Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Шығыс Қазақстан бес корпоративті көшбасшысын таныстырды

Шығыс Қазақстан бес корпоративті көшбасшысын таныстырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов, Елбасына аймақтың озық инновациялық жобаларын таныстыра отырып, облыстағы «корпоративті көшбасшы» үлгісінде жүзеге асырылатын бес ірі кәсіпорынды атады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов, Елбасына аймақтың озық инновациялық жобаларын таныстыра отырып, облыстағы «корпоративті көшбасшы» үлгісінде жүзеге асырылатын бес ірі кәсіпорынды атады.

Жобаға «Өскемен титан-магний комбинаты», «Қазмырыш» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «АзияАвто» АҚ, «Үлбі металлургиялық комбинаты» АҚ қатысады. Бұл «корпоративті бестік» жалпы құны 6,7 млрд. АҚШ доллары болатын 44 жобаны іске асырмақшы. Олардың жүзеге асыуымен облыста ішкі аймақтық өнім 2,7 есеге артып, 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Елбасымен тікелей байланысқа шығуға және таныстырылымды өткізу алаңы ретінде Үлбі металлургиялық зауытының алаңы таңдап алынды. Онда келешек ұрпаққа жолдау жазылған «уақыт капсуласы» қойылды. Үлбі металлургиялық зауытында уран, тантал және берилий өндіретін бірнеше үлкен инвестициялық бағдарламаларды «енгізу» басталады. Олардың жүзеге асырылуына 1 млрд. АҚШ доллары жұмсалады деп жоспарлануда.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS