ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дана Бейсенқызы Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін вице-министр лауазымында Бауыржан Бекешев болған еді, ол басқа жұмысқа ауысуына орай қызметінен босатылды.

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

2003–2011 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Астана–Финанс» АҚ, «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ жұмыс істеген.

2012–2013 жылдары — «Құлагер ҚК» ЖШС Жобаларды басқару департаментінің менеджері, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 сәуір 2018

Мұрағат

Сәуір
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту