Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы «17» мамырдағы № 275 қаулысы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының
10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

  1. «Мақтарал ауданы білім бөлімінің «№ 120 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сабыр Рахымовтың есімі;
  2. «Мақтарал ауданы білім бөлімінің «№ 123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілсін.

2. «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Комсомол» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

  1. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                            Б. Сағынтаев

 

Жарияланды: 01 маусым 2018

Мұрағат

Маусым
2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы

Өту