Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Республикалық «30 серпінді жоба» бағдарламасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өзінің 30 жобасын әзірледі

Республикалық «30 серпінді жоба» бағдарламасы аясында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өзінің 30 жобасын әзірледі

Бүгіндері «Қазатомөнеркәсіп» пен осы салада жұмыс істейтін Жапонияның бірқатар компаниялары арасында атом энергетикасындағы ынтымақтастық туралы 24 келісімге қол қойылған.

Құрылғанына 10 жыл толып отырған «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы республикалық «30 серпінді жоба» бағдарламасы аясында өзінің 30 жобасын әзірледі.

Өнеркәсіптің дамуына тың серпіліс беретін 30 жобаның ішінде «Іркөл», «Қанжуған», «Мойынқұм», «Іңкәй», «Мыңқұдық», «Буденовское»,
«Солтүстік Қарасан» кеніштерінің құрылысын жүргізу, уранның гексофторидін өндіретін зауыт құрылысын салу, Ресей Федерациясы аумағында уран байытуды жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорын тұрғызу, ядролық энергетика сұранысы үшін дайын өнім шығаруды қолға алу сынды іргелі істер бар. Сондай-ақ, атом энергетикасын дамыту саласында Ақтауға АЭС құрылысын салу, танталдық өнімдерді өндіру, конденсаторлық зауыттың құрылысын жүргізу, молибден саласын дамыту, вольфрам шығаруды қолға алу сынды жобалар да осыған топтастырылған.

Бүгіндері «Қазатомөнеркәсіп» пен осы салада жұмыс істейтін Жапонияның бірқатар компаниялары арасында атом энергетикасындағы
ынтымақтастық туралы 24 келісімге қол қойылған.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS