Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы «29» сәуірдегі № 418 қаулысы

«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы»  2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келіcу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, 11-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келіcу және бекіту қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса берiлiп отырған Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн салудың техникалық-экономикалық негiздемелерi мен жобаларын келiсу және бекiту қағидалары, мерзiмдерi бекiтiлсiн.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерiнiң пайдалану объектiлерi құрылысының техникалық-экономикалық негiздемелерi мен жобаларын келicу және бекiту ережесi, мерзiмдерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi                                         К. Мәсімов

ҚР Үкіметінің  2014 жылғы 29 сәуірдегі № 418 қаулысына қосымша

Жарияланды: 24 мамыр 2014

Мұрағат

Мамыр
2014
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту