Елбасы Астанадағы 3 зауыт құрылысының іргетасына капсула қойды
«Бүгінгі күні біз ірі кәсіпорынның құрылысын бастауымыз – Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтан тұтар оқиғасы болып табылады», деді Елбасы капсулаларды салғаннан кейінгі өзінің сөзінде. Оның айтуынша, Қазақстанның астанасында қазір 700-ден астам шетелдік компаниялар жұмыс істейді.
Шілденің 3-і күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының индустриялық паркі аумағындағы 3 зауыт құрылысының іргетасына капсула қойды.
Nissan автомобилін жасайтын зауыт құрылысына 100 млн. доллар салу жоспарланған. Оның қуаты жылына 30 мың автокөлік шығаруға жетеді. Қажетті жабдықтар Nissan зауыттарынан жеткізіліп отырады. Кәсіпорын 2008 жылы пайдалануға беріледі.
Автомобиль шиналарын жасайтын зауыт жылына 4 млн. дана өнім шығарып, оның 50 пайызы экспортқа жөнелтіледі. Жобаға инвестиция 200 млн. долларды құрап, 1-ші кезеңі – 2008 жылы, 2-ші кезеңі – 2010 жылы пайдалануға берілмек.
Индустриялық парк аумағында, сондай-ақ инвестиция көлемі 78 млн. доллар болатын локомотив құрастыру зауытының құрылыс жобасы жүзеге асады. Өндіріс General Electric американ компаниясының технологиясымен жүргізіледі. Зауыт келесі жылдың 3-ші тоқсанында пайдалануға берілмек.
«Бүгінгі күні біз ірі кәсіпорынның құрылысын бастауымыз – Астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтан тұтар оқиғасы болып табылады», деді Елбасы капсулаларды салғаннан кейінгі өзінің сөзінде. Оның айтуынша, Қазақстанның астанасында қазір 700-ден астам шетелдік компаниялар жұмыс істейді.
Президент, сондай-ақ «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 56 млрд. АҚШ доллары болатын 86 инновациялық жобалардың іріктеліп алынғанын атап көрсетті.
ҚазАқпарат
