ҚР Президентінің жыл қорытындысы бойынша отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі Астанада «Нұр Әлем» павильонында өтті, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, журналистердің мейлінше өзекті сауалдарына жауап берді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистерге бұл іс-шара ел экономикасына мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін айтты.

Елбасы еңбек миграциясы, «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Қазақстан Президенті қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асырудың нәтижелері жөнінде ой бөлісті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғасына қатысты сауалдар да қойылды.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2017 жылғы 25 желтоқсанда республикалық телеарналар арқылы көрсетілетін болады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 22 желтоқсан 2017

Мұрағат

Желтоқсан
2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту