Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясы
туралы
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы
"Президент пен Үкімет
актілерінің
Елдiң орнықты дамуы және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасауды
қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Қазақстан
Республикасының
Қазақстан
Республикасының Астана, 2006
жыл Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан
бүгiн Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легiнiң түйiскен тұсында тұр.
Бiздiң мiндет - осынау бiрегей геосаяси жағдайымызды өз елiмiз бен халықаралық
қоғамдастықтың мүддесi үшiн ұтымды пайдалану."
"Бүгiнгi таңда тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жаңарудың "локомотивi"
болуға қабiлеттi дамыған өңiрлiк орталықтардың экономикалық қызметiн
жандандыруға, сондай-ақ өңiрлердiң ұтымды экономикалық мамандануын
қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы
қажет." Мазмұны Кiрiспе
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас
халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған
директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге
асырылды.
Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн
орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң
сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту
орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап
бермейдi.
Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң - Еуропа мен Азияның
қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi -
Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия
мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес
орналасқан.
Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына
тiкелей шығудың болмауы.
Осы
заманғы даму үрдiстерi елдiң континентiшiлiк жағдайының "түзелмейтiн"
таптаурынды жоққа шығарады.
Мыналар елдiң орнықты аумақтық дамуына кедергi болатын факторларға айналуы
мүмкiн:
Мақсаты. Өңiрлiк
және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi мамандануды қалыптастыру,
экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк
ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың
тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.
Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын және елдiң қалған бүкiл
аумағы үшiн "локомотив" рөлiн атқаратын "басып оза" өсу аймақтарын (өcу
полюстерiн) қалыптастыру.
Алға
қойылған елдi орнықты және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол
жеткiзу өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге
қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып
орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара
байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық
аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне
байланысты.
Мiндеттер. Елдiң
өңiрлiк және әлемдiк экономикада ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдау
және iске асыру негiзiнде елдiң және оның аумақтарының орнықты дамуын қамтамасыз
ету. Осы
негiзде ел өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануы қалыптастырылуға және
елдi аумақтық-экономикалық ұйымдастырудың тиiмдi моделi құрылуға, кәсiпкерлiк
жандандырылуға тиiс.
Қазақстан
- минералдық-шикiзаттың, астық өнімдерi мен олардың өңделген өнімдерiнiң iрi
өндiрушiсi әрi жеткiзушiсi ретiнде Қазақстан
- Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара
iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпiрi
ретiнде
Бұл
бағыттағы iс-қимыл экономикалық белсендiлiктiң өсуiн, елдiң, ең алдымен, шикiзат
ресурстарын пайдаланумен байланысы жоқ өңiрлерiнiң жаңа бәсекеге қабiлеттi
мамандықтарын қалыптастыруды және құлдырау сатысында тұрған индустриялық
аудандарды конверсиялауды қамтамасыз eтуге тиiс. Қазақстан
- өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн жеткiзушi
ретiнде Қазақстан
- қазiргi заманғы сервис орталығы ретiнде Қазақстан
- өңiрдiң инновациялық орталығы ретiнде
Экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды одан әрi кеңiстiктiк
ұйымдастыра отырып, өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел ұстанымдануының жаңа
қағидаттарының өзара байланысын қамтамасыз ету
(3.2-бөлiм);
Мiндеттерi. Ел
мен оның өңiрлерiнiң жаңа ұстанымдану мiндеттерiне жауап беретiн, бiртұтас iшкi
экономикалық кеңiстiк құруды қамтамасыз ететiн, ел дамуының геосаяси және
гэоэкономикалық факторларын ескеретiн экономикалық әлеуеттi және халықты таратып
орналастыруды тиiмдi кеңiстiктiк ұйымдастыруды
қалыптастыру.
Практикада бұрын қалыптасқан жоспарлау әдiстерiне қарағанда, өңiраралық
теңсiздiктердi жою емес, экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру,
табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиiмдi
пайдалану үшiн жағдай жасау мiндетi тұр.
Мiндеттер. Көшбасшы
қалалар мен тiрек қалаларды, жаңа кластерлердi дамытуды iлгерiлететiн
перспективалы индустриялық-инновациялық өңiрлердi басым дамыту арқылы өңiрлiк
және әлемдiк нарықтарға кiрiктiрiлген өсу полюстерiн
қалыптастыру.
Мiндеттер. Алматы
және Астана қалаларының инновациялық дамуға көшуiн қамтамасыз ету, оларды ұлттық
және Орталық Азиядағы өзара iс-қимылдың толыққанды орталықтарына:
сауда-логистика және көлiк, қаржы және кадр орталықтарына, ақпарат пен
технологияларды жеткiзушiлерге айналдыру.
Еуразиялық тауар, қаржы, технология, ғылыми және мәдени алмасулар жүйесiндегi
аса маңызды тораптар ретiнде оларды қалыптастыруға назар аудара отырып, Астана
қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарын әзiрлеу және
Алматы қаласы мен Алматы өңiрiнiң ұстанымдануының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасын
әзiрлеу. Оларды жүзеге асырудың бастапқы кезеңдерi
ретiнде:
Каспий маңы өсу аймағын дамытуды мемлекеттiк ынталандыру Каспий теңiзiнiң
қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi iске
асыру шеңберiнде оған:
Мiндеттер. Өзiне
экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және өңiрлердiң сыртқы нарықтарға
кiрiгуiн қамтамасыз ететiн тiрек қалаларды басым дамыту арқылы өңiрлердiң
серпiндi дамуын қамтамасыз ету.
Тiрек қалалардың өз даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларын) өңiрлiк және
ұлттық еңбек бөлiнiсiнде ұстанымдану перспективаларын айқындай отырып әзiрлеуi
және өздерi көздеген шараларды iске асыруы
(3.3.2-бөлiм).
жинағында" толық мәтіні
және
республикалық
баспасөзде
мазмұны жариялануға
тиіс
1) бiр ай мерзiмде
Стратегияны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және
бекiтсiн;
2) жыл сайын 30 қаңтарға Мемлекет
басшысын Стратегияның орындалу барысы туралы хабардар
етсiн;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де
шаралар қабылдасын.
Президенті
Президентінің
2006
жылғы 28 тамыздағы
N 167
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
2015
жылға дейінгі аумақтық даму
СТРАТЕГИЯСЫ
Қазақстан халқына
жолдауларынан:
1.
Ағымдағы ахуалды талдау
2. Стратегияның
мақсаты мен басымдықтары
3. Стратегияны
iске асырудың негiзгi бағыттары
3.1. Елдiң өңiрлiк
және әлемдiк экономикаға ұстанымдануы
3.2. Елдi және
таратып орналастыру жүйесiн аумақтық ұйымдастыру
перспективалары
3.2.1. Өсу полюстерiн
қалыптастыру
3.2.1.1. Жалпыұлттық және Орталық Азия деңгейлерiндегi
көшбасшы қалалар мен өңiрлер қалыптастыру
3.2.1.2. Тiрек қалаларды
дамыту
3.2.2. Басқа басым аумақтарды
дамыту
3.2.2.1. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту
3.2.2.2.
Ауылдық аумақтарды дамыту
3.2.2.3. Қолайсыз аумақтардың проблемаларын
шешу
3.2.3. Таратып орналастыру жүйесi мен аумақтардың
құрылымы
3.3. Аумақтарды экономикалық
ұйымдастыру
3.3.1. Аумақтардың ресурстық әлеуетiн ұтымды
пайдалану
3.3.2. Еңбектi республикалық, өңiрлiк және
халықаралық бөлуде аумақтарды бәсекеге қабiлеттi экономикалық
мамандандыру
3.3.3. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық
қамтамасыз ету
3.3.3.1. Инновациялық инфрақұрылым
3.3.3.2.
Көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым
3.3.3.3. Тiршiлiктi қамтамасыз
ететiн инфрақұрылым
3.3.3.4. Су шаруашылығы
инфрақұрылымы
3.3.3.5. Әлеуметтiк инфрақұрылым
3.3.3.6.
Туристiк-рекреациялық инфрақұрылым
3.4.
Аумақтардың экологиялық жай-күйiн жақсарту
3.5.
Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету
3.5.1.
Аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн жетiлдiру
3.5.2.
Инфрақұрылымды дамытуды реттеу тетiктерiн жетiлдiру
3.5.3.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын
жетiлдiру
4. Күтiлетiн
нәтижелер
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу
жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып
орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы
айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң
орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық
әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге
тиiс.
Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму
процестерiн реттеудегi мiндеттерi өзгеруге
тиiс.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi
экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға
және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды
ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн
жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген
бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп
тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi
iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге
тиiс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға
ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап
етедi.
Өңiрлер мен iрi қалалар бәсекелiк
стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, өңiрлiк және
әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға
тиiс.
Осы Стратегия, экономикалық кеңiстiктiк
және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлердi қалыптастырумен
өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса
алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиiстi
мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеудiң немесе түзетудiң
негiзi болып қызмет атқаратын болады.
Бұдан
басқа, бұл құжат республикалық, өңiраралық және облыстық маңызы бар өндiрiстiк,
энергетикалық, инженерлiк, көлiк-коммуникациялық және әлеуметтiк
инфрақұрылымдарды үйлестiре дамытуға бағытталған мемлекеттiк инвестициялардың
(ұлттық компаниялардың қаражатын қоса алғанда) негiзгi басымдықтарын айқындауға
мүмкiндiк бередi.
Стратегияда белгiленген
iс-қимыл өздерiнiң ағымдағы жоспарлары мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын
әзiрлеу мен iске асыру кезiнде кәсiпкерлiк сектор, оның iшiнде сыртқы
инвесторлар үшiн бағдар болуға тиiс.
Қазақстанның әлемдiк шаруашылық
жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар
мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл
тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын
қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей
түседi.
Экономиканы нарық жағдайында дамыту
елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да,
сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың
кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама
құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi
мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi
және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта
экономикалық перспективалы емес аумақтарда
тұрады.
Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру
жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi
кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат
кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ
қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы
ауылдар перспективасыз болып қалды.
60 шағын
қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық
даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8
млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9
млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары
жоқ.
Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық
және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз
етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және
тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз
үйлестiрiледi.
Елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың
өңiрлiк жобалаумен, аса маңызды табиғи ресурстарды пайдаланудың және
инфрақұрылымның салалық схемаларымен өзара байланыстырылған моделi
қалыптаспаған.
Аралас әкiмшiлiк-аумақтық
бiрлiктердiң (облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың) мүдделерiн,
трансөңiрлiк процестердi үйлестiру құралдары (тетiктерi)
жоқ.
Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы
ахуалды былай сипаттауға болады.
Шекара маңындағы өңiрлердiң басым
болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi
дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы
мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер
экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк
экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал
етедi.
Ауқымды жер ресурстары мен
табиғи-климаттық ерекшелiктердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм
өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы
аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi - 82 %
(1, 2, 3-қосымшалар).
Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан
экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай
минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың,
көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң,
бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы
ондығына кiредi.
Елдiң өндiрiстiк әлеуетi:
өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк
қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары - отын-энергетика және
тау-кен-металлургия кешендерi.
Елдiң бүкiл
аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы. Темiр
жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып, барлық
өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстандық
автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамына
енгiзiлген. Ақтау теңiз портын "ТРАСЕКА" және "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық
көлiк дәлiздерiнiң құрамындағы мультимодальдық көлiк торабы ретiнде пайдалану
мүмкiндiгi бар. Елде 21 әуежай (22-нiң iшiнен) жұмыс iстейдi, оның 14-iне
халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етiлген. Елдiң барлық өңiрлерiн
талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен байланыстыратын Ұлттық ақпараттық
супермагистралдың құрылысы аяқталып келедi.
Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн
қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және
мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының
болуы.
Бiрегей рекреациялық ресурстар: табиғи
кешендер және олардың құрауыштары, мәдени-тарихи ескерткiштер мен сәулет
объектiлерi.
Демографиялық оң серпiн және
еңбек ресурстары резервiнiң болуы. Соңғы жылдары халықтың табиғи өсiмiнiң
ұлғаюы. Еңбек ресурстарының резервi ретiнде ел iшiнде жұмыс күшi артық
өңiрлердiң болуы. Демографиялық резерв ретiнде көршiлес мемлекеттердiң шекара
маңындағы өңiрлерiнде қазақ диаспорасының болуы.
Әлемдiк және өңiрлiк
еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi,
құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада
экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi
төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара
әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым
қалыптасты.
Өнiмдiлiктi төмендететiн және
аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк
сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың
салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. гектар
егiстiктiң тек 4,2 млн. гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8
млн. гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз
жайылымдардың басым болуы.
Елдiң жекелеген
өңiрлерiнде су ресурстарының тапшылығы. Ел өңiрлерiнiң басым бөлiгi құрғақ
аймақта орналасқан және сумен қамтамасыз етуде қиындық шегiп отыр (5-қосымша).
Жерүстi суларының тек 56 %-ы ғана Қазақстан аумағында қалыптасады, ал қалғаны
сырттан келедi, бұл республиканың кейбiр өңiрлерiнiң шекаралас мемлекеттердiң су
ресурстарына тәуелдiлiгiн күшейтедi.
Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз
игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда
шоғырлануы.
Электр энергиясы бiр өңiрлерде
артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы. Елдiң солтүстiк және шығыс
өңiрлерi электр энергиясын шамадан тыс шығарады, ал сонымен бiр мезгiлде
оңтүстiк және батыс өңiрлерге ол елдiң басқа өңiрлерiнен немесе таяу орналасқан
елдерден (Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан)
импортталады.
Ел экономикасының осы заманғы
қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының
қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан
көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне
толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу
қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан
жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi
талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай
емес.
Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн
инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық
аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының
табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын
шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50 %-ы өзiнiң
белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын бiтiредi. Елдi мекендердiң энергия
желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы
әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды
алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.
Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Бөгеттердiң, су
тораптарының және өзге құрылыстардың нашар техникалық
жай-күйi.
Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi
желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым
объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде
әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың
табиғи және миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк
инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.
Рекреациялық инфрақұрылымның дамымауы. Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң
көпшiлiгi кеңестiк уақытта салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға
сай емес.
Елдiң бүкiл аумағында экологиялық
ахуалдың нашарлауы. Әуе бассейнiнiң ластануы, су ресурстарының таусылуы және
ластануы, "тарихи" ластану, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар, жердiң
шөлейттенуi және тозуы, биологиялық әралуандылықтың бұзылуы, радиоактивтi
ластанулар өңiрлердегi қоршаған ортаның басты проблемалары болып қалып отыр (6,
7-қосымшалар).
Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық
құрылымының осы заманғы талаптарға сай болмауы. Нарықтар мен елдi мекендер
жүйелерiнiң шекарасы өңiрлердiң әкiмшiлiк шекарасына әркез сәйкес келе бермейдi.
Бұдан басқа, облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар кейбiр
қалалар өз мәртебесiне сай емес (8-қосымша). Мысалы, Ақтөбе облысының Жем, Темiр
сияқты аудандық маңызы бар қалаларының халық саны 2,5 мың адамнан, ал Қызылорда
облысының Қазалы, Ақмола облысының Степняк сияқты қалаларының халық саны 6
мыңнан аспайды. Бұрын құрамына селолық округтер енгiзiлген қалалардың шекарасы
реттелмеген.
Қазақстанның және
оның одан әрi аумақтық дамуының перспективалары дәстүрлi бәсекелiк
артықшылықтарды пайдаланумен қатар, елдiң әлемдегi ұстанымдануының жаңа
парадигмасын тұжырымдай отырып, оның географиялық жағдайын барынша пайдалану
стратегиясын iске асыруға тiкелей байланысты болуға
тиiс.
Қазақстанның экономикалық жаһандану
процесiне қосылуы бастапқы кезеңде шикiзат ресурстарын негiзгi жеткiзушiлердiң
бiрiнiң функцияларын iске асыра отырып, уақыт өте келе әлемдiк экономикалық
кiрiгу процесiнiң белсендi қатысушысына айналуға мүмкiндiк
бередi.
Қазақстан Орталық Азия өңiрiндегi
тораптық елге, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстарды кiрiктiрушiге, капитал мен
инвестициялар тартудың, Орталық Азия нарығына бағдарланған өңiрлiк өндiрiстердi
немесе аса iрi әлемдiк компаниялардың филиалдарын орналастырудың, халықаралық
деңгейдегi қызмет көрсетулердiң орталығына айнала
алады.
Перспективада Қазақстан маңызды
байланыстырушы буынның, Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстiк Азия
экономикалық жүйелерiнiң өзара iс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық
көпiрiнiң функцияларын да орындай алады.
Серпiндi дамып келе жатқан iрi қалалардың базасында тауар, қаржы, технологиялық
және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесiнде өзiне елдегi экономикалық
белсендiлiктi шоғырландыратын аса маңызды тораптарды қалыптастыру мүмкiндiгi
бар.
Трансконтиненталдық және басқа
халықаралық магистралдарды одан әрi дамыту iшкi экономикалық кiрiгудi күшейтуге
ықпал ете алады, жаңа минералдық-шикiзат ресурстарын игерудi, тасымалданатын
жүктердi өңдеу жөнiнде өндiрiстер құруды, көлiк жолдарын салуды және оның жұмыс
iстеуiн қамтамасыз етудi қоса алғанда, өңiрлер экономикасының дамуына әсер ете
алады.
Құрғақтағы маңызды сыртқы шекара және
iргелес мемлекеттермен көлiк-коммуникациялық байланыстың жеткiлiктi дамуы шекара
маңындағы өңiрлердiң экономикаларын көршiлес мемлекеттердiң сыйымдылығы жоғары
өткiзу нарықтарына бағдарлайды.
Негiзгi
халықаралық транзиттiк дәлiздерден шалғай орналасқан шекара маңындағы өңiрлер
үшiн көршiлес елдермен сыртқы экономикалық байланысты дамыту олардың негiзгi
әлемдiк нарықтардан шалғайлығын өтейтiн
болады.
Елдiң шекара маңындағы iрi қалалары
мен аумақтарының серпiндi дамуы оларға iргелес елдерден (Қырғызстан, Өзбекстан,
Ресей Федерациясы) ресурстар мен жұмысқа қабiлеттi халықтың көшi-қон ағынын
тартуға ықпал етедi, бұл елдiң демографиялық және экономикалық әлеуетiне оң
әсерiн тигiзедi.
Серпiндi дамып келе жатқан
қалалардың айналасынан мегаполистер мен агломерациялар құру жоғары
ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру аймағын құруға мүмкiндiк
бередi.
өңiрлiк және әлемдiк еңбек бөлiнiсiнде
елдiң тар, негiзiнен шикiзаттық мамандануының, транзиттiк тәуелдiлiгi мен
экономикалық оқшаулануының нығаюы, тиiсiнше - елдiң даму қарқынының тұмшалануы
мен экономикалық артта қалуы;
бәсекеге
қабiлеттiлiктiң төмендiгiнiң және өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы өндiрiстiң
тоқтап қалуының салдарынан бiраз аумақтардың
индустрияланбауы;
бiрiктiрушi
көлiк-коммуникациялық желiнiң дамымауына, өңiрлiк аумақтық-шаруашылық жүйелерi
үшiн сыртқы тартылыстың әртүрлi бағыттылығына (көптеген инфрақұрылымдық жобалар
транзиттiк экономиканы қамтамасыз етуге анағұрлым бағдарланған және елдiң
экономикалық кеңiстіктiк кiрiгуiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етпейдi) байланысты
елдiң ыдырау ықтималдығы;
кең ауқымды
трансеуразиялық сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық дәлiздердi
қалыптастыру бойынша өңiрдiң iргелес мемлекеттерi тарапынан болатын, сондай-ақ
елде халықаралық кiрiгудiң өңiрлiк орталық қалаларын қалыптастыру бойынша
көршiлес мемлекеттердiң iрi қалалары тарапынан болатын
бәсекелестiк;
елдiң шекара маңындағы
өңiрлерiнде көршiлес мемлекеттердiң экономикалары үстемдiгiнiң, ауыл
тұрғындарының қалаға ағылуының күшеюi және бiраз ауылдық аумақтардың
депопуляциясы, демографиялық қысымның және елдiң шекара маңындағы өңiрлерiне
көршiлес мемлекеттерден санкцияланбаған көшi-қонының
күшеюi;
экологиялық ахуалдың нашарлауы,
табиғатқа антропогендiк әсердiң күшеюi салдарынан өмiр сүру ортасының тозуы және
соның нәтижесiнде өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы аумақтардың
азаюы.
Орталық Азиядағы
сауда-экономикалық және сервистiк-технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның
экономикалық кеңiстiгiн әлемдiк шаруашылық жүйесiне
кiрiктiру.
Ел аумағын ұтымды игерумен
үйлестiре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан
перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға
шоғырландыру.
Кластерлiк даму, өзiн-өзi
ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.
Осы Стратегияны iске асыру
бағыттары көбiнесе елдiң аумақтық даму аспектiлерiн қамтиды. Сонымен қатар
Стратегияда елдiң орта мерзiмдi даму жоспарлары мен мемлекеттiң басқа да
бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберiнде
макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы iскерлiк және
инвестициялық климат құру, өндiрiстiң адами капитал, ғылыми-техникалық әлеует
және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелерi бойынша
жалпы үйлестiру жүзеге асырылатын болады.
Әлемдiк экономиканың жаһандануы әрi
әлемдiк нарықтардағы өткiр бәсекелiк күрес және iшкi нарықтың аз сыйымдылығының
бар екенiн ескергенде, Қазақстан мен оның аумақтарының одан әрi даму
перспективалары елдiң әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы
және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, ең алдымен, Орталық Азия өңiрiнде орта
және жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге әрi сервистiк (сауда-логистикалық,
көлiктiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалары) қызмет көрсетулердiң
ауқымды аясын ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде ұстанымдану
мүмкiндiгiмен айқындалады.
Өз артықшылықтары
мен пайда болып отырған мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, Қазақстан
өңiрдiң1 экономикалық көшбасшысына
айналуға ұмтылып қана қоймай, оның дамыған индустриялық және
сервистiк-технологиялық орталығына айналуға тиiс. Қазақстан өңiрге
инвестицияларды, алдыңғы қатарлы технологиялар мен адами ресурстарды тарту
орталығына, өңiрiшiлiк экономикалық байланыстың кiрiктiрушiсiне айналуға
тиiс.
___________________________________________________________
1 "Өңiр" ұғымы бұл жерде
Орталық Азия және PФ-нiң Сiбiр өңiрлерiн, батыс Қытай, Закавказьенi
қамтиды.
Жоғарыда баяндалғанды
ескере отырып, елдiң бәсекелiк артықшылықтарын қалыптастыру және дамыту ел мен
оның жекелеген аумақтарының:
әлемдiк
нарықта:
минералдық шикiзаттың, астық өнiмдерi
мен олардың өңделген өнiмдерiнiң iрi өндiрушiсi әрi
жеткiзушiсi;
Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және
Оңтүстiк Азия экономикалық жүйелерi өзара iс-қимылының трансконтиненталдық
экономикалық көпiрi ретiнде.
өңiрлiк
нарықта:
өңiрлiк нарыққа өнеркәсiп және ауыл
шаруашылығы өнiмдерiнiң iрi жеткiзушiсi;
өңiрдiң қазiргi заманғы сервис орталығы;
өңiр
инновацияларының орталығы ретiнде табысты ұстанымдануына бағытталатын
болады.
Өнiмнiң
көмiрсутек шикiзаты, уран, металлургия өнiмдерi және бидай сияқты түрлерi
бойынша Қазақстанның әлемдiк нарықта жақсы ұстанымы бар. Перспективада
өнiмдердiң бұл түрлерi Қазақстан әлемдiк нарықта бәсекелесе алатын негiзгi
тауарлар болып қала бередi.
Осы салалардың
өнiмдерiн, ең алдымен, минералды шикiзатты экспорттаудан түсетiн кiрiс
экономиканың басқа салаларын дамыту және ел мен оның өңiрлерiнiң әлемдiк
экономикалық жүйеге кiрiгу факторына айналуға
тиiс.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi
негiзгi мiндеттерi өндiрiстiң алдыңғы қатарлы технологияларын енгiзу және жаңа
әлемдiк нарықтарға шығу есебiнен сыртқы нарықтардағы қазiргi ұстанымдарды
күшейту және сапалы минералды шикiзатты, металлургия мен бидай өнiмдерiн iрi
әлемдiк жеткiзушiлердiң қатарына кiру болады.
Елдiң екi континенттiң (Еуропа мен
Азияның) қиылысында қолайлы географиялық орналасуы және оның көлiк-коммуникация
дәлiздерiнiң халықаралық дәлiздердiң құрамына қосылғандығы жүк транзитiнен ғана
емес, перспективада еуразиялық кеңiстiкте қалыптастырылатын сауда-экономикалық
кiрiгулер процесiне қатысуынан да түсетiн пайданы пайдалану мүмкiндiгiн алдын
ала айқындап бередi.
Басты мiндет Батыс пен
Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңiстiкте ресурстардың құйылу процестерiн
технологияландыру (логистикалық тораптар, дистрибуцияның осы заманғы арналары)
болып табылады.
Өзiнiң минералдық-шикiзат және
аграрлық әлеуетiн, шетелдiк инвестициялар мен технологияларды басып оза
тартудағы артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның орта және жоғары
технологиялы өнеркәсiптiк, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңiр елдерiне
iрi жеткiзушiлердiң бiрiне айналу мүмкiндiгi
бар.
Жоғары бәсекелестiкке байланысты аталған
өнiмдер түрлерiмен әлемдiк нарыққа шығу проблема болып табылады, сондықтан
қаралып отырған кезеңде назарды өңiрлiк нарыққа шоғырландыру мақсатқа сай
келедi.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберiндегi
негiзгi мiндеттер мыналар болады:
өңiрлiк
нарықта бәсекеге қабiлеттiлiк әлеуетi бар салаларды, оның iшiнде кластерлiк
ұстанымды (тамақ өнеркәсiбi мен құрылыс материалдары өндiрiсi, металлургия мен
машина жасау және басқалары) пайдалана отырып
дамыту;
технологиялық трансферт аймақтарын,
жетекшi шетелдiк компаниялардың процессинг орталықтарын құру және дамыту,
мысалы, "LG", "Philip Morris", "Knauf" компанияларының Қазақстанда қазiрдiң
өзiнде жұмыс iстеп жатқан филиалдары сияқты "жаһандық брэндтердi"
тарту;
экспортталатын өнiм номенклатурасын
ұлғайту, қазақстандық брэндтердi алға жылжыта отырып, сыртқы нарықтарда
маркетингiлiк қызметтi жандандыру.
Бүгiнгi әлемде қызмет көрсетулердiң дамығандығы сондай, ол экономика жай-күйiнiң
индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшiн қазiргi
заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңiрде сәттi ұстанымдану
мүмкiндiктерiнiң бiрi болып табылады. Қолда бар әлеуеттi пайдалана отырып,
Қазақстан өңiрдiң халықаралық стандарттарға жауап беретiн қызмет көрсетулердiң
кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға
тиiс.
Өңiрдiң сервис орталығы ретiнде
Қазақстан өзiн мыналар ретiнде көрсететiн
болады:
өңiрлiк дистрибуция орталығы, бұл елде
Орталық Азия нарығына бағдарланған және әлемдiк тауар өндiрушiлерге өз өнiмдерiн
өңiрде өткiзу үшiн қолайлы жағдай жасайтын iрi сауда-логистика тораптарын құруды
көздейдi;
транзиттiк-логистикалық орталық, бұл
елде Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар транзитi үшiн қолайлы әрi
пайдалы жағдайлар жасауды, бүкiл Орталық Азия өңiрiнiң тұтынушыларына қызмет
көрсетуге бағдарланған көлiктiк-логистикалық тораптар құруды
бiлдiредi;
өңiрлiк қаржы орталығы - таяу
жатқан елдерге қызмет көрсететiн халықаралық сыныптағы қаржылық қызмет
көрсетулер орталығын құру;
ақпараттық-коммуникациялық орталық - түрлi ақпараттық және мультимедиялық қызмет
көрсетулер, оның iшiнде спутниктерден алынатын спутниктiк байланыс және ақпарат
арналарын ұсыну;
туристiк орталық - туризмдi
дамыту және елдi Жiбек жолындағы тарихы мен мәдениетi бай дамыған әрi тартымды
туристiк орталыққа айналдыру;
бiлiм беру
орталығы - оқу ақысының қолайлы деңгейi кезiнде өңiр елдерiнiң жастарына
батыстық стандарттарға сәйкес сапалы бiлiм
беру;
медициналық орталық - өңiр елдерiнiң
азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, медицина
кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүргiзу.
Инновациялар және бiлiмдер экономикасы осы заманғы әлемдiк экономиканың негiзiне
айналып келедi, сондықтан, әлемдiк дамудан қалыс қалмау үшiн Қазақстан алдыңғы
қатарлы технологиялық әзiрлемелердi ел iшiне табысты енгiзу және сыртқы
нарықтарға жылжыту үшiн инновациялардың дамыған өңiрлiк орталығына айналуға
тиiс.
Қазақстанның мынадай салаларда
инновациялық әзiрлемелердi әзiрлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкiндiгi
бар:
өнеркәсiптiк әзiрлемелер, минералдық
шикiзатты кешендi пайдалану және қайта өңдеу
технологиялары;
ауыл шаруашылығы саласындағы
әзiрлемелер;
химиялық және биологиялық
технологиялар;
экология және энергияның
баламалы көздерi саласындағы әзiрлемелер;
медициналық әзiрлемелер;
ядролық
технологиялар;
ақпараттық және
телекоммуникациялық технологиялар;
ғарыштық
зерттеулер;
әскери-өнеркәсiптiк
технологиялар.
Ұстанымданудың осы бағыты
шеңберiндегi негiзгi мiндет бұрын елден кетiп қалған ғалымдар мен
әзiрлеушiлердi, сондай-ақ көршiлес елдерден мамандарды тарта отырып, бiлiм
беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендердi бiрiктiретiн
өңiрлiк инновациялық жүйелердi (ӨИЖ) құру
болады.
Елдiң ұстанымдануының жоғарыда аталған
бағыттары экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды кеңiстiктiк
ұйымдастыруды қалыптастыру үшiн негiзге айналады, екiншi жағынан, тиiмдi
кеңiстiктiк даму әлемдiк нарықта елдiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануға қол
жеткiзуiнiң аса маңызды құралына айналады.
Ел мен өңiрлердiң бәсекеге
қабiлеттiлiкке мамандануының қалыптасуына, орнықты аумақтық дамуға ықпал ететiн
факторларды дамыту мақсатында:
елдiң ресурстық
(жер, су, минералдық-шикiзат, рекреациялық) әлеуетiн ұтымды пайдалану
(3.3.1-бөлiм);
бизнестi аумақтық-экономикалық
ұйымдастырудың және жүргiзудiң қазiргi заманғы модельдерiн енгiзу
(3.3.2-бөлiм);
экономикалық қызметтi және
адами капиталды дамытуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымды
(көлiк-коммуникациялық, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi, әлеуметтiк,
рекреациялық және басқалары) инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi шараларды iске
асыру көзделедi (3.3.3-бөлiм).
Елдiң тұтастай
ұстанымдануының перспективалы мiндеттерi тұтастай алғанда елдiң бәсекелiк
артықшылықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн тұжырымдауды және iске
асыруды талап етедi.
Дамыған елдердiң
тәжiрибесi бәсекелiк артықшылықтар арзан жұмыс күшiнiң және табиғи ресурстардың
болуы есебiнен ғана емес, сондай-ақ ұлттық деңгейде өнiмдiлiктi арттыру есебiнен
де болатынын көрсетiп отыр.
Сондықтан, осы
Стратегияда, орта мерзiмдi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда көзделетiн
шаралардан басқа, жоғары бiлiктi жұмыс күшi, алдыңғы қатарлы технологиялар,
инновациялық әлеует сияқты мамандандырылған факторларды дамыту есебiнен,
сондай-ақ қолайлы iскерлiк және инвестициялық ахуал, инновацияларды ынталандыру
үшiн жағдайлар жасау, өндiрiс технологияларын жетiлдiру және өнiм сапасын
арттыру есебiнен еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуiн қамтамасыз етуге
бағытталған шаралар iске асырылатын болады.
ұйымдастыру
перспективалары
Әлемдiк және өңiрлiк экономикада
ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн
талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң
аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру
көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп
отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға
кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары -
өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар
болады.
Солтүстiк, Оңтүстiк,
Орталық аумақтық дамудың стратегиялық
осьтерi (9-қосымша):
қалыптасқан, сол
сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын
аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен
олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi
қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын
қамтамасыз етедi;
ортақ еуразиялық
экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан
түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық
сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында
қалыптастырылады.
Солтүстiк даму
oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық
жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау,
Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы
өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша
қалыптасады.
Ось елдiң солтүстiгi мен
батысындағы "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке
қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар
толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және
шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу
жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық
сауда-экономикалық дәлiзiн құрады.
Оське
кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай -
Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық
жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы
мiндет болып табылады.
Оңтүстiк даму
oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы
өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) -
Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында
қалыптасады.
Ocь елдiң оңтүстiгiндегi өмiр
сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және
көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Орталық Азия
мемлекеттерiмен, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе (оңтүстiк бөлiгi), Атырау және
Маңғыстау облыстарының оқшауланған экономикалық тораптарын еуропалық,
таяушығыстық, шығыс-азиялық және оңтүстiк-азиялық экономикалық кеңiстiктерiне
негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Оңтүстiкқазақстандық трансеуразиялық
сауда-экономикалық дәлiзiн (жаңарған Ұлы Жiбек жолын)
құрады.
Елдiң экономикалық кеңiстiгiнiң тiрек
қаңқасы елдiң орталық бөлiгiнде Оңтүстiк және Солтүстiк даму осьтерiн
байланыстыратын Орталық ось
болады.
Орталық даму oci Балқашқа,
Достыққа тармақталумен және Қытайға, сондай-ақ Жезқазғанға шығумен, Батыс
Қазақстанның теңiз порттары бағытына шығу перспективасы бар "Астана - Қарағанды
- Алматы" бағытында қалыптасады.
Оське
қосылатын даму аумақтарының ерекшелiгi олардың игерiлу дәрежесiнiң төмендiгi,
өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайсыз жағдай, қалыптасқан аумақтық
шаруашылық жүйелердiң оқшаулығы және көлiк-коммуникация желiлерiнiң дамымауы
болып табылады. Сонымен бiр мезгiлде елдiң орталық аумақтары оның резервтiк
ресурстық аймағы болып табылады.
Ocьтiң
бойында орналасқан аумақтарды игеру "Ақтөбе - Атырау, Ақтау", "Семей - Өскемен -
Алматы" жергiлiктi осьаралық желiлердi дамытумен қатар, елдiң бiртұтас iшкi
экономикалық кеңiстiгiн, Ресей Федерациясының Азиялық бөлiгi - Орталық және
Оңтүстiк Азия (Солтүстiк - Оңтүстiк) бағытындағы сауда-экономикалық дәлiздердi
қалыптастырудың негiзiне айналуға тиiс.
Қалыптастырылатын даму осьтерiнiң аса маңызды тораптары аумақтық-шаруашылық
жүйелердiң iрi экономикалық орталықтары болып табылатын, әлемдiк, өңiрлiк және
ұлттық еңбек бөлiнiсiнде бәсекеге қабiлеттi, серпiндi дамып келе жатқан көшбасшы
қалалар мен тiрек қалалар болады.
2 деңгейдегi
қалаларды басымды дамыту көзделiп отыр:
жалпыұлттық, ал перспективада Орталық Азия деңгейiндегi 2-3 iрi көшбасшы қала,
бұлар тауар, қаржы, технология және мәдениет алмасудың еуразиялық жүйесiнде аса
маңызды тораптарға айналады; көшбасшы қалалар жаһандық, өңiрлiк және ұлттық
нарықтарға кiрiктiрiлген, өсу полюстерiнiң орталықтарына айналуға және елдiң
барлық қалған өңiрлерi үшiн "локомотив" рөлiн атқаруға
тиiс;
өзiне өз өңiрлерiндегi экономикалық
белсендiлiктi шоғырландыратын және бәсекеге қабiлеттi өңiрлiк кластерлердi
қалыптастырудың катализаторы болатын әрi өңiрлердiң ұлттық және сыртқы
нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық және өңiрлiк (облыстық) деңгейдегi
тiрек қалалар.
Қалыптастырылатын ocьтер
шеңберiнде аумақтарды кешендi дамыту қалыптасқан аумақтық-шаруашылық жүйелер -
экономикалық макроөңiрлер (географиялық орналасуына, экономикалық мамандануына
және кооперация деңгейiне, көлiк жүйелерiнiң ортақтығына байланысты елдiң екi
немесе одан көп облыстарын қамтитын), өңiрлер (бiр облыс немесе республикалық
маңызы бар қала шегiнде) мен өңiрге қарасты өңiрлер (бiр немесе бiрнеше аудандар
шегiнде) бөлiнiсiнде көзделiп отыр
(10-қосымша).
Қалыптастырылатын стратегиялық
даму осьтерi мен экономикалық макроөңiрлер (өңiрлер, субөңiрлер) халықты таратып
орналастыру жүйесiнiң негiзiне айналады және таратып орналастырудың тиiстi
(солтүстiк, оңтүстiк, орталық) макроаймақтары мен елдi мекендер жүйесiн
(макроөңiрлiк, өңiрлiк және өңiрге қарасты өңiрлiк)
қалыптастырады.
Аумақтарды бiркелкi дамыту тұжырымдамасының орнына полярлық дамыту тұжырымдамасы
келуге тиiс, мұнда өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген әрi елдiң
қалған барлық өңiрлерi, ал перспективада бүкiл Орталық Азия өңiрi үшiн
"локомотивтер" рөлiн атқаратын неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан қалалар
немесе өңiрлер өсу полюстерiне айналуы мүмкiн.
Осыған байланысты алдағы кезеңде ел бойынша тұтастай экономикалық белсендiлiктiң
өсуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен қатар орталық
деңгейде жалпыұлттық ауқымдағы реттеу басымдығы өсу полюстерiн қалыптастыру
болады.
Бұл ретте мұндай реттеу объектiлерi өз
әкiмшiлiк шекаралары шегiндегi қалалар немесе көшбасшы өңiрлер ғана емес, ортақ
тауар, қаржы, технология ағындарымен өзара байланысты олармен аралас жатқан
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумақтарының бiр бөлiгi де болады (өңiрүстi
реттеу).
Өңiрлiк билiктiң күш-жiгерi өз
өңiрлерi мен тiрек қалаларының даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларды)
тұжырымдауға, оларды елдiң өңiрлiк және әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының жалпы
стратегиясына қоса отырып, өңiрлiк кластерлердi дамытудың нақты мәселелерiн
шешуге шоғырланады.
Өңiрлiк стратегиялар елдiң
басқа өңiрлерiне қатысты бәсекелiк артықшылықтарға қол жеткiзуге емес,
"өңiрлердiң бәсекесiнен - ынтымақтастыққа" принципiн iске асыруға және сол
арқылы өңiрлiк ауқымдағы бәсекеге қабiлеттiлiкке қол жеткiзуге бағдарланатын
болады.
Геосаяси және геоэкономикалық
факторларды ескере отырып, экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық
перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық және
экологиялық аймақтарға шоғырландыру процестерi елдiң бүкiл аумақтық кеңiстiгiн
ұтымды игерумен және жайластырумен үйлестiрiлетiн
болады.
Тұруға және шаруашылық қызметке
қолайсыз аумақтарды игеру бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiк қалыптастыру және
оны сыртқы нарықтарға (аса маңызды көлiк-коммуникация желiлерiне қызмет
көрсетуге арналған инфрақұрылым) кiрiктiру, сондай-ақ оларды игерудiң ошақтық
немесе вахталық әдiсiнiң негiзiнде шаруашылық айналымына минералдық-шикiзат
ресурстарының перспективалы жаңа кен орындарын тарту мiндеттерiн шешу
қажеттiгiнен шыға отырып жүзеге асырылатын
болады.
Орта мерзiмдi кезеңде
орталықтандырылған реттеу басымдығы экономикалық және экологиялық жағынан
қолайсыз аумақтардың неғұрлым өзектi проблемаларын шешу, өтемдiк өңiрлiк саясат
(негiзгi, мемлекет кепiлдiк берген қызмет көрсетулердiң инфрақұрылыммен
қамтамасыз етiлуiн теңестiру) болып қала
бередi.
Шекара маңындағы аумақтардың
ауқымдылығынан шыға отырып, оларда шекаралас елдердiң шекара маңындағы өңiрлерi
экономикаларының үстемдiк етуiн, сондай-ақ көршiлес мемлекеттердiң жұмыс күшi
көп өңiрлерi тарапынан демографиялық қысымның (табиғи сыртқы көшi-қон) алдын алу
үшiн олардың экономикалық әлеуетiн дамытуға да, сол сияқты оларға тұрғындардың
орналастырылуын қамтамасыз етуге де ерекше көңiл бөлiнетiн
болады.
Бұл шаралар елдiң шекара маңындағы
тiрек қалаларын шекаралас мемлекеттердiң аса iрi қалаларымен симметриялық
дамытумен сүйемелденетiн болады (бәсекелес қалалар
принципi).
Таратып орналастыру жүйесiн одан
әрi жетiлдiрудiң басымдығы урбанизация процесiнiң баяу (кеңестiк кезеңге тән)
кезеңiнен қарқынды кезеңiне көшу болады.
Бұл
ретте таратып орналастыру жүйесiнiң тiрек қаңқасы өсу полюстерi (көшбасшы
қалалар мен тiрек қалалар) мен оларға жақын елдi мекендердiң айналасындағы,
жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасының аймақтарын қалыптастыратын
iрi қалалық агломерациялар болады.
Тұтастай
алғанда, қалыптастырылатын экономикалық әлеуеттi және халықты таратып
орналастыруды аумақтық ұйымдастыру елдiң әкiмшiлiк-аумақтық ұйымдастырылуын және
аумақтық дамуды жоспарлау жүйесiн одан әрi жетiлдiру параметрлерiн белгiлеп
бередi.
көшбасшы
қалалар мен өңiрлер қалыптастыру
Перспективалы көшбасшы қалаларды (өңiрлердi)
қалыптастыру.
Әлемдiк шаруашылықты дамытудың
осы заманғы үрдiстерi ұлттық экономикалардың өсу полюстерi дәстүрлi индустриялық
өндiрiстер шоғырланған өңiрлер емес, өңiрлiк немесе әлемдiк нарықтардағы ағынды
басқаратын аса маңызды орталықтар (мысалы, әлемдiк даму орталықтары: Нью-Йорк,
Лондон, Токио, Шанхай, Сингапур қалалары және басқалары) болатынын
көрсеттi.
Қазiргi жағдайда Қазақстанда ел
дамуының негiзгi осьтерiнiң қиылысында орналасқан және iрі инновациялық әрi
басқару орталықтары болып табылатын Астана және Алматы қалалары өзiне елдегi
экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын әрi елдiң өңiрлiк және жаһандық
нарықтарға кiрiгу аймағы болу мүмкiндiгi бар перспективалы өсу полюстерi болып
табылады.
Бұл қалалар капиталдың неғұрлым
құнды түрi - адами капиталдың ағынын ынталандыратын сауда-қаржы,
инновациялық-бiлiм беру, көлiк-логистика және рекреация орталықтарына - бұрынғы
индустриалдық "орта аймақтар" деп аталатындарға, айналуға
тиiс.
Республикада жалпыұлттық деңгейдегi
көшбасшы басқа қалаларды (өңiрлердi) қалыптастыру перспективалары серпiндi
дамушы индустриялық облыстардың орталықтары болып табылатын және кейiннен өзiнiң
ғана емес, аралас өңiрлердiң де экономикалық белсендiлiгiн шоғырландыруға
мүмкiндiгi бар өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiктiрушi ретiндегi тiрек
қалалардың әлеуетiн одан әрi дамыту арқылы айқындалатын
болады.
Бұл процестер өңiрлердiң өзiн-өзi
ұйымдастыруы және iшкi ресурстарды жұмылдыруы негiзiнде дамудың өңiрлiк
идеологияларының бәсекелесуi арқылы ынталандырылатын
болады.
Болашақтағы перспективада Каспий маңы
және Орал өңiрлерiнiң iрi тiрек қалаларының бiрi (Атырау, Ақтау, Ақтөбе) осындай
өңiрлiк өзара iс-қимыл орталығы бола алады. Сонымен бiрге, қазiргi жағдайда
көрсетiлген қалалардың әрқайсысының рөлi мен маңызы оларды Батыс Қазақстандағы
толыққанды көшбасшы ретiнде саралауға мүмкiндiк
бермейдi.
Өсу аймағы ретiнде Каспий маңы өңiрi
әзiрге мұнай-газ өндiру секторын дамытуды қамтамасыз етудiң ортақ
инфрақұрылымымен өзара байланысты, ал кейiннен елдiң батысында сауда-логистика
және көлiк-коммуникация торабын кешендi түрде құратын жергiлiктi "өcу
нүктелерiнiң" желiлiк кешенi ретiнде қаралатын болады ("Батысқа
терезе").
Астана қаласын дамытудың 2006-2010
жылдарға арналған;
Алматы қаласын дамытудың
2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк нысаналы бағдарламаларын дайындау және
iске асыру.
Көрсетiлген бағдарламалық
құжаттарда осы қалалардың жаңа рөлде қалыптасуының аса маңызды шарты ретiнде
олардағы жоғары ұйымдастырылған урбанистiк өмiр сүру ортасын және олар
қалыптастыратын агломерацияларды дамыту (қамсыздандырушы инфрақұрылымды дамыту
және басқалары) жөнiндегi шаралармен қатар, мыналар көзделетiн
болады:
1. Алматы және Астана қалалары мен
оларға жақын Алматы және Ақмола облыстарының
аумақтарында:
жалпыұлттық және перспективада
Орталық Азиядағы дистрибуцияның (сауда және
қызметтер);
перспективада Орталық Азияда аса
iрi сауда-логистика орталықтарын (Сингапур, Гонконг үлгiсiмен), авиатранзит
орталықтарын ("хабтарды") қалыптастыра отырып, көлiктiк-логистикалық және
логистикалық-процессингiлiк қызметтердiң;
технологиялық трансферттiң: бұқаралық стандарттық технологиялар импорты, iшкi
және сыртқы нарықтарға бағдарланған озық шетелдiк компаниялардың процессингiлiк
орталықтарын (филиалдар, БК) өрiстету;
инновациялық дамудың (Ақпараттық технологиялар паркi
үлгiсiнде);
туристiк-рекреациялық маманданудың
- Алматы және Ақмола облыстарына жақын орналасқан аумақтардың рекреациялық
ресурстарының iрi шоғырлану базасында, сондай-ақ ойын-сауық индустриясының
(мысалы, Қапшағай қаласында, Щучинск - Бурабай аймағында ойын бизнесi
орталықтарын құру);
азық-түлiктiк маманданудың
(азық-түлiк белдеуi) көп функциялы аймақтарын
қалыптастыру.
2. Алматы қаласында халықаралық
қаржы орталығын қалыптастыру.
3. Алматы және
Астана қалаларында бiлiм беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы
кешендердi бiрiктiретiн өңiрлiк инновациялық жүйе (ӨИЖ) орталықтарын құру
(3.3.3.1-бөлiм).
4. Алматы және Астана
қалаларында - ұлттық, ал кейiннен өңiрлiк деңгейдегi медицина және бiлiм беру
орталықтарын қалыптастыру.
5. Алматы және
Астана қалаларына халықаралық өңiрлiк ұйымдардың, халықаралық қаржы ұйымдарының
өңiрлiк кеңселерiнiң, аса iрi трансұлттық компаниялар филиалдарының, әскери
туризмнiң көшуiн ынталандыру.
6. Алматы
қаласын Спорттың қысқы түрлерiнiң және спорттық туризмнiң халықаралық орталығына
айналдыру.
7. Әлемдiк бизнес үшiн қалалардың
тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында олардың кәсiпкерлiк ахуалын жақсартудың
және беделiн жаңартудың мақсатты саясатын жүргiзу (Дублин қаласының (Ирландия)
үлгiсiнде).
Бiлiктi жұмыс күшiнiң болуы,
товарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарының, тұтынушылардың немесе клиенттердiң
жоғары қолжетiмдiлiгi, өңiрдiң және әлемнiң аса iрi қалаларымен дамыған көлiк
байланысы мен телекоммуникация, қалалар iшiнде жүрiп-тұрудың жеңiлдiгi, қолайлы
кәсiпкерлiк ахуал, өмiр сүрудiң жоғары сапасы және қоршаған ортаның тазалығы,
тiлдiк қолжетiмдiлiк Астана және Алматы қалаларында бизнес жүргiзудiң
тартымдылығын айқындайтын факторларға
айналады.
Астана және Алматы қалаларын
дамытуды қолдау экономикалық белсендiлiк пен инвестициялық тартымдылықты
ынталандырудың түрлi тетiктерi арқылы, оның iшiнде қамсыздандырушы
инфрақұрылымды дамытуға берiлетiн мемлекеттiк инвестициялар есебiнен жүзеге
асырылатын болады (3.5.1-бөлiм).
Белгiленген
iс-шаралардың көпшiлiгiн iске асыру басқа әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң
аумақтарын қамтуды көздейдi, бұл бiр жағынан оларды дамыту үшiн түрткi болады,
ал екiншi жағынан шараларды iске асыруды үйлестiру (өңiрүстi реттеу), аралас
өңiрлерде бiрлескен iс-шаралар жүргiзу (кооперациялық жобалар) қажеттiгiн
негiздейдi.
Астана қаласын өсу полюсi ретiнде
дамыту перспективада оған Қарағанды агломерациясы мен Щучинск - Бурабай
курорттық аймағының қалаларын тарта отырып, желiлiк өсу аймағын қалыптастыруға
алмасуға тиiс.
Орталық Азия өңiрiнiң
батыс бөлiгiндегi аса маңызды сауда-логистикалық орталықтарға айналдыра отырып,
аса маңызды халықаралық коммуникация дәлiздерiнде көлiк-логистика тораптарын
өрiстету;
кластерлердi, оның iшiнде
мұнай-химия бағытындағы кластерлердi қалыптастыру арқылы iрi қалалардың
экономикаларын әртараптандыру бөлiгiнде тиiстi түзетулер енгiзiле отырып жүзеге
асырылатын болады.
Перспективада жергiлiктi
"өcу нүктелерiн" (тiрек қалаларды) толыққанды көшбасшы қалаға айналдыруды
мемлекеттiк ынталандыру жөнiнде шешiмдер қабылдау өңiрлердi дамытудың ұзақ
мерзiмдi стратегиялары (бәсекелi стратегиялары) мен олардың iске асырылу
серпiнiн талдау және бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге асырылатын
болады.
Ел өңiрлерiнiң
аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң даму перспективалары бәсекеге қабiлеттi
өндiрiстердiң болуына ғана емес, ашық нарықтағы ағындар мен алмасуларды тиiмдi
басқаратын, өңiрдiң барлық түйiндi (табиғи, қаржы, адами және басқалары)
ресурстарын ұтымды желiлiк жүйелерге байланыстыратын және өздерiн сыртқы
нарықтарға белсендi ұстанымдайтын бәсекеге қабiлеттi орталық тораптарды - тiрек
қалаларды қалыптастыруға да тәуелдi.
Мынадай
факторлар бойынша қолда бар және перспективалы әлеует тiрек қалаларды айқындау
өлшемi болды:
экономикалық дамыған iрi қала
және басқару орталығы;
көлiк торабы мен iшкi
және халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасу;
әлеуеттi iшкi немесе сыртқы өткiзу нарықтарына жақын
орналасу;
көршiлес мемлекеттердiң iрi
қалаларымен симметриялық даму мүмкiндiгi (принцип: бәсекелес
қалалар).
Екi деңгейдегi тiрек қалалар
айқындалды:
1. Ұлттық деңгейде - экономикалық
макроөңiрлердiң: Қостанай қаласындағы орталығымен Солтүстiк, Қарағанды
қаласындағы орталығымен Сарыарқа, Ақтөбе қаласындағы орталығымен Орал, Атырау
қаласындағы орталығымен Каспий, Шымкент қаласындағы орталығымен Оңтүстiк,
Өскемен қаласындағы орталығымен Ертiс, Алматы қаласындағы орталығымен Жетiсу
орталықтарын бөле отырып, барлық қалалар - облыс орталықтары және Шығыс
Қазақстанның аса маңызды көлiк торабы ретiнде Семей
қаласы.
2. Өңiрлiк деңгейде - облыстық маңызы
бар басқа перспективалы қалалар.
Елдiң барлық
дерлiк тiрек қалаларының шекара маңындағы аудандарда орналасуы олардың таяу
орналасқан өңiрлерге белсендi ұстанымдануының қажеттiгiн
негiздейдi.
Шекара маңындағы қалаларға
форпосттардың, елдiң бәсекелiк стратегиясының тiрек нүктелерiнiң және
қалыптастырылатын даму осьтерiнiң шеңберiнде халықаралық экономикалық
ынтымақтастықтың қажеттi буынының рөлi
берiледi.
Шекара маңындағы өңiрлердiң тiрек
қалаларын дамыту стратегияларында оларды iргелес елдердiң таяу орналасқан iрi
қалаларымен бәсекелi түрде "симметриялық" (тең дәрежеде) дамыту қажеттiгi
ескерiлетiн болады.
Өздерiне таяу орналасқан
шағын қалалар мен ауылдық аумақтарды қоса алғанда, тiрек қалалар өңiрлiк
кластерлердi қалыптастырудың және кәсiпкерлiктi жандандырудың катализаторына
айналады.
Экономиканың өңiрлiк нарыққа
бағдарланған инновациялық секторын (ғылыми-технологиялық, сауда-логистикалық,
қаржы, ақпараттық-бiлiм беру және iскерлiк қызмет көрсетулер) қалыптастыру тiрек
қалалардың мамандануын әртараптандырудың бағытына айналуға
тиiс.
Тiрек қалаларды дамытуды олардың ұлттық
немесе өңiрлiк экономикалық кеңiстiкте тиiмдi ұстанымдануын қамтамасыз етудi
көздейтiн өңiрлердiң даму стратегияларын (бәсекелi стратегияларды) iске асыру
шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асыратын
болады.
Орталық деңгей тарапынан жекелеген
қалаларды дамытуды қолдау өңiрлердi дамытудың стратегияларын (бәсекелi
стратегияларды), даму бағдарламаларын және олардың iске асырылу серпiнiн талдау
мен бағалау арқылы конкурстық негiзде жүзеге
асырылады.
Тiрек және шекара маңындағы
қалалардың сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық көлiктiк
инфрақұрылым желiлерiн (темiр және автомобиль жолдары, әуежайлар) басым қайта
жаңарту (құру) немесе аса маңызды ресурстарды (электр желiлерi, газ құбырлары)
жеткiзу арқылы оларда экономикалық белсендiлiктiң өсуiн
ынталандыру.
Тiрек қалалардың аса маңызды
тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымын салуға (қайта жаңартуға)
конкурстық негiзде нысаналы инвестициялық трансферттер
бөлу.
Т