Ауыл шаруашылығы саласындағы несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмендетіледі. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Бізде ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесі өте күрделеніп кеткенін өздеріңіз білесіздер. Қазір 54 субсидияның түрі бар. Негізгі бағытымыз бұл субсидияларды жеңілдетуге арналған. Биылдың өзінде 42 субсидияны қалдырмақпыз, оның ішінде тиімсіздерін қысқартып, тиімді жолдарын іздейміз. Біріншіден, несие алатындарға оның пайызын төмендету мәселесіне көбірек көңіл бөлеміз. Одан кейін инвестициялық субсидияларды көбейтеміз», - деді Шөкеев.

Осы орайда мал шаруашылығы саласына тоқталған ол, ет пен сүт өндіру бағыттарына ерекше екпін қойылатынын атап өтті. Сонымен қатар суармалы жерлерді кеңейтіп, бұл егістерді тиімді пайдалануға да бысымдық беріледі.

«Субсидия туралы барлық өзгерістерді Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына екі ай бұрын орналастырғанбыз. Содан бері кәсіпкерлермен, әкімдермен және басқа да мүдделі органдармен тығыз жұмыстарды атқарып жатырмыз. Жақын арада осы мәселе бойынша баспасөз мәслихатын өткіземіз», - деді Өмірзақ Шөкеев.

ҚазАқпарат

Жарияланды: 26 сәуір 2018

Мұрағат

Сәуір
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту