Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Ақтөбе облысында 6 серпінді жоба бастау алды

Ақтөбе облысында 6 серпінді жоба бастау алды

Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың атап өткеніндей, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасына енгізу үшін 6 ірі жоба ұсынылды. Олардың жалпы құны 3 миллиард долларға жуық.

Кеше «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы ауқымында басталған жалпыұлттық акция кезінде Ақтөбенің өндірістік аймағында ҚР Премьер-Министірінің орынбасары – экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Мусиннің қатысуымен салтанатты митинг өтті.

Жаңа электрометаллургиялық зауыт құрылысының алаңына жетекші кәсіпорындар ұжымдарының жұмысшылары, студенттік құрылыс отрядтарының, «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының мүшелері жиналды. Астаналық жоба таныстырылған соң және Елбасының құттықтау сөзінен кейін тікелей эфир байланысына алғашқылардың бірі болып Ақтөбе облысы шықты.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың атап өткеніндей, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасына енгізу үшін 6 ірі жоба ұсынылды. Олардың жалпы құны 3 миллиард долларға жуық. Олар – «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, «SBS Steel» компаниясының электрометаллургиялық зауыты, «АМК» ЖШС мыс қорыту зауыты мен үш кен байыту комбинаты, «Интергласс Қазақстан» компаниясының жалпақ шыны шығаратын зауыты, «Восход Ориел» компаниясының хром рудасын өңдейтін кен байыту комбинаты, «ММЗ» компаниясының темір жол вагондарын жасайтын зауыты. Барлық жобалар қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. 2011 жылға қарай аталған кәсіпорындар 450-500 миллиард теңгенің өнімдерін шығарады деп жоспарлануда. Ал бұл, облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайтады.

Елбасы жолдауының мәтінін оқып бергеннен кейін А.Мусин Е.Сағындықовпен бірге жаңа электрометаллургия зауыты құрылысының іргетасына капсула қойды.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS