Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Минскіге барып қайтты.

Вице-премьер Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевскиймен және Беларусь Республикасының байланыс және ақпараттандыру министрі Сергей Попковпен кездесті. Тараптар екі елдің ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Одан әрі Қазақстан өкілдері Беларусьтің Жоғары технологиялар паркіне барды. Парк резиденттері түрлі салаларға арналған бағдарламалық қамсыздандырулар, цифрлық шешімдер әзірлеумен айналысады. «Жоғары технологиялар паркінің әкімшілігі» МБ директоры Всеволод Янчевскийдің айтуынша, ішкі нарықтың болмауына байланысты стартаптар әуелден шетелдік компаниялармен бәсекелестікке бағдарланған, сондықтан да олардың өнімдері сапасымен және бірегейлігімен ерекшеленеді. Бүгінде бірнеше беларусьтық стартаптар дүниежүзілік танымалдыққа ие болған.

Жоғары технологиялар паркінің тәжірибесі қазақстандық Астана IT-Hub үшін пайдалы болуы мүмкін. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге келді, ол Астана IT-Hub алаңында жалғасуы мүмкін.

Бұдан өзге, қазақстандық делегация қала инфрақұрылымына, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қауіпсіздік және т. б. салаларға арналған цифрлық шешімдерді ұсынған беларусьтық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. Компаниялар қазақстандық нарық әлеуетінің зор екеніне көз жеткізіп отыр және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобаларына қатысуға әзір.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 01 наурыз 2018

Мұрағат

Наурыз
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту