Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «28» сәуірдегі № 407  қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 667-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:

1-тармақтың 14) тармақшасындағы «қосымшаақыдан жүргізіледі.» деген сөздер «қосымшаақыдан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы                15) тармақшамен толықтырылсын:

«15) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.»;

2-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мертіккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;»;

6) тармақшадағы «(стипендиясынан) жүргізіледі.» деген сөздер «(стипендиясынан);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.».

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                         К. Мәсімов

Жарияланды: 24 мамыр 2014

Мұрағат

Мамыр
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту