Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Алматыда екі серпінді жобаның басталуы құрметіне болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула салынды

Алматыда екі серпінді жобаның басталуы құрметіне болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула салынды

Астанада Елбасының басшылығымен өткен Қазақстанның серпінді жобаларының жалпыұлттық таныстырылымы ауқымында шілденің 4-де Алматыда болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсуланы салтанатты түрде іргетасқа қою рәсімі өтті. Бұл іс-шара осындай жобалардың бірі жүзеге асырылатын – «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында болды.

Шілденің 3-і күні Астанада Елбасының басшылығымен өткен Қазақстанның серпінді жобаларының жалпыұлттық таныстырылымы ауқымында шілденің 4-де Алматыда болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсуланы салтанатты түрде іргетасқа қою рәсімі өтті. Бұл іс-шара осындай жобалардың бірі жүзеге асырылатын – «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында болды.

Акция барысында Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов қазақстандық девелоперлік компания «Капитал Партнерстің» ұйымдастыруымен кең көлемді құрылыс және қайта жөндеу жұмыстарының жүріп жатқандығын, 2015 жылға қарай бұл орталық әлемдегі аса ірі тау шаңғысы курорттары ондығының қатарына енетіндігін атап өтті. Шымбұлақты дамытуға салынатын инвестицияның жалпы көлемі – 1,25 млрд. доллар.

Биік таудағы курортты дамытудың жаңа тұжырымдамасында толыққанды демалыс үшін барлық жағдайлар мен қызметтер көрсету көзделген. Шаңғы жолдары қазіргі заманғы тұрақты да икемді құрылғылармен жабдықталады. Жасанды қар дайындайтын осы құралдардың арқасында белсенді туристік маусымның мерзімі екі айға ұзартылады.

Медеуден Шымбұлаққа дейін гондолалық жол салудың арқасында 2007 жылдың соңына қарай туристер саны күрт өседі. Сөйтіп, сағат сайын 2000 адамға дейін шаңғы базасына көтеріле алады.

2008 жылы Медеуде 3000 орындық көпқабатты жерасты автотұрағы пайдалануға беріледі. 2007 жылғы желтоқсанда оның 1 мың машинаға арналған бірінші кезегі іске қосылады. Шығыс жақтағы айналма жол құрылысы біткеннен кейін, халықаралық әуежайдан Медеуге жететін уақыт анағұрлым қысқарады.

2010 жылғы қысқы Азия ойындарына дейін барлық спорттық жолдар Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерацияларының стандарттарына сәйкес жаңғыртылады.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS