Коммуналдық қызметтердің көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтып берді.

Ю. Ильин өткен жылы Үкімет қорынан өңірлер бойынша бөлінген 700-ден астам қорғаныс тасбөгеті сатып алынғанын атап өтті.

«Өкінішке орай біз әрбір аулаға мотопомпа қоя алмаймыз, алайда халықты су тасқыны жағдайларына дұрыс дайындау мақсатында әкімдіктердің халықпен тиісті жұмысын ретке келтіру қажет. Бүгінде көптеген тұрғындардың өздерінің аулаларын болуы ықтимал қауіпке дайындаудың орнына, коммуналдық қызметтердің жұмысын күтіп отыратынын байқаймыз», — деді Ю. Ильин.

Министр орынбасарының айтуынша, қар қорларының көлемі нормадан жоғары Қазақстанның бірнеше өңірі қауіп тудырады. Бұл – Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары. Кейбір аудандарда қар көлемінің артығымен түсуі жылдық норманың 100% астам құрайды. Сонымен қатар, өзара іс-қимыл мәселесіне тоқталсақ, мәселен, Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясында аймақтық та, мемлекетаралық та келісімдер бар, олардың аясында қызметтер судың жиналуы туралы ақпарат алмасады.

«Қауіп туындайтын күрделі жағдайларда шығындар көбейтіледі, әкімдіктер су қорғау аймақтарында тұратын адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс, олар халықты алдын-ала қоныс аудартып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Біз жыл сайын халықты уақытша тұру орындарына көшіреміз, ең алдымен бұл олардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында жасалады. Мүлікке қатысты айтар болсақ, ол сақтандырылған болса – сақтандыру компаниялары төлейді, ал аз қамтылған отбасылар болса – әкімдіктің қоры есебінен өтелуі мүмкін», — деді Ю. Ильин.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап су тасқыны қауіптерінің алдын алу және жою бойынша Жол картасы іске асырылып жатыр, ол елді мекендерді су деңгейінің көтерілуінен қорғауды көздейтін 600-ден астам іс-шарадан тұрады.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 12 ақпан 2019

Мұрағат

Ақпан
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту