Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы аясында 1 трлн теңгенің 150-ден  астам жобасы іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуі барысында айтты.

«2017 жылы Индустрияландыру картасы  аясында 1,5 трлн теңгенің  120 жобасы іске қосылды. Ол - 10 мың тұрақты жұмыс орны. Биыл  жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 150-ден астам  жаңа жоба іске қосылады. 15 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланған», - деді министр.

Жалпы министрдің дерегінше, Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайызға өсті. Негізінен өндіріс көлемінің өсуі металлургия, азық-түлік өндірісі, мұнай өнімдері, химия, фармацевтика,  жеңіл өнеркәсіп,  машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі есебінен  артып отыр.

«2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу  өнеркәсібіндегі еңбек  өнімділігі 10  пайызға өсті. 2017 жылдың 11 айында өңделген өнім экспорты 22,1 пайызға артып, 14  млрд АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция  4,7 пайызға өсті. Ол - 981  млрд теңге. Бағдарлама аясында жыл сайын жаңа өндірістер құрылды», - деді ол.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция  жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында инновацияларды енгізу арқылы жаңа 4.0 технологиялық құрылымға бағытталған индустрияландыру саясаты іске асыруды жалғастыру тапсырылғанын еске салып өтті.

«Сондықтан, индустриалды дамудың келесі кезеңі - Индустрия 4.0 элементтерімен өнеркәсіптік дамудың сапалы жаңа деңгейіне өту міндеті тұр», - деді Жеңіс Қасымбек. 

ҚазАқпарат

Жарияланды: 14 ақпан 2018

Мұрағат

Ақпан
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту