Өңірде бірінші жартыжылдықта 261 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды
Батыс Қазақстан облысында жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары биылғы бірінші жартыжылдықта 261 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Батыс Қазақстан облысында жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары биылғы бірінші жартыжылдықта 261 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға артық. Жыл басынан бері облыс экономикасына құйылған инвестиция көлемі 34 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі таңда аймақта 22 инвестициялық жоба қолға алынса, соның 11-і құны 13 млрд. долларды құрайтын серпінді жоба болып табылады. Айталық, Тасқала ауданы аумағында құрылысы басталған ( жылына 2 млн. тоннадан астам өнім өндіріп, 300-ден астам адамды жұмыспен қамтитын ) цемент зауытында өндірілетін өте сапалы, теңіздің ащы суына шыдайтын цемент Каспийдегі мұнай операцияларына қатысып жатқан шетелдік және отандық компаниялардың сұранысын өтемек.
Ірі инвестициялық жобалардың қатарында «Металл бұйымдары» зауыты қолға алған «Металл құрамаларын ыстық мырыштауды ұйымдастыру», сондай-ақ «Биохимиялық комбинат құрылысы», «Мұнай-газ тасымалдаушы ұйымдарға қажетті құралдар өндірісі», «Қарашығанақ кенішінде МТУ-400 кешенінің екінші кезеңінің құрылысы» жобаларын атауға болады.
ҚазАқпарат
