Басты > Құжаттар > Баспасөз хабарламалары > ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық жобалары жөніндегі кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық жобалары жөніндегі кеңес өткізді

Сәуірдің 27-сі күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвестициялық жобалары жөніндегі кеңес өткізді.

Премьер-Министр электроэнергетикалық, мұнай-газ, металлургия салалары мен химия өнеркәсібінде, фармацевтика және туризм салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде хабарламаларды тыңдады.

Кеңесте аталған жобаларды іске асыруға бағытталған шаралар талқыланды.

Премьер-Министр жобалардың барлығы да шынайы өндіріс орындары мен нақты инфрақұрылымды құруға және қазақстандық экономиканы әртараптандыруға, қайта құрылымдауға бағытталуы тиіс екенін айырықша атап өтті.

К.Мәсімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалануға және Қазақстан экономикасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды іске асыруға қатысты мәселелерді тездетіп шешуді тапсырды.

 

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі