Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Қытай кәсіпкерлері Қорғас-Каспий теңізі көлік дәлізінің құрылысына мүдделілік білдірді

Қытай кәсіпкерлері Қорғас-Каспий теңізі көлік дәлізінің құрылысына мүдделілік білдірді

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының делегациясы Халықаралық ынтымақтастық және өзара түсіністік үшін Бүкілқытайлық қауымдастығының шақыруымен Аспан асты еліне жасаған жұмыс сапарынан оралды.

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының делегациясы Халықаралық ынтымақтастық және өзара түсіністік үшін Бүкілқытайлық қауымдастығының шақыруымен Аспан асты еліне жасаған жұмыс сапарынан оралды.

Сапар аясында Бейжіңде Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясының басшылығымен, Қытай Компартиясы Орталық комитеті халықаралық бөлімінің меңгерушісі, министр Ван Цзяжуймен кездесулер өтті. Қазақстан-қытай іскерлік ынтымақтастығын дамыту бағыттары талқыланды. Қытайлық серіктестер А.Перуашев мырзаны «Атамекен» одағының Ұлттық
Экономикалық палата болып қайта құрылуымен құттықтап, осынау фактордың мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтың арасындағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға сеп болатындығына сенім білдірді.

Қытай кәсіпкерлері Қорғас-Каспий теңізі көлік дәлізінің құрылысына, көлік-логистикалық орталықтар құруға, Қорғастағы халықаралық орталықты дамытуға мүдделілік білдірді және Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасына назар аударды.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS