Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Қазақстан қазіргі заманғы технологияны дамытушы, перспективалы қайта өңдеуші өнеркәсібі бар елге айналды

Қазақстан қазіргі заманғы технологияны дамытушы, перспективалы қайта өңдеуші өнеркәсібі бар елге айналды

«Нұр Отан» Халықтық -демократияық партиясының ХІ кезектен тыс съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Қазақстан қазіргі заманғы технологияны дамытушы, перспективалы қайта өңдеуші өнеркәсібі бар елге айналды. Бүгін, шілденің 4-інде өтіп жатқан «Нұр Отан» Халықтық -демократияық партиясының ХІ кезектен тыс съезі барысында партия Төрағасы, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«»Нұр Отан» партиясы 2015 жылға дейінгі елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруда Мемлекет басшысы мен Үкіметке жан-жақты жәрдемдесуге уәде берді. Тек соңғы үш жылдың ішінде 615 кәсіпорын қолданысқа енгізілді. Үкімет алғаш рет отандық бизнестің белсенді қатысуымен 30 корпоративтік көшбасшы – экономиканы әртараптандыру бағдарламасын іске асыруға кірісті. Бұл бағдарлама кеше ғана елдің барлық өңірлерінде бастау алды. Жүзден астам жобаны іске асыру туралы жарияладық», деді Елбасы.

Сонымен қатар, елдің банктік-қаржылық саласының серпінді дамуына тоқталған Н. Назарбаев, «бұл саланың табыстылығы сонша, ол ТМД елдері үшін үлгі болуға лайық» деп атап өтті.

«Қол жеткен экономикалық базаға сүйене отырып, 2004 жылы «Нұр Отан» партиясы өзінің сайлауалды күн тәртібінде 2009 жылға дейін қоғамды одан әрі демократияландыру жөнінде бірқатар басымдықтарды айқындады. Қазіргі таңда еліміз 2009 жылды күтпей-ақ, демократияға қарай шешуші қадамдарды жасады. Таяуда қабылданған Конституциялық түзетулер біздің саяси жүйеміздің дамуына, оның сапалы жақсаруына қуатты серпін берді», деді Н. Назарбаев.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS