Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Семейдегі аспалы көпір қаланың коммуналдық меншігіне беріледі

Семейдегі аспалы көпір қаланың коммуналдық меншігіне беріледі

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, кездесуде облыс басшысы алғашқы жартыжылдықтағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды.

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, кездесуде облыс басшысы алғашқы жартыжылдықтағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын шығарды.

Шығыс Қазақстанның әлеуметтік экономикасы пәрменді дамып келеді, - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. Ж.Кәрібжановтың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда, облыстағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі өткен жартыжылдықта 20 пайызға артып отыр. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі де 31 пайызға өскен.

Қазір аймақта Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысын жасақтау жөніндегі серпінді жобаларды жүзеге асыруға үлкен назар аударылуда. Аймақтың атынан осындай 4 жоба таныстырылып отыр.

Шығыс Қазақстан әкімі өз сөзінде сонымен бірге, Елбасының облысқа сапарынан кейін Үкімет Семейдің жылу жүйесін жаңартуға және дамытуға қосымша қаражат - 1 миллиардтан астам теңге бөлгенін атап өтті. Кездесу барысында Семейдегі аспалы көпірдің де тағдыры белгілі болды – көпір қаланың коммуналдық меншігіне беріледі.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS