Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «25» сәуірдегі № 398  қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 358-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

        «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі мындай мазмұндағы реттік нөмірі 30-жолмен толықтырылсын:

«

30

«Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу»

                                                                                                                                          ».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Жарияланды: 23 мамыр 2014

Мұрағат

Мамыр
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту