1,2 1,3 1,1
Өнеркәсiпте және құрылыс индустриясында кеуек бетон, ағаш бұйымдарын, қаптама
кiрпiштi шығаруда қазiргi заманғы технологияларды пайдаланатын жаңа кәсiпорындар
құрылды, магний сутегi пайдаланылатын металл кесудiң жаңа технологиясы жасалды,
тиiмдi кiрпiш өндiрiсi жобасын игеру ұсынылды. 1-сурет
Өңдеу өнеркәсiбi салаларында, атап айтқанда машина жасауда, басқа да металл емес
минералдық өнiмдер өндiрiсiнде, металлургия өнеркәсiбi мен дайын металл
бұйымдары өндiрiсiнде, тамақ өнiмдерi өндiрiсiнде жоғары өсу қарқыны
байқалды.
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiнде жүргiзiлген саясат нәтижесiнде
соңғы жылдары сандық, сондай-ақ сапалық қатынастар тұрғысында маңызды өзгерiстер
болды.
2006 жылғы 1 қаңтарда Астана қаласының электр станцияларының белгiленген жиынтық
қуаты 262 МВт құрады. 2000 - 2005 жылдар кезеңiнде электр энергиясын өндiру 8,9
%-ға өстi және 2005 жылы 1450,223 кВт/сағ құрады. 2005 жылы электр энергиясын
тұтыну 1361,1 млн. кВт/сағ. болды.
Қала тұтынушыларын бумен және ыстық сумен жабдықтауды жылу электр орталықтары
(ЖЭ0-1, ЖЭО-2) мен қазандықтар қамтамасыз етедi. Сол жақ жағалаудағы көп қабатты
тұрғын үй құрылысының аймағында ЖЭО-ның жылу желiлерiн төсеп үлгермеу мұнда
жылумен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн қазандықтар салуға мәжбүр
етедi.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 15 тамыздағы N
1064 қаулысымен бекiтiлген Астана қаласының Бас жоспарына сәйкес
елорда ортасын жасауға мүмкiндiк беретiн әкiмшiлiк, iскерлiк, әлеуметтiк-мәдени,
ғылыми-бiлім беру және бизнес орталықтары
қалыптастырылуда.
жинағында" толық мәтіні
және
республикалық
баспасөзде
мазмұны жариялануға
тиіс
1) Бағдарламаның орындалуын үйлестiрудi
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен қамтамасыз
етсін;
2) жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен
кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу
барысы туралы ақпарат ұсынсын.
Президентi
Президентiнiң
2006 жылғы
4 мамырдағы
N 111
Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
дамуының 2006 - 2010
жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТIК
БАҒДАРЛАМАСЫ
Кiрiспе
1. Проблеманың қазiргi жай-күйiн
талдау
1.1. Жалпы
сипаттама
1.2. Әлеуметтік
сала
1.2.1. Демографиялық
даму
1.2.2. Әлеуметтiк
қамсыздандыру
1.2.3. Бiлiм
беру
1.2 4. Денсаулық
сақтау
1.2.5. Мәдениет және
спорт
1.2.6. Ақпарат және имидж
саясаты
1.3. Индустриялық-инновациялық саясат және
энергетикалық
кешен
1.3.1. Өнеркәсiп
1.3.2. Кәсiпкерлiк
1.3.3. Электр
энергетикасы
1.3 4. Жылумен
жабдықтау
1.4. Қала құрылысы және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
1.4.1. Қала
құрылысы
1.4.2. Тұрғын үй
құрылысы
1.4.3. Қаланы
абаттандыру
1.4.4. Газбен
жабдықтау
1.4.5. Сумен жабдықтау және су
тарту
1.5. Көлiк
жүйесi
1.5.1. Қалалық жол-көлiк
жүйесi
1.5.2. Қаланың iшкi
көлiгi
1.5.3. Сыртқы
көлiк
1.6. Инвестициялық
ахуал
1.7. Туризм
1.8. Сауда
1.9. Бюджет
саласы
1.10. Қоршаған ортаны
қорғау
2. Бағдарламаның мақсаттары мен
мiндеттерi
3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен
тетiгi
3.1. Әлеуметтiк саланы
дамыту
3.1.1. Демографиялық
даму
3.1.2. Халықтың тұрмыс
деңгейi
3.1.3. Әлеуметтiк
қамсыздандыру
3.1.4. Бiлiм
беру
3.1.5. Денсаулық
сақтау
3.1.6. Мәдениет және
спорт
3.1.7. Ақпарат-имидж
саясаты
3.2. Индустриялық-инновациялық саясат және
энергетикалық кешендi
дамыту
3.2.1. Өнеркәсiп
3.2.2. Кәсiпкерлiктi
дамыту
3.2.3. Электр
энергетикасы
3.2.4. Жылумен
жабдықтау
3.3. Қала құрылысы және тұрғын
ұй-коммуналдық шаруашылықты
дамыту
3.3.1. Қала
құрылысы
3.3.2. Тұрғын үй
құрылысы
3.3.3. Қаланы
абаттандыру
3.3 4. Газбен
жабдықтау
3.3.5. Сумен қамтамасыз ету және
су тарту
3.4. Көлiк және телекоммуникацияны
дамыту
3.4.1. Көлiк
3.4.2. Телекоммуникациялар
3.5. Сауда
3.6. Қалалық
қызмет көрсету саласын дамыту
3.7. Салық және бюджет
саясаты
3.8. Инвестициялық ахуалды
жақсарту
3.9. Туризмдi
дамыту
3.10. Қоршаған ортаның жағдайын
жақсарту
4. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру
көздерi
5. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн
нәтижелер
2006-2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
негiз
Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2004 жылғы
21
желтоқсанда өткен кеңестiң N 01-7.11 хаттамасы
Мақсаты
Халықтың өмiр сүру сапасын дәйектi
арттыру,
әлемдiк стандарттарға сай келетiн және қала
халқы
мен экономикасының өсуiне барабар
тыныс-тiршiлiк
инфрақұрылымын қалыптастыру, қолайлы
қоршаған
ортаны қамтамасыз ету, елдiң
экономикасында
елорданың ықпалдастық рөлiн арттыру
бала тууды көтермелеу, денсаулықты бекемдеу
және
өмiр сүру жасын
ұзарту;
халықтың неғұрлым осал және
қорғалмаған
жiктерiне атаулы әлеуметтiк көмекті
ұсыну;
мемлекет және денсаулық сақтау
саласындағы
уәкiлеттi орган айқындайтын денсаулық
сақтауды
дамытудың басым бағыттарын iске
асыру;
сапалы медициналық көмек көрсетудi
қамтамасыз
ететiн медициналық кластер
құру;
әлемдiк деңгейдегi бiлiктi кадрларды
даярлауды
қамтамасыз ететiн ғылым-бiлім кластерiн
құру;
бiлiм беру мекемелерiнiң
теңгерiмделген
желiсiн құру және сапалы да үздiксiз бiлiм
беру
жүйесiн
қалыптастыру;
халықтың рухани әлеуетiн нығайту және
зияткерлiк
деңгейiн
арттыру;
халықты жұмыспен қамтуды және қала
экономикасына
туризмдi дамытудан кiрiс түсуiн қамтамасыз
ететiн
туристiк кластердi
құру;
қаланың экономикасын, әлеуметтiк,
өндiрiстiк,
тұрғын үй және көлiк инфрақұрылымын дамыту
үшiн
қаржы ресурстарын тарту мақсатында
қолайлы
инвестициялық ахуал
жасау;
ғылымды қажетсiнетiн және жоғары
технологиялық
экспортқа бағдарланған өндiрiстер
құруды
қамтамасыз ететiн өнеркәсiп кластерiн
құру;
құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру және
құнын
азайту үшiн күрделi шығындарды азайтуды
қамтамасыз
ететiн және қазiргi заманғы құрылыс
материалдарын
пайдалануды ынталандыра түсетiн құрылыс
кластерiн
құру;
халық санының өсуiне және қала
экономикасының
даму қарқынына сәйкес қаланың
тыныс-тiршілік
инфрақұрылымының жұмыс iстеуiнiң
тиiмдiлiгiн
арттыру;
тұрғын үй иелерiнiң тұрғын үй
ғимараттарын
тиiсiнше күтiп-ұстау және оларды уақтылы
күрделi
жөндеу жөнiндегi мiндеттердi
орындауына
мемлекеттік бақылауды
күшейту;
қаланың көркемдiк мәнерлілігiмен,
тарихи-мәдени
және ұлттық өзгешелiгiмен ерекшеленетiн
сәулеттiк
келбетiн
қалыптастыру;
қаланы сумен жабдықтау мен су тарту
жүйелерiнiң
сенiмдiлігiн арттыру және халықты сапалы
ауыз
сумен қамтамасыз
ету;
қалаiшiлiк жолаушылар және жүк тасымалына
деген
өскелең қажеттiлiкті қамтамасыз ететiн
көлiк
инфрақұрылымын
дамыту;
телекоммуникация мен почта байланысы
қызметтерiн
дамыту;
мемлекет белгiлеген сапа кепiлдiгi
жағдайында
елорда тұрғындарының алуан түрлi тауарлар
мен
көрсетiлетiн қызметтерге
сұранысын
қанағаттандыру, сауда және тұрмыстық
қызмет
көрсету мәдениетiн
арттыру;
бюджетті перспективаны жоспарлау және
оның
атқарылу процестерiнiң тиiмдiлігiн
арттыру;
қалалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiн барынша ұлғайту
бәсекеге қабiлетті еңбек нарығын құру,
бiлiм
берудiң, медициналық қызметтердiң,
мәдениеттiң
және басқаларының стандарттарын жақсарту
арқылы
қала халқының тұрмыс сапасын
арттыру;
өзектi әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi
шешу
үшiн қаланы басқарудың
талдамалық-ақпараттық
қамтамасыз етiлуiн жақсарту жолымен
оның
тиiмділігiн
арттыру;
тұрғын үй құрылысын жедел дамыту және тұрғын
үй
нарығының тиiмдi тетiктерiн қолдану арқылы
тұрғын
үйге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз
ету;
тиiмдi көлiк инфрақұрылымын құру, көлiк
ағынын
оңтайландыру, жүрдек қоғамдық көлiктiң
балама
түрлерiн
енгiзу;
қаланың тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы
қоршаған
ортасын орнықты дамытуды қамтамасыз
ету;
қала кәсiпорындары өндiретiн өнiмдi
өткiзу
нарықтарын
кеңейту;
жоғары технологияларды тарта отырып,
қаланы
басқарудың озық тәжiрибесiн
пайдалану;
Қазақстан Республикасының елордасы -
Астананың
жағымды бейнесiн жасау және оны нысаналы
топтар
арасында көрсете бiлу
мерзiмi
ресурстар
мен 2006 - 2010 жылдарға арналған
мемлекеттiк
оларды
бағдарламасын iске асыруға
республикалық,
қаржыландыру жергілiктi
бюджеттiң және халықтың
қаражаты,
көздерi
халықаралық қаржылық, экономикалық
ұйымдардың
гранттары, шетелдiк және отандық
инвестициялар
пайдаланылатын болады. 2006 - 2010
жылдарға
арналған инвестицияларға жалпы қажеттiлiк
523,2
млрд. теңгенi
құрайды.
Бағдарламаны iске асыру жылдары бойынша
қаражатты
бөлу:
калық
бюджет
ті
бюджет
дар
мен
ұйымдардың
қаражаты
2005 - 2007 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде
қала бюджетi тұрғын үй
құрылысына алатын кредиттердi (2006-2007 жж.
кредит қаражаты - 5,07 млрд.
теңге) есепке алмағанда;
* Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi және денсаулық
сақтауды дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламалары аясында республикалық бюджеттен
бөлiнетiн ресми
трансферттердi есепке алмағанда.
жылына арналған республикалық бюджеттi және
Астана
қаласының бюджетiн қалыптастыру
кезiнде
нақтыланады.
нәтижелер ортасын
құруды қамтамасыз етедi, халықтың
сапалы
тұрмыс деңгейiн көтеру үшiн жағдай
жасайды.
Қаланың инфрақұрылымы таңдаулы әлемдiк
үлгiлерге
жақындай
түседi.
Бағдарламалық iс-шараларды практикада iске
асыру
Астана қаласы экономикасының дамуындағы
оң
үрдiстердi нығайтуға мүмкiндiк бередi, сол
арқылы
орта мерзiмдi, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi
кезеңдерде
оның дамуының макроэкономикалық
орнықтылығын
қамтамасыз
етедi.
Бағдарламаны iске
асыру:
экономикада:
2010 жылы ЖӨӨ-нi 2004 жылмен салыстырғанда
екi
есеге ұлғайтуға (I кезең - 1,4
есеге);
өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiн 2,8 есеге (I
кезең
- 1,7 есеге), оның iшiнде өңдеушi өнеркәсiпте
-
3,6 есеге (I кезең - 1,8 есеге),
электр
энергиясын, газ бен суды өндiруде және бөлуде
-
1,3 есеге (I кезең - 1,1 есеге)
ұлғайтуға;
әлеуметтiк
салада:
жұмыссыздық деңгейiн 6,9 %-ға дейiн
азайтуға;
халықтың ақшалай кiрiсiн 1,8 есеге
ұлғайтуға;
қала халқының өмiр сүруiнiң орташа
ұзақтығын
71,8 жасқа дейiн ұлғайтуға (I кезең - 71
жасқа
дейiн) мүмкiндiк бередi
Бағдарламаны
әзiрлеу қаланың әлеуетiн шеткерi аймақтар мен рекреациялық өңiрлердi дамытудың
өзара байланысында сақтау және кейiннен күшейту жолымен Астана қаласының одан
әрi дамуының стратегиясын айқындау қажеттігiнен
туындады.
Қазiргi уақытта қала тұрақты
экономикалық өсу сатысында. Өндiрiс өнiмiнiң, күрделi құрылысқа салынған
инвестициялар көлемi, тұрғын үйдi пайдалануға берудiң, абаттандыру және
көгалдандыру жұмыстарының, салық жинау және бюджеттiк төлемдердiң көлемi
ұлғаюда.
Сонымен қатар қаланың қарқынды өсуiне
оның тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнiң қызметiне, көлiк инфрақұрылымын
дамытуға, қала құрылысы сипатындағы және басқа да мәселелерге қатысты бiрқатар
проблемалар кедергi келтiруде. Осы Бағдарлама қаланың әлеуметтік-экономикалық
дамуына жағымсыз әсерлердi жою мақсатында
әзiрлендi.
Бағдарлама Астана қаласының
әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдауды, орта мерзiмдi мақсаттар мен
мiндеттердi, оларға қол жеткiзудiң тәсiлдерi мен құралдарын қамтиды, негiзгi
проблемаларды шешудi көздейдi, қаланың өсу үрдiстерiн ескере отырып одан әрi
дамыту бағыттарын айқындайды, сондай-ақ оның ұзақ мерзiмдi әрi орнықты өсуiнiң
негiздерiн қалайды.
Астана қаласының аумағы 71 га
құрайды, Ақмола облысымен шектеседi. Әкiмшiлік бөлiнiс бойынша қалада екi аудан
- "Сарыарқа" және "Алматы" аудандары бар.
Қала
экономикасының дамуын сипаттайтын аса маңызды көрсеткiштердiң бiрi жалпы өңiрлiк
өнiм (ЖӨӨ) болып табылады.
2000 - 2004 жылдар
iшiнде қаланың ағымдағы бағалардағы жалпы өңiрлiк өнiмiнiң көлемi 3,5 есеге
ұлғайды және 2004 жылы нақтылы мәнiнде 419,2 млрд. теңгеге жетті, бұл
республиканың жалпы өңiрлiк өнiмiнiң 7,9 %-ын
құрайды.
2004 жылы жалпы өңiрлiк өнiмде
өндiрiс үлесi - 5,7 %, құрылыста - 22,5 %, саудада - 17,7 %, көлiк пен
байланыста - 15,3%, ауыл шаруашылығында - 0,5 %
құрады.
Соңғы жылдар iшiндегi өңiрлiк өнiм
өсiмiнiң жылдам қарқыны қаланың жан басына шаққандағы жалпы өңiрлiк өнiмiнiң
жоғары деңгейiн айқындайды. 2000 - 2004 жылдар iшiнде бұл көрсеткiш 3 есеге
дерлiк өсiп, және 2004 жылы 806,5 мың теңгенi құрады, бұл орташа республикалық
деңгейден 2,2 есеге жоғары.
Қала республикалық
бюджетті түзуде маңызды рөлге ие. 2005 жылдың қорытындылары бойынша
республикалық бюджеттiң 12,4%-ы Астана қаласының салық төлеушiлерiнен түскен
салық түсiмдерi есебiнен құралды.
Астана
қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейiнiң
артуы болып табылады.
2005 жылы қалада 8,8 мың
бала өмiрге келдi, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға
көп.
2005 жылы бала туудың коэффициентi 1 мың
тұрғынға шаққанда 16,3, өлiм - 6,7 құрады.
Қала халқының өсуi негiзiнен көшi-көн ағыны есебiнен қамтамасыз етiлуде.
Көшi-қон сальдосының елеулi түрде өсуi (50 мыңнан асатын шекте) 2000 - 2001
жылдары байқалды.
Келгендердiң санының
кеткендерден асып түсуi негiзiнен азаматтардың республиканың iшiндегi көшi-қон
есебiнен қамтамасыз етiлдi. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде
тұрақтануы байқалады (2002 ж. - 6,8 мың, 2003 ж. - 5,4 мың, 2004 ж. - 14,2 мың,
2005 ж. - 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсiмi осы кезеңде 2000 жылғы 1513
адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейiн көбейдi.
Демографиялық дамудың негiзгi проблемасы қалаға елдiң басқа өңiрлерiнен келген
реттелмеген көшi-қон ағыны болып табылады.
Астанада 2005
жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс шамасы
6,2 мың теңгенi құрады.
Кiрiсi кедейлiк
шегiмен бiрдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1
қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе
кем.
Қалада зейнеткерлердiң саны 2000 жылғы
32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердiң саны 7,7 мың адам
болды.
Жергiлiктi бюджеттен төленетiн есебiнен
әлеуметтiк төлемдердiң жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгенi құрады, оның
iшiнде тұрғын үй көмегі - 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтiк көмек - 35,4 млн.
теңге.
2005 жылы Астана қаласы бойынша
кедейлiк шегiнiң орташа мөлшерi 2,4 мың теңгенi құрады. Атаулы әлеуметтiк көмек
алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат
жергiлiктi бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және
жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілiк көмегi түрiнде түрлi материалдық
көмек алды.
Мынадай проблемалар жедел шешудi
талап етедi:
халықтың әр түрлi жiктерiнiң
әлеуметтiк қызметке қол жетiмдiлiгiнiң бiрдей
болмауы;
оңалту желiлерi дамуының
жеткiлiксiздiгi және санаторлық-курорттық сауықтыру мекемелерiнiң
болмауы.
Астанада 54 мемлекеттiк жалпы бiлiм
беретiн мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрiк лицей-интернаты,
арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректерi бойынша жалпы саны 60,1
мың оқушысы бар кешкi мектеп жұмыс iстейдi.
Мектеп жасына дейiнгi бiлiм беру жүйесiнде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп
жасына дейiнгi ұйым жұмыс iстейдi.
Бес-алты
жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшiн жағдайлар
жасалған.
Қалада бiлiм беру кеңiстiгi құрылды.
Бiлiмге ынталы дарынды балалар үшiн мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген
пәндердi тереңдете оқытатын сыныптар ашылды.
Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт
төмендегенi байқалады.
Осы саладағы негiзгi
проблемалы мәселелер:
мектеп жасына дейiнгi
ұйымдарға деген қажеттiлiктiң жоғары болуы: 5 мыңнан астам бала балабақшаға
орналастыруды қажет етедi;
орта мектептердiң
12,8 мың оқушыға лық толуы, кейбiр мектептер екi-төрт ауысымда оқиды (1 ауысымда
- 16 мектеп 2 ауысымда - 37 мектеп; 3 ауысымда - 7 мектеп; 4 ауысымда - 1
мектеп).
дарынды балалар үшiн
физика-математика мектебiнiң болмауы;
кәсiптiк-оқу ұйымдары желiсiнiң даму деңгейiнiң қаланың еңбек нарығы сұранысына
сай келмеуi;
кәсiпорындардың жергiлiкті жоғары
оқу орындарының ғылыми әзiрлемелерiне деген сұранысының жетiспеушiлігi болып
табылады.
Астана қаласында 5 жыл iшiнде
кепiлдi медициналық көмектiң көлемi 1821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейiн өстi.
Халықтың жеке санаттарын ауру түрлерi бойынша дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн
2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесiн жүргiзу сапасына он
ықпалын тигiздi.
Өткен кезеңде жаңа денсаулық
сақтау объектілерi салынды, сондай-ақ қаланың емдеу ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар
аударылды.
Проблемалар:
амбулаторлық, стационарлық көмек
көрсету үшiн қуаттардың тапшылығы, емханалық бөлiмшелердiң үлгi-жобаға сәйкес
емес қолайсыз үй-жайларда орналасуы балалар мен ересектер емханаларына келушiлер
санының жоспарлы жүктемесiн ұлғайта түседi.
дәрiгер кадрлармен қамтамасыз етілу 78 %-ды, орта медициналық кадрлармен
қамтамасыз ету - 74 %-ды құрайтын кадр тапшылығы.
Халықты спортпен және дене
шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт
кешендерi ашылды және балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебiне (БЖСМ) күрделi
жөндеу жүргiзiлдi. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендерi iске
қосылды.
Мәдениет және спорт саласындағы
негiзгi проблемалар:
әлеуметтiк-мәдени сала
объектiлерiне қолжетiмдiлiктiң айтарлықтай аумақтық саралануы, олардың қаланың
орталығында шоғырлануы шеткерi орналасқан шағын аудандардың тұрғындарына
қолайсыздық тудырады;
әлеуметтiк сала
қызметтерiн алудың әлеуметтiк саралануы, бiрқатар қызметтiң ақылы болуы оларды
тұрмысы төмен отбасылар үшiн қол жетпейтiн қызметке
айналдырады;
қаланың мәдени мекемелерiнiң
материалдық-техникалық жарақтандырылуының
төмендiгi;
кiтапхана қорының жаңартылуының
жеткiлiксiздiгi, кiтапханалардың техникалық жабдықталуының қазiргi заман
талаптарына сай келмеуi.
Сонымен бiрге мемлекеттiк емес БАҚ-тар
үлесiн арттыру үрдiсi байқалып отыр, бұл қазiргi уақытта 66 %-ды құрайды.
Ақпараттық саясатты iске асырудың маңызды құралы мемлекеттiк тапсырысты
мемлекеттiк, сондай-ақ жеке меншiк БАҚ-қа да орналастыру болып табылады.
Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес iске
асырылады.
Сонымен қатар өз шешiмiн талап
ететiн мәселелер де бар:
қалаiшiлiк
аудиторияға арналған бағыттардың басым болуы, жалпы республикалық және шетелдiк
аудиториямен жұмыстың жеткiлiксiз деңгейi;
бүкiл әлемде өте жылдам дамып келе жатқан ақпараттық кеңiстiк Интернет желiсi
арқылы ақпараттық саясатты жүргiзуге-жеткiлiксiз көңiл
бөлiнуi;
ақпараттың көлемi көп болғанымен, оны
құрылымдау және шоғырландыру нашар. Қала туралы жалпы мәлiметтердi ғана емес,
сонымен қатар оларға сәйкес Астана дамитын бағдарламалар туралы толық ақпаратты,
жергiлiктi билiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi және т.б. қамтитын
бiрыңғай жалпыға қолжетiмдi ақпарат көзiнiң
болмауы.
Қаланың қазiргi заманғы жағдайларда
әлеуметтiк-экономикалық дамуы жай ақпараттық сүйемелдеуге ғана емес, сонымен
қатар мақсатты бағытталған имидж саясатын жүргiзу арқылы қолдауға
мұқтаж.
Астана қазiргi уақытта, келешегi бар
қала ретiнде тұрғындар арасында оң беделге ие, мұнда жақсы бiлiм алуға, жұмыс
табуға болады; iскерлiк ортаға арналған жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие.
Алайда көрсетiлген оң сипаттамалар нысаналы бағытталған ақпарат-имидж саясатымен
ғана емес, сонымен бiрге объективтi факторлармен: астана мәртебесiмен және қала
экономикасының дамуымен байланысты.
Имидж
саясатының элементтерi "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын (АЭА)
көрсете бiлуде қолданылуда. Оның тұрақты жұмыс iстейтiн құралы "Астана - жаңа
қала" АЭА веб-сайты болып табылады.
Шетелдiк
инвесторларды тарту, тұрғындардың бойында таза қала мәдениетiн тәрбиелеу сияқты
қолданбалы әлеуметтік-экономикалық мәселелердi шешу арқылы Астананың
идеологиялық бейнесiн қалыптастыруды толықтыру қажет, бұл тиiсiнше, имидж
саясатының жаңа құралдары мен нысандарын пайдалануды
білдiредi.
энергетикалық кешен
2005 жылы Астана қаласының үлесi жалпы
республика көлемiндегi өндiрiлген өнеркәсiп өнiмiнiң 1,1 %-ын
құрады.
қызметтер) көлемі,
қолданыстағы бағамен,
млрд.
теңге
индексі, өткен жылға %-
бен
өнеркәсіп өндірісі
көлеміндегі
өнеркәсіп
өнімдерінің үлесі, %-
бен
2004 жылы өнеркәсiптiң ЖӨӨ-дегi үлесi 5,7 %-ға жеттi.
Астананың
ЖӨӨ-дегi өнеркәсiп үлесiнiң өзгеру серпiнi
(Қағаз мәтінінен қараңыз)
2005 жылы Астана қаласында өңдеу
өнеркәсiбiнiң үлесi 2000 жылмен салыстырғанда 10,5 %-ға өсiп, 81,2 %-ды
құрады.
Проблемалар:
өңдеушi өнеркәсiп
кәсiпорындарының негiзгi капиталына инвестициялар үлесiнің төмен болуы және оның
кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен ғана жүзеге
асырылуы;
жабдықтардың табиғи және моральдық
тозуының (орта есеппен 60-70 %) елеулi деңгейi, оларды жаңартуға және жаңғыртуға
көптеген кәсiпорындардың өз қаражатының жеткiлiксiз
болуы;
қаладағы өндiрiстiк алаңдар құнының
жоғары болуы;
қаржымен, ғылыми-технологиямен,
кадрмен толықтырудың және кәсiпорындардың мүлiктік, өндiрiстiк және зияткерлiк
құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетiктерiнiң тиiмділігiнiң
жеткiліксiздiгi;
кәсiпорындарда халықаралық
сапа стандарттарын белсендi енгiзудiң
жеткіліксiздiгi.
Сонымен, 2005 жылы шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiнiң саны 2000 жылмен салыстырғанда 2,5 еседен аса ұлғайды және 39,4
мыңды құрады.
2006 жылдың 1 қаңтарында
өндiрiлген өнiмнiң, жұмыстың және қызметiң көлемi 162,6 млрд. теңге болды, 2000
жылмен салыстырғанда 4 еседен аса ұлғайды.
Шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2000 жылмен салыстырғанда 2
есеге ұлғайды және 83,6 мың адамды құрады.
Қала бюджетiне 2005 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен 16,2 млрд. теңге
сомасында салықтар, алымдар және мiндеттi төлемдер
түстi.
Шағын бизнес субъектiлерiнен түскен
салықтардың үлес салмағы қала бюджетiнiң жалпы салық салмағында 6,9 %
болды.
Шағын бизнеске кредит беруге екiншi
деңгейдегi банктердiң белсендi қатысуы бойынша мақсатты бағытталған жұмыс оңды
iлгерлеуде, банк кредиттерiне қол жеткiзушiлiк арта түстi. 2005 жылдың
қорытындылары бойынша шағын бизнес субъектiлерiне 40 млрд. теңге сомасында
кредит берiлдi, 2000 жылмен салыстырғанда кредит беру көлемi 3 есеге
ұлғайды.
Проблемалар:
субъектiлердiң басым көпшiлiгiнде
жеткiлiктi қаржы ресурстарының болмауы;
шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қормен жарақтандырылу деңгейiнiң
жеткiлiксiздiгi;
бизнестi құқықтық қамтамасыз
ету саласында шағын бизнес үшін бiлiктi кадрлардың
тапшылығы.
Қаладағы
тұтыну көлемiнiң ұлғаюы негiзiнен құрылыс және көлiк салаларында электр
энергиясын қолданудың күрт өсуi есебiнен
болды.
Ортақ пайдаланудағы желiлердегi
шығындар 2000 жылмен салыстырғанда 41,2 %-ға ұлғайып, 419,4 млн. кВт/сағ.
құрады.
Қуат жинақтаушы негiзгi құралдардың
ескiру деңгейi 2006 жылдың басында: ЖЭО-1 - 83 %, ЖЭО-2 - 71 %-ды құрады. Электр
энергиясының қуаттылығын қолдану: ЖЭО-1 - 59,3 %, ЖЭО-2 - 66,8 %-ға
жеттi.
Электр энергиясын тұтынудың күрт өсуiн
жабу үшiн сол жақ жағалауда бiрқатар шағын станциялар салынды, ЖЭО-2, жылу
желiлерi мен электр желiлерi объектiлерiн кеңейту және қайта жаңарту
жүргiзiлуде, мұнда энергия қуаттарын 120 МВт-ға және жылу қуатын 450 Гкал/сағ-қа
арттыру көзделедi.
Проблемалар:
электр желiлерi елорданың
болашақта құрылыс салынатын аймағы арқылы өтетiнiн ескере отырып, 60-70-жылдары
салынған қалалық электр желiлерiнiң техникалық жай-күйi қайта жаңартуды талап
етедi;
110/10 кВт көптеген шағын станциялар А
және ҚТ (ажыратушы және қысқа тұйықтағыштармен) трансформаторлар тiзбегiнде
орындалған, бұл электрмен жабдықтаудың қазiргi заманғы сенiмдiлiк талаптарына
сай келмейдi және оларды қайта жаңартуды талап
етедi;
ортақ пайдаланудағы электр желiлерiнде
шығын әлi де көп, ол электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемiнiң 24%-ын құрайды,
бұл электр энергиясының коммерциялық шығындарымен, сондай-ақ қалалық электр
желiлерiнiң аса тозуымен байланысты.
2000 - 2005 жылдардағы жылу энергиясын
тұтыну құрылымында коммуналдық-тұрмыстық және өндiрiстiк қажеттiліктер үлесiнiң
өскенi және халықтың үлесiнiң азайғаны
байқалды.
2006 жылғы 1 қаңтарда жылу
желiлерiнiң жалпы ұзындығы 372,5 км құрап, оның iшiнде: магистральдық желiлер -
100,4 км, орамдық желiлер - 260,4 км, бу желiлерi -
11,7.
100,4 км магистральдық желiнiң 72 %-ының
(72,3 км) пайдалану мерзiмi 20 жылдан асқан және қайта жаңарту мен кеңейтудi
талап етедi.
Жылумен жабдықтаудың
проблемалары:
құбырлардың жарамдылық
мерзiмiнiң қолайсыз жергiлiктi жағдайлар: топырақтың нашарлығы, жерасты
суларының жоғары деңгейi әсерiнен нормативтiк мерзiммен салыстырғанда
қысқаруы;
соңғы жылдары жылу желiлерi
кәсiпорындарының қаржы жағдайының қиын болуы нормативтiк жөндеу аралық циклдарды
сақтауға мүмкiндiк бермедi. Жылу желiлерiн күрделi жөндеудi жүзеге асырудың
нормативтiк циклдарымен салыстырғанда жөндеуаралық циклдiң ұлғаюы жылу
трассаларының 100 км-ден астамын ауыстыру қажеттiлiгiне
әкелдi;
жылу желiлерiнiң қазiр бар жүйелерiнде
жылу энергиясының нормадан тыс шығынын азайту және жою мәселесi шешiлмей отыр.
Нақты жылу шығындары нормативтегiден екi еседен астам
жоғары;
қазiргi ғимараттардағы жеке жылу
пункттерiнiң және жылу жүйелерiнiң iшкi тарамдарының жай-күйi нашар, олар қайта
жаңартуды және есепке алу мен реттеушi құрылғыларының кешендi жүйелерiн енгiзудi
талап етедi.
Қала аумағында қала
құрылысын дамыту құрылымы анықталып, құрылыс жүргiзiлетiн қаланың негiзгi
жоспарланған аудандарының БЖЖ (бөлшектi жоспарлаудың жоспары)
әзiрлендi.
Шағын қабатты жеке құрылыс
аудандары айқындалып, осы аудандарды көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдармен
қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.
2002-2005 жылдар кезеңiнде тұрғын үй, сауда, әлеуметтiк-тұрмыстық және мәдени
мақсаттағы объектілердi салуға 4,6 мың жер учаскесi берілдi. Пайдалануға жалпы
алаңы 1137 мың шаршы метр 182 тұрғын үй және тұрғын үй кешендерi, сауда,
әлеуметтiк-тұрмыстық және-мәдени мақсаттағы 682 объект тапсырылды. Осы кезеңде
жеке тұрғын үйлердi салу үшiн 3,2 мың жер учаскесi берілдi, жалпы алаңы 587,5
мың шаршы метр 2,7 мың үй пайдалануға
қабылданды.
Жаңа әкiмшiлiк орталықтың қазiргi
заманғы талаптарға сай инженерлiк инфрақұрылымын жасауға баса мән берiлуде.
Осыған байланысты жауын-шашын кәрiзiн төсеу, инженерлiк желiлер және су
құбырлары, жылумен жабдықтау желiлерi жүргiзiлуде, 110/10 киловольт төмендетушi
жаңа станция салынды.
2000-2005 жылдар
кезеңiн