Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «29» сәуірдегі № 412  қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында:

10 және 11-тармақтар алынып тасталсын;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Комиссия ұсыныс пен сұраныстың өңірлік теңгерімі, жұмыс органының егістік алаңдары (жоспарлы), болжамды өнім түсімі, өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан бағалар туралы мәліметтері, мамандандырылған ұйымның ұсынысы, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының тізбесін, көлемін, олар бойынша тіркелген бағаны айқындайды және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкіміне сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымдар енгізеді.»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы шешімі Комиссияның сатып алу интервенцияларын жүргізу туралы ұсынымы енгізілген сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдануы тиіс.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Комиссияның шешімі бойынша азық-түлік тауарларының жоспарланған көлемін кепілді сатып алу, сондай-ақ азық-түлік тауарларын өндірумен байланысты шығындарды алдын ала қаржыландыру жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында мамандандырылған ұйыммен азық-түлік тауарларын сатып алуға фьючерстік және форвардтық шарттар жасасуына жол беріледі. Бұл ретте осы шарттардың орындалуына жауапкершілік тиісті шарттар жасасқан мамандандырылған ұйымға жүктеледі.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен бірлесіп, өңірдің ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау жүргізеді (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, запастардың болуы, баға) және Комиссияның қарауына енгізеді.»;

30, 31, 32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Комиссияның тауар интервенцияларын жүргізу  туралы ұсынымы хаттама түрінде жасалады және отырыс өткізілген күні Комиссия мүшелері оған қолдарын қояды.

31. Комиссияның тауар интервенцияларын жүргізу туралы хаттамасында сатылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудада сату үшін олар бойынша тіркелген бағалар көрсетіледі.

32. Тауар интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлiк тауарларының тіркелген бағасы мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, нарық бағасынан төмен деңгейде белгіленеді.

33. Тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі аграрлық азық-түлiк нарығына реттеушілік ықпал етуге қажетті баға деңгейінің көтерілгендігін анықтаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.

34. Жұмыс органы мамандандырылған ұйымға тауар интервенцияларын жүргізу қажеттілігі туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі шешім қабылдаған күні жазбаша түрде хабарлайды.

35. Мамандандырылған ұйым облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қабылдаған шешімі туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап, тауар интервенцияларын жүргізуге кіріседі.»;

36-тармақ алынып тасталсын;

41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Комиссияның тұрақтандыру қорын жаңарту туралы хаттамасында мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын ескере отырып, жаңартылуға жататын азық-түлік тауарларының тізбесі, олардың көлемі және бөлшек және көтерме саудада сату үшін олар бойынша тіркелген бағалар көрсетіледі.»;

43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Тұрақтандыру қорын жаңарту туралы шешімді облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі Комиссия тұрақтандыру қорын жаңарту туралы ұсыным енгізген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдайды.»;

44-тармақ алынып тасталсын;

48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін сатуды мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарттар жасасқан сауда желілері және (немесе) көтерме базарлар арқылы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына сатуды жүзеге асырады.

Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген 159 ерекшелік бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт»;

«Тараптардың міндеттері» деген 4-бөлімнің 2-тармағы:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге ұсыныстар берілетін өңірдің ішкі нарығы мен агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімдер нарығына (азық-түлік тауарларының өндіріс көлемі және қамтамасыз етілуі, олардың тауарлық қозғалысы, запастардың болуы, бағалар) талдауды тұрақты негізде жүргізуге;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын өзінің сауда нүктелері арқылы және/немесе келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері және (немесе) көтерме базарлар арқылы өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізуге.

Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс;»;

көрсетілген үлгілік шартқа 1, 2 және 3-қосымшаларда:

жоғарғы оң жақ бұрышындағы «149 (басқа да қызметтер мен жұмыстар)» деген сөздер «159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                         К. Мәсімов

Жарияланды: 24 мамыр 2014

Мұрағат

Мамыр
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту