Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2025 жылға дейін туристік саланы дамыту бойынша ұсынылатын шаралар туралы айтып берді.

Министр атап өткендей, әзірленген Мемлекеттік бағдарлама жобасына жаңа нормалар енгізілген, бұл нормалар Қазақстанда туризмнің дамуына ықпалын тигізетін болады.

«Туризмді дамытуда біздің еліміз алғашқы қадамдарын енді жасап жатыр. Егер Грузияда немесе Әзербайжанда туризм қарқынды дамыса, біз мұны енді ғана бастадық. Ол үшін біз туристік қызметті ілгерлетуге бағытталған осы ауқымды нақты бағдарламаны әзірледік», — деді А. Мұхамедиұлы туризмнің экономиканың жылдам өсетін секторларының бірі болып табылатынын және оның ЖІӨ-дегі үлесі 10% құрайтынын атап өте отырып.

А. Мұхамедиұлы сонымен қатар Қазақстанның түрлі табиғи қорықтарға өте бай ел екенін айтты. Бірақ көп жағдайда олар туристердің аралауы үшін жабық, оның бір себебі қажетті инфрақұрылымның болмауында да жатыр.

«Мысалы, біздің Шарын шатқалының әлеуеті зор, біздің міндетіміз - басқарушы компаниялар құрып, туристер үшін біздің табиғатымыздың көрікті жерлерін ашу. Ойдағыдай басқарған жағдайда қаражат осы парктерді қорғау мен дамытуға бағытталатын болады», — деді министр.

Сонымен қатар министр А. Мұхамедиұлы туристерді орналастыруға салық салу (bed tax) әлемдік тәжірибеде бар екенін түсіндірді.

«Біз оны тек Алматы және Астана қалаларына өтетін ірі шараларға келетін шетелдік бизнес-туристер үшін енгізгіміз келеді. Мысалы, қонақ үйде бір бөлме 350-500 доллар тұратын болса, оның 2 доллары құнына қосылатын болады. Бұл біз үшін қажет, әлемнің барлық елдерінде – АҚШ, Түркия, басқа да еуропалық елдерде мұндай алым бар. Бұл 2-4 доллар туризмді дамытуға бағытталатын болады. Қазір біз қандай да бір бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен ақша аламыз. Ал енді біздің міндетіміз бұдан бас тартып, нарық жағдайларына көшу. Біз осы алымдар көлемін арттыру үшін көбірек жұмыс істеп, туристерді тарту үшін белсендірек жұмыстар жүргізетін боламыз», — деп нақтылады спикер.

Бұл орайда, аталған норма демалу мақсатында Алакөлге, Бурабайға және басқа да демалыс орындарына келетін шетелдіктерге қатысты болмайды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарын да қамтымайды. Бұл қаражатты маркетинг және Қазақстанды танымал туристік бағдар ретінде дамыту үшін пайдалану көзделіп отыр.

www.primeminister.kz

Жарияланды: 12 наурыз 2019

Мұрағат

Наурыз
2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту