Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста қазақстандық мұнай сервисінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ТКШ дамыту, сондай-ақ кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.

Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Е. Досаев пен А. Жұмағалиев, қаржы министрі Б. Сұлтанов, энергетиканың бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов, инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаев, сондай-ақ Сараптама кеңесінің мүшелері: «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, Globalink Logistics Group бас директоры С. Хан, Raimbek Group директорлар кеңесінің төрағасы Р. Баталов, PWC өкілі Н. Ефимчук, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев, Astana Group президенті Н. Смағұлов, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Д. Жүнісова қатысты.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 01 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту