ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Душанбеге жасаған жұмыс сапары аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Асқар Мамин 2018 жылғы наурызда Астанаға ресми сапары барысында екі Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон қол жеткізген келісімдер екіжақты қарым-қатынастарды сапалы әрі жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

«Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтерінің алдына Мемлекеттер басшылары сауда айналымы деңгейін $2 млрд жеткізу міндетін қойды», — деп Асқар Мамин аталмыш тапсырманы орындау үшін қазақстандық тарап қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін білдірді.

Тәжікстан Президенті осы жылдың 15 наурызында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің нәтижелерін жоғары бағалады. Сонымен бірге, ол осы форумның өңірлік ынтымақтастықты одан әрі насихаттаудағы маңыздылығын атап өтті.

Тәжікстан — Орта Азия аймағындағы Қазақстанның екінші негізгі сауда серіктесі. Нақтырақ айтқанда, Орталық Азия елдерімен Қазақстанның тауар айналымының 20% осы елге тиесілі.

Сапар барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ТР Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен және ТР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Саид Давлаталимен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесу қорытындысы бойынша Хаттамасын жүзеге асыру жөніндегі маңызды мәселелер талқыланды.

Экономиканың әртүрлі салаларындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың үдемелі сипатына тоқтала келе, А. Мамин фармацевтика, құрылыс, азық-түлік өнеркәсібі, теміржол саласы, металлургия, машина жасау саласында 57 перспективті тауар позициялары бойынша Тәжікстанға тасымалдың номенклатурасын кеңейту жөнінде айтты.

А. Мамин сауда айналымын арттыру жөніндегі жұмыс тобының қызметін белсенді ете түсіп, осы салада Жол картасын әзірлеуді және оны Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында мақұлдауды ұсынды.

Кездесу кезінде өңіраралық қатынастарды дамыту, ҚР мен ТР бизнес-құрылымдары арасындағы тікелей байланыстар, сондай-ақ екі елдің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Асқар Маминнің Тәжікстанға жұмыс сапары аясында Hyundai County маркасының қазақстандық 300 автобусын, 500 жүк вагонын, 4 маневрлік және магистральдік локомотивті және 5200 тонна Р-65 маркалы рельстерін, сондай-ақ ауқымы 30 мың тонналық Рогун СЭС-ның құрылысы үшін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ өндіретін арматураларды жеткізу туралы коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 сәуір 2018

Мұрағат

Сәуір
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту