Қазақстанның 9 аймағында 22 серпінді жобалар басталды
«Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын таныстыру ауқымында өткен тікелей эфир барысында бұл жобаларды жүзеге асырудың басталғандығы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 9 аймақтың – Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімі баян етті.
Қазақстанда экономиканы модернизациялаудың негізгі бағыттары бойынша 22 серпінді жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны шамамен 900 млрд теңгені құрайды.
«Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын таныстыру ауқымында өткен тікелей эфир барысында бұл жобаларды жүзеге асырудың басталғандығы туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 9 аймақтың – Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының әкімі баян етті.
Бұған дейін хабарланғанындай, қазіргі кезде «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы ауқымында 86 инновациялық жоба іріктеліп алынған. Олар отандық бизнес пен мемлекеттің бірлесіп қатысуы нәтижесінде жүзеге асырылатын болады. Бұл жобалардың жалпы құны – 56 млрд АҚШ доллары.
Мысалы, Қызылорда облысында металлургия саласындағы серпінді жоба іске қосылды. «Шалқия» кен орнында қорғасын-мырыш өндіру қайта жанданды. Жеке меншік капиталдың арқасында шахталардың жер асты және жер бетіндегі инфрақұрылымдары қалпына келтірілді, жаңа технологялар енгізілді. Бүгінде жыл сайынғы өндіру көлемі 1 миллион тоннаға дейін өсті. Ал, модернизациялаудың жаңа бағдарламасы қуатты 4 есе арттыруға мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысы алғашқы және елімізде әзірге бірден-бір ауыл шаруашылық серпінді жобасын іске асыруға кірісті. Биылғы жылдың өзінде осы заманғы қайта өңдеу кешені салынатын болады. Мұнда 200-ге жуық өнім түрлерін шығару жоспарлануда.
Қалған облыстарда бір ден алтыға дейін инновациялық жобалар жүзеге асырылады.
ҚазАқпарат
