Басты > Бөлімдер > Шолу > 30 серпінді жоба > Мәдениет және ақпарат министрі Үкіметте сандық телеарнаға ауысу жөніндегі серпінді жобаны таныстырды

Мәдениет және ақпарат министрі Үкіметте сандық телеарнаға ауысу жөніндегі серпінді жобаны таныстырды

Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев аталған ведомствоның мәселелері жөнінде баяндама жасады

Шілденің 17-сі күні Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев аталған ведомствоның мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде 157 мемлекеттік мұражай мен 2 мың 660 клуб және мәдениет үйі бар. Сонымен қатар 3 мың 716 бұқаралық кітапхана қалпына келтіріліп, олардың қоры 86 миллион кітапқа дейін өскен.

Е. Ертісбаевтің сөзіне қарағанда, бүгінде мәдениет пен ақпарат саласын дамытудағы негізгі басымдықтардың қатарында министрліктің
менеджмент жүйесін жетілдіру, ақпараттық кеңістік саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сонымен қатар тіл мәселесі бағытында
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді жүзеге асыру шаралары қарастырылуда.

2008-2015 жылдар аралығында сандық телеарнаға ауысу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірленіп жатқандығына тоқталған министр, аталған жобаның құны 1 миллиард АҚШ долларын құрайтынын, мұнымен қоса оның өзін-өзі ақтауы 10 жылға созылатынын жеткізді.

«Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан тек ТМД кеңістігінде ғана емес, сонымен қатар Еуропа елдерімен салыстырғанда жаңа телеарна жүйесін бірінші болып жабдықтайды. Әр отандық сандық телеарна өздерінің таралымы аумағын кеңейтіп, дүниежүзіне де трансляциялар жасай алады»,-деді Е. Ертісбаев.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS