Елімізде сейсмологиялық стансалар жеткілісіз. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты.

Соңғы 3 жылда өңірлерде 169 білім беру, 12 денсаулық сақтау нысандарына және 10 қоғамдық ғимаратқа сейсмологиялық  күшейту жұмыстары жүргізілді. 2016-2020 жылдарға арналған Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында  жергілікті атқарушы органдар 216 мектепті, 132 аурухананы және 57 балабақшаны сейсмологиялық күшейтуді қарастырған. Сонымен қатар шамамен 323 білім беру нысанын, 237  денсаулық сақтау нысанын және 250 қоғамдық-өндірістік нысанды сейсмологиялық күшейту қажет»,-  деді вице-министр Мәжілістегі «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің жай-күйі мен даму перспективаларын туралы» дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, Сеймологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралардың жол картасы бекітілген. Дегенмен, ол кестеден қалыс жұмыс істеп жатыр.

«Сейсмологиялық байқау стансаларының біркелкі орналаспауы саладағы проблемаға айналған. Республика бойынша 69 станса бар және олар еліміздің бүкіл сейсмологиялық белсенді аумағын қамтамасыз ете алмайды. Болжам полигондарының негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында орналасқан. Еліміздегі сейсмологиялық стансаларды кеңейту, оларды цифрлық аппараттарымен, байланыс құралдарымен жабдықтау қажеттігі туындап отыр. Бұл халықты жер сілкінісі барысында болуы мүмкін тәукелдері туралы дер кезінде хабарландыру үшін қажет», - деді Юрий Ильин.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 01 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту