Павлодарда жылына 62,5 мың тонна алюминий өндіретін зауыт іске қосылады
Оның өндірістік қуаты – жылына 62,5 мың тонна металдық алюминийі болады.
«Қазақстан электронды зауыты» АҚ-ның алғашқы кешені желтоқсанда іске қосылмақі. Оның өндірістік қуаты – жылына 62,5 мың тонна металдық алюминийі болады.
Облыс әкімі Қайрат Нұрпейісов Қазақстан үшін қазіргі заман кәсіпорны құрылысының маңыздылығын атап көрсетіп, жаңа зауыттың металлургтері мен құрылысшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Павлодар облысында жүзеге асып жатқан серпінді жоба өңірдегі алюминий кластерін құруда шешуші қадам болмақ, яғни «қанатты металдан» өнім өндіруден жаңа кәсіпорын салынады. Қала 1800 жұмыс орнымен толығады.
«Бүгінге алғашқы іске қосу кешенінің құрылыс алаңында жұмыстың 90 пайызы атқарылды», деп мәлімдеді «ҚЭЗ» АҚ-ның президенті Алмаз Ибрагимов.
Өндіру технологиясы экологиялық қазіргі заманғы талаптарға сай. Зауытта ҚХР және алыс шетелдерде жасалған технологиялық жабдықтар орнатылуда.
2008 жылы қуаттылығы жылына 125 мың тонна бастапқы алюминийдің алғашқы кезегі бітеді. Жобалық қуаты 250 мың тонна металл болатын зауыттың құрылысы 2009 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
ҚазАқпарат