Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Қарағанды облысында әрқайсысының құны 100 миллион доллардан асатын 3 серпінді жоба жүзеге асырылмақ

Қарағанды облысында әрқайсысының құны 100 миллион доллардан асатын 3 серпінді жоба жүзеге асырылмақ

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының тұсаукесері аясында болған телекөпір барысында мәлім етті

 

Қарағанды облысында әрқайсысының құны 100 миллионнан астам долларды құрайтын 3 серпінді жоба жүзеге асырылмақ. Шілденің 3-і күні бұл туралы Қарағанды облысы әкімі Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасының тұсаукесері аясында болған телекөпір барысында мәлім етті.

Сол жобалардың бірі – кремний металын өндіретін зауыттың құрылысы – «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аясында салынуда. Оны Қазақстан, Германия және Ресей серіктестік-кәсіпорындары топтарын біріктірген «Silicium Kazakstan» ЖШС жүзеге асырмақ. Зауыт 2008 жылдың мамарында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Келесі жоба – «Долинская - Наклонная» атты Қарағанды көмір бассейні аумағындағы жаңа шахтаның құрылысы. Аталмыш жобаны «Гефест» көмір кәсіпорындарының қауымдастығы жүзеге асыруды.

Серпінді жобалар тізіміне, сондай-ақ Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен жүргізіліп жатқан Теміртаудағы сортты қақтама цехының құрылысы кірген. Жаңа өндірістік нысанды «Миттал Стил Теміртау» АҚ тұрғызуда.

Өңір басшысының ойынша, дәл осы жобалар – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатына жетудегі нақты қадамдары болып табылады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS