Кеше Женевада Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі халықаралық консультативтік топтың бірінші кеңесінің жұмысына қатысу аясында ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Т. Гебрейесус кездесті. Сондай-ақ, кездесуге Швейцариядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж. Айтжанова қатысты.

Кездесу барысында Е. Біртанов Астана қаласында 25-26 қазанда «Баршағаның денсаулығын жақсарту» атты алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференцияны өткізуді ұсынды.

Конференция 1978 жылғы қыркүйекте қабылданған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі ДДСҰ/ЮНИСЕФ тарихи Алматы декларациясының 40 жылдығына орайластырылады. Шараны өткізу бүкіл әлемде АМСК одан әрі дамытуға серпін береді және заманауи жаһандық денсаулық сақтау жүйесінде Қазақстанның жаңа рөлін қалыптастыруға ықпал етеді.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның ұсынысын толықтай қолдап, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға және бүкіл әлемде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған іс-шараны өткізудің маңыздылығы мен мәнін атап өтті.

Қазақстан тарапы Мемлекет басшылары мен ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларының қатысуымен конференцияны саяси деңгейде өткізуді қолдау туралы ұсыныс білдірді.

Конференция аясында қазіргі заманның сын-тегеуріндерін ескере отырып әрекет ететін, «АМСК жөніндегі саяси декларация» туралы қорытынды құжатты қабылдау жоспарлануда. Сонымен қатар, ДДСҰ көмегімен осы жылдың мамыр айында Женевада Конференция мәселелерін талқылау бойынша қосымша сессия мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 71-сессиясы аясында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдерінің қатысуымен техникалық брифинг өткізу жоспарланған.

Шара қорытындысы бойынша кездесу қатысушылары Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді. Елжан Біртанов Тедрос Гебрейесусқа ДДСҰ-ның ҚР денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 27 сәуір 2018

Мұрағат

Сәуір
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту